Ән әлемінің жаңа дәуірі һәм Димаш Құдайберген

Біреулер «аспан асты елі» деп әспеттейтін, біреулер алып айдаһарға теңейтін, қысқасы, анау-мынауды менсіне бермейтін миллиардтар елі біра-ақ күнде аузын ашып, көзін жұмып, таң-тамаша болды да қалды.
Егемен Қазақстан
16.04.2017 1898

Димаш!

Ұза-а-ақтан, сонау ғасырлар қойнауынан талып келе жатқан тарих көші «2017» деген жылдың белесіне енді іліне бергенде шығыстан жарқырап шыққан күндей, аспаннан сорғалап түскен үндей ерекше бір құбылыс болды. Біреулер «аспан асты елі» деп әспеттейтін, біреулер алып айдаһарға теңейтін, қысқасы, анау-мынауды менсіне бермейтін миллиардтар елі біра-ақ күнде аузын ашып, көзін жұмып, таң-тамаша болды да қалды. Бірден айтты: «Бұл – Тәңірінің назары түскен әнші!».

Содан кейін...

Содан кейін қазақтың қаршадай баласы Димаштың атағы аспан асты елінің ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерінің астаң-кестеңін шығарды.

Қытайдың weibo желісінде Димаш Құдайберген туралы 84 мың ақпарат жарияланып, оқылым саны  3 млрд 650 млн-ға жетті. Қытайлық әлеуметтік желісі weibo жеке парақшасына жазылушы жанкүйерлер саны 3 миллион 400 мыңнан асты. Қытайдағы аталған әлеуметтік желіде әншінің әлденеше жанкүйерлер тобы қалыптасып, ол үшін әртүрлі шаралар ұйымдастырылып отырды.

Шанхай қаласының тұрғыны Димаш «Singer2017» ән байқауының бірінші кезеңінде киген сахналық киімін 158 890 юаньға (7,2 миллион теңге) сатып алды. Димаштың осы байқау кезіндегі шырқаған әндерін тамашалаушылар саны 3,5 миллиардтан асыпты! Бұл Жер шарындағы 7 миллиард халықтың жартысынан астамының құлағына қазақ баласының қалықтаған үні жетті деген сөз емес пе? 

Солай. Жанкүйерлері Қытаймен шектелген жоқ. Димаштың өнеріне кәрі құрлық алғашында аракідік мойын созып қарап, байқап көрмек болып еді, тұла бойы балбырап сала берді. Қытайлық 101 FM радио медиа орталығы жариялаған бәсекеде оның әлемдік жанкүйерлер тобы көп дауыс беріп, Димаштың бейнесі Нью-Йорк қаласының орталық Манхэттен ауданында орналасқан Тайм Сквер алаңындағы үлкен LED экранында ілінді. Француз телевидениесі Димаш туралы арнайы хабар түсірді. 

Екпіні еселене түсті. Ерекше даусымен миллиондаған адамды тәнті еткен ол Қытайдың «Top Chinese Music Awards» байқауында «Азияның ең үздік әншісі» номинациясын жеңіп алды. «Халықаралық деңгейдегі танымал әнші» атағына ие болды. 

Джеки Чан мен Лара Фабиан сияқты әлемге танымал тұлғалар қазақтың қарадомалақ ұлының қолын алды, арнайы жүздесті. Оларға (түсінер, түсінбес) аталарының ұлан-ғайыр Ұлы Даланы қалай қорғап қалғаны туралы еш аудармашысыз музыкамен мәлімет берді. Қазақ даласының тұла бойында қайнап аққан қан секілді, батырлық рухтан үнге айналған «Адай» күйін адырнадан атылған жебедей тартып, «алаөгіздей мөңіретті».

Хунан телеарнасына қайта оралсақ

Хунан телеарнасындағы бұл бағдарламаның рейтінгісі бұрынғыдан еселеп өсті. Миллиардтар рейтінгісі миллиондар елінен барған Димашпен артты. Жаппай жарыстың заманында беделдері онан сайын өсіп олар да жырғап қалды. 

Үш айға созылған байқау да 14 тур болды. Соның үшеуінде Димаш бірінші орын алды! Алты тілде ән орындады. Әлемдік сахнаға қазақ даласының кең тынысын танытқан «Дайдидау» әні Азиядағы ең үздік әндердің қатарына енді. Димаштың өз әні «Ұмытылмас күн» «Азияның жаңа әндері» рейтингінде бірінші орынға шықты!

Финал. Ерекше дауыс, өзгеше стилімен ән әлемінде бір дәуірдің көшін бастаған Майкл Джексон орындаған әндерден шырқады. Ол, енді Димаштың дәуірі келе жатыр дегенді аңғартқандай ма, қалай?..

Екінші орын алды. Жарыстың біз біле бермейтін мың сыры бар шығар, бірақ, бәріміз білетін бір шыны – Димаш бірінші!

Қазақ үшін?..

Димаш әлемді қазаққа жалт қаратты. Өз тілі, өз ділі, өз үнімен қаратты. Сахнада (ырымға бір ауыз) орыс тілін қосқан жоқ. Сан жылдармен санаға сіңіп қалған «Қазақ орыс тілінсіз әлемдік деңгейге шыға алмайды…» деген түсініктің шетінен сөгіп алды да, дар-дар айырды. Туғаннан тек қана қытайшадан қазақшаға аударылатын мәтінді естіп келе жатқан Қытайдағы қандастарымыз үш ай бойы тұп-тұнық қазақ тілінен қытайшаға аударылған сөзді естіп есесі қайтқандай ерекше тебіреніпті. Қазақшаны ұмытуға айналған сондағы кейбір құрбы-құрдастарының әрі қарап бара жатқан бетін бері бұруға себеп те болды Димашжан!

Қытайлықтар «Абай жолын» оқуға кірісті. Қазақ тілін үйренуге тырысып, сөздік арқылы аударма жасап жатқандары да бар дейді. Қайсыбірін айтайық, оған француз қызының «Дайдидауды» қазақша шырқауын қосыңыз. Иә, Димаштың өнерінің арқасында Астана қаласында өтетін ЭКСПО-ға келуге талаптанып отырғандардың қатары күрт артқаны анықталды.

Қытай Халық Республикасының бас басылымы «Халық газеті» Димаш туралы арнайы мақала жазып, «Қытай мен Қазақстанның мәдениет саласындағы қарым-қатынасын ән әуенімен жаңа белеске көтерді. Димаш асқақ әнімен араға көпір салды. Ол қазақ елін күллі Қытайға танытты», деді.

Өнегелі отбасы үлгісін көрсетті. Есейе бере «қанжығада көрісейік» деп жарық жаққан үйдің тарақандарындай жан-жаққа тарап кететін қытайлық немесе еуропалық отбасылық салтындағы талай жұрт қазақтың «ата-әже – ата-ана – бала» жүйесімен өмір сүру салтына әлі талай таңдай қағып, тәнті болатыны сөзсіз. Індете зерттеп үлгі тұтар бәлкім.

Димаш қазір қазақтың танымал перзенті ретіндегі қандай құрметке де лайық. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Димаш «Мен әншімін» бағдарламасына қатысып жатқан кезде-ақ қолдауын білдіріп арнайы стипендия тағайындады.

Ол отандастарымыздың рухын асқақтатты. Сенімін нығайтты. Ешкім бей-жай қалмады, ақ тілектерін арнады. Бірлігімізді, ортақ арманымызды көрсетті. «Бұған дейін бізде дәл Димаш секілді әлемдік деңгейдегі мегажұлдыз болған жоқ. Амангелді Сембин, Ерік Құрманғалиевтердің ерекше таланттары болғанымен, тағдырлары басқаша өрілді. Олар – жабық қоғамның, басымызға өзгенің бөркін киген заманның құрбандары. Ал Димаш – тәуелсіз елдің ұланы!», деп ағынан жарылды ақтөбелік ақын Бауыржан Бабажанұлы. 

Иә, әншінің өзі айтқандай, бұл басы ғана. Димашпен ән әлемінің жаңа дәуірі басталып келеді. Тәуелсіз қазақ аспанында туған ән әлемінің жаңа жұлдызы жарық сәулесін әлемге шашып ұзақ жарқырағай, ұза-а-ақ! 

Әумин!

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.08.2017

Премьер қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының жұмысымен танысты

19.08.2017

Президент «Бурабай» гольф клубының ашылу рәсіміне қатысты

19.08.2017

Барселонадағы теракт бойынша басты күдікті анықталды

19.08.2017

Біз қазақша білуге міндеттіміз және болашағымызды осы тілмен байланыстырамыз

19.08.2017

Батысқазақстандық бастауыш сынып оқушылары биыл да ыстық тамақпен қамтылады

19.08.2017

Президент «Көкшетауминводы» акционерлік қоғамында болды

19.08.2017

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

19.08.2017

Бақытжан Сағынтаев Ауғанстан Атқарушы билігінің басшысымен кездесті

19.08.2017

Мемлекеттік хатшы Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына қатысты

19.08.2017

Рудныйда облыстық жазғы «Тың-Целина-2017» спартакиадасы басталды

19.08.2017

Шымкентте шығарылатын аяқ киімдер Ресейге экспортталмақ

19.08.2017

Қостанайда пәтер ұрлығы едәуір азайды

19.08.2017

Жамбыл облысында шекарадан заңсыз өтпек болғандар ұсталды

19.08.2017

Қытайда селден 10 адам қаза болды

19.08.2017

Астананың бірнеше көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

19.08.2017

Футболдан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы тағайындалды

18.08.2017

Павлодардан Астанаға 10 тонна қарбыз жеткізіледі

18.08.2017

Ақтөбе мектептері жаңа оқу жылына 95 пайыз дайын

18.08.2017

Бурабайда Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті

18.08.2017

Павлодарда 98 ауыл әкімі сайланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қызметтегі мәдениет мәйегі

Патшаның барымтасына, кеңес­тік кезеңнің күнде қырық құбылған қулығына бой алдырмай, тұнық ойына дақ түсірмей өткен нағыз ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тірі бол­­сам, қазаққа қызмет қылмай қой­май­мын. Ұлтына, жұртына қызмет ету − білімнен емес, мінезден», деп еді. Шы­нында, ол кезде білім кем, мінез мық­ты еді. Қазір білім ұшан-теңіз, бі­рақ ұлттық мінез олқы, ала-құла, тіл мү­кіс, намыс пен ар ақшаға тәуелді болып барады.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Жұмысты жалғастырар жастар қайда?

Қолында қолақпандай дипломы бола тұра жас мамандардың ауылда жұмыс істеуге құлшынысы жоқ. Көбінің ойы − қызығы мен у-шуы көп қалада қалып, өзіндей өрім жастардың ортасында болу. Бұл үшін оларды күстаналаудың да жөні жоқ шығар, бәлкім. Өйткені, қалада тұра ма, ауылда тұра ма, әркімнің өз қалауы. Солай десек те, жастар жаппай қалаға қарай ағылып жатқанда қазақтың алтын бесігі – ауылдарымыздың келешегі қалай болмақ? Бала саны жетпей, мектептер мен басқа да мекемелердің жабылуы жалғаса берсе, ата-баба кәсібін жалғастыратын лайықты ізбасарлар жоқ болса, ауылдардың ертеңгі күні не болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты. 

Нұрғали ОРАЗ,

Тәуелсіздік дегеніміз – мәңгілік күрес

Кешкілік аллеяда серуендейтін осы бір кішіпейіл, мәдениетті кісіні жиі көріп қаламын. Алғашында бас изесіп қана жүрдік. Бірте-бірте тіл қатысып, тротуардың жиегіндегі сәкіге тізе бүгіп, әңгіме-дүкен құратын болдық.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Кикілжің келіссөз арқылы шешіледі

Бүгінгі таңда әлемді алаңдатқан мә­селенің бірі Корей Халық-Де­мо­­кратиялық Республикасының яд­ролық қаруға қол жеткізу сая­саты болып отыр.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

ЭКСПО екі айналып келмес саған...

Алаштың алтын алқасындай Ас­та­на­ның ажар-көркіне аспанда­ғы ай қызығып, көктегі күн сүй­сін­гендей. Сарыарқадағы шамшы­рақтай сама­ла шаһар қазір тіпті құл­­пырып тұр. Сұлулығы көз суырғандай. Жер-жа­һан­ның жетіс­тік­тері жайнап төрінде тұр­са, бес құрлықты бетіне қаратар бе­дел жинамай қайтеді енді.

Пікірлер(0)

Пікір қосу