«Алматы» – чемпиондар командасы

Спорттағы кіл таланттарды топтастырған «Алматы» волейбол клубы келесі маусымға дайындықты бастап кетті. Волейболшы қыздар қазіргі уақытта Қапшағайда, «Иорданиди» спорт кешенінде жаттығу­ларын жалғастырып отыр.
Егемен Қазақстан
13.07.2017 1634

«Алматы» волейбол клубының жетекшісі Жандос Жиенбаев аталмыш клуб 2008 жылы құрылып, бастапқыда  «Әйелдер волейбол клубы» МҚК» деп аталғанын, 2013 жылы «Алматы» волейбол клубы» болып  өзгергенін айта келе: «Ұлттық  және жоғарғы лига ойыншыларының бірігуі, волейболдың қарқынды дамуына өз септігін тигізді. Осындай шешімнен соң, қаржыландыру толық өтеліп, клуб жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Екі ұжым біріккелі бері, біз еліміздің үздік волейболшыларын қызықтыра бастадық. Бұлар Қазақстан құрамасының негізін қалап отыр. Ерлер командасы да осындай өзгерістерге ұшырады. Нәтижесінде, волейболдан әйелдер ұжымы Қазақстан Кубогында күміспен күптелсе, ерлер командасы екі жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атанды. Бұл жетістіктерге Алматы қаласы денешынықтыру және спорт басқармасының қолдауы арқасында жеттік. Ерлер волейбол командасына келсек, олар осы күнде еліміздің жеті дүркін чемпионы. Меніңше, бұл жерде КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Геннадий Паршин мен Гилязутдиновтің және Ткаченколардың еңбегін атап өткен жөн. Сол сияқты, ерлер командасы ойыншыларының 70 пайызы мен әйелдер ұжымының 50 пайызы ұлттық құрама командасының мүшелері болған. Бүгінгі таңда ерлер командасының демеушілері басқа. Ал біз «Алматы» әйелдер клубы» атауымен екі әйелдер командаларын дамыту үшін аянбай еңбек етудеміз», деді.
Ендігі жерде клубтың басты көздеген мақсаты – ел волейболын легионерлерсіз  дамыту болып отыр.
– Әрине, легионерлер деген жақсы, біз қарсы емеспіз. Өйткені, олар әлем деңгейіндегі үздік спорт­шылар. Шетелдік спортшылардың  бізге ауысуы жалпы ұжымға жақсы әсер етеді. Біздің қыздар олармен бірге жаттығып, ойын шеберліктерін арттырады. Алайда, біз өз күшімізге сенеміз, – дейді Жандос Жиенбаев.
Қазіргі таңда клубтардың көбісі шетелдік ойыншыларды, сонымен қатар, еліміздің үздік волейболшыларын өз қарамағына алып отырғаны аян. Мәселен, «Алтай» мен «Жетісу» клубтарының құрамында мықты әуе доп арулары ойнайды. Оның ішінде «Алматы» клубының тәрбиеленушілері бар. Бұлар – Сана Анарқұлова және Инна Матвеева. 
«Алматы» волейбол клубы ойыншыларының қазіргі орташа жас шамасы 20-24 жас аралығында. Клубтың үш волейболшысы Қазақстан  құрамасы­ның сапында өнер көрсетеді. Олар –Людмила Исаева, Яна Петренко және Татьяна Фендрикова
Сонымен кіл дарындарымен дараланған клуб келесі маусымға дайындыққа кірісті. Алдағы маусым күзде басталып, көктемде аяқталады.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.07.2018

Триатлоннан өтетін ашық турнирде 300 адам жарысқа түседі

18.07.2018

Ақылы автотұрақ төлемін мобильді қосымша көмегімен төлеуге болады

18.07.2018

Сыр өңірінде жыл басынан бері 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

18.07.2018

Қазақстандық суретші Ядросыз болашақ үшін» сыйлығын жеңіп алды

18.07.2018

Әміре ауылындағы той

18.07.2018

Қызылордада АӨК саласында 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

18.07.2018

Қамбаш көлінде демалушылардың қатары жыл сайын көбейіп келеді

18.07.2018

Сыр өңірінде жазасын өтеушілер диплом алып жатыр

18.07.2018

Қызылордада қалалық аурухана жаңа құрылғылармен толықты

18.07.2018

Жалағаш ауданында күн электр станциясының құрылысы басталды

18.07.2018

Елімізде жеңіл автокөліктердің саны артты

18.07.2018

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жас офицерлермен толықты

18.07.2018

Ханшалар киген қасаба

18.07.2018

Степ­ногорск қалалық тарихи-өлкетану музейі ашылды

18.07.2018

Алматыда Кореямен бірлескен клиника ашылды

18.07.2018

Шекара туралы толғау

18.07.2018

Қытай елінің айшықтары

18.07.2018

Тұманды сейілткен «Талан

18.07.2018

Мағжанның «Батыр Баяны»

18.07.2018

Жеткіншектер сауықтыру лагерінде өз-өзін жетілдіре түсті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ормуз бұғазы жабылған жағдайда...

Осы айдың басында Иран Ислам Рес­публикасының президенті Хасан Рухани Швейцария еліне жасаған сапары кезінде мұнай импорттаушы мемлекеттер Иранның мұнайын сатып алмаған жағдайда Ормуз бұғазын жауып тастайтындарын мәлімдеді. Президенттің бұл мәлімдемесі АҚШ билігінің Иран мұнайын сатып алмауға өз одақтастарын ықтиярсыз көндіруге бағытталған қысымына байланысты болса керек.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу