Ақ тілектер ағыны (25.04)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа
Егемен Қазақстан
25.04.2017 3069
2

Болашаққа бастайтын жол

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

«Егемен Қазақтан» газетінде «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» тақырыбында жарық көрген Сіздің еңбегіңіз өзінің терең мазмұны және мағынасымен біздің ұжымды қатты толғандырды. Әлемдік қауымдастықта орын алып отырған ғаламдық өзгерістер жағдайында, еліміздің жарқын болашағына тікелей байланысты тапсырмалар алға қойылғандықтан, бұл мақалаңыздағы ұсыныстарыңызды толық әрі қызу қолдаймыз. Ұлттық сана мен рухани жаңғыруға серпін беретін Сіз атап өткен бірнеше бағыт − біздің ұлт ретінде әлем сахнасынан лайықты өз орнымызды алатынымызға толық сенеміз. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады» деген сөзіңіз бізге үлкен қуат береді. Сондықтан, біздің әрқайсымыз және ұлтымыз ХХІ ғасырда осындай қасиеттерге ие болуымыз керек.

Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің прагматизм және ұлттық бірлікті сақтап қалу мәселесіндегі сүбелі ойларыңыз бізді терең ойға қалдырды. Осы жерде Сіздің тікелей бастамаңызбен құрылған әлемде теңдесі жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі жоғары тұрғанын ерекше атап өтеміз. Бұл қоғамдық-саяси ұйымның өміршең екендігін уақыттың өзі дәлелдеп, республикамыздағы ұлтаралық татулықты сақтауға шексіз үлесін қосып келеді.

Сонымен қатар, Сіз қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қалыптастыру жөнінде ұлт алдына басқа да міндеттерді қойып отырсыз. Олардың ішіндегі ең негізгілерінің бірі − қазақ тілінің біртіндеп латын әліпбиіне көшуі болып табылады. Біз, мұның уақыт талабынан туындап отырғанын жақсы түсінеміз. Одан басқа ұлттық экономиканың өрлеуінің басты өзегі заманауи ғылым қауымдастығының жаңалықтарын жас ұрпаққа беру болып табылады. Осыған байланысты, Сіздің ұсынысыңызбен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынып отыр. Осының бәрі тарих, саясаттану, әлеуметтану және т.б. ғылымдар төңірегінде жастарымызға толыққанды білім алуға көмектесетініне кәміл сенеміз.

Сіздің идеяңыз − болашаққа жол бастау! Оның барлық міндеттерін орындау ұлттың рухани жаңғырып кемелденуіне сөзсіз жетелейді.

А.Тшанов,

Республикалық спорт колледжі РМҚК директоры


Талапты адам жетістікке жетеді

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Ең алдымен Сізге, сүйікті спортпен айналысуға, кәсіби өркендеуге және жоғары жетістіктерге қол жеткізуге берілген мүмкіндіктеріңізге үлкен алғысымды білдіргім келеді.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаңызға қатысты, біздің еліміздің дамуы мен оны әлемдегі 30 дамыған елдің қатарына қосуға бағытталған Сіздің барлық бастамаларыңызды қолдайтындығымды атап өткім келеді.

Елдің және ұлттың рухани дамуы – барлығымыздың алдымызда тұрған үлкен міндеттердің бірі. Жеке адамдардың емес, барлық халықтың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату арқылы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге болады, сондай-ақ, бұл бағытта да ауқымды жұмыс атқарылуда.

Ынта, табандылық және мақсатқа талпынушылық білдірген әр адам жоғары жетістіктерге жете алады. Сонымен қатар, алдағы уақытта жоспарланған барлық жұмыстар ойдағыдай іске асырылатынына сенімдімін.

Динара Сәдуақасова,

шахматтан Әлем чемпионы, Халықаралық гроссмейстер


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2019

Асықтан төсеніш пен ойыншықтар жасайды

17.01.2019

Оралда «Автобус» жедел шарасы өтуде

17.01.2019

27 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтеді

17.01.2019

Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері

17.01.2019

Тікұшақ апатынан қайтыс болған ұшқыштың кім екені анықталды

17.01.2019

СІМ мен Ауылшаруашылық министрлігі инвестициялар мен экспорт бағытындағы үйлестіру жұмыстарын нығайтуда

17.01.2019

Жүзге жуық оқушы Wiki Camp акциясына қатысты

17.01.2019

Қорықшыларға қастандық жасағандар анықталды (видео)

17.01.2019

Үшінші мегаполистің төрт ауданында әкімдер тұрғындар алдында есеп берді

17.01.2019

4 мешітті ҚМДБ меншігіне өткізуде кедергілер бар

17.01.2019

Ақтөбелік жастар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

17.01.2019

Нұрлан Сейтімов Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалды

17.01.2019

Қостанайда тергеуші кісі тонаушыны қылмысы үстінде ұстады

17.01.2019

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот үкімі шықты

17.01.2019

Алматыда тікұшақ апатқа ұшырады

17.01.2019

Алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметіне қатысты мәселелер талқыланды

17.01.2019

Сенат бірқатар үкіметаралық келісімді ратификациялады

17.01.2019

Алматыда Жүрсін Ерманның бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді

17.01.2019

2250 әскери қызметші жеңілдікпен пәтер сатып алды

17.01.2019

Жамбылда экономиканың барлық саласында 4-5 пайыз өсім бар

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу