Алматыда Ұлы даланың жеті қыры мақаласы туралы дөңгелек үстел өтті

Алматыдағы Достық үйінде Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бастамасымен «Ұлы даланың жеті қыры: прототүркіден қазақ тіліне дейін» атты ғалымдар мен тарихшыларды бір арнадан тоғыстырған халықаралық дөңгелек үстел өтті.  Басқосуда Елбасы мақаласындағы Ұлы даланың тарихына, салт-дәстүріне, өнері мен фольклорына, музыкасына, ұлы есімдеріне, киносы мен телевизиясына, сондай-ақ тарихи сананы жаңғыртуға арналған ұстаным-тұжырымдар сараланды. 

Егемен Қазақстан
25.12.2018 13744
2

Ғалымдар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тарихымызды тереңнен тануға, кезінде түрлі идеологиялық  тыйымдар мен қилы замандардың қыспағынан бізге жете алмай қалған асыл-мұраларды зерделеуге жол ашады деп есептейді. Мақалада баса айтылған тақырыптар, тарихымызға қатысты қордаланып қалған  мәселелер  шоғыры бүгінде жоспарлы әрі жүйелі түрде қолға алына бастады. Алдағы жылдан бастап Тіл білімі институты бұл тұрғыда арнайы әзірленген бағдарламасын жүзеге асырамыз деп отыр. Бұл ұлы дала мұрасын сала-сала бойынша зерттеуге мүмкіндік тудырмақ. «Біз өзіміздің Елтаңбамызға, басқа да ұлттық рәміздерімізге алтын адамның кейбір өрнектерін енгіздік. Десе де ресми ғылымда скиф, сақтар бізге ешқандай қатысы  жоқ сияқты көрінеді. Классикалық тарихқа жүгінсек, бір кездері біз бұл жерлерге ауып келдік, бұрын мұнда басқа елдер тұрды деген сияқты теориялар бар. Таза лингвистикалық тұрғыдан, кейбір антропологиялық тұрғыдан жасалған зерттеулер бұларды жоққа шығарған. Бірақ осыларды ғылыми деңгейде дәлелдеу, жүйелеу және әлемге паш ету күні бүгінге дейін қолға алынбаған. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы осы олқылықтардың орнын толтырып, ежелгі өркениетімізді  тануымызға, әлемге әйгілеуімізге нақты бағдар көрсетіп отыр» - дейді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек. 

– Бір кездері тарихты тура айту қауіпті болды. Бекмаханов «Кенесары» туралы еңбегі үшін қандай қиындыққа тап болғанын жақсы білеміз. Бұл оқиға қаншама тарихшыларға сес болды. Амалсыздан, ата-бабаларының ерлігі мен өрлігін ашық айта алмады. Бұл шындықтарды ашық айтқан, бұл процесті ең алғаш бастаған сөзсіз қаламгерлер қауымы деп айтар едім. Ілияс Есенберлин, Әнуар Әлімжанов бастаған қазақ жазушылары айтылмай қалған тарихты көркем шығармалары арқылы көрсете бастады. Бізде барымызды салдық, сол үшін басымыз талай дауға қалды. Бірақ ақиқаттан айныған жоқпыз. Егемендік алып, еңсемізді тіктеген тұста ғасырлар қойнауына қатталған шынайы тарихымызды тура танитын кез келді. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бәрімізді осыған шақырады, – дейді белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов Басқосуда қазақ халқының прототүркіден келе жатқан ежелгі тарихы, ұлы даланың Ұлы есімдерін насихаттау, түркілер тарихына жаңа көзқарас қалыптастыру,  қазақ түркологиясының міндеттерін нақтылау сынды маңызды тақырыптар талқыланды.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

21.03.2019

Астанадағы Наурыз тойына Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты

21.03.2019

Президент кеңсесіне жаңа басшы келді

21.03.2019

Ерлан Баттақов Президенттің іс басқарушысы болып тағайындалды

21.03.2019

Футбол: Бүгін Шотландияға қарсы ойнаймыз

21.03.2019

Мәнерлеп сырғанау: Алғашқы жүлдегерлер анықталды

21.03.2019

Көкшетаудағы Максим Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерді

21.03.2019

Талдықорғандағы Тәуелсіздік көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін иеленді

21.03.2019

Кәсіпкер көпбалалы отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады

21.03.2019

Астана маңындағы елдімекендерде Наурыз мейрамы тойлануда

21.03.2019

Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі болып өзгертілді

21.03.2019

Шекарашылар 60 бас жылқы айдап келе жатқан барымташыларды ұстады

21.03.2019

Ақтаудағы орталық даңғылға Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді

21.03.2019

ШҚО: Жарма ауданында 400 оқушы «Қара жорға» биледі

21.03.2019

Владимир Путин: Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық интеграцияға сүбелі үлес қосты

21.03.2019

Қостанайдың басты көшесі Назарбаев есімімен аталатын болды

21.03.2019

ШҚО: Алтай ауданында көпбалалы отбасылардың балаларына дастархан жайылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу