«Арландар» алғаш рет жеңілді

Бүкіләлемдік бокс сериясында өнер көрсететін «Астана арландары» же­тінші маусымда алғаш рет жеңіліске ұшырады. Былғары қол­ғап ше­бер­леріміз Ташкентте Өзбекстан командасына жол берді.
Егемен Қазақстан
03.04.2017 521

Талдықорғандағы бірінші кездесуде жерлестеріміз 4:1 есебімен басым түскен еді. Ол кезде де көршілеріміз мықты құрам­мен келген. Арасында Олим­пия ойындарының жүлде­г­ерлері болды. Ринг иелері бұл жолы сол кеткен есені қай­таруға тырысты. Тіпті, жекпе-жек алдында Рио-2016 Олим­пиадасының чемпионы Хасанбой Дусматов 5:0 есебімен ұтамыз деп сұхбат та берді. Дусматовтың бұл пікірімен Антон Пинчук қана келіскен жоқ. Қалғаны жаппай жеңілді.

Алдымен шаршы алаңға 64 килодағы боксшылар көтерілді. «Арландардың» намысын Діл­мұрат Мижитов қорғады. Ол Өзбекстанда тұратын этникалық қазақ Елнұр Әбдірайымовпен жолықты. 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері болып саналатын Әбдірайымов біздің Мижитовке еш мүмкіндік бермеді. Төрешілер бірауыздан Елнұрдың жеңісін мойындады (45:50, 46:49, 47:48).

Екінші жұпта (56 килоға дейін) жұдырықтасқан Ілияс Сүлей­менов те Абулхай Шара­товтан айласын асыра алмады – 0:3 (47:48, 47:48, 45:50).

Ал 75 килодағы өзбек боксшысы Исроил Мадримов біздің Сапарбай Айдаровтың осал тұсын тауып, командасына үш ұпай сыйлады. Қорытынды есеп – 0:3 (45:50, 45:50, 46:49).

Қазақстан командасының жалғыз жеңісі Антон Пинчукке тиесілі. Биылғы маусымда үшінші рет шаршы алаңға шығып отырған Антон өз салмағындағы рейтингте көш бастап тұр. Бұл жолы ол Зухриддин Махкамовты оңай жеңді.  Қорытынды есеп – 3:0 (50:45, 50:45, 49:46).

Соңғы болып шаршы алаңға Рио Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Хасан­­бой Дусматов пен қазақ бокс­шысы Теміртас Жүсі­пов көте­рілді. Төрешілер Дусматов­тың же­ңісіне еш күмән келтір­меді. Сөй­тіп, 4:1 есебімен өзбек коман­­да­сы «Арландардан» есе қайтарды.

Бек ТӨЛЕУОВ,

журналист

АСТАНА



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.02.2018

Иранда 60 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

18.02.2018

Эфиопияда төтенше жағдай жарияланды

18.02.2018

18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

18.02.2018

Өскеменнің әкімі грейдермен қар тазалады

17.02.2018

Асқар Жұмағалиев Шымкентте цифрландыру жобаларымен танысты

17.02.2018

Білім министрлігі балалардың әлеуметтік желілердегі белсендігін бақылауға шақырды

17.02.2018

Головкин - "Канело" екінші жекпе-жегіне арналған трейлер шықты

17.02.2018

Жанат Жақиянов кәсіби бокстағы карьерасын аяқтады

17.02.2018

Болгарияда Қазақстан туралы деректі фильмдер көрсетіледі

17.02.2018

Астанада тұңғыш рет инклюзивті спорт фестивалі өтеді

17.02.2018

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайдың CCTV арнасына берген сұхбаты жарияланды (видео)

17.02.2018

Павлодарда Достық фестивалі өтті

17.02.2018

Мексиканың оңтүстігінде 7.2 балдық жер сілкінісі болды

17.02.2018

Белгілі жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев дүниеден өтті

17.02.2018

Н.Назарбаев: Мемлекеттер арасындағы сенім мәселесі өте маңызды

17.02.2018

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2018

Елбасы Қытайдың «Бір белдеу-бір жол» бастамасына қосылудың пайдасын түсіндірді

16.02.2018

Қазақстан халқы 1 қаңтарда 18 млн 157 мыңға жетті

16.02.2018

Астанада Тұңғыш Президент Қоры сыйақысының лауреаттары марапатталды

16.02.2018

Сенатта жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша уәкілетті органдармен кездесу өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Пассионар

Гумилев анықтамасына жүгін­сек,­ пассионарлық – жұлдыздардың әсе­рімен, табиғат пен тарихаттың қи­лы­ дүмпулерімен қайталанып тұра­тын­ заңды құбылыс. Пассио­нарлар бой­­­ларында тасыған күш-қуат­ты, жү­рек­теріндегі жалын жі­гер­ді айнала тө­ңірегін, келе-келе күллі қауым-жұр­тын өзгерту ора­йын­дағы мақсатты жұ­мысқа жұм­сайды. Олай болса, пассио­нарларды қоғамдық қозғалыстың не­ғұрлым белсенді тегершіктері, жа­ңа­шылдар, жасампаздар десек те жа­раса­ды.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Айтушың қандай, ағайын?

«Айтушы ақылды болса, тыңдау­шы дана болады» дейді халық ма­қа­лы. Осы бір тәмсілдің өн бойында үл­кен ұлағат жатқанына шек кел­ті­ру­дің өзі күнә. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Блокчейн: сый мен сын

Таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қаржы министріне қарата айтқан сөзінде блокчейн технологиясын са­лық жинау жүйесінде қолдануды құп­таған болатын. Бұл – бүкіл әлем­ге сыйы мен сынын қоса әкеле жат­қан төртінші өнеркәсіптік рево­лю­цияның бір жаңалығы.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ұзаққа созылған келіссөз

Германия канцлері Ангела Меркель жетекшілік ететін Христиан демо­кра­­тиялық одағы және Христиан со­циа­лис­тік одағы Германия социал-демо­­кра­тиялық партиясымен ұзақ­қа созылған келіссөздерден соң, коали­ция­лық үкімет құру бойынша мәмілеге келді. Келіссөздер барысында, сондай-ақ ортақ бағдарлама да бекітілді. Ал Бундестаг (парламент) сайлауы 2017 жылдың 24 қыркүйегінде өткен болатын.

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Қалтафондағы қауіпті қосымша

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен аптаның соңында Ақпа­рат және коммуникациялар ми­нистр­лігі «Дербес деректер және олар­ды қорғау туралы» Заңға қай­шы келгені үшін GetContact мобильді қосымшасының еліміздегі қолданысына шектеу қой­ған еді. Бірер күн бұрын Әзер­бай­жан да қосымшаға тыйым салған бола­тын. Қазақстандық қалтафон қол­дану­шылары бар болғаны бір ғана күн пайдаланған бұл қосымша несімен қауіпті еді? Жеке ақпаратты саудалайтын мұндай қосымшаларға төтеп беруге бола ма?

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу