Алыс ауылдағы спорт кешені

Егемен Қазақстан
01.12.2016 85
29-11-16-sport-4Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Петропавлдан алыс орналасқан Заградовка елді мекенінде сәулетті спорт кешені пайдалануға берілді. Бұған дейін балалар қысқы спорт түрлерінен жаттығуларды ашық аспан астында өткізіп келсе, енді 2 мың шаршы аумақты алып жатқан зәулім ғимаратқа қарай күн сайын асығатын болады. «Прометей-Агро» ЖШС дирек­торы Юрий Шольдың айтуынша, әлеуметтік нысан серік­тестіктің жеке қаражатынан тұр­ғызылып, ауылдастарына үлкен сый әзірлеген. Спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ерік Сұлтанов Заградовка ауылдық округінің хоккей командасына спорт жабдықтарын тарту етті. – Осыдан екі жыл бұрын об­лыс орталығында құрылған «Құлагер» хоккей командасы биыл еліміздің кубогын жеңіп алды. Бірінші лигада өнер көр­сететін «Қызылжар» футбол командасы ел біріншілігінде қо­ла жүлдені иеленді. Қазір өңір тұрғындарының үштен бірі спортпен шұғылданып, саламатты өмір салтын ұстанады. Соңғы екі жылда 100 хоккей корты, 250 футбол алаңы іске қосылды, – деді Ерік Хамзаұлы құттықтау сөзінде. Ересектер мен балалар мұнда қыста хоккей, жазда футбол, волейбол, баскетбол ойнайды. Коньки, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, үстел теннисі спорт түр­лерімен айналысуға да бар­лық жағдай жасалған. Түрлі мерекелік шаралар да өткізуге болады. Нысанның ашы­луы­на орай бірнеше аудан хок­кей­шілерінің қатысуымен шай­балы хоккейден турнир ұйым­дасты­рылды. Облыс әкімі «Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты акция аясында Корнеевка гимназиясында өткен шараға қатысып, ұжымға компьютер сыйлады. Ұлттық киім киген оқушылар қонақтарды төрт тілде қарсы алып, құрмет көрсетті. Мұндай оқу орындары елімізде жетеу ғана. 2009 жылдан бері «Мек­тептер – бола­шақ әріптестер» бағдарламасы қолданылады. Мұғалімдердің еңбек­ақысынан басқа қаражаттар Гер­мания мен Австрия есебінен өтеледі. Гимназия директоры Ека­терина Дунина 255 оқушының білім алатынын, 20 кабинеттің жұмыс істейтінін, барлық сы­ныптарға ин­терактивті тақталар орна­тылғанын жеткізді. 85 орынды интернатта 14 елді мекеннің оқу­шылары тұрады. Асхана, наубайхана бар. Спорт залдың күрделі жөн­деуіне неміс кәсіпкерлері 10 миллион теңге бөлген екен. Мейбукан годзюрю каратэ бойынша жат­тықтырушы Олег Антанкин биыл осында Қазақстан біріншілігі өткенін, 9 облыстан қатысқан 160 жас балғындар арасында гимназия 3-орынды жеңіп алғанын айтты. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.08.2018

Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

15.08.2018

БҚО құтқарушылары Шалқар көлінде 4 адамды құтқарды

15.08.2018

«Хат қоржын»

15.08.2018

Елбасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады

15.08.2018

Сақтандыру шарттарын 2019 жылдан бастап онлайн режимде жасауға болады

15.08.2018

Түріктер «Қазақфильмнің» туындыларын көрсетпек

15.08.2018

Алдағы тәулікте күн суытады

15.08.2018

Астананың апорты

15.08.2018

«Егеменнің» қолдауымен «Ұлы Дала рухы» фотокөрмесі өтті

15.08.2018

Адам Пжегодскийдің Жетісудағы көпқырлы қызметі

15.08.2018

Қыркүйек айынан бастап «Астана-Теміртау» күре жолы ақылы болады

15.08.2018

Дәметкен Сүлейменованың «Жаһанша Досмұхамедов һәм қазақ автономиясы» кітабы жарық көрді

15.08.2018

Жазықсыз атылған жампоз

15.08.2018

Астананың білім беру мекемелерінің 45 басшысы тәртіптік жазаға тартылды

15.08.2018

Қарулы күштерінің сержанты ер-азаматқа лайық батылдық жасады

15.08.2018

Атыраудағы «КасХим» жылына 27 млн полипропилен мен полиэтилен шығарады

15.08.2018

Керекулік өрендер жазды ойдағыдай өткізуде

15.08.2018

Алексей Цой жеке қабылдауына жазылған азаматтармен кездесу өткізді

15.08.2018

Жамбыл филармониясына Кенен есімі берілді

15.08.2018

«ҚАЗБАТ» батальоны АҚШ-тың «Дала қыраны-2018» бітімгерлік оқу-жаттығуларына қаты­суда

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу