Ақтөбеде 540 отбасы баспаналы болды

Егемен Қазақстан
07.12.2016 91
1 Облыс орталығындағы «НұрАқтөбе» шағын ауданында 540 пәтерлік үш тоғыз қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында кезегі келген алғашқы 25 ақтөбелік отбасыға пәтер кілттері салтанатты жағдайда тапсырылды. Пәтер кілттерін тапсыру салтанатында сөз алған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев  жаңа үйге қоныстанушыларды қуанышты сәттерімен құттықтады. Еліміз егемендік алғаннан  бері Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың әл – ауқатын арттыруға, тұрмысын жақсартуға баса назар аударып келе жатқанын атап өтті. eki - Осы «НұрАқтөбе» шағын ауданы күні кеше ғана бой көтерген-ді. Қазір қаншама жаңа үйлер салынды. Мектептер, балабақшалар, жолдар салынып, жарыққтандыру жұмыстары жүргізілді. Бүгін міне, 540 пәтерлік үш тұрғын үйге қоныстану басталды. Үкіметпен келісіп, осы жерден «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер салу көзделуде. Тұрғын үйлерді тез де сапалы салып берген «Ақтөбе сәулет» компаниясына, осы тұрғын үйден пәтер алуға жағдай жасаған «Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ Ақтөбе филиалына ризашылығымды білдіремін. Жалпы тұрғын үйге байланысты барлық бағдарламалар бойынша биыл 5 мың ақтөбелік отбасы баспаналы болады,-деді өңір басшысы. Салтанатты сәтте Қарақалпақстаннан туған жеріне орылған қандасымыз Жарылқасын Таңбаев  сөз алып, осындай тұрғын үй салып берген Елбасына алғыс сезімін жеткізді, елдегі тыныштық пен татулықты Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясатымен сабақтастырды. ush - Мен Қарақалпақстаннан көшіп келген бойда кезекке тұрдым. 2013 жылы осы шағын аудандағы алғашқы тұрғын үйден пәтерге қол жеткіздім. Қазір бұл шағын аудан қанатын кеңге жайып, өсіп келеді. Туған жеріме келгеніме қуаныштымын. Халқының қамын ойлап, тұрмысын түзеуге ұйтқы болып отырған Елбасыға мың рахмет, дүние тұрғанша тұрсын,-деген Жарылқасын ақсақал батасын беріп, жаңа қоныстанушыларға құтты болсынын жеткізді. Содан кейін су жаңа пәтер иелері облыс әкімі Бердәібек Сапарбаевтың, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлованың және қала әкімі Ильяс Испановтың қолынан кілттерін алып, қуаныштарын бөлісті. Тұрғын үйдің кіреберісіне керілген көк лентаны осы ауданның ақсақалы Жарылқасын  Таңбаев пен ардақты ана Есқалиева қиды. Жаңа қоныстанушылар пәтерлеріне кіріп, көріп, жарық та кең бөлмелерге көңілдері толды. tort Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Суреттерді түсірген Максим Токарь. Ақтөбе.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.08.2018

Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

15.08.2018

БҚО құтқарушылары Шалқар көлінде 4 адамды құтқарды

15.08.2018

«Хат қоржын»

15.08.2018

Елбасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады

15.08.2018

Сақтандыру шарттарын 2019 жылдан бастап онлайн режимде жасауға болады

15.08.2018

Түріктер «Қазақфильмнің» туындыларын көрсетпек

15.08.2018

Алдағы тәулікте күн суытады

15.08.2018

Астананың апорты

15.08.2018

«Егеменнің» қолдауымен «Ұлы Дала рухы» фотокөрмесі өтті

15.08.2018

Адам Пжегодскийдің Жетісудағы көпқырлы қызметі

15.08.2018

Қыркүйек айынан бастап «Астана-Теміртау» күре жолы ақылы болады

15.08.2018

Дәметкен Сүлейменованың «Жаһанша Досмұхамедов һәм қазақ автономиясы» кітабы жарық көрді

15.08.2018

Жазықсыз атылған жампоз

15.08.2018

Астананың білім беру мекемелерінің 45 басшысы тәртіптік жазаға тартылды

15.08.2018

Қарулы күштерінің сержанты ер-азаматқа лайық батылдық жасады

15.08.2018

Атыраудағы «КасХим» жылына 27 млн полипропилен мен полиэтилен шығарады

15.08.2018

Керекулік өрендер жазды ойдағыдай өткізуде

15.08.2018

Алексей Цой жеке қабылдауына жазылған азаматтармен кездесу өткізді

15.08.2018

Жамбыл филармониясына Кенен есімі берілді

15.08.2018

«ҚАЗБАТ» батальоны АҚШ-тың «Дала қыраны-2018» бітімгерлік оқу-жаттығуларына қаты­суда

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу