Әріптестіктің жандануына сенім білдірді

Бүгін Ақордада Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырған Төтенше және өкілетті елшілер БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Егемен Қазақстан
30.05.2017 912

Корея Республикасының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэ-Сик қос тарап арасында дипломатиялық ынтымақтастық орнаған 25 жылдың ішінде өзара байланыс тетігі нығайып келе жатқанын жеткізді. «2009 жылдан бастап біздің қарым-қатынасымыз стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейіне көтерілді. Бүгінгі күнге дейін қос тарап арасындағы сапарлар мен достыққа негізделген келіссөздер Қазақстан-Корея ынтымақтастығының тереңдеуіне жаңаша серпін берді. Мен өз тарапымнан электронды үкімет, мемлекеттік басқару, адами ресурстарды басқару секілді мәселелерді, жалпы екіжақты байланысты кез келген салада одан әрі дамытуды назарда ұстайтын боламын. Бұдан бөлек, Қазақстандағы корей диаспорасы да екі ел арасындағы әріптестіктің жандануына серпін берді, әлі де ықпал етіп келеді. Қазір Корея үкіметі ЭКСПО-2017 көрмесіне белсене қатысуға дайындық шараларын жүргізіп жатыр. Көрме аясында Корея павильоны жаңа технологияларға негізделген озық өнімдерін жұртшылық назарына ұсынатын болады», – деді.

Ал Сербия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Владан Матич соңғы бірнеше жылдар бойы қос мемлекет қарым-қатынасының қарқын ала түскеніне, Сербия үшін Қазақстан Орталық Азиядағы маңызды серіктестердің бірі екеніне тоқталды. Ол: «Біз Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатын қолдаймыз. Мен өз тарапымнан бүгінгі күнге дейін жүргізілген жұмыстарды одан әрі жалғастыруға күш салатын боламын», – деді өз сөзінде.

Индонезия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Рахмат Прамоно мен Румынияның Төтенше және өкілетті елшісі Чезар-Маноле Армяну да әріптестерінің сөзін қуаттады. Мәселен, Рахмат Прамоно Индонезияның Қазақстанда бүгінгі күнге дейін тағайындалған екінші Төтенше және өкілетті елшісі екен. Жалпы, бұл елмен дипломатиялық байланыс 1993 жылдың 2 маусымында орнаса, Индонезияның Астанадағы елшілігі 2010 жылдың желтоқсан айында ашылды. Өз сөзінде Рахмат Прамоно: «Бүгінде Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Тұрақты емес мүшелігіне сайлануы арқылы әлемде бейбітшілік пен тыныштықтың орнауына күш салып келеді. Оған Сирияда қалыптасқан жағдай бойынша Астанада бейбіт келіссөздердің жүргізілуі – дәлел. Сол себепті, Индонезия Қазақстанның өңірдегі тұрақтылықпен қатар, дүниежүізіндегі қауіпсіздіктің нығаюына қосып отырған үлесін жоғары бағалайды. Жалпы, екі мемлекет әріптестігінің даму әлеуеті жоғары. Қос ел қарым-қатынасына бизнесмендердің жүргізген өзара келіссөздері де тың серпін береді деп ойлаймын. Алдағы уақытта Индонезияның 2 компаниясы фармацевтика және тау-кен салаларына инвестиция құюды көздеп отыр», – десе, Румынияның Төтенше және өкілетті елшісі Чезар-Маноле Армяну Қазақстан мен Румыния биыл 15 шілдеде дипломатиялық байланыстың орнауының 25 жылдығын атап өтетінін атап өтті.

«Қазіргі таңда қос мемлекет арасында дипломатиялық деңгейде көңіл толарлықтай қарым-қатынас, ал президенттік, парламенттік, үкіметтік деңгейде жоғары саяси үнқатысу орнаған. Бұдан бөлек, экономикалық ықпалдастық мәселесінде өзара сенім бар, мәдени, білім-ғылым салаларында жақсы деңгейдегі әріптестік жолға қойылған. Мен алдағы уақытта екіжақты келіссөздер көкжиегінің кеңеюіне, оның ішінде экономика, сауда, иннофациялық технологиялар, адами ресурстарды басқару, білім-ғылым, мәдениет пен спорт салаларындағы байланысты жандандыру жолында еңбек ететін боламын», – деді Чезар-Маноле Армяну.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.06.2018

Парламентте балалар денсаулығына қатысты заң жобасы қаралды

19.06.2018

ОҚО-ның әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшіріледі

19.06.2018

Елімізде газ нарығында үлкен өзгерістер болады

19.06.2018

Энергетика министрі халық алдында есеп берді

19.06.2018

Асхат Аймағамбетов: «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің 98,4%-ы білімдерін растады

19.06.2018

Ақсуда Қымызмұрындық мерекесі өтті

19.06.2018

Мемлекет басшысы Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойды

19.06.2018

Қ. Тоқаев сарапшылар алдына жаңа міндеттер қойды

19.06.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

19.06.2018

Павлодарда казактар мәдениеті мен өнері күні өтті

19.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумына қатысты

19.06.2018

Головкинге The Ring журналының белбеуі табысталды

19.06.2018

Чемпиондар лигасы. «Астананың» іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

19.06.2018

Астанада Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтіп жатыр

19.06.2018

Сенаторлар валюталық реттеу туралы заң жобаларын талқылады

19.06.2018

«Жетісу көктемі» атты республикалық форум: жас қаламгерлер не дейді?

19.06.2018

СҚО-ның Бостандық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш-тақта орнатылды

19.06.2018

Мемлекет басшысы Қайрат Мәмиді қабылдады

19.06.2018

Бурабайда «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді

19.06.2018

Солтүстік Қазақсанда жаңа мешіт ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу