Әрбір іс игілікке негізделуі тиіс

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болды. Мемлекет басшысы Әзербайжан еліндегі екіжақты ынтымақтастықты нығайту, саяси, сауда-экономикалық және мәдени, көршілік-бауырластық сипаттағы қарым-қатынасты тереңдете түсу бағытында өткен ресми сапарынан кейін Маңғыстауда екі күн аялдады. Елбасы мұнда бірқатар нысандардың жұмысымен танысып, жұртшылық өкілдерімен жүздесті.
Егемен Қазақстан
05.04.2017 402

Көзайымға айналған кешен

Маңғыстау топырағы – «Ақмышта туып, АҚШ-та жүлде алған» желаяқ Әмин Тұяқов, қазақ боксының атасы атанған Шоқыр Бөлтекұлы және басқа жетістіктерін айтпағанда, екі дүркін Олимпия ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов сынды саңлақ спортшыларды түлеткен топырақ. Өңірде бұқаралық спортты дамытуға көңіл бөлініп, тұрғындардың спортқа қызығушылығын қанағаттандыру, мүмкіндіктердің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар жоспарланып, кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. 140 мың тұрғын мен облыстың барлық аудан, қалаларынан, еліміздің бірқатар басқа қалаларынан келіп, білім алып жүрген жастардың мекені болған облыс ор­талығы Ақтау қаласында заманауи ау­қымды спорт кешенінің жоқтығы көңіл құлазытатын. Жылдан-жылға қана­тын жайып, қатарына жаңадан жеке­леген үйлер мен ғи­мараттар емес, тұтас шағын аудандар қосылып жатқан Ақ­таудың кеше ғана тұсауын кескен 33-шағын ауданын­да көрікті спорт ке­шені пайда­лануға берілді. Мемлекет басшысы мұнайлы өлкеге сапарында алдымен маң­ғыс­тау­лықтардың, әсіресе спорт­сүйер жұрт­шылықтың көзайым қуанышына айналған «Маңғыстау-Арена» спорт кешеніне барды.

2,5 га жерді алып жатқан спорт кеше­нінің құрылысы 2014 жылы «НКОК» компаниясының әлеуметтік міндет­те­мелері бағдарламасы аясында бас­талған еді. Құны 23 млрд 300 млн тең­гені құраған алып құрылысты «Нұрсәт» ЖШС табысты аяқтап шықты. Статис­тика Маңғыстау облысындағы 640 мың­ға жуық адамның 25 пайызы, яғни 158 250 адам денешынықтырумен және спорт­пен айналысады дегенді айтады. Өңір­де 12 мың бала 18 балалар мен жас­өспірімдер спорт мектебіне тегін қа­ты­сады, сондай-ақ 569 спорт ғимаратының 260-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Өткен жылы облыста 14 жаңа спорттық нысан іске қосылса, алдағы уақытта тағы да 5 нысанның құрылысы басталмақ. Биыл пайдалануға берілген екі кешеннің бірі – «Батыр» спорт кешені, екіншісі – алып «Маңғыстау-Арена» спорт сарайы. Жас­тарды тоғызқұмалақ, еркін күрес, қазақша күрес, каратэ, көркем гимнастика, дзюдо, грек-рим күресі, бокс, у-шу, таэквондо, аэробика, кикбоксинг сынды олимпиялық және ұлттық спорт түрлеріне дайындауға мүмкіндіктері мол кешенде фитнеске арналған жаттығу залы, ауыр атлетикамен айналысатындар үшін тренажер залы бар. 550 шаршы метрді құрайтын кешеннің 9333 шаршы метрлік алаңында үстел теннисі, футбол, баскетбол, волейбол залдары, сондай-ақ жекпе-жек пен жеңіл атлетикаға арналған залдар бар және кешенде бір күнде 1500 адам жаттыға алады. Сыртқы келбеті қала көркін асыратын ғимараттың ішкі жағдайы әртүрлі деңгейдегі спорттық додаларды, чемпионаттарды өткізуге мүмкіндік береді. Жергілікті мамандардан құралған 100-ден астам адамның қызмет орнына айналған аренада 50 бапкер жастарды спорттың алуан түріне баулуда.

енаның» әлеуеті туралы Маңғыстау облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Б.Байжанов таныстырды. Н.Назарбаев көрікті де зәулім спорт сарайында Маңғыстау облысының жастарымен және спортшыларымен, спорт ардагерлерімен кездесіп, жас спортшылардың оқуларына және спорттағы жолдарына сәттілік тіледі.

Еркін аймақтағы ерен істер

Теңіз жағалауында орналасқан Маңғыстау өңірі инвестиция тартуға және теңіз жолы арқылы шетке импорт шығарып, экспорт қабылдауға барынша қолайлы. Ол үшін алдымен ыңғайлы жағдайдың қажеттігі белгілі. Осы орайда өз кәсібін ашып, нәсібін табамын дегендерге түрлі жеңілдіктермен ашылған, ұлан-ғайыр аумақты алып жатқан «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының маңызы зор, ал мақсаты – өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін, соның ішінде, құрылыс индустриясы, мұнайхимия, мұнайсервис, көлік және логистика салалары үшін инвестиция тарту болып табылады. Бірнеше субзоналарға орналасқан кәсіпкерлік нысандар ел дамуына өз үлестерін қосуда. Нақтырақ айтсақ, құрылу кезінен бастап аталмыш арнайы аймақ аумағында 236 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 84 млрд теңге тартылды, 20,8 млрд теңге салық ретінде бюджетке түсті және 1023 тұрақты жұмыс орны ашылды. АЭА аумағында тіркелген 30 жо­баның 15-і жүзеге асырылды. Биыл 11 жоба жүзеге асырылып жатса, тағы 4 жобаны іске қосу жоспарлануда. Ар­найы экономикалық аймақтағы әлеует­ті жобалардың бірі – жуырда іске қосылған «Азерсун өндіріс және логистика орталығы» ЖШС 4,2 га жерді алып жатқан орталықта 10 000 м³ орын қоймаларға бөлінген. Жерінің табиғи ерекшеліктеріне байланысты көкөніс, жеміс-жидек түрлерін сырттан, әсіресе, теңіз жолдары арқылы Әзербайжан елінен тасуға мүдделі маңғыстаулықтар үшін «Азерсунның» көмегі әзір. Тон­на­лап әкелінген көкөністерді арнайы қой­ма­ларда сақтап, халыққа жеткізіп оты­рады.

Кеше ғана Әзербайжан елінде болып, екі ел арасындағы қарым-қа­ты­насты жан-жақты дамытуды айтқан Мем­лекет басшысы Н.Назарбаев Ақтау­да «Азерсун өндіріс және логисти­ка орталығында» болып, орталық­тың жұмысымен танысып, жұмысшы­лары­мен кездесті. Сондай-ақ, жеміс-жидек пен көкөніс сақталатын қоймаларды аралап көрді.

– Ақтаудағы логистика орталы­ғының қызметі азық-түлік өнімдері ба­ғасын арзандатуға бағытталған. Маң­ғыстау облысымен қатар, респуб­лика­мыздың бас­қа да өңірлеріндегі азық-түлік баға­сын төмендетіп, онымен қамтамасыз ету мақсатымен тауар­ларды сақтау, жет­кі­зілетін көле­мін арттыру жөнінде шаралар қабылдау қажет, – деді Елбасы.

Инвесторы әзербайжандық «Анадолу Инвестмент Компани» ЖШҚ болып табылатын орталық құрылысына 4,56 млрд теңге жұмсалып, 15 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Мұндағы жабық қоймалардың аумағы 8730 шаршы метрді құрайды, соның ішінде, құрғақ жүктерді, жеміс-жидек пен көкөністерді сақтауға арналған және мұздататын қоймалар бар. Барлық қоймаларға паллет ыдысындағы тауарларды сақтауға арналған 4 қабатты сөрелер орнатылған, штрих-коды бар бағытталған және орталықтандырылған бақылау жүйелері ұйымдастырылған. Жобаны жүзеге асыру Маңғыстау об­лысының сыртқы нарығын жоғары сапалы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деген сенім бар.

Мемлекет басшысы «Ақтау теңіз порты» АЭА-да орналасқан Ақтау теңіз солтүстік терминалында болу ар­қылы Каспий теңізіндегі көлік инфра­құ­рылымының дамуымен танысты. Каспий теңізіндегі көлік-логистика сала­сының дамуы мен бағытттары туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қ.Алпысбаев баяндап бер­ді. Елбасы бұдан екі жыл бұрын Маң­ғыстауға кезекті жұмыс сапары барысында іске қосылуына бастау берген Ақтау теңіз солтүстік терминалы жоба­сының құны 37,5 млрд теңгені құрай­ды. «Ақтау теңіз порты» Арнайы эконо­микалық аймағының 39,4 гектар алаң­ында бір уақытта 5 000-ға дейін кон­тейнер (TEU) мен 170 000 тоннаға дейін негізгі жүкті сақтауға болады. За­манауи көп мақсатты терминалдың өнді­рістік қуаты жылына 3 млн тоннаға дейін негізгі жүкті, оның ішінде, 1,5 млн тоннаға дейін дәнді дақылды ауыстырып тиеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта терминал астық, металл, контейнерлер мен негізгі жүктерді қабылдап жібереді, вагондарға жүкті тиеп, оларды түсіреді, кемелерге кешенді қызмет көрсетеді.

Н.Назарбаев кәсіпорын ұжымымен кездесіп, жұмысшылардың пікірін тыңдады.

– Еңбек нарығындағы тұрақсыздық­ты жою және аймақ тұрғындарын жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігімен жасалған «Жаңа серпін» өңірлік бағдарламасының аясында терминал үшін 27 адам оқытылды. Олардың көбі біз үшін қажетті мамандар – механизатор-док жұмысшылары мен тальмандар. Олар Санкт-Петербург қаласының жанындағы теңіз портында оқытылды,  – деді «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС бас директоры А.Қарабасов. Кәсіпорын 190 тұрғынды жұмысқа алып, өңір тұрғындарының жұмыссыздық мәселесін шешуге сәл де болса көмегін тигізіп тұр.

Екі сағатқа созылған емен-жарқын жүздесу

Мемлекет басшысы мұнайлы өңірдегі жұмыс сапарын өңірдің жұртшылық өкілдерімен – аудан, қала әкімдерімен, депутаттармен, салалық басқармалар басшыларымен, кәсіпкерлермен және жастармен кездесумен қорытты.

Қазақстан Президенті тәуелсіздік жыл­дарында Маңғыстаудың ел өнер­кәсі­біндегі үлесінің артқанына тоқталды.

– Өткен жылдарда Маңғыстау облы­сының экономикасы айтарлықтай өсті. Тәуелсіздік алған кезден бастап өңірлік жалпы өнім 32 есе көбейіп, 2 триллион теңгеден асты. 7 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. 2016 жылы өңірге тартылған инвестиция 400 миллиард теңге болды. Бұл – 2000 жылмен салыстырғанда 12 есе артық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Маңғыстау об­лы­сының елеулі энергетикалық, өнер­кәсіптік және көлік-логистикалық әлеуеті бар екенін айтты.

– Еуразияның дәл ортасында орна­ласқан Қазақстан әрдайым құрлықтағы ел болып саналып келді. Бүгінгі таңда біз құрлық ауқымымен шектеліп қалмай, томаға-тұйықтық шеңберін бұздық. Ақтауда заманауи теңіз портын салдық, бейнелеп айтқанда, «жолсыз жерден жол аштық», – деді Елбасы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті жүйелі дамудың жарқын мысалы ре­тін­де «Ақтау теңіз порты» арнайы эконо­микалық аймағын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев шекара маң­ын­д­ағы ынтымақтастықтың маңызды әлеуе­­тін пайдалану қажеттігіне тоқ­талды.

– Қазақстан әрдайым көршілес елдермен достық қарым-қатынас орнатып келеді. Кеше ғана мен Әзербайжанда болдым. Бұл елмен ынтымақтастықты кеңейту үшін мүмкіндіктеріміз мол. Соңғы екі жылдың өзінде Маңғыстау облысы мен Әзербайжан арасындағы өзара тауар айналымы бес есе өскен. Аймақтарыңыз Қазақстанды жаһандық және өңірлік нарықтармен байланыстыратын аса маңызды транзит торабы болып саналады. Бұл орасан зор әлеуетті толық пайдалана білген жөн, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге, Қазақстан Прези­ден­ті өңірдің әлеуметтік саладағы жетіс­тіктерін атап өтті.

– Тәуелсіздік жылдары облыс тұр­ғын­дарының саны екі есе өсіп, 640 мың адам болды. Халықтың өмір жасы да ұзарып келеді. Осы жылдар ішінде 271 мың бала дүниеге келді. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Тарихи Отанына 125 мыңнан астам адам оралды. Бұл – тұтас бір қала. Ширек ғасырда медицина мекемелерінің саны екі жарым есе, ал мектептер екі есе артқан. 229 балабақша пайдалануға берілді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғ­жанов облыстағы әлеуметтік-эконо­ми­калық жағдай мен оны дамыту перспективалары туралы баяндады.

– 2016 жылдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі индикаторлары тұрақ­ты деңгейде сақталды. Энергетика нары­ғындағы баға конъюнктурасының ауытқуына байланысты екі көрсеткіш бойынша ғана төмендеу байқалды, олар – өнеркәсіптік өндіріс көлемі және негізгі капиталға салынатын инвестициялар.Осы қорытындыларды, сонымен қатар, өңір экономикасы дамуына қосымша серпін беретін бағыттарды есепке ала отырып, біз алдағы уақытқа негізгі басымдықтарын айқындадық, дей келе, жыл соңына дейін аймақтық экономиканың оң өсімін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін шараларды қабылдау, аймақтағы ауыз су мәселесінің өткірлігі және оны шешу жолдары, мем­лекеттік-жекеменшік әріптестікті ны­ғайту, тұрғын үймен қамтамасыз етуді және кәсіпкерлікті белсенді дамыту бағытындағы жоспаларды ортаға салды.

Туу көрсеткішінінің жоғарылығы мен халықтың көші-қоны бізге бала-бақшалар мен мектептердің құрылысын тездетуді міндеттейді. Тапшылықты болдырмау мақсатында осы жылы бірден 8 жаңа мектептің құрылысын бастаймыз. Ол үшін республикалық бюджеттен 11 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмдерін пайдалану арқылы балабақшалар санын 35-ке дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, осы жылы ірі денсаулық сақтау нысандарының құрылыстары үшін, ол – Ақтау қаласындағы ауысымына 500 науқасты қабылдайтын емхана мен 300 төсекті көпсалалы аурухананың, Жаңаөзен қаласындағы медициналық орталықтың құрылыстарына арнап жекеменшік инвестицияны тарту көзделуде. Аймақтағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің даму қарқыны бар. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес біз оны әрі қарай жетілдіретін боламыз, – деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, аймақ басшысы жаңа «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы тұрғын үйлер салу қарқынын әрі қарай дамытатынын және облыс орталығындағы жаңа шағын аудандардың құрылысы үшін инвестиция тартатынын, көпшілік кәсіпкерлік пен тиімді жұмыспен қамту бойынша жаңа бағдарламаны жүзеге асыруды жетілдіретінін айтып өтті. 2017 жылы 1 млрд теңгеден астам қаржыға 250 шағын несие бөлу, 165 бизнес-бастамаларды субсидиялау жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы облыс бойынша 26 мың жұмыс орнын ашу көзделуде.

– Өңірлік экономиканы дамыту бойынша жүзеге асырылатын шаралар мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету, ең алдымен, жұмыспен қамтылуды сақтауға, жаңа жұмыс орындарын құруға, еңбек мобильділігін арттыруға, өңірдің кәсіпорындарындағы көпшілік қысқартуларды болдырмауға бағытталады. Бүгінгі таңда өңірлерде, сіз айқындап берген міндеттер мен тапсырмаларды орындауға барлық қажетті мүмкіндіктер бар. Осы мүмкіндіктерді толығымен пайдаланып, еліміздің және өлкеміздің дамуы жолында алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге бар күш-жігерімізді салатынымызға сенім білдіремін, – деді Ералы Тоғжанов. Мемлекет басшысы жаңа қызметке тағайындалған аз уақыттың ішінде облыс, аудан, қалаларын аралап, өңірді зерттеп-зерделей алғаны үшін аймақ басшысына ризашылығын айтты.

Кездесуде «Лукойл Оверсиз» компа­ниясының аймақтық координаторы, облыстық сайлау комиссиясының төр­ағасы Е.Күмісқали, Маңғыстау облыс­тық мәслихатының депутаты, Мұнайлы аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Т.Әміров, Назарбаев зияткерлік мектебі ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Н.Келехсаева, геолог О.Белоножкина, ардагер К.Егізқараев, Ақтаудағы әскери-теңіз базасы жауынгерлік ракета-артиллериялық «Орал» кемесінің байланысшысы Ж.Ибраева, «Болашақ» стипендиясының түлегі, «Каспиан Меруерт Оперейтинг Компаний» компа­ниясының жетекші инженері Ержан Абылханов сөз алып, өз өмірлеріндегі және өз қызметтеріндегі елеулі жаңа­лықтарды бөлісті, Қазақстандағы жайлы өмір, тыныштық үшін, жарқын жетіс­тіктерге қол жеткізуге мүмкіндік жаса­ғаны үшін Елбасына шексіз ризашы­лықтарын білдірді.

Мемлекет басшысы одан әрі Кәсіпкер әйелдер ассоциациясының төра­йымы, кәсіпкер С.Жақаеваны, Жастар орта­лығының жетекшісі Г.Бұрхан­динованы және Ш.Есенов атындағы КМТжИУ ректоры Б.Әділбековті, Бейнеу ауданының әкімі Б.Әзірхановты, Ақтау қаласының әкімі С.Трұмовты тыңдады. Ақтаудағы жалғыз мемлекеттік университеттің жұмысын сынға алған Н.Назарбаев Университет басшылығына сыннан қорытынды шығаруға кеңес берді.

– Ақтау архитектурасына мән беріңіз­дер, теңізден де, келесі беттен қарағанда да көз тартатын болсын. Арнайы «Архи­тектуралық Бас жоспар» жасақтау қажет. Ақтауда жасыл ағаштар жоқ, сондықтан, үйлерді әдемі етіп салып, көк теңізбен үйлестіре көрікті етіп безендіру қажет. Сіздерде қазір үйлер бірыңғай түсте, көз тартпайды. Сондай-ақ, демалыс ор­ны қонақтар үшін қызықты болуы үшін қала маңында болған жөн, деген Елбасы Ақтау қаласының әкімі С.Трұ­мов­қа Ақтауда туристік ортаны, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды, су мәсе­лесін шешіп, көгалдандыру мәселесін күн тәртібіне қою керектігін тапсырды.

Н.Назарбаев екі сағатқа жуық әр сала бойынша ашық әрі жан-жақты әңгі­мелескендері үшін кездесуге қаты­су­шыларға алғысын айтып, Қазақ­станды дамыту үшін бірге жұмыс жасай бере­тіндіктерін, өзінің әрдайым елінің сенім-қолдауына сүйенетіндігін жеткізді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Суреттер Президенттің баспасөз

қызметінен алынды




СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.06.2017

Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті

23.06.2017

Оңтүстікте 600-ден астам кооператив құрылады

23.06.2017

Медиа форум аясында сингапурлық ғалым кітабының тұсаукесері өтті

23.06.2017

Алматыда отандық суретшілердің көрмесі өтті

23.06.2017

«KAZ Minerals» Ана мен бала орталығына жаңа жабдықтар сыйлады

23.06.2017

Қазақ диаспорасы шоғырланған елдерде арнайы орталықтар ашу керек –Д.Қыдырәлі

23.06.2017

Бектас Бекназаров Франция Сенатының вице-президентімен кездесті

23.06.2017

"Самұрық-Қазына" қызметі Сантьяго принципіне сай

23.06.2017

Таэквондодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі

23.06.2017

Шығыс Қазақстан полицейлеріне 101 автобус пен 140 автокөлік беріледі

23.06.2017

Кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев чемпиондық белдікке таласады

23.06.2017

Қарағандыда Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған шеру өтті

23.06.2017

Павлодарда 300-ге жуық полицей марапатталды

23.06.2017

ОҚО-ның 500 мыңға жуық тұрғыны сапалы электр жарығына қол жеткізеді

23.06.2017

Елбасы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының Төрағасы болып қайта сайланды

23.06.2017

Елбасы: Елге келем деген азаматтарға қауымдастық арқылы бар жағдай жасалуы керек

23.06.2017

Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы (фото)

23.06.2017

Елбасы шетелдегі қазақтарды қолдау үшін "Отандастар" қорын құруды тапсырды

23.06.2017

Үкімет танымал қазақтардың электронды базасын жасайды

23.06.2017

Асыл қасиет сеңгірі

КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Клай-фай жанры немесе әдебиеттегі табиғат апаттары

Бірер апта бұрын АҚШ президенті Дональд Трамптың қоршаған ортаны қорғауға қатысты Париж келісімінен шығамын деген еді. 2015 жылдың желтоқсан айында 194 мемлекет қол қойған Париж келісімі – ғаламдық жылыну процесін тежеуге арналған әрекеттер жоспары. Тараптар өздеріне климаттың өзгеруіне икемделу, техникамен қайта жасақтану, ауаға залалды заттардың шығарылуын азайту бойынша шаралар қабылдауға міндеттемелер алған болатын. АҚШ аталған келісімнен бас тартып отыр. Бір қуаныштысы, шығамын деген сәтте шыға салуға болмайды, бұл рәсім төрт жылға созылады екен. Осы жағдай есіме клай-фай жанрындағы әдебиетті түсірді.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Үкілі үміт үдесі

«Тойдың болғанынан, боладысы қызық» демекші, Арқа төсіндегі ару Астанада жаһандық шара – ЭКСПО-2017 көрмесінің жалауы желбірегеніне, міне, он күннің өрмегі ауды. Осы уақыт ішінде «Ұлттық жобаға» деген егемен елдің үкілеген үміті ақтала ма, Бүкіләлемдік жетіс­тіктер көрмесінің қос ғасырға тақау шежіресінде өткен көрмелер керуенінде «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің алар орны қандай дәрежеде болар екен деген сұрақтарға жауап іздеуіміз де заңды.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Жік пен жіп

Автобуста өзіңнен жасы үлкен адамға ұшып түрегеліп орын беру үшін кісіге соншалық көп ақылдың керегі жоқ-ау. Отбасында адам қан­дай тәрбие алса, көшеде, қоғамдық орындарда мұнысы тайға таңба басқан­дай көрініп тұрады емес пе? Бірақ қай ата-ана «автобуста көзіңді тас жұмып, құлаққабыңды киіп отыра бер» деп үйдегі баласының сана­сын бөтен оймен лайлайды дейсің. Соған қарағанда, адамның мәде­ниетті болмағы үйдегі алған тәрбиесіне қоса, «Тірлікте көп жаса­ғандықтан көрген бір тамашамыз» деп Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айт­пақшы, әр адамның өмірден дұрыс сабақ түйіндей білуіне байланысты болса керек-ті. 

Қуат БОРАШ, журналист-публицист

Оралыңның барында оқы да біл

Халқымыздың бітім-болмысын бейнелейтін қазыналы қара өлеңдер топтамасын парақтап көріңізші. Даңғайыр даланың жусан исімен әтірленген жұпар  ауасы дауылпаз көңіліңізді аспандатып, еріксіз шабытыңыздың шоғын үрлейді.  

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қазақтың құты

Қазір қалада тұратын аға буын ұрпақтың басым көпшілігінің санасындағы, жалпы жан дүние­сін­дегі, ұғым-түсінігіндегі алтын бесік ауыл бейнесі бала­лық шақтың бал дәуренінде қа­лып­тасқан ғой. Содан да болар, қашанда көл көңілді қазақы мінездің, астың асыл-дәмдісін көпке сақтайтын дархан пейілдің, айтпай келетін қыдыр қонаққа қуанатын мырза бейілдің нұр шуағына малынып өстік десек те болады. Қарап отырсақ, осындай ақ-адал пейіл, көңілдің кеңдігі қазақтың құты екен-ау.

Пікірлер(0)

Пікір қосу