Антиядролық қозғалыс һәм азаматтық қоғам

Егемен Қазақстан
29.11.2016 185
bez-yadernyy-mirБиылғы жылдың басында Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит қазақстандықтардың бейбітшілік бастамасына бай сындарлы саясатын жаһан жұртына тағы паш етті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде адамзат қоғамы ықтимал сын-қатерлер алдында тұрғанын, бұл қауіптен атомды бейбіт мақсатта пайдалану арқылы жол табуға болатынын нақты дәйектемелермен сөз етті. Біз осы орайда еліміздегі ажал араны болған атомға қарсы күрес пен азаматтық қоғамның қатар дүниеге келгенін айтуға тиіспіз. Жалпы, антиядролық қозғалыс – Қазақстандағы азаматтық секторды құрудағы алғашқы қадам. «Невада-Семей» қозғалысы қара­пайым еңбекшілер мен мем­лекет­тің бірінші тұлғаларын бірік­тіре отырып, еліміздің та­рихы­н­дағы тұңғыш үкіметтік емес ұйым ретінде тіркелді. Нәти­же: қазір мемлекетімізде атом қуаты бейбіт мақсатта пайдала­нылуы тиіс дегенді берік ұстан­ған жаңа буын қалыптасты. Яғни, ұлттық қасірет пен сенім келе­шекте миллиондаған қа­зақ­­стан­дықтардың жүрегін біріктірді. Семей полигонынан туған қайғы-кесапат сол кездегі кеңе­стік Қазақстанның өзінде аза­маттық сектордың құрылуына және тұңғыш азаматтық баста­ма­лардың пайда болуына сер­пін берді. «Невада-Семей» анти­ядролық қозғалысы ұра­нымен жарылыстардан зардап шеккен тұрғындар ядролық қарудың генетикалық мутацияға алып келетінін айтып, халықтың көзін ашуға және полигонды жауып, зардап шеккен халыққа көмек көрсету туралы заң қа­был­дауға жетуді алдарына айқын мақсат етіп қойған еді. Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен оған 1991 жылы 29 тамызда қол жеткіздік. Дәл осы күн ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні болып жарияланды. Осылайша, қазақ халқы азаматтық сілкініс жасап мақсатына жетті және жаһандық шешім қабылдау арқылы еркін қоғамға алғашқы қадамын жасады. Айта кетелік, полигоннан зардап шеккен аумақ алаңы 304 мың шаршы шақырымға тең. Оның сынақ жылдарында қалдырған генетикалық және экологиялық зардабын қалай бағалауға болады? Полигон жарылыстары кезінде жерүсті жарылыстары мен газды фракциялары арқылы әуеге 55 радиоактивті бұлт және 169 жерасты сынақтары жүр­гізілді. Осы 224 жарылыс Қазақ­станның шығыс бөлігіндегі аумағын түгелімен радиациялық улы қалдықтармен ластады. Әлемдегі ядролық эйфорияны әшкерелеген ең қауіпті кезеңдердің бірі Чернобыль атом электр стансасындағы апат болды. Мен апатты жоюға қаты­сушы ретінде сол кезде санамда үлкен бетбұрыс болғанын сездім. Бұл жағдай басқа адамдар сияқты мені де өзгертті. Чернобыль қасіреті де азаматтық қоғамды дамытуға түрткі болды. Осы кезеңде өз өміріміз бен келешек ұрпақтың өмірі алдындағы азаматтық жауапкершілік сезі­мін түсіндік. Сондықтан, сол уақыт­та азаматтық парыз аясында эко­ло­гиялық қозғалыстар мен қоғамдық ұйымдар ашыла бастады. Шығыс Қазақстанда да азаматтық белсенділіктің ұшқын­дары пайда болды. Бүкіл ел бойынша азаматтық белсенділер эколо­гия­лық қауіпсіздікке, халық денсаулығына және қоршаған орта қауіпсіздігіне, азаматтар құқын қорғауға алаңдаушылық білдірді. Қазақстанның бастан өткер­ген тарихы антиядролық стра­тегияның көшбасшысы болу құқын сыйлады. Бүгінде Мем­лекет басшысы мен еліміздің саясаты экологиялық қауіп­сіз­­дікке, бейбіт атомға және әс­­кери мақсаттағы ядролық жо­баларды пайдаланудан бас тартуға бағытталған. Елбасымыз ұсынған антиядролық бастамалар көптеген елдерді қам­ты­ды. Ал Қазақстан әлемдік қо­ғам­дастыққа өзін сенімді әріптес ретінде танытты. Қазір лаңкестік шабуылдардан құты қашқан әлемдік қоғамдастық Қазақстанның, Елбасының бұл мәсе­ледегі жоспарларының сұң­ғы­лалығын айқын сезініп, құр­метпен қарайтын болды. Мем­лекет басшысының манифесінде ядролық жойқын қарулардың жекелеген топтардың қолына түсуі қаупі тағы да сараланды. Сондықтан, атомды бейбіт мақсатта пайдаланудың өзектілігі өсе түсті. ХХІ ғасырдың күрделі мәселелерінің бірі ядролық терроризм, сондай-ақ, ядролық және радиоактивті материалдардың заңсыз айналымы болуы мүмкін. «Соғысты жою – адамзаттың күрделі өркениеттік міндеті. Бірақ оның баламасы жоқ», – деп мәлімдеген болатын қанқұйлы ядролық салдарларсыз әлемге тағы да табандылықпен ұмтылған Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстанға деген жоғары деңгейдегі сенім МАГАТЭ жобасын жүзеге асыруда да байқалды. Ашық байқаудың қорытындысы бойынша, Қазақстан өз аумағында банкті орналастыруға үміткер бірден-бір ел атанды. 2012 жылы мамыр айында МАГАТЭ делегациясы Астана мен Өскемен қалаларына келді. Делегация мүшелері Уран банкін орналастыруға арнап ұсынылған алаңдармен таныс­қаннан кейін Үлбі металлур­гиялық зауытын таңдады. МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкі тұжырымдамасы ерекше жағ­дайларда ғана пайдалануға бола­тын қосымша қор құруға негіз­делген. Яғни, МАГАТЭ мүшесі – белгілі бір мемлекет сая­си себеп-салдарлармен дәстүрлі тасы­мал­даушыдан отын алуға қол жеткізе алмаған жағдайда аталған қор іске қосылады. Кез келген жаңа бастамалар сияқты, бұл идея да бірқатар сыбыс пен жорамалға арқау болды. Аталған мәселені бел­сенді түрде талқылауға үкімет­тік емес ұйымдар да атсалыс­ты. Осы бағытта жүргізілген жеке зерттеулер нәтижесінде, азаматтық сектордың бұл жобаны қоғамның қабылдауын сауатты негізде қалыптастыруға үлес қосқанын айтқым келеді. Олег ЧЕРНЫШОВ, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Азаматтық альянстың төрағасы ӨСКЕМЕН
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

Сапа менеджменті бәсекені нығайтады

24.09.2018

Жамбыл облысында оң экономикалық өсім бар

24.09.2018

Сиқыры мол сауда нарығы

24.09.2018

Машина жасаудың маңызды мәселелері талқыланды

24.09.2018

Ulaǵat pen muraǵat

24.09.2018

Аналарға құрмет

23.09.2018

Абылай ханның қара жолы - солтүстік пен оңтүстікті байланыстырған ең төте жол

23.09.2018

Павлодарда «Ертіс» футбол клубының атауын латын қарпіне көшіру ұсынылды

23.09.2018

Фильмдер қашан түрлі-түске бояла бастады?

23.09.2018

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?

23.09.2018

Түркістанда халықаралық деңгейдегі инвестициялық және туристік форум өтеді

23.09.2018

Әдет қалыптастыру оңай ма?

23.09.2018

Тіл ықылассыз істі емес, періште көңілді ұнатады

23.09.2018

«Әкім Тарази шығармашылығының феномені» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

23.09.2018

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

23.09.2018

Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді

23.09.2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

23.09.2018

Энтони Джошуа ресейлік боксшы Александр Поветкинді жеңді

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу