Әлем неге алаңдаулы?

Өткен айда Ақ үй басшысы климат өзгеруінің алдын алуға байланысты қабылданған Париж келісімінен АҚШ-тың шығатынын мәлімдеген-ді. АҚШ президенті Дональд Трамп Гамбургте өткен G20 саммитінде де өзінің ұстанымынан айныған жоқ. Көмірқышқыл газын шығару көлемі бойынша әлемде екінші орында тұрған АҚШ басшысының сол сөзі әлемді әрі-сәрі күй кештірді.
Егемен Қазақстан
13.07.2017 2523
2

CNN арнасының мәліме­тін­ше, Трамптан басқа саммит­ке қатысушылардың бәрі климат өзгеруі мен жаһандық жы­лынудың күн тәртібінде тұр­ған мәселе екеніне келіскен. Әйтсе де, АҚШ-қа қатысты сауда-сат­тық мәселесінде оң ұстанымда қал­ған сыңайлы. 
ГФР канцлері Ангела Мер­кель саммиттің жабылуы кезінде: «Өкінішке қарай, АҚШ климат келісімін тастап шықты немесе солай жасауға мүдделі екенін мәлімдеді», ‒ деген болатын. CNN-нің хабарлауынша, G20-ның 19 мүшесі Париж келісімін жал­ғастыра беретініне уәде берген. Алайда, АҚШ келісімнен шы­қ­са да, ауаға бөлінетін көмір­қыш­қыл газы мөлшерін азайтуға талпынатынын жеткізді.
«Саммиттен кейін Ресей пре­зиденті Владимир Путин климат өзгеруін «басты мәселе» деп атап, Меркельдің «жақсы ымы­раға» келгенін айтты. «АҚШ шық­са да, олар бұл мәселені тал­қылауды жалғастыра береді. Ме­ніңше, бұл оң шешім және мұны Ангела Меркельдің табыс-
ты қадамы ретінде есептеуге бо­лады», ‒ деді Путин. Британия премьер-министрі Тереза Мэй де АҚШ-тың ұстанымына келіс­пей­тінін білдіріп, Трампты асық­пай ойлануға шақырды. Ал Канада премьері Джастин Трюдо «әлеу­е­т­ті экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау қатар жүреді», деп айтты», ‒ делінген CNN-дегі мақалада. 
Time журналы АҚШ-тың Париж келісімінен бас тартуы бас­қа елдердің бірлесе, бұ­рын­ғы­дан әлеуетті жоспар қа­был­дауға әкелгенін жазады. 
«Жыл басында Президент Трамп АҚШ-ты Париж ке­лісімінен шығатынын мәлім­де­генде, бұл жайтты жаһандық жылынуға қарсы саясатты әлем бойынша қолдайтындар мәселеге кедергі келтіреді деп қауіптенген. Алайда, Трамптан басқа әлем­нің озық экономикасының көш­бас­шылары G20 саммитіне жиналып, таза энергия өндіру мен климат өзгеруіне қатысты Париж келісіміне сай әрекет ете­тінін қайта нақтылады», ‒ деді Time. 
BBC агенттігі әлем көш­бас­шы­лары Трамптың пікірін өзге­р­туге қауқары жетпеді деп есеп­тейді. 
«Германияда өткен G20 сам­митінде 19 елдің басшылары АҚШ-тың шығып кеткеніне қа­рамастан, өздерінің климат өз­геруіне байланысты Париж келісіміне адалдығын білдірді. Гамбургтегі келіссөздердің соңғы күнінде тығырыққа тірелгендей болған, алайда, ақырғы келі­сім­ге қол жеткізілді. Онда Пре­зидент Дональд Трамптың бас­қа елдердің ұстанымына қа­ра­­мас­тан, Париж келісімінен шы­ға­ты­нын көрсетті», ‒ деп мә­лім­деді BBC арнасы. 
Дональд Трамп көмірқышқыл газын азайту саясатынан бас тарту өзінің басты ұстанымы екенін әлдеқашан мәлімдеген. Оның айтуынша, Париж келісімі АҚШ үшін оңтайлы емес. Әрі Ақ үй басшысы жаһандық жылынуға сене қоймайтынын бұрыннан бері айтып келеді. Трамп бұл мәселе АҚШ-тың бәсекеге қабілеттілігін азайту үшін Қытай тарапынан ұйымдастырылған мәселе деп есептейтінін 2012 жылы твиттерге жариялаған-тұғын. 
Жалпы, Париж келісімі БҰҰ-ның климат өзгеруі жөніндегі конвенция аясында 2015 жылы қабылданып, бір жылдан кейін қол қойылған-ды. Құжат 2020 жылдан бастап әлем елдерін ауаға бөлінетін көмірқышқыл газы мөлшерін азайтуға мін­дет­тейді. Бүгінгі таңда оған әлем­нің 195 елі қол қойып, 153-і бе­кіт­ті. Келісімнің басты мақсаты ‒ жа­һандық жылынуды 2 градус Цельсийден төмен деңгейде ұс­тап қалу. 
Әлем елдерінің АҚШ-тың мұндай шешіміне алаңдауының негізі бар. Өйткені, жаһандық жылыну 2 градус Цельсийден асып кетсе, теңіз деңгейінің кө­теріліп, су жағалаудағы қала­лар­ды шайып кетеді. Бұл тура­лы ғалымдар көптеген зерттеулер жа­сап, әлдеқашан дабыл қағып үл­герген-ді. Қазірдің өзін­де кли­мат өзгеруінің әсері ора­­сан зиян тигізіп отырғаны бел­гі­лі. Мәселен, кейінгі кездегі әлем температурасының 0,5 гра­­дусқа көтерілуі Антарктида мұз­­дықтарының опырылып, же­­дел еруіне әкеліп соғуда. Тіп­­ті, бұрын мұз басып жата­тын аймақтар бүгінде қара суға айналған. Мұның «домино әсері» де бар. Сондағы су жалпы мұхит температурасын жылытып, оларды Антарктида астына апарып, мұздың еруін одан әрі жеделдетіп ке­леді. National Geographic жур­­налы алда-жалда осындай үрдіс­пен кете берсе, 2100 жылы теңіз дең­гейі 1-2 метрге көтерілуі мүмкін екенін айтады. 
Негізі, Антарктида мұзы тү­гел­дей ерісе, жер бетін су басып қалу қаупі бар. Алайда, әзірге ең көп зиян шегіп отырған ‒ Батыс Антарктида бөлігі. Ондағы мұз­дықтар саны азайып барады. Мәселен, Ларсен А және Б мұз­дық­тары түгелдей опырылып, ашық мұхитқа ағып кетті. Қазіргі таң­да Пайн аралы мұздығы да со­ның кебін киюі ықтимал. Әлем­дегі мұхит деңгейін 1 метр­ге көтеруге қабілетті Туэйтс мұз­ды­ғы да үлкен қауіптің алдында тұр. 
Бұл ‒ Антарктиданың батыс бөлігіне ғана қатысты. Мәң­гі ақ континент мұзының не­гізгі бөлігі оның шығысында екені мәлім. Бұрын ғалымдар Шығыс Антарктида қауіптен аман деп есептеп келген. Кей­ін­гі жүргізілген зерттеулер он­дағы жағдайдың мәз емес еке­нін көрсетті. 2015 жылы авс­тра­­­лиялық ғалымдар Шығыс Ан­­­тарктидаға аттанып, біраз де­­ректерге қол жеткізді. Мә­се­лен, еріген жағдайда теңіз дең­гей­ін 4 метрге дейін жоға­ры­ла­татын Тоттен мұздығы асты­нан жы­лы мұхит суы ағып жат­қа­ны анықталған. Яғни, бұл ‒ алып мұздық астынан ери бастады деген сөз. Алда-жалда атал­ған мұздықтардың еруі тоқтамаса, енді бір ғасырдан кей­ін жағалауларда орналасқан әлем­нің алпауыт қалалары су ас­­тына кетуі мүмкін. Ендеше, кө­мір­қышқыл тұтынымын азайту ‒ күн тәртібінде тұрған үлкен мә­селе. 
Қазақстан да бұл мәселеге бей-жай қараған емес. Еліміз Париж келісіміне қол қойып, ал­дағы уақытта осыған байла­нысты жұ­мыс атқарып келеді. Былтыр Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «Жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамыту бағдарламасына сәйкес, олардың үлесін 2020 жылға қа­рай 3 пайызға, 2030 жылға дейін 30 пайызға, 2050 жылға қарай 50 пайызға жеткізу көз­деледі», ‒ деп мәлімдеген бола­тын. Соның нәтижесі шығар, ел аумағында бірнеше баламалы энергия өндіретін стансалар са­лынып, олардың кейбірінің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Осы орайда, Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 ха­лықаралық көрмесінің тақы­ры­бы «Болашақтың энергиясы» болуы Қазақстанның әлемді алаң­датқан мәселеге бей-жай қа­ра­майтынын көрсетсе керек.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу