Әке – ырыс, ана – береке

Егемен Қазақстан
02.12.2016 175
era_4075«Отан-отбасынан басталады» дейтін қанатты сөз, шынында да өте дәл айтылған тағылым. Әр отбасы үшін оның амандығы, уайымының жоқтығы, көңілінің түгелдігі, маздаған ошағының сөнбей, береке, бірлігінің тасуы қандай маңызды болса, Отан үшін де әр отбасының ішкі қуатының мықтылығы, әлеуетінің зор, рухани жан дүниесінің тазалығы, өз шаңырағына ғана емес, маңайына жылылығын молынан төгуі аса маңызды. Өйткені, әрбір қазақстандық отбасы біздің Тәуелсіз еліміздің қымбатты бөлшегі екендігіне, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жүйелі түрде назар аударып отыратынын көпшілік жақсы біледі. Сондықтан да, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демо­гра­фиялық саясат жөніндегі ұлттық ко­миссия жұмысының негізгі өзегі– еліміздегі отбасылық саясатты күшейту, халқымыздың қашаннан қанында бар, отбасылық құндылықтарды қастерлей білетін болмысындағы керемет қа­с­иет­терінің кейде көмескіленген тұс­та­рын қайтадан ояту, бағыттау, осы құн­дылықтарды сақтауға қоғамды шақыру десем қателеспеспін. Комиссияның іс-жоспарлары мен жыл бойы атқаратын көптеген ша­ра­ла­ры­ның қомақты бөлігі отбасылық тәр­биені дамытуға бағытталады. Елбасы бекіткен «Мерейлі отбасы» ұлттық кон­­­курсының республикалық күзгі қо­р­­ы­тындысы шығарылғанға дейін өт­кі­зі­летін барлық кезеңдерінде ел ішін­де үлгі болар, көзге түсер әулеттер, от­­­­басыларға айрықша көңіл бөлінеді. Құт берекесін шаңырақтарында шал­қыт­­­қан барлық әулеттер назарға алынып, олардың әрқайсысына құрмет көр­се­тіліп, тәрбиелік өнегесі халыққа на­сихатталады. Мәңгілік ел құрудағы мемлекеттің алтын діңгегі – тамыры терең отбасы. Ол мықты болмаса, қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда, әртүрлі ағымдардың ықпалына түсу зиянды ықтималдығы жоғары болып тұрған кезде жастар тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды сақтауды түсіндіру оңай шаруа болып тұрған жоқ. Сондықтан отбасының мықтылығын, халқымыздың дәстүрін сақтауда әр­қайсымыздың жадымыздан ұлт алдын­дағы жауапкершілік шықпауы тиіс. Өкінішке қарай, статистика бойынша, қазір жастар құрған әрбір үш отба­сының біреуі ажырасып кетеді екен. Бұл әлемде бар үрдіс болғанымен, Қа­зақ­стан халқы арасында отбасылық құн­дылықтар тұғырының мықты екен­дігіне дәлел ретінде мына бір фак­тілерді келтірейін. Алдағы жылдары біздің Комиссия өткізген әлеу­меттік сауалнама нәтижесінде, қазақ­с­- тан­­дықтарға қойылған сауалда бел­гі­ленген құндылықтар шкаласында респонденттердің 87 пайызы ең бірінші отбасының амандығы, содан кейін ғана басқа игіліктерді атады. Қазақстан Республикасының мем­ле­кеттік хатшысы, Әйелдер істері жә­не отбасылық-демографиялық саясат жө­нін­дегі ұлттық комиссия төрайымы Гүл­шара Наушақызы Әбдіқалықова өткі­зетін Комиссия отырыстарында әрдайым отбасының қадір-қасиетін арттырар өзекті мәселелер қаралып, жауапты мемлекеттік органдар мен қо­ғам­дық ұйымдардың қатысуымен қы­руар жұ­мыстар атқарылуда. 2016 жыл – Тәуелсіздігіміздің 25 жыл­дық мерейтой жылы – Ұлттық комиссия «25 жылдыққа – 25 пайдалы іс» жобасын жүзеге асырды. Жоспарланған шараларды, атап айтқанда: қайырымдылық акциялары, ауылдағы кәсіпкер әйелдерге, мүмкүндігі шектеулі әйелдерге көмек, жемқорлыққа қарсы, ұлттық дәстүрлерді сақтау сияқты тағы да басқа көптеген шаралар республикалық және аймақтық әйелдер комиссияларының мұрындық болуымен, жыл бойы өте тиянақты және жоғары ұйымдастырушылық деңгейде жүзеге асты. Осы 25 пайдалы істің бірі – отбасы институтын нығайтудың басты кө­р­сеткішінің бірі – елордада әке­лер форумының өтуі. Бұрын­ғы дәс­түрлі қазақ отбасында әке беделіне тең келер ештеңе болмайтын. Тіпті, «Әке қарғысы-оқ» деген сөз де бар. Отан, от­басы, отағасы бір-бірі­нен ажы­рағысыз ұғымдар. Осы не­гіздерді бір­тұ­ғыр­лы етіп, жастар санасын­да қа­лып­тастыру үшін әлі де көп еңбек­тену­ге, халық болып ұйысуға тура келеді. Жас­ыратыны жоқ, қазіргі заманауи әйелдерде әкесіз де баланы өсіре аламын, адам қатарына өзім-ақ қосамын деген ой бар. Әрине, бұл жерде ерлер қауымына да атқарылар жүк жоғары. Олар дұрыс жар, жауапкершілікті әке бола білуі қа­жет. Осындай мәселені қоғамдық талқылауға алып шыққан комиссия 400 әкенің басын қосқан үлкен кеңес өткізді, кеңеске байтақ еліміздің барлық аймақ­тарынан делегаттар қатысты. Әкелерге қатысты барлық проблемалар айтылды, осы жұмысты дамытуға ынталы азаматтармен әкелер кеңесін жыл сайын өткізіп тұруға келістік. Ең бастысы, ұр­пақ тәрбиесіне мүдделі тек өз отбасы­на ғана емес, жүрген ортасына асқар тау болып жүрген әкелерді көріп кө­ңі­ліміз марқайды. Әке абыройын кө­теру, әкелердің мұнымен қоса ұр­пақ алдындағы жауапкершілігін арт­ты­ру арқылы сапалы, бәсекеге қабі­лет­ті же­т­- кін­шектерді тәрбиелеу өзекті еке­ніне мән берілді. Әкелер кеңесі биыл Ас­та­на­да өтсе, келер жылы Қара­ған­ды­да бас қо­сатын болады. Осындай шаралардың әрі қарай да­мып, отбасының моральдік-пси­хол­огия­лық климатын қалып­тас­ты­руда мықты бір сүйеу болатыны белгілі. Негізі дәс­түрлі қазақ отбасыларында әке – бел, әке – айбын, әке – қорған болса, ана – береке, ана – мейірім, ана – жылылық, ал осы екі қай­нардан қанып ішкен, мейірге шөлдемей өскен, айбынды қорғанға сүйенген балаға қоғамның өзі тәрбиеші болатын. Отбасы да қоғамнан өзін бөліп қарамай, баласын жақсыға ұмты­лдырып, жаманынан жирентіп өсі­ретін, бәленшекеңнің баласы қандай жақсы оқиды, ата-анасына қалай жаны ашып көмектеседі, содан үлгі ал деп бі­реу­дің оң ықпалын айтса, енді бірінен аулақ жүр, сол баланың жүрісі сұйық, деп абайлап, қақпайлап отыратын. Біз­дің бүгінгі қоғам үшін де осындай тәр­бие жүйесі маңызын жоймайды. Сон­дықтан да қоғамның өзін-өзі реттеп отыра­тын тәрбиелік тетікті қалпына келтіре алсақ, біз көп ретте ұтқан болар едік және көптеген келеңсіздіктердің алдын алуға болар еді. Отбасының құндылығы – қазақ­стан­дық қоғам үшін өте үлкен ауқымды құрай­тын отбасы, әулет, ағайын мен көр­ші-қолаң, ауылдас араласатын дәстүрге негізделген қасиет. Осыны ұмытпай қадіріне жетсек, ұлтымыздың үні мәңгілікке жететіні кәміл. Ләззат СҮЛЕЙМЕН, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.12.2018

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Ұлттық Банк жүзеге асырады

13.12.2018

Түркістан облысында мақта қалдықтарынан электр қуатын өндіретін зауыт салу жоспарлануда   

13.12.2018

«Мұрагер ханзада» компаниясының өкілдері Екібастұзда болды

13.12.2018

Елбасы Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Засьпен кездесті

13.12.2018

Қыздар университетінде Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш тақта орнатылды

13.12.2018

Тағы төрт спортшы допингпен ұсталды

13.12.2018

Ұлағатты ұстазбен кездесу өтті

13.12.2018

Түрікменстанның вице-премьері: екі ел арасындағы әрекеттестіктің деңгейі жоғары

13.12.2018

«БҰҰ Адам құқықтары Жалпыға ортақ Декларациясына» 70 жыл» шарасы өтті

13.12.2018

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті

13.12.2018

«Qazaq Banki» АҚ салымшылары кепілдік берілген депозиттері бойынша өтемді ВТБ-дан алатын болды

13.12.2018

Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсе ашылды

13.12.2018

Алматыда қаланың үздік мұғалімдері марапатталды

13.12.2018

Джиу-джитсудің хас шеберлерінің жүлдесі үшін жарыс өтеді

13.12.2018

Қ.Тоқаев қытайлық Genertec холдингінің басшысын қабылдады

13.12.2018

«Нұр Отан» партиясының депутаттары Алматының 2019 жылғы бюджетіне ұсыныстар енгізді

13.12.2018

Алматыда АИТВ-мен өмір сүретіндерге көмектесетін мобильді қосымша таныстырылды

13.12.2018

Үш ардагерге «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді

13.12.2018

Левандовски мергендер көшін бастады

13.12.2018

Қазақфильм «Қызғалдақтар атамекені» деректі фильмін жарыққа шығарды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу