Әлеуметтік әділеттілікті ту еткен

Егемен Қазақстан
06.12.2016 58
tomi-duysenovaҚазақ халқы әлмисақтан мұқтаж жандарға көмек қолын созып, зәрулерге қамқорлық көрсетуді адами парыздың басты белгісі санаған. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылында Елбасы осы бір халықтық дәстүрлі қағидаға басымдық беріп, жылдан-жылға ел экономикасы артып, әлеуеті нығайған сайын еліміздің аз қамтамасыз етілген топтарына әлеуметтік қамқорлық жасауды жүйелі түрде мемлекеттік деңгейге көтеріп келеді. Бұл – ардагерлерді, ана мен баланы қолдау, мүгедектердің толыққанды өмір сүруі үшін жағдай жасау және басқа кешенді әлеуметтік көмектер. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығында осы саладағы өміршең реформалар мен қол жеткен игі жетістіктер туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара ДҮЙСЕНОВАНЫ келелі әңгімеге тартқан едік.  – Тамара Қасымқызы, тәуелсіздігіне енді ғана қол жеткізген Қазақстанның алғашқы қалыптасу кезеңінде қандай әлеуметтік қорғау жүйесі болды? Жас мемлекет бұл салада тиімді реформа жүргізуді қалай іс жүзіне асырды? – Жарты әлемді «ашса алақанында, жұмса жұдырығында» ұстаған КСРО тарағаннан кейін Қазақстан басқа да одақтас республикалар сияқты өте қиын жағдайды бас­тан кешірді. Экономикасы күйреген және қазынасында ақшасы да жоқ еді. Тіпті, бай табиғи ресурс­тарымыз да бізді қорғай алмады. Мұнай сала­сын­дағы әлемдік ойыншылар жаңа ғана құрыл­ған, оның ішінде бұрынғы кеңестік кеңістік­тегі мемлекетпен жұмыс істеуге асықпады. Осындай күрделі қиындықтарға қара­мастан, тәуелсіз Қазақстан Тұңғыш Прези­ден­тіміздің көрегендігінің арқасында Ата Заңын қабылдай отырып, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін бірден декларациялады. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары елімізде бұрынғы кеңестік әлеуметтік қорғау жүйесін: түрлі деңгейдегі еңбек табысына қарамастан барлығына бірдей теңдей ынтымақты зейнетақыны және азаматтардың шектелген санына жәрдемақылардың мардымсыз мөлшерін сақтап қалуға тырыстық. – Ал жаңа зейнетақы реформасын қазақстандықтар қалай қабылдады? – Әрине, алғашқыда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшуді тұрғындар сенімсіздікпен қабылдады. Бұл қалыпты жағдай, өйткені ол кезде біз өмір бойы зейнетақыға ақша жинаудың не екенін түсінбедік қой, өйткені біз еңбек мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекет бізге зейнетақы төлеуге кепілдік беретініне үйренгенбіз. Бірақ реформа жасау қажет болды. Адамдар өз еңбекақыларынан ақша аудару не үшін қажет екенін және мемлекет зейнетақы төлеу міндетінен неге «аяқ астынан» бас тартқанын түсінбеді. Жинақтаушы зейнетақы қорлары жоқ болып кетеді, адамдар ақшасынан айырылып қалады деген сенімсіздік те болды. Бұл 1998 жыл болатын... Бүгінде, сенімсіздік тудырған жаңа зейнетақы жүйесі жемісті жұмысын жалғастыруда және одан әрі жетілдіріліп, зейнеткердің берік сеніміне ие болуда. Иә, Мемлекет басшысының батыл бас­та­­ма­ларының нәтижесінде елімізде үш дең­гейлі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі толық құрылды. Бұған қоса, ол бола­шақ зейнеткерлердің салымына ғана негізделіп отырған жоқ. Мемлекет зейнетақы төлемдеріне өзінің «қаржылай қатысуын» одан әрі де жалғастырып келеді. Біздегі зейнетақы жүйесінің бірінші деңгейі – 2005 жылдан бас­тап енгізілген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және ол еңбек өтілі мен табысының болу-болмауына қарамастан, зейнеткерлікке шыққан барлық азаматтарға тағайындалады. Оның мөлшері 2005 жылғы 3 000 теңгеден 2016 жылы 11 965 теңгеге дейін немесе 4 есеге артты. Ағымдағы жылы оны төлеуге республикалық бюджеттен – 293 млрд теңге көзделген, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 9,7 есе көп. Екінші деңгей – бұл 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі бар барлық азаматтарға мемлекеттік бюджет қаржысынан төленетін ынтымақты зейнетақы жүйесі болып табылады. Үшінші – жеке зейнетақы жинақтары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін төлемдер. Қазіргі зейнеткерлердің зейнетақысы осындай компоненттерден құралатынын ерекше атап өткім келеді. – Еліміздің зейнеткерлеріне лайықты кәрілікті қамтамасыз ету үшін бюджет­тен тағы қандай көлемде қаржы қарас­ты­рылған? – Ынтымақты зейнетақы мөлшері жыл сайын артып отырады. Ынтымақты зейнетақыны төлеуге республикалық бюджеттен 2016 жылға 1 триллион теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл ретте 1999 жылмен салыстырғанда ынтымақты зейнетақы мөлшері 4 179 теңгеден 43 324 теңгеге дейін 10,5 есеге артты. Зейнетақының ең төменгі мөлшері бүгінде 25,8 мың теңге, ал ең жоғарғы мөлшері – 65,2 мың теңге. Бірақ мұнымен зейнетақы жүйесіндегі реформалар аяқталмайды. Елбасының Жарлығына сәйкес, 2014 жылдың 18 маусымында 2030 жылға дейін зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту бойынша тұжырымдама қабылданды. Онда ынтымақты жүйеге де, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне де қатысу өтіліне байланысты зейнетақы мөлшерін белгілеу есебінен 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы тағайындау тәртібіне өзгерістер енгізу көзделген. Бұл еңбек өтілі жоғары, бірақ зейнетке шығу сәтінде табысы туралы мәлімет болмауына, сонымен бірге, заңнамамен белгіленген шектеулерге байланысты аз мөлшерде зейнетақы алушы зейнеткерлер үшін зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді. Тұжырымдама бойынша жүзеге асырылатын тағы бір маңызды мәселе туралы ерекше айтып өткен жөн. Ол – жұмыс берушінің 5% міндетті зейнетақы жарналарын енгізу есебінен зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы компонентін енгізу. Бұл жаңалықтың басты басымдығы жұмыс беруші жарна төлеген зейнеткер, егер оның қатысу өтілі бес және одан да көп жыл болса, оның шартты зейнетақы шотында қаржы біткеніне қарамастан осы компоненттен өмір бойы зейнетақы алатын болады. – Әлеуметтік саланың тек зейнетақы төлеумен шектелмейтіні, мұнда басқа да көптеген маңызды мәселелер бар екені белгілі. Атап айтқанда, мүгедектерге көмек, оларды бірдей мүмкіндіктермен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау және жұмыспен қамту. Қазақстанда тәуелсіздік жылдары мүгедектерді қорғау үшін мемлекет тарапынан қандай кешенді шаралар қабылданды? – «Қазақстан Республикасында мүге­дек­тердің әлеуметтік қорғалуы туралы» бірінші заң 1991 жылы қабылданды. Онда алғаш рет мемлекеттік саясаттың мақсаты мүгедектерге тек көмек көрсету емес, олардың толыққанды өмір сүруіне тең мүмкіндіктер жасау үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайларды жасау болды. Басты назар медициналық оңалтуға және техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдар беруге бөлінді. Әлеуметтік оңалтудың кешенді тәсілдері және қоғаммен біріге қолдау көрсету туралы ол кезде тіптен ойлаған да жоқпыз. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық оңалту арқылы қолдау туралы» (2002 жыл) және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» (2005 жыл) заңдарды еліміздің әлеуметтік саласындағы жаңа серпін деп айтуға болады. Бұл заңдар басқаша тәсілдерді көздеді және оңалту жүйесін жетілдіруге, әлеуметтік қолдауды күшейтуге, мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталды. Заңдар мен арнайы бағдарламаларды іс жүзіне асыру шеңберінде мүгедектерді әлеуметтік қолдауды, заманауи талаптарға сәйкес келетін жаңа технологиялар бойынша, тифло, сурдотехникалық құралдар және кресло-арба, протездік-ортопедиялық бұйымдарды беру, санаторлық-курорттық емдеу жолымен олардың өмір сүру сапасын арттыруға, мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымдарға қол жеткізу жағдайын жақсартуға мүмкіндік туды. Ал 2006 жылдан бастап алғаш рет мүгедектер гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіле бастады. Сонымен бірге, мүгедек жандар жеке көмекшілердің, қимыл тілі мамандарының қызметтерін алатын болды. 2015 жылдың 20 ақпанында Қазақстан «Мүге­дектердің құқықтары туралы» тұжы­рым­­даманы ратификациялады. Соның нәти­жесінде мемлекет мүгедектерге жәрдем­ақы төлеп қана қоймай, сонымен қатар олар­ға медициналық қызметтер мен қосымша құрал-жабдықтар бере отырып, олар­дың қоғамдағы өміріне қолжетімді орта жасағандықтан мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету жаңа деңгейге көтерілді. Елімізде мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру бойынша 2012-2018 жылдарға арналған шаралар жоспары кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда. Жоспар шеңберінде мүгедектерді жұмыспен қамту мәселелері шешілуде және олар үшін қолжетімді инфрақұрылым қалыптастырылуда. Мәселен, осыдан 10 жыл бұрын әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында пандустардың болуы керектігі туралы талапты көп жағдайларда елеусіз қалдыратын болса, ал қазіргі уақытта оны тіпті ғимаратты жобалау кезінде ескеру міндетті болып отыр. Ал жұмыс орындарына келетін болсақ, мүгедектердің жұмыс орнындағы қондырғылар мен өндірістік ортаға қойылатын бірыңғай талапты анықтау, мүгедектердің қоғам өміріне сәтті бірігуі мен жұмыс орындарын құруды жылдамдату үшін мүгедектің жұмыс орнының стандарттары бекітілді. Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші құралдардың және арнаулы қозғалыс құралдарының тізімі жандандырылды, ескірген сурдо-тифлотехникалық құралдар заманауи көп функциялы электронды гаджеттерге ауыстырылды. Келесі жылдан бастап осылардың бәрін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Осы тізімге көру функциясы нашарлаған адамдар үшін жаңа тифлотехникалық құралдарды, мүгедектер үшін міндетті гигиеналық құралдарды, сал ауруларының салдарынан өз бетінше жүріп тұра алмайтындар үшін қосымша техникалық құралдарды қосатын боламыз. – Тамара Қасымқызы, еліміз өзінің айтулы мерекесі – Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесінің қарсаңында тұр. Тәуелсіздік жылдары халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көрсетілген қаржылық қолдау, осы саладағы өзгерістер туралы айтып өтсеңіз? – Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары аз қамтамасыз етілген азаматтарға төленген мемлекеттік жәрдемақының мөлшері мардымсыз болды. Қазіргі жағдай мүлде басқаша. Мәселен, 2016 жылы республикалық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге 242,8 млрд теңге көзделді, бұл 1999 жылмен салыстырғанда 9,4 есеге көп. Бұл ретте, тәуелсіздік жылдары мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақының орташа мөлшері 9,7 есеге (3 106 теңгеден 30 191 теңгеге дейін), асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін жәрдемақы 6,3 есеге (4 250 теңгеден 26 908 теңгеге дейін), жасы бойынша төленетін жәрдемақы 6 есеге (1 980 теңгеден 11 887 теңгеге дейін) артты. 2003 жылдан бастап елімізде ана мен баланы қолдаудың кешенді шаралары қалыптаса бастады. Бала тууына жәрдемақы енгізілді, сонымен бірге оны алушылар саны алғашқы кезеңмен (2003 жыл) салыстырғанда 2015 жылы 2,5 есеге артты, ал жәрдемақы мөлшері 5,1 есеге артты (2003 жылғы 13 080 теңгеден 2016 жылы 66 621 теңгеге дейін). Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы енгізілді. Қолданысқа енгізілген (2006 жыл) сәттен бастап 2016 жылмен салыстырғанда бірінші балаға төленетін жәрдемақының мөлшері 4 есеге артты (3 090 теңгеден 12 213 теңгеге дейін). Азық-түлік себеті құнынан төмен табысы бар аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы көзделді. 2006 жылдан бастап 2015 жыл аралығындағы кезеңде бұл жәрдемақыны алушылар саны 23,6%-ға төмендеді, бұл аз қамтылған отбасылардың кедейлік шегінен шығу қарқынын көрсетеді. Сонымен бірге, қиын өмірлік жағдайларға душар болған адамдарды қолдау мақсатында мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек төленеді. 1999 жылдан бастап құрамына соғысқа қатысушылар мен мүгедектер, оларға теңестірілген адамдар, көп балалы аналар мен отбасылар, барлық топтағы мүгедектер және т.б. кіретін азаматтардың 20 санаты үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ) төлеу жүзеге асырылады. Қолданысқа енгізілген сәттен бастап 2016 жылмен салыстырғанда АМЖ орташа мөлшері 7 есеге артты (926 теңгеден 6474 теңгеге дейін). Сонымен бірге, мүгедек балаларды тәрбиелеуші, асырап алушы ата-аналарға және олардың қамқоршыларына олар кәмелет жасқа толғанға дейін арнайы жәрдемақы төленеді, оның орташа мөлшері қолданысқа енгізілген сәттен бас­тап (2010 жыл) 2016 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге (14 952 теңгеден 24 002 теңгеге дейін) артты. Сондай-ақ, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мүгедек-балалардың ата-аналары мен басқа да заңды өкілдеріне үйде оқытқаны үшін шыққан шығын қайтарылады. Экономикада орын алған қиын жағдайға қара­мастан мемлекет қай кезеңде де өзінің жау­ап­кершілігіне алған әлеуметтік міндеттеме­лерді орындаудан бас тартпай, керісінше, төле­нетін зейнетақы мен жәрдемақылардың, бюд­жет саласындағы қызметкерлердің еңбек­ақысын арттыруды жалғастырып келеді. Тәуелсіздігіміздің ширек ғасыры ішінде кез­дескен қандай да бір күрделі экономика­лық қиындықтарға қарамастан жас Қазақстан мемлекеті әлеуметтік әділеттікке бағдарлан­ған мемлекет болды және болып қала береді. Біздің азаматтарымыздың кез келген қиын сәтте мемлекет тарапынан көмек пен қолдау көре­тіндеріне сенімі жылдан-жылға артып келеді. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.05.2018

Еліміздегі төрт мемлекеттік ЖОО-ның ректорлары лауазымына үміткерлер белгілі болды

22.05.2018

Бақытжан Сағынтаев «ИТП» ДКҚ Басқару комитетінің отырысын өткізді

22.05.2018

Самал Еслямова белгілі дат режиссерінен шақырту алған

22.05.2018

Сергей Дворцевой: Самалдың бойында қайсар мінез жатыр

22.05.2018

Астанада ертең де дауыл болады

22.05.2018

Бес мыңнан астам қазақстандық абитуриент «Болашақпен» шетелде оқығысы келеді

22.05.2018

Ресей Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты футболдан әлем чемпионатының ашылу рәсіміне шақырды

22.05.2018

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

22.05.2018

Самал Еслямова: Туған еліңнің ықыласын сезіну – нағыз бақыт

22.05.2018

Сыр өңірінің әкімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан игі істерді таныстырды

22.05.2018

Үкімет отырысында көтерілген мәселелерге шолу

22.05.2018

Полиция сержанты бір отбасын өрттен құтқарып қалды

22.05.2018

Сенаторлар суармалы жерлерді пайдалануды тәртіпке келтіруге шақырды

22.05.2018

Елордалық шығармашылық топ Атырауға жетті

22.05.2018

Курчатовтағы Ұлттық Ядролық Орталықта жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми конференциясы өтті

22.05.2018

Семейдегі орманның өртенуі адам қолымен жасалған іс болуы мүмкін

22.05.2018

Солтүстік Қазақстан диқандары тұқым себуді жалғастыруда

22.05.2018

Сыр өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштердің 3D картасы әзірленеді

22.05.2018

Солтүстік Қазақстанда жазғы ат жарысы маусымы ашылды

22.05.2018

Атырауда лифтіде жасөспірімдердің қаза табуына байланысты тергеу жүргізіледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматының алмасы. Шырын қайда?..

Алматы жұрты күнде жауған жауын­мен, түнде ұрған суықпен жағаласып жүріп Алатаудың бөктеріндегі биылғы алма бақ гүл шашқан көркем шақтан көз жазып қалған сыңайлы. Содан ба екен, біреу «Биыл алма гүлдеді ме?» десе, біреу «Биыл өзі алма бола ма?» дейді қамығып. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Рух көтерудің жолы

Кейінгі өскелең жас ұрпақты патриот­тық рухта қалай тәрбиелейміз, ертеңгі ел қорғар өрендеріміздің бойына отаншылдық пен патриотизмді, елге, жерге деген сүйіс­пен­шілік сезімін  қалыптастырып, келешекте ержүрек, батыл болып өсулері үшін не істеуіміз керек деп,  жастардың ертеңгі тағдыры мен таңдауына жиі бас ауыртып, жанымыздың жабырқап жататыны рас.

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу