«Арландар» плей-оффқа аяқ басты

Тараз қаласында Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) кезекті маусы­мында қазақстандық «Astana Arlans» пен ресейлік «Patriot boxing team» коман­далары қолғап түйістірді.
Егемен Қазақстан
23.03.2017 990

Алғаш болып шаршы алаңға 52 кило салмақта «арландардың» капитаны Ол­жас Сәттібаев пен ресейлік Вячеслав Таш­­караев шықты. Жекпе-жек бастала сала қарсыласын соққының астына ал­ған жерлесіміз екі раундтың көр­сет­кіші бойын­ша алда болды. Алайда, кезек­ті бір сәтте Ташкараевтың қабағы жарылып, дәрігерлер кездесуді әрі қарай жал­ғас­тыруына мүмкіндік бермеді. Осылайша, Сәттібаев ұпай санымен жеңіске жетті.

Келесі 60 килода жерлесіміз Зәкір Сафиул­лин мен Артур Сұбханқұлов жұды­рық­тасты. Жеңісті жолды жалғас­тыру үшін Сафиуллин барын салды. Ресейліктің адымын аштырмады, бет-ауызын қан-жоса қылды. Сұбханқұлов ара-тұра шабуылдамақ болған, бірақ онысынан түк шықпады. Нәтижесінде, Закир Сафиуллин басым түсті.

Үшінші болып рингке 69 кило сал­мақта Асланбек Шымбергенов пен ресей­лік Шахабас Махмұдов шық­ты. Бастапқыда Махмұдовтың соққы­лары­нан абдырап қалғанмен, Асланбек көп ұзамай бар өнерін ортаға салды. Шаршы алаңда толығымен үстемдік құрған ол жекпе-жек нәтижесін  3:0-ге жеткізді.

81 килода сынға түскен Арман Рысбек үшін жекпе-жек оңай болмады. Себебі, отандасымыз әлем чемпионатының жүлдегері Павел Силягинмен қолғап түйістірген еді. Тәжірибесі мол ресейлік боксшы қарсыласын нокаутқа түсіруді ойлағанымен, онысынан түк шықпады. Қайта жанкүйерлерінен рухтанған Арманның мысы басты. Кезекті сәт­тердің бірінде Павел Силягин тіпті нок­даун да алып қалды. Бес раундтың қорытындысы бойынша Арман Рысбек жеңіске жетті.

Соңғы болып аса ауыр салмақтағы бокс­шылар шықты. «Арландардың» дебю­танты Олжас Боқаев тәжірибелі Магомед Омаровпен жұдырықтасты. Олжас та жеңіске жету үшін аянып қалма­ды. Шабуылға өзі шығып, қарсы­ласын қыспаққа алумен болды. Дегенмен, бұл сында Омаровтың мерейі үстем болып, «Patriot boxing team» командасының алғашқы жеңісін еншіледі. Қорытынды есеп – 4:1.

Осылайша, «Astana Arlans» коман­дасы 12 ұпаймен турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды. 1 сәуір күні олар Өзбекстанның «Uzbek Tigers» ұжымымен сынға түседі.

Аян ӘБДУӘЛИ,

«Егемен Қазақстан»



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.08.2018

Атырау облысында құрылыс саласының үздіктеріне құрмет көрсетілді

15.08.2018

Бүгін Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

15.08.2018

Құрбан айт мерекесі тамыздың 21-і күні басталады

15.08.2018

Аралды құтқару – әлемді құтқарумен пара-пар

15.08.2018

Эдуард Успенский өмірден озды

15.08.2018

Чемпиондар лигасы: «Астана» «Динамодан» 0:1 есебімен жеңіліс тапты

15.08.2018

Ақтөбе өңірінде егін ору басталды

14.08.2018

Дзюдошы қыздар үш жүлде алуды көздеуде

14.08.2018

Делдалшылар көмір бағасын қолдан жасап отыр

14.08.2018

Астанада «Сергек» камераларының көмегімен 2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған

14.08.2018

Құқықтық талапты сақтаса шетел телеарналарына шектеу жоқ - Дәурен Абаев

14.08.2018

БҰҰ Бас хатшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюын құптайды

14.08.2018

Қорытынды көрсеткіштер көңілге қонымды

14.08.2018

Қара жолдың қасиеті

14.08.2018

Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған көрме-байқауы өтті

14.08.2018

Қажымұқан көтерген тас

14.08.2018

Арал аумағында атқарылар шаруа көп

14.08.2018

«Хрущевкалардан» құтылудың тиімді тетігі

14.08.2018

Оқулық шығаруда олқылықтарға жол берілмеуі қажет

14.08.2018

Байзақ батыр кесенесі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Халық санының артуы – елге құт

Халық санының артуы Қазақстан сияқты жер көлемі үлкен, халық саны аз мем­лекеттерге ежелден маңызды мәселе­лердің бірі болып келеді. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу