Ақпараттық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздік мәселесімен пара-пар

Егемен Қазақстан
06.12.2016 132
Кеше Парламент Мәжілісінде палата Төрағасының орынбасары Гүлмира Исімбаеваның жүргізуімен «Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестікке қабілеттілігі және дамуы мәселелері» тақырыбында Үкімет сағаты болды. Онда Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев баяндама жасады. Мемлекеттік саясаттың мін­деттері – барлық ақпарат жүйе­сінің еркін жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау. БАҚ саны жыл сайын артып келеді. Мұ­ның өзі Қазақстандағы сөз бос­тандығының тікелей дәлелі болып табылады. Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде БАҚ саны 3002-ге жеткен. Бұл мемлекеттің БАҚ-ты жан-жақты қолдап отырғанын көрсетеді, дей келіп, осыдан әрі Гүлмира Исімбаева баяндама жасау үшін сөзді Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа берді. Бүгінгі таңда ақпараттық қауіпсіздік мәселесі кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сондықтан да Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі құрылып, оған көптеген мін­деттер жүктелді. Осыған сәй­кес министрлік отандық масс-медианы жаңғырту және еліміздің ақпараттық кеңіс­тігін нығайтуға қатысты іргелі ша­раларды жүзеге асыру үстін­де. Қазір медиақұралдар бұрын-соңды болмаған жаңа техно­логиялардың арқасында пішімі мен мазмұнын жаңғыртып, ақпарат таратудың тың әдістерін табуда. Бұл – тек біздің елімізде ғана емес, жаппай әлемде болып жатқан үрдіс, деп бастады өзінің сөзін Д.Абаев. Одан әрі министр жасалып жат­қан жұмыстар жөнінде баяндады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 3 мыңнан артық БАҚ тіркелген. Оқырмандардың белсенділігі төмендеді деп санағанымызбен, газеттер мен журналдар барлық БАҚ-тың 84 пайызын құрайды. Электрондық БАҚ – 9 пайыз. Бұл – 110 телекомпания, 60 радиокомпания, 107 кабельдік оператор және 8 спутниктік хабар тарату операторлары. Сондай-ақ, ақпарат агенттігі (41) – 7 пайыздық үлесті қамтиды. Министрліктің оқырмандар сұранысын зерттеу бойынша жүргізген әлеуметтік сауалдамасына қарағанда, қазақ­стан­дықтардың 88 пайызы отан­дық арналарды қарайды, соның ішінде 53 пайызы оны күнде көреді. Телехабарлар қоғамдық өзге­рістердің катализаторы болып қала беретіні көрініп тұр. Сон­дықтан, біздің міндетіміз – ұлт­тық біртектілікті құрудағы рөлі зор, этносаралық және кон­фес­сияаралық келісімді жүйелі тарататын және әлеуметтік-саяси тұрақтылықты арттыратын оның хабарларын одан әрі қолдау, деді министр. Д.Абаев әрбір арнаға жеке тоқ­талып өтті. Соның ішінде «Қазақ­стан» телеарнасының хабарла­рына жақсы баға берді. Алда­ғы уақытта бұл арнаға келесі мін­деттер жүктеліп отыр екен: 1. Бағдарламалардың рейтингін арттыру арқылы көрермендер аудиториясын кеңіту; 2. Өнімдердің рейтингіне қарай контенттерді сатып алудың жаңа саясатын жасау және контенттің жетілдірілген саясатын жасау арқылы 2017 жылы оның сапасын арттыру; 3. Интернетте жаңа имидждік шығарылымдар жасау арқылы медиа-ресурстар көлемін арттыру; 4. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру, оларды конкурспен қабылдауды жетілдіру. Сондай-ақ, министр облыстық фи­лиалдардың басқаруды же­тіл­діру арқылы корпорцияның аймақтық саясатын қайта қарау қажеттігін атап өтті. «Хабар» агент­тігін трансформациялау жөнінде де біршама жұмыстар жүргізілгені айтылды. Оны қарайтындардың орта жасы 25-тен 54-ке дейінгілер екен. Осыған қарағанда, «Хабар» көп жанрлы контенті бар телеарна екені анықталған. Қазір онда таңертеңгілік және күндізгі жаңалықтар тарату тоқтатылған. Есесіне кешкі жаңалықтар қызметі жетілдіріле түскен. Сонымен бірге, арнада өз өнімдерін дайындау арт­тырылып келеді екен. Қазір шама­мен жыл сайын 110 серия түсі­ріліп, 10 отандық өнім өмірге келіп жатыр. Министр қазір «Хабар-24» атал­ған бұрынғы «24КZ» арна­сының жұмысына да тоқталып, ондағы өзгерістер туралы айтып өтті. Одан әрі министр өзінің сөзін былай жалғастырды: «Биылғы жылдың қазан айында «Білім және мәдениет» арнасы «ҚазақТВ» арнасымен біріктіріліп, жаңа пішімдегі телеарна ретінде хабар таратуға көшті. Телеарна әлем елдеріне тәулігіне 24 сағат бойы қазақ және ағылшын тіл­дерінде хабар таратады. Ол төрт құр­лықта 118 мемлекетті қамтып отыр. Жаңа арнадағы хабарлар 3 блокқа бөлінген. Олар: 1.Елі­міздің инвестициялық тар­тым­дылығы мен шетелдік капи­­талға қажетті мүмкіндікті көрсету; 2.Қазақстандағы туризмге қатысты контент; 3.Қазақ халқы­ның бай мәдени-тарихи мұрасын насихаттау», деді Д.Абаев. Радиоарналардағы өзгерістер мен жаңалықтар туралы айтқанда, Д.Абаев «Қазақ радиосының» сиг­нал­дары қазір еліміздің – 90, «Шалқар» радиосы – 64, «Астана» радио­сы – 60, «Классик» радио-сы 17 пайыздық аумағын қамти­ты­нын жеткізді. Олардың тара­лымын арттыру жұмыстары одан әрі жалғасады. Сонымен қатар, біз ра­дионың халық ара­сын­дағы та­нымалдығын арттыру бағы­тындағы жұмыстарға да назар аударамыз. Соның бірі ретін­де радиоарналарға бөлек корпо­ра­­циялық құрылым жасалатынын жеткізді. Баспасөзді зерттеу барысында оқырмандардың бел­сенділігі респонденттердің жас шамасына қарай болатыны байқалған. Соның ішінде рес­пон­дент­тердің 40 пайызы газет­терде қызықты материалдар болмай­тын­дықтан, оны ашпайтынын айтқан. Осыған байланысты ми­нистр­­лік «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газет­­тері­нің жұмысын жаңғырту бағы­тында жүйелі жұмыстар жүргі­зуде. Әлемдегі беделді басылым­дардың үлгілеріне сай үстіміз­дегі жылдың қыркүйек айынан бастап аталған газеттер бет-бейнесін өзгертті. Бұл қажетті ақпаратты басылымнан оңай та­буға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, газеттің электрондық нұсқасына жедел өтуге мүмкіндік туды. Қыр­күйек айынан бастап Астана қаласында таратылатын газеттер түрлі-түсті нұсқаға көшірілді. Ин­тернет желісіндегі жұмысы да күшейтілді. Ал жаңа жылдан бастап бұл басылымдарды еуро­форматқа көшіру жоспарлануда», деді министр. Одан әрі министр Интернет ресурстарының жұмысын жетіл­діру бағытындағы жұмыс­тарға тоқталды. Осыған орай ми­нистрлік «Қазконтент» АҚ-пен бірлесіп, «2016-2020 жылдарға арналған отандық БАҚ-тағы Ин­тернет ресурстарын жаңғырту» жоспарын іске асыруда екені белгілі болды. Соның ішінде «Б-Ньюс», «Әдебиет порталы», т.б. сайттарда болатын өзгерістер туралы баяндалды. Ал «Қазақпарат» агенттігіне арнайы тоқталып, ондағы өзгерістерді тереңірек қарастырды. Алдымен оның техникалық инфрақұрылымдары жаңғыртылғанын жеткізді. Бүгінгі күні оны қолданатындардың саны тәулігіне 45 мың адамды құрайды. Біз бұл санды екі есеге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз, деді Дәурен Әскербекұлы. Стратегиялық даму бо­йын­ша қандай қажеттіліктер алда тұрғанына тоқталғанда, көпте­ген қазақстандық БАҚ-тың эко­но­микалық жағдайы қиын екендігі жеткізілді. Біз оларды қолдау шараларын қарастырудамыз. Бүгінгі күні жарнамадан түсетін қаражат 36 млрд теңгені құрап отыр. Алайда, бұл сома БАҚ-тардың барлық шығыстарын жаба алмайды. Осыған орай министрлік қоғамдық талдауға шығарылған заң жобасында оларды ынталандырудың келесі шараларын қарастырды: 1.Жұмысын тоқтату немесе тиражды тұтқындау жөніндегі әкімшілік жазалау шараларын болдырмау, сондай-ақ, уәкілетті органға қағаз бетіндегі нұсқаны міндетті түрде жеткізу тәртібін өзгерту арқылы экономикалық жүктемені жеңілдету; 2.Журналист болмаса да осы салада жұмыс істейтіндерді ақпараттық кеңістікке тартуды арттыру; 3.Кейбір нормаларды дәлдікпен пайдаланбаудың кесірінен БАҚ жұмысы мен олар­дың дамуына кедергі кел­тіре­тін қателіктерді болдырмау; 4.Ал­когольдігі төмен өнімдердің сауда маркаларын қатаң белгіленген уақытта жарнамалауға рұқсат ету; Сондай-ақ, БАҚ-тың шығар­ма­шылығы мен техникалық мүм­­кіншілігін арттыру мақ­сатында «теле-сауда», «теле-газет», «ин­тер­нетТВ» сияқты қосал­қы си­паттағы тауарлар түсінік­тері ен­гізіледі. Осы шаралар­дың бәрі отандық БАҚ-тың бә­секеге қа­білеттілігін арттыруға бағытталд­ы, деді министр. Одан әрі ол қа­зақстандық ТВ тарату сапасы­на тоқталды. Соның ішінде «ОтауТВ» мен «Қазспорттағы» өзгеріс­терді атап өтті. Ал баспасөз туралы айтқанда, олардың жаңалықтар таратуда Интернет­пен, агенттіктермен, радиомен бәсекелес бола алмайтынын көлденең тартты. Сондықтан оның орнын сапалы сараптамалық материалдармен толықтыруды қалап отырмыз. Олар бірдеңенің болғанын емес, неге болғанын халыққа түсіндірулері керек, деді министр. «Бұл бағытта салалық журна­листерді дамытуға арнайы көңіл бөлеміз. Яғни, жаңа тех­но­ло­гияларға және оқырмандардың күнделікті сұранысына икемді жур­налистерді дайындау міндетін алға қойып отырмыз. Соның ішін­де саясат, экономика және құқық бойынша журналистердің біліктілігін түрлі аудиторияға бағ­дарлай отырып арттыруымыз ке­рек» деді Дәурен Әскербекұлы. Сон­дай-ақ, ол журналистердің біліктілігін арттыру саласы бо­йынша орталықтандырылған жүйе жасаудың қажеттілігін айтты. Бұл бағытта журналистік семинарлар, тренингтер жасалатыны жеткізілді. Сөзінің соңында Дәурен Абаев алдымызда көптеген іс-шара­ларды іске асыру міндеті тұр. Ең бастысы – бүгінгі күні мақсаттар мен міндеттер айқындалып, жұ­мыс жүйелі жолға қойылды, деді. Министрдің баяндамасы толық әрі жан-жақты екендігін сөйлеген депутаттардың бәрі де қанағатпен атап өтті. Қосымша баяндаманы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнәр Ықсанова жасады. Оның баяндамасының өне бойынан БАҚ саласындағы кемшін тұстар молынан көрінді. Сарапшылардың айтуына қарағанда, қазақстандық мемлекеттік БАҚ-тың жаңа қатер­лерге қарсы тұру қабілеті әлсіздеу. Жаңа жағдайға лайық­ты ұлттық мүдделерді қорғау тетіктері жетілдірілмеген. Халықпен байланыс дәрежесі төмен. Шетелдік ақпа­раттық контенттің ықпалы күшті. Кибершабуыл сияқты осы заманғы қауіп-қатерге қарсы тұру әлеуеті әлсіз. Халықтың мемлекеттік БАҚ-тарға деген сенімі төмен. Журналистік зерттеулердің тартымдылығы нашар. Мемлекеттік тапсырыс тетіктері тиімді емес. Мемлекеттік органдардың коммуникацияның жаңа форматымен жұмыс істеу қабілеті дамымай отыр. Жүр­­гізілген сауалдамаларға қара­ғанда, халықтың үштен бірі ақпа­ратты ресейлік телеарналардан алады. Жарнаманың 70 пайызға жуығы шетелдік арналарда жасалып, қаражат ресурстары шетелге кетіп жатыр, деген сияқты деректерді алға тартты депутат. Баяндамалар аяқталған соң Дәурен Абаев депутаттардың көп­те­ген сұрақтарына жауап берді. Соның ішінде депутат Сауытбек Абдрахманов эфирлік телерадиохабарларын таратуды 2017 жылдан бастап цифрлық стандартқа көшіруді бастауымыз керек еді. Сол міндет орындала ма деп сұрады. Қаржы жағдайына байланысты бұл жұмысты атқару 2 жылға кейінге шегерілді. Биылғы желтоқсан айынан бастап оны Маңғыстау облысында бастаймыз, деді министр. Депутат Ирина Аронова Мем­лекеттік тілдің қарымын арттыру мәселесі туралы сұрады. Оны ба­рынша қарапайымдатып, тұр­мыс­тық деңгейге түсіріп жіберген жоқпыз ба, деді ол. Бұл сұрақ өте ауқымды, оны ұзақ уақыт тал­­­қы­лауға тура келеді. Тілдің сауат­­­тылығы журналиске де, оны қабылдайтын аудиторияға да бай­­­ланысты, дей келіп, министр оны жеңілдетудің де зияны жоқ­ты­ғын атап өтті. Бұл сұрақты толық­­тырған Гүлмира Исімбаева қазақ тілінің жетік үлгісін бұрын теле­ар­налардың дикторлары көр­се­тетін еді, қазір сол мәселе еске­­ріл­мейтін сияқты, деді. Оған ми­­нистр шетелдік арналардың тіл­дерді жеңілдету мысалын алға тартты. Әрине, тілді жеңілдету оны жұ­таңдату емес, дегенмен, оны тез қабылдату мәселесін де ес­керген жөн, деді ол. Бұл сұ­рақты депутат Бекболат Тілеухан да жалғастырып, осы мәселеге алаңдаушылық білдіретінін жет­кізді. Біреулерге көзсіз еліктеуге болмайды. Қазір дикторлардың сөз екпіндерін дұрыс қолданбауы үлкен проблемаға айналды, дей келіп, отандық теле-радио­арналардағы мемлекеттік тілдің үлесі қанша екендігін сұрады. Оған министр қазір қазақ тілінің үлесі 53 пайыздан жоғары екенін айтты. Біз оған күнделікті мониторинг жүргіземіз, деді ол. Көптеген осындай сұрақтардан кейін талқылау болып, оған депутаттар О.Өксікбаев, Қ.Сұлтанов, З.Балиева, С.Абдрахманов жә­не т.б. қатысып, ақпараттық қауіп­сіздік, қазақстандық БАҚ-ты заман талабына сай дамыту және т.б. мәселелерге алаңдаушылық білдір­ген ойларын жеткізді. Отырысты қорытындылаған Г.Исімбаева «Әріптестеріміздің барлық ұсыныстары мен ескерт­пелері министрліктің қызметінде ескеріліп, ал проблемалар мен алға қойылған міндеттер шешіледі деп үміттенеміз», деді. Үкімет сағатына орталық мем­лекеттік органдардың, жергілікті атқарушы биліктің жауапты қызметкерлері, республикалық БАҚ, Қазмедиа орталығының, Ор­талық коммуникациялар қызме­тінің басшылары қатысты. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.01.2019

Қарағандылық инспекторға оқ атқан күдіктілердің фотосы жарияланды

18.01.2019

ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлек «Болашақ» арқылы шетелдерде оқи алады

18.01.2019

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Ғали Исқалиев тағайындалды

18.01.2019

Ақтөбе облысының шаруалары былтыр 228 млрд теңгенің өнімін өндірді

18.01.2019

Полиция департаменті айыппұлды уақытылы төлеуге шақырды

18.01.2019

Елордалық аурухана тұңғыш рет неврологиялық асқынуды азайтатын құрылғыны қолданды 

18.01.2019

Елордалық құтқарушылар жанып жатқан үйден 6 адамды шығарды

18.01.2019

Колумбиядағы жарылыс салдарынан 21 адам қайтыс болған

18.01.2019

Тимур Қожаоғлы: «Егемен Қазақстан» – Еуропа құрлығындағы маңдайалды басылым

18.01.2019

Алматыдағы тікұшақ апатынан кейін «Sky Service» рейстері тоқтатылды

18.01.2019

Геннадий Головкин ұлды болды

18.01.2019

Солтүстік Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» акциясы жалғасты

18.01.2019

Головкиннің қарсыластары бір-бірімен жұдырықтасады

18.01.2019

Петропавлда ресейлік бас киімдер көрмесі ашылды

18.01.2019

Ақтөбеде жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету меморандумына қол қойылды

18.01.2019

Алматыда газбен жүретін жаңа автобустар іске қосылады

18.01.2019

СДУ-да IT технологиялары саласында білім беру жобасы басталды

18.01.2019

Мемлекет басшысы «Smart Aqkol» ахуалдық орталығына барды

18.01.2019

Елбасы кітапханасының Ақтөбеде өткен көшпелі көрмесін 120 мыңнан аса адам тамашалады

18.01.2019

Атырауда қазақтың үш биіне ескерткіш орнатылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу