Ақтөбедегі алты игілік

Егемен Қазақстан
02.12.2016 94
reanomobilАқтөбеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай және Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында бірнеше әлеуметтік жаңа нысандар ашылып, екі ірі кәсіпорын пайдалануға берілді. Әуелі облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен «Қазақстандық ипо­те­­калық компания» АҚ бас­қар­­ма­сының төрағасы Әділ Мұха­меджанов «Нұрлы жол» бағдар­лама­сы аясында «Бәйтерек» ҰБХ ен­шілес ұйымы – Қазақстандық ипо­те­калық компаниясы салған тұрғын үйден ақтөбелік 25 отбасыға жаңа пәтерлердің кілттерін сал­танатты жағдайда тапсырып, қоныс тойларымен құттықтады. Өңір басшысы «Батыс-2» ша­ғын ауданында «Нектар» бала­­бақ­шасының салтанатты ашы­луына қатысты. 320 орындық «Нектар» мектепке дейінгі балалар меке­м­есі екі қабатты, жалпы аумағы 6,5 мың шаршы метрді құрайды. Мұнан кейін Бердібек Сапарбаев облыстық аурухана алаңында су жаңа 16 «Мерседес-Бенц» маркалы реанимобильдің кілттерін жедел жәрдем бригадаларына салтанатты жағдайда тапсырды. Келесі кезекте Бердібек Сапар­баев облыс­тық мамандандырыл­ған физи­ка-математикалық мектеп-интер­на­ты­ның салтанатты ашылуы­на да қа­тысты. Бұған дейін бұл мек­теп-интернат икемделген ескі ғи­ма­­ратта орналасқан-ды. Енді міне, мем­лекет пен жекеменшіктің әріптес­тігі арқылы жаңа ғимаратқа көшті. Аймақ басшысы жаңадан пай­далануға берілген «Сайлан» ЖШС магни ұнтағы және «Хромикс» пигмент-толтырғыш өндірістік цехына да барды. Жобаның негізгі бағыты құрамында хром бар қал­дықтарды кәдеге жарату болып табылады. «Хромикс» пигмент-толтырғыш және магни ұнтағы өндірісінің жобалық құны 650 млн теңге тұрады. Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе қалалық сал ауруларына шалдыққан азаматарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінде болып, мүмкіндігі шектеулі жан­дар­дың жағдайымен танысты. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» АҚТӨБЕ
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.10.2018

Буэнос-Айрес: Еліміздің Әнұраны екі мәрте шырқалды

18.10.2018

Айбике Хабибуллина Азия чемпионатында топ жарды

18.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Корольдігіне сапармен барды

18.10.2018

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Сириядағы дағдарысты шешуге шақырды

18.10.2018

ҚИК жаңа ипотекалық өнімді іске қосу туралы жариялады

18.10.2018

Ресей мен Моңғолия арасында әскери серіктестік түзілді

18.10.2018

«Өзен» өткел бермей тұр

18.10.2018

Балуандар Багам аралдарында белдесуде

18.10.2018

Сенат депутаттары Қыздар университетінің ұжымымен кездесті

18.10.2018

Жолдау 2018: мамандар қолдауы

18.10.2018

Әлеуметтік мәселелерді жылдам шешуді көздеген өңір

18.10.2018

Журналист Күлән Берікболова дүниеден өтті

18.10.2018

Екібастұзға ерекше сыйлық

18.10.2018

Шалғайдағы халық алысқа шабылмайтын болды

18.10.2018

Сенаторлар құрылыс алаңдарында болды

18.10.2018

Тағдыры ұқсас таланттар

18.10.2018

Кубань казактары қазақша шырқады

18.10.2018

Қарағандыда тәртіп сақшылары мен құтқарушылар 850 млн теңгенің жаңа техникасына ие болды

18.10.2018

Жаңа мүмкіндіктер туралы айтылды

18.10.2018

Әлемдік рейтинг жаңартылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу