Аңшылық туризм – табыс көзі

Жақында Астана қала­сында «Қансонар» аң­шы­лардың қоғамдық бірлестігі мен аңшылық-шаруашылық субъектілері республикалық қауымдас­тығының кезекті жиыны болып өтті.
Егемен Қазақстан
03.04.2017 386

Шараға Пар­ламент депутаттары, республикалық дең­гейдегі өңірлік аңшы­лық-ша­руашылық құрылым­да­рының өкілдері және Ауыл шаруашылығы минис­тр­лігінің мамандары қатысты.

«Қансонар» қауымдастығы алғаш құрылған 2013 жылдан бас­тап, аңшылық саласындағы іс-әрекет­тердің құқықтық, заңна­малық базасын жетілдіру, осы кәсіпке минимум бағдарламасы бойынша азаматтарды оқыту, оларды құжаттандыру, тіркеу және қолайлы жағдайлар туғызу мақ­сатында жұмыстар жүргізіп келеді.

Осы орайда, «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестігі мен аңшылық-шаруашылығы субъектілері республи­калық қауым­­дастығының басқарма төр­ағасы Оралбай Әбдікәрімов мырзаны әңгімеге тартқан едік.

– Оралбай Әбдікәрімұлы, бүгінгі жиын­ның мақсат-мүддесі жайлы айтып берсеңіз.

– Аңшылық – әуелі ата-баба­мыздың байыр­ғы кәсібі. Таратып айтар болсам, кәсібі ғана емес этностық өмір сүру салтының дәс­түр­лі не­гіздерінің бірі. Бұл шаруаға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы тапсырмасы бойынша мемлекеттік тұрғыдан назар аударылып отыр. Сол себепті, жыл сайын осындай дәс­түрлі жиын өткізіп, атқарылған шаруалар мен алда атқа­рылуға тиіс жұмыстарды талқылаймыз.

Өйткені, шет мемлекеттерде барлық аңшы­лық-шаруашылық мекемелерінің басын қосқан үлкен ассоциациялар жұмыс істейді. Осы құрылымдар үкіметпен бірлесе отырып, барлық мәселені шешеді. Болашақта біз де осы тәжірибені қолдануды қолға алып жатырмыз.

Ал бүгінгі бас қосудың маңы­зына тоқталар бол­сақ: бес жыл бұрын, яғни, 2012 жылғы 29 қаң­­тар­да «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн мо­лайту және пай­далану туралы» Заң күшіне ен­ген болатын. Қазіргі таңда, осы құжатқа өзгеріс­тер енгізу мә­селесі Парламент Мәжі­лісін­де тал­қыланып жатыр. Осыған байла­нысты біз бүгін ішкі шаруашылық субъек­тілерін заң­дық тұрғы­дан ретке келтіру мәселелерін талқы­лаймыз.

– Жоғарыдағы заңға қауым­дастық тарапынан қандай өзгеріс­тер мен толықтырулар ұсы­нылып отыр?

– Жаңадан қабылдануға тиіс заңда дала жануары саналатын қоңыр аңдар мен жыртқыш тұқымдас аңдардың санын өсіріп, аңшылық кәсіпті туристік мақсатқа қолдануға кең жол ашылады деген үмітіміз бар. Өйткені, аңшылық туризм дегеніміз – табыс көзі. Оның сыртында, аңшылықпен айналысатын кәсіби фермер тобын құру арқылы, ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамыту жайы қарастырылуда. Яғни, жаңадан жұмыс орындары ашылып, ауыл тұрғындары еңбекпен қамтылатын мүмкіндік туғызуды ойластырудамыз.

– Жаңадан құрылатын аң­шы­лық фер­мерлерді қаржы­лан­дыру тетігі ше...

– Жаңа заңда көрсетілгендей алда құрылуға тиіс фермерлік ұйымдар өзін өзі қаржыландыруы тиіс. Біздің мақсат – осыларға құқықтық қолдау көрсету. Өзін өзі қаржыландырудың тетіктері жайлы айтар болсам, әуелі аталмыш ұйымдар үкіметтен аң­шылық кәсібіне қатысты маусым­дық лицензияларды сатып алып, аңшыларға ақылы түрде үлес­тіреді. Одан кейін тұрғындарға «Аңшылық кәсібі» оқуын оқытып, сертификат табыстайды. Бүгінгі жағдайда елімізде 160 мыңдай адам аңшылық кәсібімен тікелей немесе жанама түрде айналысады. Орташа есеппен жыл сайын аңшылық оқуына 8 мыңға жуық адам тартылып жүр. Келесі бір мәселе, кейбір аң-құстар үшін арнайы бөлінген шектеулі квоталар бар. Ол да ақылы түрде үлестіріледі.

– Жұмыс барысын жүйелеу үшін қандай тәжірибелерді қолданасыздар?

– Шет мемлекеттерде аңшылық мәселесі жақ­сы жолға қойылған. Әсіресе, Еуропа ел­дерінде дала­ның қоңыр аңдарының етіне деген сұраныс өте көп. Дала жануар­ларының етін сататын дүкендер, арнайы тапсырыспен ас дайындайтын мейрамхана, қонақ үйлер саны күн сайын артып келеді. Біз де осы істі қолға алуды жоспарлап отырмыз.

– Болашақта осы жоспар­ларыңызды орындау барысында қандай кедергілер туындауы мүмкін?

– Аңшылық саласын кәсіби­лендіру керек дегенді көп айтамыз, бірақ, осы салаға қатысты мемле­кеттік құрылымдар барлығын монополиялап алған. Ешкімді жолат­қысы келмейді. Болашақта аңшылықпен айналысатын фер­мерлерді бекіту, аң-құстарды аулауға квоталар бөлу сияқты мәселе­лердегі монополияны болдырмау үшін істі үкімет емес, қоғамдық ұйым – қауымдастық қолға алғаны дұрыс. Өйткені, басқа елдерде осылай реттелген.

Қазір республика көлемінде аңшылық-шаруашылықпен айналысатын құрылым саны 700-ден асады. Бұларға үкімет тарапынан ешқандай қолдау-көмек жоқ. Көбі әупірімдеп өз күнін өздері көріп отырғандар. Содан кейінгі тағы бір кедергі, заңдық құқығы бар аңшылармен қатар, жабайы аңшылар, бір сөзбен айтқанда, нағыз заң бұзушылар саны күн өткен сайын артып келеді. Жуықта ғана Ақмола облысы, Атбасар ауданында қардың үстінде жүретін көлікті (снегоход) пайдаланып бұзақылар 8 дала қабанын атып, табиғатқа зор залал келтірді. Дала байлығын бұлай тонай беруге болмайды. Осының бәрін жүйелі түрде бақылауда ұстауымыз керек.

Әңгімелескен

Бекен Қайратұлы,

«Егемен Қазақстан»


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.08.2017

Премьер қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының жұмысымен танысты

19.08.2017

Президент «Бурабай» гольф клубының ашылу рәсіміне қатысты

19.08.2017

Барселонадағы теракт бойынша басты күдікті анықталды

19.08.2017

Біз қазақша білуге міндеттіміз және болашағымызды осы тілмен байланыстырамыз

19.08.2017

Батысқазақстандық бастауыш сынып оқушылары биыл да ыстық тамақпен қамтылады

19.08.2017

Президент «Көкшетауминводы» акционерлік қоғамында болды

19.08.2017

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

19.08.2017

Бақытжан Сағынтаев Ауғанстан Атқарушы билігінің басшысымен кездесті

19.08.2017

Мемлекеттік хатшы Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына қатысты

19.08.2017

Рудныйда облыстық жазғы «Тың-Целина-2017» спартакиадасы басталды

19.08.2017

Шымкентте шығарылатын аяқ киімдер Ресейге экспортталмақ

19.08.2017

Қостанайда пәтер ұрлығы едәуір азайды

19.08.2017

Жамбыл облысында шекарадан заңсыз өтпек болғандар ұсталды

19.08.2017

Қытайда селден 10 адам қаза болды

19.08.2017

Астананың бірнеше көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

19.08.2017

Футболдан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы тағайындалды

18.08.2017

Павлодардан Астанаға 10 тонна қарбыз жеткізіледі

18.08.2017

Ақтөбе мектептері жаңа оқу жылына 95 пайыз дайын

18.08.2017

Бурабайда Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті

18.08.2017

Павлодарда 98 ауыл әкімі сайланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қызметтегі мәдениет мәйегі

Патшаның барымтасына, кеңес­тік кезеңнің күнде қырық құбылған қулығына бой алдырмай, тұнық ойына дақ түсірмей өткен нағыз ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тірі бол­­сам, қазаққа қызмет қылмай қой­май­мын. Ұлтына, жұртына қызмет ету − білімнен емес, мінезден», деп еді. Шы­нында, ол кезде білім кем, мінез мық­ты еді. Қазір білім ұшан-теңіз, бі­рақ ұлттық мінез олқы, ала-құла, тіл мү­кіс, намыс пен ар ақшаға тәуелді болып барады.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Жұмысты жалғастырар жастар қайда?

Қолында қолақпандай дипломы бола тұра жас мамандардың ауылда жұмыс істеуге құлшынысы жоқ. Көбінің ойы − қызығы мен у-шуы көп қалада қалып, өзіндей өрім жастардың ортасында болу. Бұл үшін оларды күстаналаудың да жөні жоқ шығар, бәлкім. Өйткені, қалада тұра ма, ауылда тұра ма, әркімнің өз қалауы. Солай десек те, жастар жаппай қалаға қарай ағылып жатқанда қазақтың алтын бесігі – ауылдарымыздың келешегі қалай болмақ? Бала саны жетпей, мектептер мен басқа да мекемелердің жабылуы жалғаса берсе, ата-баба кәсібін жалғастыратын лайықты ізбасарлар жоқ болса, ауылдардың ертеңгі күні не болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты. 

Нұрғали ОРАЗ,

Тәуелсіздік дегеніміз – мәңгілік күрес

Кешкілік аллеяда серуендейтін осы бір кішіпейіл, мәдениетті кісіні жиі көріп қаламын. Алғашында бас изесіп қана жүрдік. Бірте-бірте тіл қатысып, тротуардың жиегіндегі сәкіге тізе бүгіп, әңгіме-дүкен құратын болдық.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Кикілжің келіссөз арқылы шешіледі

Бүгінгі таңда әлемді алаңдатқан мә­селенің бірі Корей Халық-Де­мо­­кратиялық Республикасының яд­ролық қаруға қол жеткізу сая­саты болып отыр.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

ЭКСПО екі айналып келмес саған...

Алаштың алтын алқасындай Ас­та­на­ның ажар-көркіне аспанда­ғы ай қызығып, көктегі күн сүй­сін­гендей. Сарыарқадағы шамшы­рақтай сама­ла шаһар қазір тіпті құл­­пырып тұр. Сұлулығы көз суырғандай. Жер-жа­һан­ның жетіс­тік­тері жайнап төрінде тұр­са, бес құрлықты бетіне қаратар бе­дел жинамай қайтеді енді.

Пікірлер(0)

Пікір қосу