Әлемдік қоғамдастық: орын мен бедел

Әлемдік қоғамдастық абстрактілі ұғым емес, оның көшбасшысы – Біріккен Ұлттар Ұйымы. БҰҰ аясында мемлекеттер мен халықтар жаһандық мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында әлемдік қоғамдастық құрып отыр. «Әлемдік қоғамдастық» ұғымын алғаш рет ресми түрде 1969 жылы БҰҰ Бас Ассамлеясында сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Ричард Никсон қолданған. Ол: «Бүкіл тарихи ғұмырымызда біз бірінші рет әлемдік қоғамдастық болып отырмыз», – деп көрсеткен еді.
Егемен Қазақстан
16.05.2017 118

Тәуелсіз мемлекет ретінде 1992 жыл­ғы 2 наурызда БҰҰ-ға мүше бо­ла салысымен Қазақстан әлемдік қо­ғам­дас­тыққа өзінің бейбітшіл саясаты­мен ен­у­ге кірісті. Елдің ішкі өмірі эво­лю­­циялық сипаттағы экономикалық ре­ф­о­рмалармен ерекшеленді. Сыртқы сая­сатта Қазақстан барлық мемлекет­термен тең, әділ, өзара пайдалы, пр­агматистік көпвекторлық қағидатты таң­дады. Ұдайы жаңару, реформалау жү­зеге асырылғанымен, елде қауіпті ау­ыт­қулар мен күрмеуі қиын қай­шы­лықтар орын алған жоқ. 

Қазақстан әлемдегі екі алып держа­ва – Ресей мен Қытайдың ортасында тұрғанына қарамастан, әлемдік бас­қа тартылыс нүктелерімен де жақ­сы қатынастар орната алды. АҚШ, Жа­пония, Канада, Оңтүстік Корея, Еуро­одақ мемлекеттері Қазақстанды ст­ра­тегиялық әріптесі, сенімді эко­но­ми­калық және сауда серіктесі ретінде қа­былдай бастады. Себебі, Қазақстан 1997 жылдан бастап әлемдегі даму қар­­қыны жақсы елдердің қатарына ен­­ді. Дүниежүзілік банк мәліметтері бой­­ынша, Қазақстан экономикасы 25 жыл­да 7,4 есеге өсті. Осы уақыт ара­лы­ғын­да сауда тауар айналымы 52 млрд тең­геден 7,3 трлн теңгеге дейін, яғни 141 есеге артты. 

Қазір Қазақстан әлемнің 118 еліне 970 түрлі тауар экспорттайды. Негізгі сау­­да әріптестері Еуроодақ, Ресей, Қы­тай, Азия елдері болып отыр. Сауда, эко­номикалық, мәдени қатынастардың жақ­саруы арқасында Қазақстан 26 шет мемлекетпен әуе байланысын 88 ха­лық­аралық маршрут бойынша орнатып отыр.

Алайда, әлемдік экономикалық тәр­тіптердің ой-шұқырлары көп. Қар­жылық үрдістер де қайшылықтарға то­л­ы. Күрделі құбылыстарды дөп бас­паған мемлекеттер опық жеп жа­тады. АҚШ, Қытай, Жапония, ЕО ел­дері сияқты экономикалық қуат­ты дер­жавалардың өз мүдделерін қор­ғау үшін жүргізіп жатқан түрлі әдіс-әре­кеттерінің де әлемдік қай­шы­лық­тар­ды қиындата түсетіні ақиқат. Басым дер­жавалардың эгоистік мүдделері әлем­дік экономикалық-қаржылық дағ­дар­ыс­т­ар циклының ХХІ ғасыр басында 3 мәрте қайталануына себеп бол­ды. Қазақстан Үкіметі осы қиын ла­­биринттер­ден ел экономикасын аман алып шығуға тырысып бағуда. 

Сарапшылар Қазақстанның мұнай, газ, түсті металл экспорттауы саяс­а­тын біржақты, жеткіліксіз деп ба­ға­лап отыр. Мәселе, экономиканы әр­та­раптандыруға келіп тірелді. Ел­басы Нұр­сұлтан Назарбаевтың табанды тап­сыр­маларының арқасында экономиканы әртараптандыру шаралары белсенді жүргізіле бастады. Соңғы 10 жылда 800 жаңа кәсіпорын салынып, бұрын өндірілмеген 500 жаңа тауар мен өнім шығарылуда. Индустрияның өндіруші сек­торындағы еңбек өнімділігі 60 пайызға өскен. Қарап отырсақ, елдің ішкі экономикалық дамуына әлемдік экономикалық ахуалдағы өзгерістер тікелей әсер ететінін байқаймыз.

Қазақстан осындай әлемдік қау­іп­тер мен қатерлерге жауап беруге қа­б­і­леттілік көрсетуінің арқасында әле­м­­­дік қоғамдастық алдындағы өзі­нің абы­­ройлы орнын ала бастады. Бәсе­ке­лестік әлемдік қатынастардың негізгі үрдістерінің біріне айналды. Оған жауап беру үшін елдің ішкі экономикалық және әлеуметтік қуаттары үнемі артып отыруы керек. Ал ішкі дамудың тиімділігі мемлекеттің әлемдік озық үлгілерді қоғамның барлық салаларында қабылдауға ашық болуына бай­ланысты. Төртінші индустриалық ре­во­люция әлемдік экономикалық тәр­тіптерге қандай өзгерістер әкеледі. Де­мек, дамыған елдерде болуға тиіс­ті жаңалықтарды Қазақстан білуі, қа­бы­л-
дауы және өмірге, өндіріске енгізуі маңызды. 

Әрине, төртінші индустриалық рево­люция енді басталды. Жаңа даму ке­зеңі туралы алғаш рет 2011 жылы Ганно­вердегі өндірістік көрмеде ай­тылған болатын. Әлемнің бәсекеге қа­бі­л­етті елдері өндірістің, техниканың, ғы­лым­ның және ақпараттың дамуындағы жа­­ңа кезеңге сәйкес келетін экон­о­ми­ка­лық құрылымдарды жасауда жа­ңа дү­ниетаным қалыптастыруда. Қа­зақ­стан халқы осы үрдістерден қалып қой­мауы тиіс. 

Сайын Борбасов, 
саяси ғылымдар 
докторы, 
профессор 
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.09.2017

Шығанақ жолымен немесе тары өсіру дәстүрі жалғаса береді

22.09.2017

Латын әліпбиіне көшу туралы пікірлер

22.09.2017

Рухани тәуелсіздікке жеткізетін қадам

22.09.2017

Өркениет ағымына жетелейтін тарихи шешім

22.09.2017

«Харви» дауылы және мұнай бағасы

22.09.2017

Балалардың демалысы бақылаусыз қалмасын

22.09.2017

Үлгіліден үйренуге асық болайық

22.09.2017

Зейнетақы қорының қаражаты қайтарылады

22.09.2017

Қазақ қарияларының кеңдігі 

22.09.2017

БҰҰ Бас Ассамблеясының жаңа төрағасы Қазақстанның халықаралық істердегі рөлін жоғары бағалады

22.09.2017

Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының жетекшісі – Қазақстан

22.09.2017

ЭКСПО технологиялары білім саласында қолданылады

22.09.2017

Сербиямен қатынас құжаты қаралды

22.09.2017

Рухани даму жаңа әліпбиден бастау алады

22.09.2017

Елбасы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады

22.09.2017

Назарбаев Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қорына барды

21.09.2017

Абаев Қазақстан мен АҚШ президенттерінің телефонмен сөйлесуіне пікір білдірді

21.09.2017

Дәурен Абаев: ИЫҰ саммитінің мәртебесі ЕҚЫҰ саммитінен кем түспейді

21.09.2017

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының маңызы зор - министр Абаев

21.09.2017

Ұлттық ұланның халықаралық турнирі басталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

«Харви» дауылы және мұнай бағасы

Американың мұнайлы өңір­леріне үлкен зардап әкелген таби­ғи апаттар әлемдік рыноктағы мұнай бағасының тұрақтануына оң ықпалын тигізетін түрі бар. Соңғы уақытта АҚШ-та мұнай өндіру көлемінің артуы және оның қорының ұлғаюы әлемдік нарық­­тағы мұнай бағасының күрт құл­ды­­рауына әкеліп соқтырған еді.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Қазақ қарияларының кеңдігі 

Өткен уақыт қайтып оралмайтын есіл өмір екенін көңіл күйдің аумалы-төкпелі қилы-қилы шағында ойласаң – шырғалаңы көп кермек шындықтар санаңды шарлай жөнелетіні несі екен. Желтоқсан көтерілісінен кейін Мәскеу газет­тері жалпақ жалғанға жария қыл­ған қазақ ұлтшылдығын идеяло­гия­лан­дырылған бояумен баттастыра қалың көрсеткеніне өзге тұрмақ өзің иланып, орнынан алынған сол кездегі биліктің кінәсі қорытылған қорғасындай сал­мақ­ты сияқтанды. Ендеше, жазасын құдай өзі берсін дегеннен артыққа бар­­май на­за­ланған сезімге қорыну қосы­лып, сі­лей­ген қалпы отырасың да қоясың.

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Сапасыз білім сан соқтырады

Спортшылардың «спорттық ғұ­мы­ры» қамшының сабындай қыс­қа. Жұрттың бәрі Головкиндей отыз­дың жуан ортасында жай оғындай жар­қылдап жүрмейді. Жасы келіп, күш-қуаты кемігенде боксшы қолғабын, фут­­болшы бутсысын шегеге іледі. Иә,­­ талай жылғы серігімен қош ай­­­тыс­қан ардагер спортшының қай-­қайсысы болса да «Әрі қарай не­ істеймін?» деген тағдыршешті сұрақ­қа түбі бір маңдай тірейді. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Өрелі өрен іздеймін

Халқымыз  «Ұлың өссе ұлық­ты­мен, қызың өссе қылықтымен ауылдас бол» деп бекер айтпаған. Өйткені, жа­ңа көктеп келе жатқан жас шыбық қа­тарына қарап бой түзейді, бір-бі­рінің ойын байытады немесе кері әсерімен қисық, қыңыр болып өсуіне де әсерін тигізеді. Қанатты сөз осындайларды көріп ой түйгеннен туса керек.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Такси мен «тәбет»

Астанадағы автобустардың қыз­мет көрсету сапасы жайлы мақала шық­қан­нан кейін («Қоғамдық көлік және жолаушы мәдениеті», «Егемен Қазақ­стан», 7 қыркүйек, 2017 жыл) бірнеше оқырман хабарласып, «Так­сист болып бір-екі күн жұмыс істеп көріңізші, біраз мәселеге қанығар едіңіз» деп ой тастады. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу