Әлем елдері жазасын өтеушілерді қалай тәрбиелейді?

Әлемнің түкпір-түкпірінде жазасын өтеу орындарында отырғандарды тәрбиелеудің, өздеріне де, қоғамға да пайдалы еңбекке тартудың түрлі әдістері бар. Тіпті, жазасын өтеушілер тәп-тәуір табыс әкеліп отырған салалар да баршылық. Ал кейбір мемлекеттерде оларға жеңілдік беріп, мерзімін қысқарту шаралары да қарастырылған. Осыған орай түрмеде отырғандардың еңбегін пайдаланудың әлемдік тәжірибесінен бірнеше мысалды назарға ұсынбақпыз.

Егемен Қазақстан
28.11.2016 4359

АҚШ-та 146 ұйым жазасын өтеушілерді жұмысқа алған 

Америкада UNICOR атты мемлекеттік компания жазаланушылардың еңбегіне жүгінетін 146 кәсіпорынды біріктірген. Олардың қатарында танымал Motorola, Microsoft, Victoria’s Secret, Starbucks бар. Сонымен қатар қылмыскерлер Нью-Йоркте call-орталықтардың жұмысына, Миссуриде соқыр адамдарға арналған кітап шығару ісіне, Техас пен Вашингтонда полиция қызметкерлеріне арналған құрал-жабдықтар шығаруға жұмылдырылған. Бір айта кетерлігі,  жұмысқа сұхбаттасу нәтижесінде тек үлгілі тәртібі барлар алынады. 1

Бұл жүйе әлемнің барлық қылмыскерлерінің 25 пайызын қамтитын АҚШ үшін тиімді болып отыр. Себебі билік жыл сайын оларды қамтуға 48 миллиард доллар кетіреді екен. Ал 2016 жылдың бірінші жартысында жазасын өтеушілердің көмегімен түскен таза табыс 231 млн долларды құрапты. Оның 20 пайызы еңбекақы төлеуге кетсе, қалғаны түрмені қаржыландыруға жұмсалған.

Бразилия: жазаланушылар көшені жарықпен қамтиды

 2-1 Хосе Энрике Маллманн атты судья 2012 жылы Бразиялияның шығысындағы Санта-Рита-ду-Сапакаи түрмесінде көшені жарықтандыру үшін веложаттығу құрылғысын қолдану туралы шешім шығарады. Жазасын өтеушілерге бұл құрылғыларды аптасына 3 рет 8 сағаттан қолдануға рұқсат етілген. Нәтижесінде, 16 сағат педальды айналдырған адамға қамаудағы бір күні қысқартылады. Ал алынған энергия 10 көшенің жарығына жұмсалады. Феникстегі әйелдер түрмесінде де осындай тәжірибе бар.

Кейбір түрмелерінде тоқыма тоқытады

3

Бразиялияның Жуис-ди-Фора қаласындағы түрмеде сәнді тоқыма киімдер шығарылады. Жұмысқа кез келген қылмыскер өз қалауымен қатысып, сол үшін еңбекақы алады. Кей жағдайда уақытынан бұрын босату қарастырылған.

...кітап оқығандардың мерзімі қысқартылады

4-1

The Daily Telegraph газетінің айтуынша, Бразилияның 4 түрмесінде әр оқыған кітап үшін жазасын өтеу уақыты азаяды. Кез келген тақырыпта оқылған 12 кітап үшін әкімшілік жаза 48 күнге қысқарады. Бірақ олар қатесіз әрі сауатты эссе жазу талабын орындауы керек. Әрі жобаға қатысушылар арнайы кеңес шешімімен анықталады.

Италияда да жазаланушылар кітап оқиды

Бразилияның үлгісіне жүгінген Италия да әр оқыған кітап үшін жазаны өтеу уақытын үш күнге қысқартады. Италияның оңтүстігіндегі Калабрияның өңірлік комитеті қабылдаған заң бойынша жазаны жылына ең көбі 48 күнге қысқартуға рұқсат. Олар оқыған кітаптары бойынша міндетті түрде емтихан тапсырады. Еуроодақтың зерттеуіне сенсек, Италия түрмелері адам саны бойынша екінші орында тұр. Яғни, бұл шара мәселені шешудің жолы ретінде қарастырылады.

...мейрамханада басшылық қызмет атқарады   

Пиза маңындағы 500 жылдық тарихы бар Fortezza Medicea қамалында орналасқан мейрамханада тамақ дайындау, келушілерге қызмет көрсету, тіпті, басшылық қызмет те жазасын өтеушілердің қолында. Сонымен қатар олардың әрқайсысының қасында бақылаушылар жүреді. Келушілер қатаң тексерістен өтеді. Темір пышақ пен қасық, шанышқы пайдаланылмайды. 5-1

Миланның Болланте провинциясында орналасқан In Galera мейрамханасында да даяшы қызметі қамаудағыларға берілген. Ал басқа жұмыстарды жазасын өтеп болғандар атқарады. Бойыңа қорқыныш ұялатқанымен, тағамдары арзан-мыс.

Румынияда кітап жазады

Ресми статистикаға сенсек, 2015 жылы Румыния түрмелерінде жазасын өтеушілер 340 кітап жазыпты. Бұған себеп – елдің заңы бойынша әр баспадан шыққан кітап үшін жазаның 30 күнге қысқартылатыны. Кітапты қылмыскер өзі жазғанына сенімді болуы үшін мемлекет ЖОО-нан бекітілген ғылыми жетекшілерді тексеріп жатыр екен. Ал Әділет министрлігі бұл норманы алып тастауды ұсынып отыр.

Норвегияда кей жазаланушы 1,7 мың доллар жалақы алады

 tovary-kotorye-proizvodyatsya_114

Ослоға жақын маңдағы аралда  жазасын өтеп жатқан 115 адам орманда және фермада қызмет етеді. Алынған тауар дүкендерге жіберіледі. Олар өз еңбектері үшін 1,7 мың доллар жалақы алады. Тіпті, еңбек демалыстары да бар. Арал ішінде балыққа шығып, шаңғы тебуге, кітапханаға баруға еркіндік берілген.

Перуде жазасын өтеушілер банкте қызмет етеді

peru-1

Перудың астанасы Лима қаласындағы ең ірі түрмелердің бірінде тек жазаланушылар басқаратын, әрі қызмет ететін банк бар. Ол 3 жылдан артық қызмет етіп келеді. Банктің ұраны – «Сіздің ақшаңыз қауіпсіз жерде тұр. Бұл жерді ешкім тонай алмайды!». Түрме директоры Хулио Кастанеданың айтуынша, жобаның басты мақсаты – түрмеден босағанда қылмыскерлердің көпшілігі ақшасыз қалатындықтан, олардың қаражаттарын сақтау. Бұл түрменің 2400 жазаланушысы түрлі жұмыстар атқарады. Ал банктің 118 клиенті бар.

Эстония мен Боливияда киім шығарады

 yeko

Экологиялық таза материалдардан киім шығаратын Heavy Eco атты дизайнерлік компаниядағы барлық қызметтерді Шығыс Еуропаның түрмелерінде жазасын өтеушілер атқарады. Одан түскен табыс балалар үйі мен жетімдерге көмекке жіберіледі. Себебі бұл елде қылмыскерлердің көпшілігі солардың қатарынан шыққан екен.

Боливия түрмелерінің біріне барған француз дизайнері Томас Джейкоб та танымал бренд шығаруды ұйғарады. Мақсаты - түрмеде отырғандардың қолынан эксклюзив жасау келетінінкөрсету. Бірақ жұмысқа өзінің өткен ісіне өкінетіндер ғана жіберіледі. Олардың әрқайсысы сатылымнан түскен қаржының белгілі бір бөлігіне ие болады.

tovary-kotorye-proizvodyatsya_105

Дайындаған Гүлнұр Қуанышбекқызы, 

"Егемен Қазақстан"

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.08.2018

Джакартада Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті

18.08.2018

БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан қайтыс болды

18.08.2018

Мемлекеттік хатшының қатысуымен Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойы өтті

18.08.2018

Пара алған әкімдердің қылмысы әшкере болды

18.08.2018

Елордада «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінің солтүстік аймақтық іріктеу жарыстары өтіп жатыр

18.08.2018

Астанада түркі тіл білімінің өзекті мәселелері талқылануда

18.08.2018

Бүгін ауыл жасөспірімдерінің республикалық II жазғы спорт ойындары басталады

18.08.2018

Допинг дауынан кейін «Канело» ресми түрде қайта рингке оралды

18.08.2018

Ыбырай Алтынсариннің отбасы қолданған жәдігерлер жұрт назарына ұсынылды (ВИДЕО)

18.08.2018

Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында спорттық сайыс өтіп жатыр

18.08.2018

Қаламгер Сұлтан Қалиұлы дүниеден озды

18.08.2018

Бүгін Азия ойындарының салтанатты ашылуы өтеді

18.08.2018

Мыңнан аса астаналық веложарысқа қатысуда

18.08.2018

ҚМДБ еліміз қалалары бойынша айт намазының уақытын жариялады

18.08.2018

Демалыс күндері елімізде ауа райы құбылмалы болады

17.08.2018

Қазақстан Президенті «Журавлевка 1» ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді

17.08.2018

Роман Григорчук «Астана» клубының бас бапкерлігінен уақытша кетті

17.08.2018

Қазақстандық велотрекші әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

17.08.2018

Тау туризмін дамыту қажет

17.08.2018

Еңбек ері – ұрпаққа үлгі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу