Археологиялық ескерткіштерді қорғау көңіл көншітпейді

Дүние жүзінде жерінің көлемі жағынан 9-шы орындағы елімізде мәдени-тарихи құндылықтардың орасан зор қоры бар. Бұл керек десеңіз, мұнай, газ бен түсті металдардан да мол қор. Дегенмен, біз заттық және рухани мәдени мұраларымызды қорғау мен сақтау мәселелерінде шетелдерден ширек ғасыр артта қалып қойдық! Соның салдарынан ескерткіштер ескерусіз, иесіз қалып, әртүрлі әсерлерден жойылуда.
Егемен Қазақстан
19.04.2017 1132

Мәдени мұра заттық және бейзаттық деп екіге бөлінеді. Заттық мәдени мұраға ескерткіштер мен жәдігерлер жатса, бейзаттық мұраға эпикалық мұра, ұлттық музыка, айтыс, күйшілік, шешендік өнер, фольклор, салт-дәстүр, қолөнер, ұлттық ойындар, мифология және т.б. жатады. 

Қазақстан егемендік алғаннан бергі ширек ғасырда технологиялық және әлеуметтік жаңғыру процестерінің тез жүруі мен жерді өндірістік, шаруашылық мақсатта қарқынды игеруі кеңінен етек алды. Бұл өз кезегінде әртүрлі маңыздағы тарихи-мәдени ескерткіштердің жойылуы мен олар орналасқан мәдени ландшафтының бұзылуына алып келді.

Тарихқа көз жүгіртсек, еліміздегі археоло­гиялық ескерткіштер адами әсер­ден жаппай бұзылудың мынадай бірнеше ірі сатысын бастан өткерген:

Бірінші – патшалық Ресейдің Қазақ даласын отарлаудағы басты құралы – казак отрядтары мен жаппай қоныстанған келімсектердің Қазақ даласында алтын іздеп, арнайы түрде обаларды шахталық әдіспен жаппай тонаулары. Кейбір казак жасақтарының құрамында мыңға дейін адам болған делінген дерек бар. Осы XVIII ғасырдың ортасы мен XIX ғасырдың аяғында казак жасақтарынан тыс Қазақ жеріне әртүрлі мақсатпен келген экспедициялар, саяхатшылар ел мұрасын өзге елге сұраусыз әкетіп отырған.

Екінші – кеңестік кезеңдегі тың игеру уақыты. Жоспарды асыра орындау үшін қажетті, қажетсіз мақсатта жерлер жыртылып, бар-жоғы үш жылда елімізде мыңдаған ескерткіштер мәдени ландшафтысымен бірге бұзылды. Бірақ бұл кезеңде Қазақстан бойынша археологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде, 1960 жылы алғаш рет Қазақстанның археологиялық картасы жасалған еді.

Егемендік алып, етек-жеңімізді жия бастаған жылдарда археологиялық ескерт­кіштер жаппай бұзылу мен тоналудың үшінші ірі сатысынан өтуде. Бұл кері про­цесті дер кезінде тоқтатпасақ, келер ұрпақ алдында кешірілмес үлкен күнәға батарымыз айдай анық!

Қазақстан Республикасының заңы бойынша, жер, не су астында көмулі қалған археологиялық мұра нысандары (тас дәуірінен кейінгі ортағасырларға дейінгі қала жұрттары, обалар, жартастағы суреттер, қоныстар мен тұрақтар және т.б.) мемлекеттің меншігі мен қорға­луында болуы тиіс. Мемлекеттік есеп­тегі ескерткіштерден тыс жыл сайын архео­логиялық барлау жұмыстары барысында жаңа ескерткіштер табылып жатады. Археологиялық ескерткіштерде жүргізілетін жұмыстардың барлық түрі арнайы рұқсат – лицензия негізінде жүзеге асады. Қазба жүргізген әр жеке және заңдық тұлға табылған жәдігерлерді зерттеу жұмыстарын жасап болғаннан кейін мемлекеттік Музей қорларына тапсыруы тиіс. Өз қолдарында көп уақыт ұстау, не жеке мүддесі үшін пайдалану заңсыз болып табылады.

Шын мәнінде, біздің елде археоло­гиялық мұра нысандарындағы жұмыстар мерзімсіз берілген лицензия түрінде жүргі­зіледі. Соның салдарынан қай тұлғаның (заңды және жеке) Қазақстанның қай жерінде, қандай нысанды, қай әдістемеге сүйеніп қазғанын, нендей жәдігерлер тапқанын және қазылған ескерткіштер қалай жабылғанын, не жаңғыртылғанын еш құзырлы мекеме толық білмейді. Шетелдік тәжірибелерге сүйенсек, археологиялық ескерткіштерде атқарылған жұмыстардың міндетті түрде ғылыми есебі, оның ғылыми сараптамасы және нендей жәдігерлер табылғандығының толық тізімі болуы шарт. Ең бері айтқанда, көрші Ресейде археологиялық зерттеу жұмысын жасау рұқсатнамасы тек бір нысанға ғана беріліп, ондағы атқарылған жұмыстардың толық есебі беріліп, сараптамадан өткен соң ғана келесі зерттеуге рұқсат беріледі. Бізде лицензия жеңілдетілген түрде бәріне, Қазақстан бойынша, ескерткіштердің барлық түріне жұмыс жасауға беріледі. Жер астынан қазып алынған есепсіз, тіркеусіз мұраларымыздың қайда, кімнің қолында, қанша мөлшерде жүргендігін біле алмай отырған жайымыз бар. Зерттелген ескерткіштерді сақтау мен музейлендіру шаралары міндетті түрде жүргізілуі тиіс.

Бүгінгі таңда археологиялық мұралар­дың жойылуының қауіпті жаңа факторы пайда болды. Ол – еш рұқсатсыз жүр­гізілетін тонаушылық қазбалар. Бұл қаз­­ба­лардың жаппай етек алуына ескерт­кіш­терді қорғаудың мемлекеттік жүйесінің әлсіздігі ықпал етуде.

Жекелеген адамдардың (көбіне ауқатты) сату үшін ежелгі бұйымдарды табу мақ­сатындағы тонаушылық қазбалар жасауы соңғы жылдары өте жиіледі. Заңсыз жолмен тапқан, негізі мемлекеттің меншігі болып саналатын жәдігерлерді интернет-сайттар арқылы жекелей сату қалыпты үрдіске айналып отыр. Қазақ­стан бойынша осылай сауда жасайтын көмбе іздеушілердің интернет-сайттары, жеке парақшалары, форумдары, бейне түсірілімдері бар. Археологиялық жәдігерлердің еркін сауда айналымында жүруіне шектеу қоятын кез келді.

Тарихи ескерткіштердің тоналғандығын тіпті, жергілікті әкімдік пен полиция бөлімшесінің өзі білмей қалып жатады. Себебі, қарамағындағы ескерткіштердің санын, қайда орналасқандығын және тарихи құндылығын білмейтін ауыл басшылары көп.

Осыдан бірнеше жыл бұрын солтүс­тіктегі көршімізде металл детектормен қаруланған көмбе іздеушілер мен тонау­шылық қазбалар жасау мемлекеттік деңгейдегі мәселеге айналып, әр деңгейде қоғам болып талқылап, соңында рұқсат етілмеген металл құралмен іздеу жүргізгені үшін 500 000 рубльге дейін айыппұл салу мен 6 жылға дейін бас бостан­дығынан айы­р­а­тын заң қабылданды.

Бүгінде археологиялық мұраларды жинаумен айналысатын сол жеке коллекционерлер мен әуесқойлар біздің заңдағы олқылықты, шекараның ашық­тығы және жұрттың ақпаратпен толық қамтылмағандығын пайдаланып, Қазақ­стан жерінде өз әрекеттерін емін-еркін жалғастыруда. Яғни, археологиялық жәді­­гер­лер түріндегі ұлттық құндылық­тары­мызды турист ретінде келіп, ел аралап, тиынға сатып алып, шетке әкетуде. Тіпті, жергілікті әуесқой көмбе іздеушілердің топтары құрылып, кейбірі ауқымды түрде тонаушылық қазбалар жасап жүр.

Мұндай тонаушылық әрекеттер Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында қатты өршіп тұр. Мұраларымызды сақтаймыз десек, жаппай дертке айналмай тұрғанда, тонаушылық қазбалар мен металл детектормен қаруланған көмбе іздеушілерді құрықтау қажет.

Бұл жерде елден өз заманында шетке әкетілген мәдени құндылықтарды қайтару – реституция мәселесі қайта туындайды. Осы мәселемен шағын жұмыс тобы айналысып, әкетілген құндылықтардың (тек археологиялық жәдігерлер ғана емес, оған қоса антропологиялық және палеоостеологиялық топтамалар да) толық тізімін жасау және халықаралық құжаттар мен құндылықтар сақталған елдің заңдарына сүйене отырып, олардың түпнұсқаларын, не көшірмелерін жасату арқылы қайтарудың жолдарын іздеуі тиіс деп санаймын. Бұл бағыттағы жұмыстар Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен басталып, аталмыш облыс аумағында жарты ғасыр бұрын қазба жүр­гізген археологиялық экспеди­циялардың Мәскеуге әкетілген жәдігерлерінің көшір­мелері жасалынды. Өткен жылы Мә­дениет және спорт министрлігі тара­пы­нан үкіметтік деңгейде Кейкі батыр­дың бас сүйегінің қайтарылуы осы бағыттағы жұмыстардың басы деп санаймыз. Музейлер арасындағы халық­аралық байланысты нығайту, мәдени құндылықтарды заңсыз саудалау, құнды­лықтарды табылған еліне қайтарту мәселелерінде Халықаралық музейлер қауымдастығының Қазақстандық өкілдігі – ИКОМ Қазақстанның алар орны ерекше.

Ескерткіштердің құндылығы мен оны бұзған жағдайда қандай жауапқа тартылатынын білмейтін ел азаматтарының кейбірі тонаушыларға көмектесіп, кездей­соқ тапқанын оларға сатып, бизнеске айналдырып та жүр.

Жалпы, Қазақстандағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғалуы мен сақталуына облыстық әкімдіктер жанындағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану мекемелері (әр облыста формалары әртүрлі – инспекция, бөлім, орталық, т.б.) жауапты. Сонымен қатар, ескерткіштердің сақталуына қатысты дабыл қағуы тиіс қоғамдық ұйым – тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғаудың Қазақ қоғамы да бар. Ескерткіштердің қорғалуы мен сақталуына жер-жердегі өкілдіктерді тарта отырып, партиялық бақылау жасау да қажет сияқты.

Әр жер иесі немесе оны пайдаланушы сол территориядағы ескерткіштерді қорғау міндеттемесін түсінуі және қазу, не тонау фактілерін көргенде жергілікті әкімдіктерге, музейлерге, болмаса облыс­тық ескерткіштерді сақтау және қорғаумен айналысатын мекемелерге хабарлауы тиіс. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 247- бабына сәйкес, жер телімінің иесі немесе жылжымайтын мүлік иесі өз жерінен мәдени құнды жәдігерлерді тауып алған жағдайда арнайы сыйақыға мемлекетке қайтаруы тиіс. Кездейсоқ түрде олжаға ие болған, не істерін білмей отырған азаматтар да жергілікті музейлер мен ескерткіштерді қорғау инспекцияларына хабарлағаны дұрыс.

Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғаудың тағы бір жолы – облыстар бойынша әр деңгейдегі есепте тұрған және жаңадан ашылған тарих және мәдениет ескерткіштерін жаппай инвентаризациядан өткізіп, Қазақстанның археологиялық нысандарының ұлттық тізімін дайындау қажет. Әрине, әр облыста әр жылдарда әр деңгейде дайындалған өңірдегі тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинақтары баспадан шығарылған-ды. Бүгінде бұл мәліметтер жаңа ескерткіштердің ашылуымен толықты. Ескерткіштер жинағын облыс емес, әр аудан бойынша жіті барлау жасап, құжаттау өзекті болып отыр. Осы ақтаңдақтардың Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша орнын толтыру мақсатында Қазақстанда алғаш рет 2004 жылы археолог М. Елеуовтің бастамасымен далалық барлау жұмыстарының нәтижесінде «Оңтүстік Қазақстан облысының археологиялық картасы. 1 том. Түлкібас ауданы» атты әкімшілік ауданның жинағы баспадан шықты. Кейіннен 2008 жылы аталған археолог бастаған топ жеке кәсіпкер – «Абди компани» АҚ-тың президенті Ә.Бимен­диевтің қаржылай қолдауымен Оңтүс­тік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы Қарақұр ауылдық округінде архео­логиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, «Қарақұр ескерткіштері» атты ауылдық округтің ескерткіштер жина­ғын шығарып, кітапты өз ауылының қазынасын біле жүрсін, қорғай жүрсін деген мақсатпен тұрғындарға таратқан. Бұл жұмыс­тың нәтижесінде бір ауылдық округ­тің аумағынан 61 ескерткіш жаңадан табылып, ғылыми айналымға енгізілді.

Бұл бағыттағы археологиялық барлау, есепке алу, құжаттауды әр әкімшілік аудан бойынша ұзақ жылдар бойы жүргізіп, дайындаған әзірге Жамбыл, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары ғана болып отыр. Сондықтан республика бойынша бізге белгілі 25 000-нан астам тарих және мәдениет ескерткіштерінің саны төрт-бес есе өсуі мүмкін. Республикалық маңызы бар мемлекеттік тізімдегі 218 нысанның саны да артары анық. Жоғарыда мысал келтіргендей, бұл жаппай науқанға бизнес өкілдерін де тарту маңызды.

Есепте тұрған және жаңадан ашылған археологиялық ескерткіштердің бұзылуын бақылап, жиі мониторинг жүргізу өте қажет. Менің ойымша, жыл сайын ғылыми мониторинг пен сараптамаға сүйенген ұлттық баяндама дайындалып, сонда айтылған жетістіктер мен кемшіліктер бойынша келер жылғы осы саладағы жоспарлар бекітілуі қажет сияқты. Мысалы, жыл сайын ел бойынша жойылудың жоғар­ғы сатысында тұрған нысанның тізімі жасалып, сол тізімге және туристік кластерлер мен бағыттарға сай зерттеу, консервациялық және реставрациялық жұмыстар жасалынса екен.

Жуықта дүниежүзілік мұралардың алдын-ала тізіміне енген ортағасырлық Талхиз қала жұртының көз алдымызда қиратылуы халықаралық ЮНЕСКО мекеме­сінің қаһарын төгуі мен Қазақстан Үкіметінің осы тізімдегі ескерткіштерді дүние жүзі алдында сақтау мен қорғауға жауапты болғандығы арқасында аман қалды. Ал тарихи құндылығы бұдан да жоғары, күнделікті бұзылып, елеусіз, иесіз жатқан қаншама ортағасырлық қала жұрттары, обалар, жартастағы суреттер галереялары бар. Бір ғана мысал, соңғы бес жылда тек Шығыс Қазақстан облысындағы археологиялық ескерткіштерде мынадай тонаушылық пен бұзушылық әрекеттері орын алған: Шыңғыстау өңіріндегі «Қа­ражыра», «Балапан» көмір өндіру орындары, «Алтынқазған» сынды ірі кен өндіру орындарындағы ескерткіштердің бұзылуы; Аягөз ауданындағы Қырықоба қорымының бульдозермен қазылып, тоналған ерте темір дәуірінің обалары; Се­мей қаласы аумағындағы Көкентау обалары мен қоныстары және т.б.

Археологтар М.Елеуов пен Д.Талеев­тің еңбектерінен алынған мәліметтер бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында қолдан бұзылып жатқан ортағасырлық қалашықтар мен елді мекендер мыналар: Қазығұрт ауданында Тұрбат, Төрткүлтөбе, Шарбұлақ, Алтынтөбе, Күлтөбе, Тентектөбе сынды қалашықтары; Түлкібас ауданында Жамбасарық, Балықты-2, Еңбек, Сарыбұлақ, Кіші Көкбұлақ елді мекендері, Төрткүлтөбе қалашығы; Түркістан ауданында Хантағы төрткүлі, Күлтөбе, Алмалысай, Құшата, Қарашық-1 елді мекендері; Бәйдібек ауданында Қостөбе-2, Мыңбұлақ-1, Кеңес төрткүлі, Жарты төбе, Шақпақ; Созақ ауда­нында Шолақ­қорған қалашығы мен Көк­бұлақ, Балат­ұрлан, Қошқар ата елді ме­кендері; Шар­­дара ауданында Шәушіқұмтөбе, Үтір­төбе қалашықтары мен Көксутөбе елді мекені.

Жамбыл облысының Жуалы ауданында Ақтөбе, Бурнооктябрьск-1, Қырк күріз, Бекініс, Дарбаза, Шыңбұлақ, Ұзынбұлақ, Шайхана қалалары мен елді мекендер; Жамбыл ауданында Айша бибі ауылынан оңтүстіктегі елді мекен, Бектөбе ауылынан батыстағы елді мекен; Талас ауданында Тамды қалашығы; Сарысу ауда­нында Бұрқатты елді мекені; Шу ауданында Қорғаншы бекінісі сынды ортағасырлық қалашықтар мен елді мекендер бұзылып, апатты жағдайда тұр. Бұл тек үш облыстағы біз білетін жайлар, ал бізге белгісізі қаншама...

Ескерткіштерді қорғау мен сақтауда облыстық әкімдіктер өз жауапкершіліктерін әлі де толық сезінбеуде. Дегенмен, соң­ғы жылдары Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыс­тарының мысалында ескерткіштерді зерттеу, сақтау мен насихаттау саласында жақ­сы бастамалар бар. Мысалы, Қы­зыл­орда облысында сақтардың Шірік­рабат қала жұрты, ортағасырлық Жанкент, Сы­ғанақ қала жұрттары және Сауыс­қандық петроглифтері зерттеліп жатса, Жамбыл облысында ежелгі Тараз қалашығында кешенді қазба жұмыстары жүргізіліп, «Көне Тараз» археологиялық паркі жасақталды. Маңғыстау облысы әкімдігінің «Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қоғамдық қамқоршылықты бекіту туралы» 2006 жылғы маусымның 30-ындағы қаулысына сәйкес, облыс көлеміндегі республикалық және жергілікті мәртебелі ескерткіштерге қамқоршылыққа кәсіпорындар мен жауапты мемлекеттік қызметкерлер бекітіліп, 2006-2010 жылдар аралығында ескерткіштерді қорғау аймақтарында 28 қоршау, 23 қорғау тақталары, 29 жолсілтегіш орнатылды.  Мемлекеттің қорғауындағы тарихи және мәдени ескерткіштерінің қорғау аймағына көгалдандыру және абаттандыру шаралары жүргізілді. Былтырдан бастап осы бастамалар жалғасы Шығыс Қазақстан облысында Шілікті, Берел, Елекесазы және Абылайкит сынды археологиялық ескерткіштерді зерттеумен жалғасқан-ды.

Жаһандық әлемде Қазақстанды қай жерден көретініміз біздің мәдени-рухани құндылықтарымызды қалай қорғауымызға, сақтауымыз бен жаңғыртуымызға бай­ланыс­ты.

Ақан ОҢҒАРҰЛЫ,
Ұлттық музейдің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.10.2017

Су қоймасының беріктігіне екі ел де мүдделі

24.10.2017

«Нұрлы жол» бағдарламасына 2017 жылы 484,2 млрд тг бөлінген

24.10.2017

«Нұрлы жер» – баспаналы болудың елеулі мүмкіндігі

24.10.2017

Фариза феномені

24.10.2017

Қымызды тұңғыш зерттеген қазақ

24.10.2017

Адвокаттық көмек қайткенде қауқарлы болмақ?

24.10.2017

Рухани келісім – орнықты дамудың негізі

24.10.2017

Нәсіптің көзі атакәсіпте

24.10.2017

Ресми бөлім (24.10.2017)

23.10.2017

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

23.10.2017

7 күнде «Сергектің» көмегімен 1300-ден астам бұзушылық анықталды

23.10.2017

Көкшетаулық каратэшілер ел чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

23.10.2017

Моңғолия тауларында 10 альпинист қаза тапты, жетеуі іздестірілуде

23.10.2017

Атырауда заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістер талқыланды

23.10.2017

Қасым-Жомарт Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті

23.10.2017

Мың мезет (ой-отау)

23.10.2017

«Шынайы шымылдық» сахна сәнін келтірді

23.10.2017

Шыңғырлауда ұстазға ескерткіш орнатылды

23.10.2017

«Ата, мен қай тілде сөйлеп тұрмын?..»

23.10.2017

Лондон төріндегі қаламгер тойы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Рухани келісім – орнықты дамудың негізі

Тәуелсіздігіміздің елең-алаңында, яғни осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын мемлекеттік дең­гей­де қабылданған шешімдер мен қол­ға алынған бастамалар өзі­нің өмір­шеңдігін көрсете отырып, қо­ға­мы­мыздың игілігіне айнала білді. Әсіресе қоғамды рухани келісімге үнде­ген, татулық пен береке-бірлігі­мізді арт­тыруға бағытталған сауатты да сали­қалы бастамалардың жөні бөлек.

Әйіп ЫСҚАҚ, биология ғылымдарының докторы, профессор

Нәсіптің көзі атакәсіпте

Халқымыз төрт түлік өсіруді атакәсіптің біріне, тіпті бірегейіне балаған. Тіршіліктің нәрі, көзі деп ұққан. Содан болар, ауыл адамдары амандасқанда «мал-жан аман ба?» деп хал-жағдай сұрасып жатады. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қаржы жүйесіндегі тарихи шешім

Алпауыт ел Америка Құрама Штат­тары­ның экономикасы қазіргі кезде өз жарасын өзі жалап жазатын көк­жал қасқырға ұқсайды. Ол өзінің осы қасиетінің арқасында жазылмастай сыр­қатқа шалдыққан қазіргі қаржы ка­питализмнің ғұмырын барынша ұзартып келеді. Бүгінгі күні бүкіл әлемге билігін жүргізіп отырған ка­пи­тализмнің басты тірегі бастапқы кезде осы формациялық құрылыс­тың отаны әрі таратушысы болға­нымен соңғы жылдары барынша әлеу­меттене бастаған Еуропа емес, нарық­тық жолға түсіп, жедел байып келе жатқанымен Конфуций қағидасы бойынша мемлекетті әке деп қабыл­дап, бүкіл халық үшін одан әкелік қам­қорлық талап ететін дана Қытай емес, корпоративтік рухты ту етіп көтерген еңбекшіл Жапония мен Оңтүстік-Шығыс Азияның елдері емес, нақ осы АҚШ-тың өзі болып отырғандығын біраз жұрт жақсы біледі.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Онлайндағы жұңғо жұрты

Қытай. Жан-жақтан ағылған адамдар мен көлік ағысы толас­тар емес. Бағдаршамның қызыл шамына тоқтаған көлікте отырып, жан-жағыңды бағдарлайсың. Сіз отырған көлікке жапсарласа, бірінен соң бірі жапырлап велосипед мінген жолаушылар сы­наласып тоқтап жатыр. Ал жол жүруге рұқсат берілгенде бей­не құмырс­қалар тəрізді өре жөнелген қос дөңгелекті көлік­ке отыр­ған­дардың шеруін көр­гендейсіз. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Кімді тұлға тұтамыз?

Баяғының жастарына «Мен өмір­ден өзімді іздеп жүрмін» деп сөйлеу тән болатын... Жақында Америкада оқып жүрген қазақ­стандық жас өреннің пікірін тыңдап көруге тура келді.

Тағы да оқу

Пікірлер(3)

(26.07.2017 18:22:56)

Абу Алпамыс (16.05.2017 16:39:27)

Археологиялық мұраның жойылу қауіпі ол – еш рұқсатсыз жүр­гізілетін тонаушылық қазбалар. Бұл ең алдымен қаз­­ба­лардың жүйесіз, иесіз бақылау-қадағалаусыз жаппай етек алуы мен ескерт­кіш­терді қорғаудың мемлекеттік жүйесінің әлсіздігі. Мұнда әрине, Ақан сенің Мәселені тереңнен түсініп, жанайғай боларлық дүниенің жанашырлық танытуыңды аңғарамыз. Әттең, сен қатарлы ауызбірлігі бар қанша қазақ жігіттері болса, құрығанда әр облыста бір-бір жігіттен болса, Нар жолында жүк қалмас еді ... Өкінішке орай кеше жас ғалым болған сенің өзің бүгінде аға буын ғалымдары қатарындасың. Бұйырса, ауызбірлікпен жұмыс жасап, тиісті Заңдар қабылданса, жүйелі жұмыс жүретін болар!?

Абу Алпамыс (16.05.2017 16:08:04)

Археологиялық мұраның басты жойылу қауіпі – еш рұқсатсыз жүр­гізілетін тонаушылық қазбалар. Оның жер-жерлер жаппай етек алуы, ескерт­кіш­терді қорғаудың мемлекеттік жүйесінің әлсіздігі. Әрине, бұл Мәселені тереңнен түсініп отырған Ақан сенің жауапкершілікпен жанашырлықтан шыққан жан-айқайың деп қабылдаймыз. Кеше жас буын қатарындағы сенің бүгінде орта аға буынға өткеніңнің өзі бұл саладағы кәсіби маманның жетіспейтіндігін аңғартса керек. Әттең, әр облыс пен қалалық орталықтар сен сияқты тарихи-мәдени құндылығымызға жаныашыр бір-бір жігіттен болса, Нар жолында ендігі жүк қалмас еді.

Пікір қосу