Адамзатты толғандырған тақырып

ЭКСПО-2017 аясында БҰҰ күнінің өзегіне айналды
Егемен Қазақстан
14.06.2017 601

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі алаңында әлемнің 115 мемлекеті мен 22 беделді халықаралық ұйымының жалауы желбіреп тұр. Осы айтулы халықаралық ұйымның ішіндегі бірі де бірегейі Біріккен Ұлттар Ұйымы екендігі даусыз. Кеше жаһандық  көрме бағдарламасы аясында БҰҰ күні салтанатты жағдайда ашылды. 
«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі алаңында әлемнің 115 мемлекеті мен 22 беделді халықаралық ұйымының жалауы желбіреп тұр. Осы айтулы халықаралық ұйымның ішіндегі бірі де бірегейі Біріккен Ұлттар Ұйымы екендігі даусыз. Кеше жаһандық  көрме бағдарламасы аясында БҰҰ күні салтанатты жағдайда ашылды. 

– Біз бүгін аса маңызды да үлкен оқиғаның куәсі болып отырмыз. Елордамыз Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі шын мәніндегі әлемдік оқиғаға айналды. Оның бір куәсі ретінде біз Біріккен Ұлттар Ұйымы күнінің ашылу салтанатына қатысып отырмыз. Ақиқатында Қазақстан үшін БҰҰ – баламасы жоқ  бірегей ұйым. Сондықтан,  Қазақстан БҰҰ-мен ынтымақтастықты барынша арттыру мақсатына  басымдық беріп келді, алдағы уақытта да оны дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз, – деді БҰҰ күнінің ашылу салтанатына арналған алқалы жиында алғаш сөз алған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы  Қасым-Жомарт Тоқаев. 
«Астана ЭКСПО-2017» халық­ара­лық мамандандырылған көрме­сіндегі БҰҰ-ның Бас комиссары Жи­хан Сұлтаноғлы әлемдік ұйым­ның атынан «Болашақтың энергиясы» ұранымен бүкіләлемдік көрме өткізіп отырған Қазақстанға шынайы алғысын жеткізді. «Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан Үкіметіне, көрмені ұйымдастырушыларға, барлық қазақстандықтарға және Астана қаласының тұрғындарына ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізгені үшін және оған қатысуға БҰҰ-ны шақырғаны үшін шексіз ризашылығын білдіреді. Сіздерді осы үлкен жобаларыңызды жүзеге асыруларыңызбен құттықтаймын!», − деді ол өз сөзінде. 
Бас комиссардың айтуы бойынша, ЭКСПО-2017 көрмесінің бас тақырыбы – «Болашақтың энергиясы» БҰҰ-ның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, әйелдердің мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейтудегі бастамаларымен,  энергетика, тұрақты даму саласында атқарып жатқан шараларымен және климаттың өзгеруіне қарсы қабылданған бағдарламаларымен тығыз үндестік тауып отырған көрінеді. «Электр жарығы ешқашан өшпейтін қолайлы үйлерде тұратын тұрғындар үшін  әлемде 1,3 млрд адамның  әлі күнге дейін электр энергиясын пайдалана алмай отырғандығын түсіну қиын. Бұл адамдардың неге қолы жетпей отырғандығын ойлап көріңіздерші? Көптеген бала тамақ пісіру үшін отын дайындау барысында мектепке бару мүмкіндігінен айырылған. Миллиондаған егінші суармалы егістіктің жұмысын жандандыратын электр энергиясының жоқтығынан қуаңшылық зардабын шегіп отыр», деді одан әрі Жихан Сұлтаноғлы. 
Бас комиссар жиналған жұртты ЭКСПО-2017 қалашығындағы халықаралық ұйымдар павильонында орналасқан БҰҰ жәдігерлерімен танысуға шақырды. БҰҰ жәдігерлері халықаралық ұйымдар павильонындағы ауқымды алаңды алып жатыр. Мұнда жаһандық жылыну үрдісінің алдын алуға бағытталған тақырыптағы небір озық  идеялар көрініс тапқан.  Бұл жәдігерлер адамзатты Париж келісіміне сәйкес жаһандық жылыну деңгейін 1,5 градустан асырмауға үндейді. Бұл бүгінгі таңдағы барлық озық ойлы адамзаттың бас­ты парызы болуға тиіс.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, 
«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2018

Алматыда Әлемдік экономика және саясат институты алаңында сарапшылар кездесуі өтті

23.02.2018

Элизабет Тұрсынбаева Кореядағы Олимпиадада 12-орын алды

23.02.2018

Сарайшық ескерткіштерін ғылыми зерттеу жұмыстары қолға алынады - Арыстанбек Мұхамедиұлы

23.02.2018

Дәулетжан Махмұт. Портрет

23.02.2018

Қазақстандағы алғашқы сотсыз татуласу орталығы Қызылордада құрылады

23.02.2018

Өскемендегі Жастар театры «Аршын мал алан» мюзиклін сахналады

23.02.2018

Атырау облысының әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Жамбылда атқарылатын жұмыс көп

23.02.2018

Әкім есебіне жетістіктер ғана арқау бола ма?

23.02.2018

Жаңа латын графикасына қатысты пікірлер

23.02.2018

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру: телемедицина қызметін қайта қарау қажет

23.02.2018

Қисынсыз қойылған атаулар

23.02.2018

Мүсінші дәрігер Ержан Қази

23.02.2018

Көкшетауда кәсіби және әуесқой автоспортшылар арасында техникалық жарыс өтті

23.02.2018

Таразда Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған танымдық концерт өтті

23.02.2018

Сөз сойыл №53

23.02.2018

Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы қарсаңында «Ақын жүрген жерлермен» акциясы басталды

23.02.2018

Нұрғали Ораз. Қыз құлаған

23.02.2018

«Қазақтың ірілері». Жақсылардың айбары мен дидары

23.02.2018

Кітаптар да адамдар сияқты...

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу