Америкалықтар қазақшасымен қайран қалдырды

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Америка Құ­рама Штаттарының ұлттық күні өтті. Аталған мереке мемлекеттің тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған. Бас­қо­­суда америкалықтар қазақ тілінде сөйлеп, жиналған жұртты тән­ті етті.
Егемен Қазақстан
05.07.2017 629

Шараның ресми бөлімі Қазақстанның Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің сөзімен басталды. «Американың ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді қатысып жатқанын және жасыл энергетиканы дамытуға жоғары үлес қосқанын айрықша атап өткеніміз жөн. Сонымен қатар, АҚШ-тың елімізбен берік қарым-қатынасына ризашылығымызды біл­діреміз. Екіжақты ынтымақ­тас­тық нәтижесінде америкалық «Шеврон» және «Эксон мобиль» компаниялары қазақстандық мұ­най нарығын игеруге атсалысып, біз үшін сенімді серік­тес­тік­терге айналды. 
Тағы да айта кетерлігі, АҚШ-тың жаңартылатын энергия көз­дерін зерттеудегі тә­жі­ри­бе­сі Қазақстанның үлкен қы­зы­ғу­шы­лығын тудырды. Олар – жасыл технологиядағы жинақтаған тә­жірибесі тұрғысынан ең озық ел­дердің қатарында. Сондай-ақ, жүздеген америкалық компания жаңартылатын энергияға көшу жаһандық бастамасын қолдаған», деді ол.
Жиында АҚШ елшісі, пави­ль­онының комиссары Джордж Кролл қазақ тілін әжептәуір бі­ле­тініне көпшіліктің көзін жет­кіз­ді. Қазақстан тарапы­ның ыс­тық ықыласына көңілі тол­ған­ды­ғ­ын білдірген комиссар па­ви­льондары жайында әңгі­ме­ле­ді. «Біз «Болашақ энергия­сы» тақырыбымен шабыттанып, «Сар­қыл­мас энергия көзі – әр­қай­сы­мыздың ішімізде» деген идеяны жет­кізгіміз келеді. Өзіміздің энергиямыз арқылы біз таңғаларлық нә­тижелерге жеткізетін иннова­цияларды ынталандырамыз. АҚШ пен Қазақстан арасындағы қатынастардың энергетикасы Америка павильонын идеядан шынайы жетістікке алып баратыны сөзсіз. АҚШ пен Қазақстан арасындағы серіктестік тек саяси лидерлер арқасында ғана емес, жеке сектор мен адамдардың арасындағы қатынастардың нә­тижесінде де нығая түсті», деді Д.Кролл. 
Басқосудың екінші бөліміндегі концертті жүргізген америкалық жастардың қазақшасы ағылып тұрмаса да, әңгімелесуге жарап тұр. Ал сахнаға танымал Грейс Гаррет шығып, өзінің «укелеле» атты аспабымен «Дударайды» айта бастағанда, көзіне жас алған көрермендер болды. 
Америкалықтар мұнымен шек­телген жоқ, АҚШ халқының бос­тандығын, еркін ойлау қабі­летін барынша көрсетті. Қазақ­тың күйлері мен өздерінің әуендерін үндестіріп, паппури орындады. Тіпті, «Қамажай» әніне билеп, оны да ұлттық музыкасымен шебер үйлестірді. 
Мәдени шараның соңы жаппай биге ұласты. Содан кейін қатысушылар мерекелік шерумен АҚШ павильонына аттанды. Шерудің басында әлемге әйгілі «Harley-Davidson-ның» екі мотоциклі, оның артында әскери кур­санттар мен черлидирші қыз­дар жүрді. Павильонға келу­ші­лерге «Шексіз энергия көзі дег­е­німіз не?» деген сауал қой­ы­-
­ла­­ды. Содан соң болашақ энергия­сын айқындайтын фильм көр­сетіледі. Көпшілік келесі бө­­лікте «Өмір энергиясы» деп атала­тын таңғажайып шоуды тамашалайды. Шоу бір мезгілде үш үлкен экран арқылы көрсетіліп, кейін көпқабатты еден арқылы кеңейіп, жалғасады. Дәл осы кезде кіреберісте қойылған сауалдың жауабы шығады. Сонымен қатар, АҚШ пен Қазақстан арасындағы достықтың дамуы жайлы мәлімет беріледі. 
АҚШ павильонының мәдени-бұқаралық шаралары осымен біт­пейді. Биыл мемлекеттің тәу­ел­сіздігіне 241 жыл толып отыр. Осыған орай, АҚШ мәдениетіне ар­налған мерекелік апталық ұй­ым­дастырылады. Соның аясында америкалық рок, блюграсс, соул мен хип-хоп өнері көрсетіледі. 

Топтаманы әзірлеген Асхат РАЙҚҰЛ, 

Суреттерді түсіргендер Ерлан Омаров, Орынбай Балмұрат,

«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.05.2018

Лионель Месси «Алтын бутса» сыйлығын бесінші рет жеңіп алды

21.05.2018

Қазақстан мен Халықаралық ҚҚДБ арасындағы Қарыз туралы келісім туралы заң жобасы қаралды

21.05.2018

Қ. Тоқаев Толеранттық және бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңестің басшысымен кездесті

21.05.2018

Шымкент-2 жаңа теміржол вокзалы салынады

21.05.2018

Елбасы Өзбекстан Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

21.05.2018

ОҚО-да Нобель сыйлығы лауретының қатысуымен ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті

21.05.2018

Қазақстанның аграрлық ғылымының дамуына арналған баспасөз конференциясы өтті

21.05.2018

Филиппо Оноранти: Алқалы жиынның алар орны да ерекше

21.05.2018

Ханс-Пол Бюркнер: Мұнай мен газ ғана емес, басқа салалардың да дамуы керек

21.05.2018

Мырзакелді Кемел: Болашаққа бағдарланған форум

21.05.2018

«Нұр Отан» Атырау мен Павлодарда ІТ-мамандарын дайындатын ІТ-орталықтар ашты

21.05.2018

Бурабай ұлттық паркіне арналған «A day in Burabay» бірегей фотоальбомы жарық көрді

21.05.2018

Алматыда 5 жасар бала менингиттен көз жұмды

21.05.2018

Мекен-жай анықтамасын Telegram-бот арқылы алуға болады

21.05.2018

Нұрлан Ноғаев: Бизнес субъектілеріне мемлекеттің қолдауы аймақтың экспорттық әлеуетін арттыруға септігін тигізеді

21.05.2018

Алматылық педагогтар СДУ-да бас қосты

21.05.2018

Қазақстанда тұңғыш рет көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан балаларға СИАХТ отасы жасалады

21.05.2018

Самал Еслямова: Біз бұл кинокартинаны түсіру үшін 7 жылымызды сарп еттік

21.05.2018

Жезқазған қаласының әкімі өз еркімен қызметінен кетті

21.05.2018

Айдос Қыдырма ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу