Абсолютті артықшылық

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Басымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды жалғастыру керек», деген еді. Осы мәселеге орай ой қосуды жөн көрдік.
Егемен Қазақстан
09.08.2017 104

Қашаннан-ақ ұлттық экономика үшін сыртқы сауда құрамындағы импорттан гөрі экспорт көлемінің маңызы өте зор екені белгілі. Әсіресе, экспортқа шикізат шығарғаннан гөрі дайын өнім өндіру нәтижелі болары сөзсіз. Өйткені, тек тұтынушыға ұсынылған дайын өнім ғана өндірушіні пайдаға кенелтеді. Оқырманға түсінікті болуы үшін бір мысал: қой терісінің құны арзан, шамалы тиын-тебен тұрады, ал одан дайын тон тіксе, ондаған, жүздеген мың теңгеге сатылуы әбден мүмкін. Ендеше, Елбасы Жолдауындағы «Үкімет алдында қазірдің өзінде 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту мін­деті тұр», деген міндеттемесі көңіл­ге әбден қонымды тапсырма екені хақ. Бұл шараны іске асыру үшін, әрине, экспортқа қатысы бар өндіруші кәсіп­орын­дарды «бір шатырдың астына бірік­тіріп», ортақ стратегия жасау көптен күткен мемлекеттік шешім екені даусыз. 

Бүкіл ТМД елдерінің арасында экономикамызға шетелден күрделі қаржы, тікелей инвестициялар тартуда біздің еліміз алдыңғы орында екені рас. Алайда бізден шетелге кетіп жатқан қаржының көлеміне назар салған жөн. Осыған орай, соңғы жекешелендіру және заңдастыру акциясынан түскен қаржы 5,7 триллион теңге болса, оның ішіндегі таза ақша қаржаты 4,1 трил­лион теңге деп көрсетілген. Бұл да көптен ойда жүрген түйткілді мәселе еді. Қаржының қайтуы көңілге қонарлық нәтиже десек те, көптеген олигархтарымыз шетелде сайрандап, ел экономикасын көтеруден қашқақтап жүргені белгілі. Осы орайда екі жыл бұрын құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығына жүктелген міндет ойымыздан шығып отыр. Әрине, шетелден күрделі қаржы, тікелей инвестициялық ресурстарды тартуда арнайы қаржы институтының әрекет етуі қажет екені даусыз. Мәселен, Қытаймын бірлескен инвестициялық жобалар екіжақты мақұлданып, енді іске кірісетін кез келді. Президент бұл жерде электромобиль зауытына аса көңіл аударып отыр. Әрине, шетелге электромобиль шығаруды ықыласпен қуаттауға болады, алайда оны терең зерттеу керек. Осы саладағы жаһандық бәсекелестік бір жағынан, қиындық тудырар болса, екінші жағынан, электромобильдердің аккмуляторларына қуат беретін бекеттердің жүйесін импортқа электромобиль алған елдерде кеңінен тармақтап тарату орасан зор қаражатты талап етері сөзсіз. 

Айтпақшы, Жолдауда аталған ха­лық­аралық ынтымақтастық аясында қорғалатын ұлттық мүддені, біздің ойы­мызша, келесі үш қағидатқа сүйене отырып жасаған дұрыс болар еді. Эко­номикалық теория тұрғысынан осы мәселені қарастырсақ, адамзат тарихында ерекше із қалдырған экономистердің ілімдеріне тоқталуымыз қажет. Біріншісі – XVIII ғасырда «Ха­лықтар байлығы» кітабымен адамзатты дүр сілкіндірген ағылшын клас­сикалық саяси экономиясының ең белді өкілі Адам Смит. Ол қоғамдық еңбек бөлінісі қағидасын зерттей келе, абсолюттік артықшылық деген ұғым енгізген. Халықаралық еңбек бөлінісінде абсолюттік артықшылыққа ие болған ел басқа елдер өндіре алмайтын ерекше мүмкіндіктерді иемденеді. Мысалы, Үндістан – шай, Бразилия – кофе, Гаваи банан өсіріп, өндіріп сату арқылы абсолюттік артықшылықты қолданған ел ретінде, өзіне тән ерекше өнімдерін экспортқа шығару арқылы экономикасын өркендетіп отыр. 

Екінші – ойшыл экономист, ағылшын классигі Давид Рикардо салыстырмалы артықшылық теориясын ұсынған болатын. Бұл теория бір өнімді бірнеше ел өндіру мүмкіндігіне ие болса да, ішіндегі бір елдің өнімінің сапасы мен тиімділігі анағұрлым артық болуы мүмкін, сондықтан да басқа елдер осы өнімді өндіруді қысқартып, өзге тиімдірек өнімді өндіріп, өзара саудаға түссе, жалпы өнім қосындысы анағұрлым көп болатынын дәлелдеп, жаһанданудың негізін салды. 
Үшіншісі – XX ғасырдың 80-жылдарында өз қағидатын жария еткен экономист Майкл Портер адамзатқа бәсекелестік артықшылық идеясын көлденең тартты. Оның пайымдауынша, бүгінгі күні табиғи географиялық факторларға сүйенетін абсолюттік және салыстырмалы артықшылықтардан гөрі, білім, ғылым және инновацияларға негізделген бәсекелестік артықшылық айрықша рөлге ие болды. Біздің ойымызша, сыртқы сау­даға халықаралық еңбек бөлінісін­дегі өзіміздің абсолюттік, салыстыр­малы және бәсекелестік артықшылық­тары­мызды бетке ұстап араласқанымыз және өз орнымызды тапқанымыз абзал.

Жанкелді ШЫМШЫҚОВ,
экономика ғылымдарының кандидаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.01.2018

Қ.Тоқаев Елбасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі сөзі туралы пікір білдірді

19.01.2018

ОҚО тұрғындары салымдарының басым бөлігін ұлттық валютада сақтауда

19.01.2018

Ақтөбедегі автобус апатынан қаза болғандардың толық тізімі жарияланды

19.01.2018

Нұрлан Ноғаев: Шақырылған дәрігерлерге қолайлы жағдай жасауымыз керек

19.01.2018

Маңғыстаулық ұстаздар баспаналы болды

19.01.2018

Алматыда бастауыш сынып оқушылары арасында футболдан чемпионат өтті

19.01.2018

Маңызды мүмкіндіктер

19.01.2018

Шаттық Батан шығармалары шашқан шуақ

19.01.2018

Атаның ақылы

19.01.2018

Айгүл Үсен. Балдырған рухани сүйенішке мұқтаж

19.01.2018

Жүсіпбек Қорғасбек. Балалар әдебиетінің кейіпкері мен идеясы

19.01.2018

Бекен Ыбырайым. Виртуалды кеңістік тұтқыны немесе ұрпақты өз діліне қалай қайтарамыз?

19.01.2018

Өмірсүйгіштікке тәрбиелеп жүрміз бе?

19.01.2018

Сөз еркіндігі және балама пікірге төзімділік

19.01.2018

Электронды пішімдегі квота диқанның көңілін көншіте алды ма?

19.01.2018

Еуразияның болашақ «қаржы қақпасы»

19.01.2018

Ғажайып жаңалықтар

19.01.2018

«Тәуелсіздік дәуірі»: түйін және болашаққа көзқарас

19.01.2018

Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының мәлімдемесі

19.01.2018

Елбасы Goldman Sachs басшысымен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Сөз еркіндігі және балама пікірге төзімділік

АҚШ-та білім алып жүргенімізде екі апта бойы сөз бостандығы абсолют­тік болуы тиіс пе деген тақырыпты тал­қыладық. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ғажайып жаңалықтар

Заманауи экономиканың дамуы адамзатқа орасан зор жаңа мүмкіндіктер ұсынатындығын, соған сай экономиканың кейбір дәстүрлі салаларының түбегейлі өзгеріске түсетінін қазірдің өзінде байқауға болады. Тек бір ғана ауыл шаруашылығын алып қарайықшы.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қайдасың, менің ертегім?!

Алпысыншы жылдардың басында мектеп табалдырығын аттаған біздің толқынның бала қиялын баураған ғажап – қазақтың ертегілері мен батырлар жыры еді-ау. Сол кезде сол бір ғажайыптар әлемінен санамызға сің­ген сансыз суреттер бұл күнде сағындырып, сабырымызды сарқып ішкендей болады. Сондағы небір керемет сиқырларды көруге көңіл ынтығып, көкірек көзі құмартып, құштарлана ашылғандай күйге енеті­німіз бар.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Тажалды тізгіндеудегі байыпты бітімгерлік

Вашингтондағы кездесулер жоғары деңгейде өтті. Әлемнің белді, белгілі ақпарат құралдары да ол туралы жарыса жазуда. Маңызды кездесулердің өзекті тұсы – Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі табанды ұстанымы мен байыпты қызметін жоғары бағалау болды. Бұл іс жүзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бейбітшілікті сақтау мақсатындағы жеке бастамалары мен осы бағыттағы қажырлы қызметіне, әлем­дік деңгейдегі қайраткерлік болмысы­на берілген баға деп пайымдаймыз. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тілді кез келген жаста үйренуге болады

Әлемде қанша тіл болса, адам сол тілдерді үйренуге ұмтыла береді жә­не бұл қызығушылық ешқашан тоқ­тамайды. Әрине кейде бір тіл басқаларына қарағанда маңызды, танымал, оңай, әдемі болып көрі­нуі мүмкін. Дегенмен адамның қы­зығушылығы мен сүйіспеншілігі ой­ға келмеген тілдерді де үйренуге жетелейді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу