АҚШ-тың Транс-Тынық мұхиты әріптестігінен шығуы: Қытай үшін жаңа мүмкіндіктер

Транс-Тынық мұхиты әріптестігі (ТТӘ) Австралия, Бруней-Даруссалам, Канада, Чили, Жапония, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Перу, Сингапур, Америка Құрама Штаттары және Вьетнам елдері арасында сауда және инвестиция мүмкіндіктерін реттеу үшін жаңа нұсқаулар қа­лыптастыруға ба­ғыт­тал­ған Обама әкім­ші­­лі­гі­нің эко­номикалық бас­та­ма­ла­ры­ның бірі болып та­бы­лады.
Егемен Қазақстан
09.06.2017 1260

­­­­Бұл елдер әлемдік ІЖӨ-нің 40%-дан астамын өндіреді. ТТӘ бірыңғай Тынық мұхиты на­рығын құрып, сауда тариф­те­рін төмендету және ортақ ере­желерді белгілеу арқылы 12 ел­дің сауда және инвестициялары үшін неғұрлым ыңғайлы ортаны қалыптастыруды көз­дей­ді. Бұл әріптестік АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың Азиядағы сая­са­тының негізгі тірегі болды. ТТӘ-нің құрылуы арқылы Қы­­тай­­дың жаһандық экономика ережелерін қалыптастыру қа­­бі­леті шектеліп, жұмыс­шы­­лар мен қоршаған орта құ­­қық­тарын қор­ғау стандарт­тары ор­натыла­ды және АҚШ-тың жа­ңа на­рық­та­р­ға кіруіне мүм­кіндік бе­ріледі деп күтіл­ген болатын.

2016 жылғы 4 ақпанда тарап­тар бүкіл мүше мемлекет­тер ратификациялағаннан кейін күшіне енетін ТТӘ-ні құру туралы келісімге қол қойды. Алайда, 2017 жылғы 23 қаңтарда сайлау науқаны кезіндегі уәделерден кейін АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-ты ТТӘ-ден шығару туралы өкімге қол қойған еді. АҚШ Конгресінің келісімді әлі ратификацияламағанына және АҚШ-тың ТТӘ-ден шығуының нышандық маңызы болғанына қарамастан, Вашингтонның Ты­нық мұхиты сауда келісімінен бас тартуы Қытайдың ТТӘ-ге қо­сылуына қатысты кейбір тү­сін­­бестіктер мен пікірталастар ту­ғызды.

Қытайдың негізінен Ай­мақ­тық кешенді экономикалық әріп­тестік (АКЭӘ) шеңберінде эко­номикалық байланыстарды күшейтуге және сауданы арт­тыруға көңіл бөліп, ТТӘ-ге қатысу мәселесінде бей­тарап қалғанын атап өткен жөн. АКЭӘ Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының (АСЕАН) 10 мүшесін және АСЕАН-мен еркін сауда туралы келісім жасаған басқа алты се­рік­тестікті (Қытай, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия және Жаңа Зеландия) қам­тиды. Бұл мағынада АКЭӘ құ­ра­мында Қытай мен Үндістан қам­ты­л­маған ТТӘ-ге балама ретінде қа­растырылады. Осылайша, Австралия премьер-министрі Малкольм Тернбулл тиісінше Жапония, Жаңа Зеландия және Сингапур премьер-министрлері Синдзо Абэ, Билл Инглиш және Ли Сянь Лунгмен консультациялар жүргізгеннен кейін ТТӘ мүшелерінің Қытай мен басқа да Азия елдерін сауда келісіміне қосылуға ынталандыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын атап өтті.

30 жылдық жедел эко­но­ми­калық өсу үдерісінен кейін Бей­жің инновациялық дамуды қамтамасыз ету, жасыл экономиканы дамыту және ел экономикасын жаңғырту қажеттілігін сезінуде. Ұзақ мерзімді даму жос­пары негізінен әлемдік эко­­номикадағы бәсекеге қа­бі­лет­тілігін күшейтуге және ға­­лам­дық геосаясаттағы сая­си бел­сен­ділігін арттыруға бағыт­тал­ған Қытайдың «Сыртқа ашылу стратегиясымен» тығыз байланысты. Оңтүстік-Шығыс Азия инвестициялық тартымдылығы жоғары әрі нарықтары дамып келе жатқан ресурстарға бай аймақ болғандықтан, Қытай «Бір белдеу − бір жол» бастамасы (БББЖ) үшін стратегиялық маңызы бар аймаққа ерекше көңіл бөлуде. 2010 жылы АКЭӘ құрылғаннан бері АСЕАН Қытайдың ең ірі сауда әріптесіне айналды. Шын мәнінде, тараптар арасындағы сауда 1991 жылғы 7,9 млрд  доллардан 2016 жылы 472 млрд долларға дейін өсті және жылдық көрсеткіш бойынша 18,5%-ға артты. 2015 жылы тараптар 2020 жылға дейін жалпы екіжақты сауданы 1 трлн долларға дейін арттыруды көздеп, еркін сауда туралы келісім аясында сауданы кеңейту мақсатында келісімге қол қойды.

2017 жылы қаңтарда өт­кен Давос Дүниежүзілік эко­но­микалық форумында Қытай төрағасы  Си Цзиньпин сыртқа ашылу арқылы сауда және инвес­тицияларды ырықтандыру мен жеңілдетуді ынталандыруға, сондай-ақ, протекционизм саясатынан бас тартуға шақырды. Бұл әрекет Қытайдың Транс-Тынық мұхиты әріптестігінен шық­қан АҚШ-тың орнын алуға дайындық белгісі ре­тінде тү­сіндірілді. Алайда, Қы­тай­дың ТТӘ-ге қосылу мүм­кін­дігі тікелей АҚШ-Қытай қа­ты­настарына байланысты.

АҚШ Сауда өкілі кеңсесінің мәліметі бойынша, Қытай қа­зіргі уақытта АҚШ-тың ең ірі сауда әріптестері арасында бірінші орында тұр. 2016 жылы сау­да-саттық көлемі  578,6 млрд  дол­ларды құрады. АҚШ-Қытай саудасы әлемдік экономика­ның 40%-ын құрағандықтан, әлем­дік саудадағы жетекші екі ел барған сайын бір-бірімен өза­ра байланысты болуда. Екі тарап та ағымдағы сая­си келіспеушіліктерге қа­р­а­мас­­тан, экономикалық ын­ты­­­­мақтастықтың маңызы зор екенін мойындайды. Бұл көз­қарас Си Цзиньпиннің 2017 жылы 7 сәуірдегі АҚШ-қа ресми сапары барысында расталды. Сондықтан, Вашингтонмен экономикалық әріптестікке зиян келтірмеу Бейжің үшін де аса тиімді. Бірақ Қытайдың ТТӘ-ге қосылуы АҚШ пен Қытай арасында сауда қақтығыстары мен протекционизм саясатына әкелуі ықтимал екенін ескерсек,  Қытайдың ТТӘ-ге қо­сылуға шешім қабылдауы одан сайын күрделене түсетіні тү­сінікті.

Сонымен қатар, мүше елдер Қытайдың ТТӘ-ге қосылуына әлі де ашық түрде қолдау көрсете қойған жоқ. Кейбір мүше мемлекеттер Қытай бастаған аймақтық сауда ТТӘ елдері үшін АҚШ-тың жетекшілігі кезіндегідей ыңғайлы болмауынан қауіп­те­нетіндей. Уақыты келгенде ТТӘ мүшелері Қытайдың Азия-Тынық мұхиты келісіміне қатысу мәселесі бойынша ше­шім қабылдайды. Алайда, та­рап­тардың осы мәселе бойынша орт­ақ пікірге келетініне қатысты ешқандай кепілдік жоқ.

Қорыта келе айтарымыз, ТТӘ қызметі әділ ережелер қол­дана отырып ашық сауда-сат­тық жүйесін кеңейтуге бағыт­тал­ғандықтан, Қытайдың елдің сау­дасы мен инвестицияларын сыр­тқа ашуын талап ететін ке­лісім стандарттарын орындауы қиынға соғады. Алайда, Қытай ТТӘ-ге қосылатын болса, Үндістан, Оңтүстік Корея және АСЕАН мүшелері үшін жаңа сау­да тетігін құруға мүмкіндіктер жасайтын келісімнің мүшесі болу және Азияда көптеген елдер арасында байланысты нығайту неғұрлым тартымды бола түсетіні  анық.

Ажар СЕРІКҚАЛИЕВА,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

23.02.2018

Банктер мен Қаржыгерлер қауымдастығы қазақстандықтарға үндеу жариялады

23.02.2018

Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

23.02.2018

Жылда 500-ден астам жол апаты автобус жүргізушілерінің кінәсінен болады - ІІМ

23.02.2018

Мати Алавер: Полторанин медаль медаль алмаса жалақымның бір тиынын қалдырмай қайтарып беремін

23.02.2018

Алматыда Әлемдік экономика және саясат институты алаңында сарапшылар кездесуі өтті

23.02.2018

Элизабет Тұрсынбаева Кореядағы Олимпиадада 12-орын алды

23.02.2018

Сарайшық ескерткіштерін ғылыми зерттеу жұмыстары қолға алынады - Арыстанбек Мұхамедиұлы

23.02.2018

Дәулетжан Махмұт. Портрет

23.02.2018

Қазақстандағы алғашқы сотсыз татуласу орталығы Қызылордада құрылады

23.02.2018

Өскемендегі Жастар театры «Аршын мал алан» мюзиклін сахналады

23.02.2018

Атырау облысының әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Жамбылда атқарылатын жұмыс көп

23.02.2018

Әкім есебіне жетістіктер ғана арқау бола ма?

23.02.2018

Жаңа латын графикасына қатысты пікірлер

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу