Әдеби арман

Егемен Қазақстан
29.11.2016 98
korganbek-aga-3777«Егемен Қазақстан» газетінің кітапханасында абыз жазушы Әбіш Кекілбаевтың мүйісі ашылып, «Дәуір дауысы» атты жаңа кітабының тұсауы кесілген алқақотан әңгіме үстінде белгілі қаламгер Төлен Әбдіков: «Әбіштің тағы бір қасиеті сол, басқа ақын-жазушылардың жақсылығына жаны қалмай, балаша қуанып отырушы еді», деп ағынан жарылды. Ақиқат сөзді жабыла құптадық. Ерен тұлғаның қазақ әдебиетінің көсегесін көгерткен, жаңа есімдердің, жайсаң шығармалардың жолын ашқан ізгілікті ғамалдарын, лебізді мақалаларын еске түсірдік. Иә, сол кездерде әдеби ортада сондай бір өзгенің жетістігіне қуанатын игі дәстүр болушы еді. Сонымен бірге, қандай да бір шығармадағы кемшіліктерге әділ сын айтылушы еді. Және жөн сөзге ешкім ер-тоқымын бауырына алып туламаушы еді. Сынды көтеретін, қорытынды шығаратын. Әбекеңнің жарты ғасырдан аса жар-қосағы болған Клара Жұмабайқызының естелігіне жүгінсек те: «Түскі үзіліс кезінде топырлаған ақын-жазушы қара шайды біздің үйден ішеді... Жұмекен Нәжімеденов, Асқар Сүлейменов, Меңдекеш Сатыбалдиев, Қадыр Мырзалиев, Қалихан Ысқақов, Сайын Мұратбеков, Мұхтар Мағауин... бәрі бірге жүретін... Әдебиеттегі жаңалықтар, жазылған, жарық көрген шығармалар туралы бір бітіп болмайтын пікірталастармен таңды таңға ұрып, әңгіме соғатын. Әркім өз пікірін дәлелдеп, кейде тіпті қызыл кеңірдек болса да, бір-біріне өкпелеп сырт айналып кеткен ешкімді білмейді екенмін», деп сонау алпысыншы жылдардағы әдеби ортаның ауан-тынысын көз алдыңа әкеледі. Қарап отырып қызығасың. Әдебиет қауымындағы сүттей ұйыған мұндай береке-бірлік қазір арманға айналып кеткендей. Таза әдеби тұрғыдан да. Кісілік әдеп тұрғысынан да. Қысқасын айтқанда, осы екі мағынаны да бойына бірдей сыйдырып тұрған әдеби арман. Сол үшін де күні кешелер әдеби бірліктің, ақындық қолдастықтың қормал ұйытқысы болып жүрген Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Сәкен Иманасов сынды аймаңдай ағаларды сағынарымыз да рас. «Жырдағы жалғандықпен мылтықтасқан, жаман жыр жазғанында ақ таяғы арқамда ойнай ма» деп Мұқағалидай алыптардың өзі тайсалып ығынып жүрген Әбділда ақынның Грозный патшадай ашулы, сесті қалпы түсімізге кіреді. Одан да әрідегі Қасымдардың замандас ақын Жақан Сыздықовқа: «Келдің Жақан елуге, Правоң жоқ өлуге!» деп базына тастауынан, «Есілдей есіп жатқан көңілі бар, Сәбеңе өкпелейтін «қай антұрған?!» деп Сәбит Мұқановты қорғауынан, «Қуандық, сен шыққанда шын қуандық, Аялап алдымызға «Арыңды» алдық!» деп ақындар қатарына Қуандық Шаңғытбаевтың қосылғанын сүйіншілеп шаттануынан сол тұстағы ақын-жазушылар сыйластығының біраз жағдайын біле түсетіндейміз. Қисық, қыңыр сөзділер ол кезде де болған, әрине. Бірақ, оларды әдебиеттегі дуалы ауыз ақсақалдар тыйып тастап отырған. «Жиналыста оттаған, сынаймын деп боқтағандарды» тәубесіне келтірген. «Сабыр ойла, саспашы, Тым ертерек таспашы. Бірден Пушкин болмай-ақ, Баймұханша басташы», деп сол Қасымдардың өздері сабасына түсірген. Қаламгерлік ортадағы қамқоршылдық. Қазір ертегідей естіледі. Әбіш Кекілбаевтың Мұқағалидың «Қарлығашым, келдің бе?», Жұмекен Нәжімеденовтің «Менің топырағым» атты жыр жинақтарының жолын ашқан мақалалары, Шерхан Мұртазаның Алтайдан – Оралханды, Атыраудан – Фаризаны, Арқадан – Ақселеуді, Шымкенттен – Шахановты алдыртып әдебиет ағынына салып жіберуі... айта берсе таусылмас осындай адами ізгіліктер де әдеби армандарға айналып бара ма, қалай?! «Сен маған шарфыңды бер, шарфыңды бер!» – деп Күләштай жақсы көрер ақын қарындасына нар Мұқағалидың еркелеуі қандай жарасымды еді. Жарасқан ақынның Ғафудай атақты ағасына һәм басқаларға арнаған эпиграммаларының өзі күні бүгіндері жүректі елжіретеді, ақын мен ақынның арасындағы сый-құрметті, рухани туыстықты білдіреді. Маралтай ақынды Нұрлан Оразалиндей қамқор ағалары жетелеп жүріп бүгінгі биігіне жеткізді. Бұған да сүйінеміз. Қазір осындай өрнекті өнегелерден айырылып, әдеби ортаның әдемі дәстүрлерінен ажырап бара жатқандаймыз. Баяғыда бір облыстық газеттің оспадарлау редакторы айтыпты дейтін: «Осы жұрт Абайды ақын дейді. Әй, не знаю сол Абайды да!» – төбеден тоқ еткізген тантығындай, бас ақынымызды да бас-көзге қарамай төпелеуден тайынбайтын тайқы маңдайлар шыға бастады. «Мұхтарың да, Сәбитің, Жазушы ма Ғабитің? Әбділда мен Тайыр-ай, Ақын боп па, тәйір-ай!» – дейтін әулие Қасым ащы мысқылмен айтқан сөздің кері енді келіп жатқандай. Қазақ ақын-жазушылары бірін бірі мойындаудан, құрметтеуден қалып барады. Әлеуметтік желілерді ақтарып қалсаңыз, қайсыбір ақындардың бір-бірін ғайбаттаған сөздерінен аяқ алып жүре алмайсыз. Өкпе былай тұрыпты, өлімге де қиып жіберуге әзір. Бүйте берсек, әдебиетімізде не қасиет қалмақ? Мұқағали сөзімен түйіндейік: «Ақынды ақын оятпаса болмайды, Ақынды ақын таяқтаса, ол – қайғы. Ақынды ақын сүйемесе болмайды, Ақынды ақын күйелесе, ол – қайғы... Ақынға ақын, ете көрме пенделік! Ақын, ақын! Пенделікті жөнделік!». Бүгінгі бір әдеби арман осы. Һәм жетіңкіремей жатқан әдебиеттің әдебі... Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

Жамбыл облысында оң экономикалық өсім бар

24.09.2018

Сиқыры мол сауда нарығы

24.09.2018

Машина жасаудың маңызды мәселелері талқыланды

24.09.2018

Ulaǵat pen muraǵat

24.09.2018

Аналарға құрмет

23.09.2018

Абылай ханның қара жолы - солтүстік пен оңтүстікті байланыстырған ең төте жол

23.09.2018

Павлодарда «Ертіс» футбол клубының атауын латын қарпіне көшіру ұсынылды

23.09.2018

Фильмдер қашан түрлі-түске бояла бастады?

23.09.2018

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?

23.09.2018

Түркістанда халықаралық деңгейдегі инвестициялық және туристік форум өтеді

23.09.2018

Әдет қалыптастыру оңай ма?

23.09.2018

Тіл ықылассыз істі емес, періште көңілді ұнатады

23.09.2018

«Әкім Тарази шығармашылығының феномені» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

23.09.2018

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

23.09.2018

Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді

23.09.2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

23.09.2018

Энтони Джошуа ресейлік боксшы Александр Поветкинді жеңді

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

23.09.2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу