Алакөл жағалауы абаттандырылады

Егемен Қазақстан
28.11.2016 474
a Алакөл келесі шомылу маусымында демалушылар мен туристерді абаттандырылған жағалауымен қарсы алмақ. Осы мақсатта Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Алакөл демалыс аймағын дамытуға 500 миллион теңге қаржы бөлуге шешім қабылдады. Аталған қаржыға 2017 жылы көл жағалауына апаратын жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жағажайлар көріктендірілетін болады. Жоба бойынша көл жағалауында саябақ ашылып, балалардың спорттық және аттракционды ойын алаңдары салынбақ. Сонымен қатар, автобекет аумағында автотұрақ жасалады. c5dbad40077d13ac1e3d16cceedad06e Биыл облыс әкімі Даниал Ахметов өңірлік туризмді дамыту аясында Алакөл жағалауын дамытуға ерекше назар аударып отыр. Өңір басшысының тапсырмасы бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып, жағалаудағы санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын тексерген болатын. Бұл ретте жағалаудағы кәсіпкерлік нысандарының көптеген талаптар үдесінен шыға алмай отырғаны анықталды. Сондай-ақ 80 нысанда сәулет және қала құрылысы талаптарының орындалмағаны белгілі болды. Тексеріс қорытындылары бойынша, Үржар ауданының әкімдігі кәсіпкерлермен келесі демалыс маусымы басталғанға дейін кемшіліктерді жою туралы меморандум бекіткен еді. Бұл келісімге сәйкес, кәсіпкерлер қызмет көрсетуді заң талаптарына сәйкес жүргізумен бірге иеліктеріндегі нысандарды абаттандырып, демалушыларға қолайлы жағдай жасауға уағдаласқан. 7386f24abdfaac1d13b4a9dcb83e5fe8 Ең бастысы, Алакөл жағалауында туризмді дамыту мәселесін кешенді шешу мақсатында тиісті инфрақұрылымды құра отырып, демалыс аймағын абаттандырудың жобасы дайындалды. Өткен аптаның соңында облыс әкімі Д.Ахметовтің төрағалығымен Үржар ауданында өткен арнайы кеңестің барысында бұл жоба көпшілік назарына ұсынылып, бекітілді. Жаңа жобаға сәйкес, келесі жылы Алакөлге апаратын жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жағалау мен жағажайлар абаттандырылады, саябақ ашылып, спорт және аттракционды ойын алаңдары салынады. Сонымен қатар, автобекет аумағы абаттандырылып, 200 орындық автотұрақ жасақталмақ. Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин аталған жұмыстардың 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқталатынын жеткізді. 57e35fd3067853b6bca46b9705e5b235 – Аудандағы азаматтардың өз міндеттерін орындап, Алакөлдің маңайын абаттандыру бойынша тиісті жұмыстарды атқаратынына, демалуға келген адамдарға қолайлы жағдай жасайтынына сенім білдіремін. Бұл ретте Алакөлді Шығыс Қазақстанның мақтануға тұрарлықтай көрікті аймағы етуге алғаш рет бюджеттен арнайы қаржы бөлінуде, – деді кеңесті қорытындылаған Д.Ахметов. 6d52deb8bb7f48134d458a50abea8cf4 Думан АНАШ, "Егемен Қазақстан" Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы.    
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.09.2018

СДУ әлемге танылған бүркітші Айшолпанға 100% білім грантын ұсынды

26.09.2018

Мырзашөлде «Ақ керуен-2018» салтанатты іс-шарасы өтті

26.09.2018

Мемлекеттік қызметшінің жалақысы жаңаша төленеді

26.09.2018

Ақтөбелік аграршылар 500 мың тоннадан астам бидай жинауды жоспарлап отыр

26.09.2018

Бақыт Сұлтанов 7 жасар баланы құтқарған астаналықты марапаттады

26.09.2018

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.Айтпаева тұрғындарды қабылдады

26.09.2018

Michael Kors Versace сән үйін сатып алады

26.09.2018

Ақтөбе облысында тұрақтандыру қорын құруға 309 млн теңге бөлінді

26.09.2018

Мұхамеджан Тынышбаев пен Тұрар Рысқұловтың ескерткіші ашылды

26.09.2018

Атырау облысының әкімі халықтан түскен шағымдарға уақтылы жауап беруді тапсырды

26.09.2018

Бүгін WSB-ның финалы өтеді

26.09.2018

Аса ауыр салмақтағы дзюдошыларымыз жеңілді

26.09.2018

Astana Media Week: Қазақстан телеарналары шетелдік экрандарда

26.09.2018

Қазақстанның тумасы суперчемпион атағы үшін айқасады

26.09.2018

Бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионаты Үндістанда өтетін болды

26.09.2018

«Астана Опера» сахнасында «Астана – Әлем дауысы» халықаралық фестивалі ашылады

26.09.2018

Қостанайда төртінші Цифрлы ХҚО ашылды

26.09.2018

Семей ядролық сынақ полигонының жағдайы ғылыми басқосуда талқыланды

26.09.2018

Конуэй қалашығы су астында қалып отыр

26.09.2018

Қазақстанда неміс технологияларын қолдануды жоспарлап отыр

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

Jańa mamandyq jaıy

«Erinbe. Eńbek et, mal tap» degen sózdi Abaıdan keıin ata-analarymyz jıi aıtatyn. Alaıda áleýmettanýshylar eńbek etý men tabysty bolýdyń mazmuny men shynaıylyǵy ózgerdi degendi alǵa tartady. Al eńbektiń formýlasy jumys isteý, kásip ashyp, tabys tabý ekeni belgili. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tirshilikti mádenıet bıleıtin qoǵam

Osy ýaqytqa deıin jeke adamnyń tirshiligin, turmys jaǵdaıyn onyń bilimi men eńbekqorlyq qasıetiniń bılep kelgendigi belgili. Adamdar kóp jaǵdaıda qoǵamnan bilimine saı oryn alyp otyrdy. 

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу