Ақ металлдың әлемі

Осыдан 150 жылдай уақыт бұрын адамдар алюминийді түсіне қарап күміске балаған екен. Сол тұста бұл металл алтыннан да қымбат саналған көрінеді. Үшінші Наполеон өз байлығы мен құдыретінің белгісі ретінде алюминийден қасық, кесе, табақ секілді ыдыс-аяқ жасатады. Үстел басында оларды ерекше мәртебенің белгісі ретінде императордың өзі және оның отбасы мүшелері мен құрметті қонақтар ғана пайдаланады. Басқаларына күміс пен алтынан жасалынған сервистік жиһаздар ұсынылады екен.
Егемен Қазақстан
18.04.2017 566

Қарқынды дамыған сала

Қазіргі күні алюминий – әлемде ең кеңінен таралған металдардың бірі. Пайдаланылу көлемі жағынан ол барлық металдар арасынан болаттан кейінгі екінші орынға шығып отыр. Ұшақ пен автокөлік өнеркәсібінің қарқынды дамуы мен қалалар құрлысының күшеюі, энергетикалық құралдар өнеркәсібінде көп жағдайда мыстың орнын алюминийдің басуы бұл қанатты металды адамзаттың ең басты қажеттіліктерінің біріне айналдырды. Бұған жер қыртысында алюминий алуға болатын боксит кен орындарының көбірек кездесуі де себеп болды. Сарапшылардың пікірінше, күміс түстес бұл ақ металл ХХІ ғасырдың ең конструктивті материалдарының бірі ретіндегі өз орнын алдағы уақытта да нығайта бермек.

Әлемде алюминий өнеркәсібінің қарқынды дамуын мына цифрлардан анық байқаймыз.

1854-1890 жылдар аралығында Жер шарында барлығы 200 тоннаға жуық алюминий өндірілген екен. Сонан кейінгі 10 жылдың ішінде бұл көрсеткіш 140 есе өсіп, 28 мың тоннаны құрап шыға келеді. 1930 жылға дейін тағы да 10 есе өсіп, 270 мың тоннаны құрайды. Ал ХХ ғасырдың ортасында, яғни мұнан кейінгі жиырма жыл ішінде алюминий өндірісінің көлемі 1 миллион тоннаға жетеді. Бұл көрсеткіш 1973 жылға дейін тағы он еселеніп, 10 миллион тонна болады. Ал қазір 60 миллион тоннаны құрап отыр. Яғни соңғы қырық жылдан астам уақыттың ішінде алюминий өндірісі мен оны тұтыну деңгейі тағы да 6 есе өскен.

Сонымен алюминий адамзат қоғамында соңғы 150 жыл ішінде барынша белең алған индустрияландыру, урбанизация үдерістері мен техникалық прогресстің бөлінбес бөлшегіне айналды. Сарапшылардың пікірінше, әлемдік алюминий нарығы алдымыздағы он жылдың ішінде тағы да 60-70 пайызға өсуі тиіс.

Адамзат өз дамуының алғашқы ғасырларында тастан жасалған құралдарды пайдаланғандықтан ол кезең тас дәуірі деп аталды. Сонан кейін қола дәуірі келді. Оның басты заттары мыс пен қалайы болды. Ал қазіргі кезді темір дәуірі деп айта аламыз. Өйткені өндіріс пен тұрмыста темірдің араласпайтын жері жоқ. Ғалымдар мен сарапшылардың пікірінше, алдағы уақытта оның орнын алюминий басуы тиіс.

«Ерте ме, кеш пе алюминий ағашты да алмастыратын болады. Бұл неткен үлкен байлық еді. Барлық жерде алюминий және алюминий» деп жазған еді орыс философы әрі жазушысы Н.Чернышевский 1863 жылы өзінің «Не істеу керек?» атты кітабында. Ғалымның осы көрегендік болжамы қазір жүзеге асу үстінде.

Алюминийдің ең үлкен қасиеті оның жеңілдігі мен беріктігінде Сондықтан да оған «қанатты металл» деген ат берілген. Бұл металдың тағы бір басты қасиеті ол табиғатта молынан кездеседі. Жер қыртысының 8,8 пайызы алюминийден тұрады. Былайша айтқанда, алюминий дегеніңіз біздің аяғымыздың астында жатыр. Ол, әсіресе ылғалды өңірлердің топырағында молынан шоғырланған. Бірақ таза алюминийдің өзін дайындау технологиясының күрделілігі, энергияны көп қажет ететіндігі, осыдан барып бағаның қымбат болатындығы оны молынан өндіру ісіне тұсау салып келеді. Әйтпесе, алюминий көп жағдайда болаттың, басқа да темір түрлерінің орнын айырбастаған болар еді.

Ірі өндірушілер кімдер?

Алюминий өндіру үшін ең алдымен боксит кенін қазып алып, оны глиноземге, яғни алюминий тотығына айналдыру керек. Мұнан кейін ол алюминий зауыттарына жөнелтіліп, сол жерден дайын металл күйінде шығарылады. Алюминийді металға өңдеу онша жеңіл іс емес. Сондықтан алюминий зауыттары негізінен дамыған елдерде және Қытай, Үндістан секілді қарқынды дамып келе жатқан елдерде шоғырланған.

Алюминийдің әлемдік ірі өндірушілері, әдетте, құрамына боксит кеніштері мен глинозем зауыттарын қамтыған тігінен интеграцияланған холдинг ретінде әрекет етеді. Бұл оларды шикізатқа тәуелділіктен және шикізат бағасының құбылуынан қорғайды. Ал шағын өндірістер шикізатты сырттан жеткізушілерден сатып алатындықтан олардың жағдайы тұрақты бола бермейді.

Алюминий рыногындағы баға басқа металдарға қарағанда тұрақтылығымен сипатталып келеді. Соңғы 30 жылдың ішінде ол тек 2008 жылы рекордтық деңгейге жетіп, тоннасына 3000 долларға дейін шарықтады. Осы кезде алюминий көп өндірілді де 2009 жылы 1370 долларға дейін құлдырап кетті. Осы кезде өндірісте дағдарыс орнығып, баға қайта қалпына келді. Қазіргі күні алюминийдің әлемдік биржалардағы бағасы шамамен тоннасына 1900 доллардың айналасында қалыптасуда.

Қазақстанның ірі жетістігі

Қазақстандағы алюминий өндірісі Ресейден кейінгі екінші орынды тұрақты түрде иеленуде. Бұған еліміздегі боксит кен орындарының молдығы ықпал етуде. Олар негізінен еліміздің солтүстік өңірінде, соның ішінде Торғай даласында шоғырланған. Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауларын пайдалану комитетінің мәлімдеуінше, еліміздегі алюминий (боксит) қоры 809 миллион тонна деп бағаланып отыр. Жылына, шамамен алғанда 5-6 миллион тонна боксит өндіріледі деп артығымен есепке алғанның өзінде бұл қор бізді әлі кемінде 100 жыл бойы қанатты металмен қамти алады.

Тәуелсіздік жылдарында еліміздегі алюминий өндірісі глинозем дайындау деңгейінде ғана қалыптасты. Торғай бокситі Павлодардағы алюминий зауытына жеткізілетін де сол жерде глиноземге айналдырылатын. Мұнан әрі ол Ресейге жөнелтіліп, сол жақтан таза алюминий алынатын. Қазақстанда алюминий өндірісін құру Елбасымыздың үлкен армандарының бірі болды. Бұл арманға 2007 жылы қол жеткізілді. Осы жылдың 12 қаңтарында Павлодарда салынған электролиз зауытын Елбасының өзі іске қосты. Сөйтіп, Қазақстан тарихында алғашқы алюминий алынды. Бұл елімізде алюминий алудың толық циклі қалыптасып, түсті металдар өндірісінің жаңа кластері пайда болды деген сөз.

Кезең-кезеңмен салынған Қазақстан электролиз зауыты өз өндірісін жылдан жылға арттыра түсуде. Өткен жылы ол тағы да рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 235 мың тонна бастапқы алюминий өндірді. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 14 мың тоннаға артық. Зауыттың жобалық қуаты 250 мың тоннаны құрайды. Осындай жетістіктердің нәтижесінде жаңа өндіріс орнында 2600 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта алюминий қосындыларын алу және олардан бұйымдар жасап шығару ісі қолға алынған. Яғни зауыт қасынан жаңа өнеркәсіп орындары бой көтеретін болады.

Зауыттың өнімінің 90 пайызға жуығы экспортқа бағытталады. Оны Ресей, Украина, Беларусь, Қытай, Өзбекстан кәсіпорындары тұтынады.

Тәуелсіз Қазақстанда алюминий кластерінің пайда болуы нәтижесінде еліміздің әлемдік рыноктағы орны жыл өткен сайын нығайып келеді. Алдымыздағы алюминий дәуірі Қазақстанның оң жамбасына дөп келетіні сөзсіз.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.08.2017

Қашанда ұлыма тілекшімін

21.08.2017

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

21.08.2017

Германиялық өнертапқыштар электромобиль қуаттайтын жүйені таныстырды

21.08.2017

ОҚО-да биыл төрт бағытқа жаңа автобус қатынасы ашылды

21.08.2017

Малайзия павильоны «Көбелек әсері» және «Жастар апталығы» экоакциясын бастады

21.08.2017

ЭКСПО-2017 көрмесінде Сенегал Республикасының ұлттық күні өтті

21.08.2017

Ботаникалық бақ қоры толыға түспек

21.08.2017

Сенат Төрағасының орынбасары СҚО прокурорларымен кездесті

21.08.2017

Қазақстан өнеркәсібінің индустрия 4.0 техникалық талдау жұмыстары күзде аяқталады

21.08.2017

2025 жылға қарай жанар-жағармай бойынша ішкі қажеттіліктер толық қамтылады

21.08.2017

Алматыда «Star of Asia» фестивалі өтті

21.08.2017

Альберт Линдер Жазғы Универсиада ойындарының чемпионы атанды

21.08.2017

БҰҰ Балалар қоры қазақстандық өнертапқыштарды марапаттады

21.08.2017

Бақытжан Сағынтаев жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысын өткізді

21.08.2017

Семейлік зейнеткерлер ағылшын тілін үйреніп жүр

21.08.2017

Қазақстан мен Ресей заңсыз есірткі айналымына қарсы күресті бірге үйлестірмек

21.08.2017

Атырауда өткен жауынгерлік жекпе-жек фестиваліне 2,5 мың көрермен жиналды

21.08.2017

Астана хабы мен Қытайдың мемлекеттік басқару академиясы меморандумға қол қойды

21.08.2017

"Жастар" жазғы жайдарман фестивалі мәресіне жетті

21.08.2017

Мәңгі ғашық

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Адырна неге адыра қалды?

Қазақ халқының көне музыкалық аспаптары туралы айтатын болсақ, ол ешбір халықтың құндылығына ұқсамайтын, өз алдына бөлек шал­қыған жеке бір шалқар айдын-ау. Тауқымет шеккен тағдырлар секілді тарих толқынында бұлардың бірі мүлде жоғалса, енді біразы әлі де қайта өңдеп, жетілдіре түсуді, терең зерттеу мен талдауды қажет ететінін уақыт-төреші дәлелдеп бағуда.  

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Үй мен күйдің үйлесімі

Қоғамның әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық дамуының алғышарты ретін­де адамдардың әл-ауқаты мен денсау­лы­ғының сапасын салыстыра отырып бағалау үрдісі әлемде алғаш рет 1974 жылы Канаданың денсаулық сақтау министрі Марк Лэйлондтың ресми баяндамасында айтылыпты. Бірақ, дәл қазіргі жағдайда бұл түсінік түбегейлі өзгеріп келеді...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қызметтегі мәдениет мәйегі

Патшаның барымтасына, кеңес­тік кезеңнің күнде қырық құбылған қулығына бой алдырмай, тұнық ойына дақ түсірмей өткен нағыз ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тірі бол­­сам, қазаққа қызмет қылмай қой­май­мын. Ұлтына, жұртына қызмет ету − білімнен емес, мінезден», деп еді. Шы­нында, ол кезде білім кем, мінез мық­ты еді. Қазір білім ұшан-теңіз, бі­рақ ұлттық мінез олқы, ала-құла, тіл мү­кіс, намыс пен ар ақшаға тәуелді болып барады.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Жұмысты жалғастырар жастар қайда?

Қолында қолақпандай дипломы бола тұра жас мамандардың ауылда жұмыс істеуге құлшынысы жоқ. Көбінің ойы − қызығы мен у-шуы көп қалада қалып, өзіндей өрім жастардың ортасында болу. Бұл үшін оларды күстаналаудың да жөні жоқ шығар, бәлкім. Өйткені, қалада тұра ма, ауылда тұра ма, әркімнің өз қалауы. Солай десек те, жастар жаппай қалаға қарай ағылып жатқанда қазақтың алтын бесігі – ауылдарымыздың келешегі қалай болмақ? Бала саны жетпей, мектептер мен басқа да мекемелердің жабылуы жалғаса берсе, ата-баба кәсібін жалғастыратын лайықты ізбасарлар жоқ болса, ауылдардың ертеңгі күні не болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты. 

Нұрғали ОРАЗ,

Тәуелсіздік дегеніміз – мәңгілік күрес

Кешкілік аллеяда серуендейтін осы бір кішіпейіл, мәдениетті кісіні жиі көріп қаламын. Алғашында бас изесіп қана жүрдік. Бірте-бірте тіл қатысып, тротуардың жиегіндегі сәкіге тізе бүгіп, әңгіме-дүкен құратын болдық.

Пікірлер(0)

Пікір қосу