Ақпаратқа қатысты заңдарға өзгерістер. Нені білуіміз керек?

Егемен Қазақстан
06.12.2016 78
Ақпарат және коммуникацияға қатысты заңдарға өзгерістер жобасы біраз уақыт бұрын қоғам талқылауына ұсынылды. Ол қандай өзгерістер? Біз олардың ең негізгілері туралы әңгіме қозғамақпыз.  

БАҚ туралы заң

Бала құқын қорғау. Жоба әлдебір жағдайда жәбірленіп, зардап шеккен бала туралы ақпаратты жариялауға жол бермеуді талап етеді. Яғни, жәбірленуші баланың және оның әке-шешесінің аты-жөнін, суретін, видеосын, аудиоға жазылған дауысын, сонымен қатар, туған уақыты, туған жері, тұратын жері, оқитын немесе жұмыс істейтін жері туралы мәліметтерді БАҚ-та немесе байланыс желілері арқылы таратуға тыйым салады (2-бап). БАҚ жұмысын тоқтату. Сот шешімімен бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, интернет-басылымдардың жұмысын да тоқтату мүмкіндігін қарастырады. «Тоқтату» дегенде қолданыстағы заң басылымның немесе теле-радиохабардың бір немесе бірнеше санын шығартпау және таратқызбауды айтады. Жоба оны «тоқтатуға негіз болған себептерді жойғанға дейін» деп кеңейтуді ұсынады (10-бап). Ақпарат құралдарын және блогерлерді тіркеу. Қазақстанда жұмыс істейтін газет-журналдар, мемлекеттік сектордағы субъектілердің интернет-сайттары және ақпарат агенттіктерінің сайттары міндетті түрде тіркелуі тиіс. Желілік басылымдарды тіркеу ерікті түрде жүреді («Желілік басылым» ұғымына интернет-сайттар және блогерлер кіреді). Хаттар. Заңдарға қайшы келетін оқырман хаттарын БАҚ-та жариялауға жол бермеу. Оқырман хаттарына интернет-басылымда қолданушылар жазып қалдырған пікірлер де жатады (17-бап). Мемлекеттік органдардың БАҚ алдындағы міндеті. Мемле­кеттік органдар бұқаралық ақпарат құ­рал­дарына ақпарат беруге міндет­ті. Егер ол мемлекеттік құпия болмаса. Бұл талап қолданыстағы заңда да бар. Жаңа талап қабылданса, ақпарат беру туралы өтінімге БАҚ-тың бас редакторы немесе басқа да өкілетті адамы қол қоюы керек болады (18-бап). Журналист кей мәліметтерді ауызша сөйлесіп біле алады. Олар: 1) Мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың жұмыс кестесі; 2) Мемлекеттік органдар мен оларға қарасты бөлімшелердің пош­та, электронды пошта мекенжайлары, анықтама қызметінің телефондары және олардың басшылары туралы ақпараттар; 3) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау тәртібі; 4) өтініштер мен шағымдарды қарау тәртібі; 5) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі; 6) сот істерін қарау кестесі; 7) мемлекеттік сатып алулар, тендерлер, аукциондар өткізу уақыты мен орны; 8) жергілікті қоғамдастықтың жиналыс уақыты мен орны, онда қаралатын мәселелер; 9) лауазымды бос орындар туралы ақпарат алуға қажет телефон нөмірлері (18-бап). Өзгерістер мемлекеттік ор­гандардың бәрінде БАҚ-пен жұмыс істейтін бөлім немесе лауазымды қызметкер болуын міндеттейді. Бұл қызметке журналистикаға қатысы бар салада білімі бар адам тағайындалады. Сонымен қатар, мұнда БАҚ-пен жұмыс бөлімінің атқаратын қызметі мен міндеті нақты көрсетілген (18-бап). БАҚ міндетті түрде және тегін жариялауы тиіс материалдар: белгілі бір БАҚ-тың өзіне қатысты сот шешімі; төтенше жағдай енгізілгені туралы және террор қаупіне қатысты өкілетті органдардың хабарламасы. Терістеу. Өзгерістер ар-намысқа тиетін ақпараттарды терістеу тәртібін бұрынғыдан гөрі кеңейтуді және нақтылай түсуді ұсынады. Мысалы, өзінде шыққан мәліметтерді терістеген кезде БАҚ ненің шындыққа сай келмейтінін анық көрсетуі тиіс. Баспасөзде ол «Терістеу» деген тақырыппен, терістеліп отырған материалдың шрифтімен, соның орнына жариялануы керек. Теле-радиода болса, тәуліктің сол терістеліп отырған хабар шыққан уақытында және сол хабарда шығуы қажет (19-бап). Журналист міндеттері. Журналист міндеттеріне алынған ақпараттардың растығын тексеруді қосу. Сонымен қатар, асырап алу құпиясы және дәрігерлік құпия туралы мәліметтерді азаматтың жазбаша рұқсатынсыз бұқаралық ақпарат құралдарында жарияламау (егер ол мәліметтер бұған дейін заңды түрде жарияланған болса, бұл тыйым жүрмейді) (21-бап). БАҚ туралы заңды бұзғаны үшін жауапқа тартуға негіз болатын әрекеттер. Жәбірленген бала туралы мәліметтерді рұқсатсыз жариялау (Бала 14 жасқа толған болса оның өз келісімімен, 14-ке толмаған бала болса, оның заңды өкілдерінің рұқсатымен жарияланады. Ал егер баланың, я оның өкілдерінің рұқсатын алу мүмкін болмаса немесе заңды өкілі қылмысқа күдікті немесе айыпталушы болса, рұқсатсыз жария етуге болады) (25-бап). Қай жағдайда шындыққа сай емес мәлімет таратқаны үшін жауапкершілікке тартылмайды. Ол мәлімет ресми немесе ақпараттық хабарламаларда, тиісті органда тіркелген өзге бұқаралық ақпарат құралының хабарында жария етілген болса (жәбірленуші бала туралы мәліметтерді қоспағанда); БАҚ-тың сұрауларына берілген жауаптарда бар болса; мәлімет ақпарат агенттіктерінен, интернет-басылымдардан, жарнама берушілерден және жарнама жасаушылардан алынған болса; адамдардың сөзін өзгеріссіз жария ету арқылы берілген болса; тікелей хабарларға қатысушылар айтқан болса немесе бұл заңға сәйкес өңдеп-өзгертуге жатпайтын материалдарда кездескен болса (26-бап).  

Жарнама туралы заң

Сыра немесе шараптың жарнамасы. Өзгерістер сыра мен шараптың жарна­масын отандық БАҚ-та белгілі бір кө­лемде көрсетуге рұқсат беруді ұсына­ды. Мысалы, оларды теле-радиоарналар­да таңғы сағат 7 мен түнгі сағат 12 аралы­ғы­нан басқа уақыттарда көрсету. Алай­­да, демалыс және мейрам күн­дері жарна­малауға тыйым салу (8-бап). Газет-журналдарда (бала­лар­ға арнал­ған және діни басылымдардан өзге) сыра мен шараптың жарнамасын беру. Шет елдерде өнді­рілген сыра мен ша­раптың жарна­масын отандық газеттер­дің бірін­ші және соңғы беттерінде, жур­нал­дардың мұқабасында жарияламау (9-бап). Сыра немесе шарап жарнамасында дене еңбегі және авто­көлік жүргізуді көрсетпеу, ол жарнамаларға балалар мен әйел­дер түспеуі (оның ішінде анимация­лық жарнамада); жарнама бала­лар­ға арналмаған болуы керек. Соны­мен қатар, олар алкогольдің емдік қасиеттері бар деген пікір туғыз­байтын немесе алкогольді мөлшермен ішуге шақырмайтын; арақ-шарап ішпегені үшін сынап-айыптамайтын болуы тиіс. Жарнамада сыра немесе шарапты көп ішудің зияны туралы ескерту болуы, ол ескертуге жарнама көлемінің кемінде 10%-ы берілуі керек (13-бап).  

Байланыс туралы заң

Желілік мекенжай (сетевой адрес) – телекоммуникация же­лісінде жұмыс істейтін құрылғының өзіне тән идентификаторы (жаңа түсінік, 2-бап). Мемлекеттік органдардың құзыреті. Мемлекеттік органдар телекоммуникация желісі ар­қылы Қазақстанда тыйым салын­ған ақпараттар таратылған жағ­дайда өкілетті органға хабар береді. Онда ақпаратты тарату­шы интернет-басылымның желі­дегі мекенжайы, ақпарат бағыт­тал­ған мекенжайлар, заңсыз ақпа­рат тарату үшін қолданылған або­ненттік құрылғылардың иден­ти­фи­кациялық кодтары көрсетіледі. Бұл мәлі­мет­тердің растығы үшін мем­лекеттік органның басшысы немесе оның орынбасары жауап береді (8-бап). Байланыс қызметін пайдаланушы құқын қорғау. Тұрғындарды интернетке қосушы операторда балаларға зиян ақпараттарды шектей алатын техникалық және бағдарламалық мүмкіндіктер болуы тиіс. Мұндай мүмкіндікті оператор абоненттің келісімімен іске қосады. Ал интернет көпшілікке ортақ болатын орындарда аталған функциялар абоненттің келісімінсіз, міндетті түрде орнатылады (36-бап). Байланыс операторлары Қазақ­ста­н­дағы абоненттер мен қолдану­шылар жайлы қызметтік ақпаратты жинап, сақтайды. Ол мәліметтерді Қазақстан шекарасынан шығаруға болмайды (халықаралық байланыс қызметін немесе роуминг қызметін көрсетуде берілетін қызметтік ақпарат болмаса) (36-бап). Байланыс операторларына қызметтік ақпаратты жинап, сақтау жүйесіне енгізілмеген абонентке байланыс қызметін көрсетуге тыйым салынады (40-бап).  

Теле-радиохабарларын тарату туралы заң

Балалар телебағдарламасы – 12 жасқа дейінгі балалар үшін жасалған, осы топтағы балаларға лайық сюжеті бар телебағдарлама. Білім беретін бағдарлама кең ауқымды аудиторияға арналған, мазмұны телекөрерменді оқытып-үйретуге бағытталған, қоғамның ғылым мен мәдениет, өнер, өндіріс сияқты бір саласы бойынша нақты білім беруде өзіндік маңызға ие телебағдарлама. Осы бапта жарнаманың теле­бағ­­­дар­­ламаға жатпайтыны нақты­ланады (1-бап). Ұлттық теле-радионың мүд­­десін қорғау. Отандық телеар­на­лардың бір аптада көрсететін ха­бар­ларында отан­дық телехабар­лар­дың үлесі 2018 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап 50%-дан кем болмауы. Отандық радиоларда бір аптада эфирге шығаратын хабарлардағы отандық хабарлар мен Қазақстан авторлары шығарған немесе орындайтын ән-күйлердің үлесі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 45%-дан кем болмауы, ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 50%-дан кем болмауы (28-бап). Теледидарда мүгедектер мүд­де­сін қорғау. Жергілікті уақыт бо­йын­­ша сағат 16.00 мен 00.00 аралы­­ғында жаңалықтарға арналған кемін­­де бір хабар сурдоаудармамен немесе субтитр арқылы аудармамен беріледі. Телеарналарда міндетті түрде көрсетілуі тиіс хабарлар сурдоаудармамен немесе субтитр арқылы аудармамен беріледі (30-бап).  

Ақпараттандыру туралы заң

Интернет-басылымдағы жеке мәліметтер. Қолданушы интернет-басылымда ақпарат жариялауы үшін оның иесімен келісім жасауы тиіс. Келісімнің мынадай түрлері ұсынылады: жазбаша қағаз формасында, электронды құжат түрінде («электронды үкімет» порталындағы идентификация арқылы) немесе тіркелген ұялы телефон нөмірінен смс-хабарлама жіберу жолымен. Қолданушы ақпаратты өз атынан да, лақап атпен де орналастыруына болады. Интернет-басылым иесі келісімдегі мәліметтерді сақ­тауы және келісім бұзылғаннан кей­ін де үш ай сақтауы керек (36-бап).  

Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекс

Өзгерістер жаңа талаптарды орындамағаны немесе бұзғаны үшін жауапкершілікке тартуды қарастырады. Мысалы, БАҚ туралы заңда көрсетілген жәбірленуші бала туралы мәліметтерді тарат­қаны үшін жеке адамдарға – 20, лауазымды тұлғаларға – 25, ша­ғын кәсіпкерлік ұйымдары мен ком­мерциялық емес ұйымдарға – 50, орта кәсіпкерлік ұйымдарына – 100, ірі кәсіпкерлік ұйымдарына 200 ай­лық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды ұсынады (451-бап). P.S. Жоба, сонымен қатар, ақпаратқа қатысты заңдардан көптеген тармақтарды алып тастауды қарастырады. Барлық өзгерістер ұсыныс ретінде. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі беделді пікірлерді ескеру мақсатында жобаны қоғамның талқысына салып отыр. Ержан Әбдіраман, «Егемен Қазақстан»
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.08.2018

«Жас Отан» мен «Қазақстанның Киберспорт Федерациясы» өзара меморандумға қол қойды

20.08.2018

Жұлдыз Ешімова еркін күрестен әйелдер арасында 53 келіде күміс медаль иеленді

20.08.2018

Маңғыстауда биыл 16 600 бала бірінші сыныпқа барады

20.08.2018

Мемлекет басшысы Астана қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.08.2018

Бақытжан Сағынтаев меморгандарды қайта орналастыру жөнінде кеңес өткізді

20.08.2018

Черногорияда суға батқан әйелдерді құтқаруға ұмтылған қазақстандық мерт болды

20.08.2018

«7-20-25» бағдарламасы бойынша несиеге мыңнан аса өтініш мақұлданды

20.08.2018

Фариза Алдоңғарова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

20.08.2018

Франциядағы әйгілі кинофестивальде қазақстандық режиссердің туындысы көрсетіледі

20.08.2018

26 тамыздан бастап Ресейден бензин әкелуге тыйым салынады

20.08.2018

Мәжіліс депутаттары «iKomek» орталығының жұмысымен танысты

20.08.2018

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарды Шымкенттен Түркістанға көшіру барысымен танысты

20.08.2018

Шахматтан Еуропа чемпионатында «balapan» арнасының анимациялық мультхикаясы таныстырылды

20.08.2018

Азиада-2018: Академиялық есуден қазақстандық спортшылар келесі кезеңге өтті

20.08.2018

Спортшы Сергей Левадний қайырымдылық шарасын бастады

20.08.2018

Ақан серінің 175 жылдығына арналған республикалық айтыс өтті

20.08.2018

Атырауда 91 метрлік тутұғырдың кұрылысы басталды

20.08.2018

Елбасы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

20.08.2018

Фармация комитетінің экс-басшысы Лариса Пакты қамауға алу мерзімі ұзартылды

20.08.2018

Елбасы Кофи Аннанның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Уикипедияның үйретері не?

Бүгінде адамдар қолдарына кітапты жиі ала бермейді. Оған себеп – интернет. Халық қажет деген мәліметтерді компью­терді ақтарып, уикипедиядан іздейді. Мұның өзі өскелең уақыттың талабы. Бі­­рақ сол ақпараттық технологияңыз уақыт­­тың талабымен үндескенімен, нақты ақпарат алып, тарихи шындыққа көз жет­кізгісі келген талғампаз адамдардың талабына сай келе бере ме? Міне, мәселенің осы жағына келгенде үлкен күмән туындай­тын тәрізді.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу