«Арландардың» арыны қатты

«Астана арландары» же­тінші маусымның топтық кезеңін аяқтады. Бүкіл­әлемдік бокс сериясында өнер көрсететін Қазақстан командасы соңғы кездесуін Қытайда жергілікті «Чайна Драгонспен» өткізді.
Егемен Қазақстан
25.04.2017 4721
2

Бокс кеші Қытайдың Санье қаласында өтті. Жерлестеріміз жинақылық танытып, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Алдымен шаршы алаңға 52 килодағы боксшылар көтерілді. Нұрлан Ақұрпеков Әнуар Мұзап­паровқа сенім артқан екен. Өкініш­ке қарай, Әнуар сенімді ақтай алған жоқ. Қытайлық қарсыласы Гуо Жаннан жеңіліп қалды.

Гуо Жан – Әнуар Мұзаппаров – 3:0 (49:46, 49:46, 49:46).

Осы маусымда жанкүйерлерді желпіндіріп жүрген жігіттердің бірі Зәкір Сафиуллин. Шымкенттік сайыпқыран 60 килода жұды­рық­тасып, Сен Ванды сабасына түсірді. Осылайша таразы басы теңесті.

Сен Ван – Зәкір Сафиуллин – 1:2 (46:49, 46:49, 48:47).

Қазақ боксшыларының 69 килода өзгелерге ұтылуы сирек екенін көзіқарақты жанкүйер жақсы біледі. Дәл осы салмақта төрт бір­дей Олимпиаданың алтынын еншілеген біздің оғландар басқа жарыста да жеңіле қоймайтын. Бірақ бұл жолы Әулиеата өңірінің тумасы Асланбек Шымбергенов Хуричабилигтен айласын асыра алмады.

Ричабилиге Хуричабилиг – Асланбек Шымбергенов – 3:0 (49:48, 49:48, 49:48).

Есесіне, Арман Рысбек бапкерлер штабы мен жанкүйерлердің үмітін ақтады. Бұған дейін Таразда ресейлік Павел Силягинді қапы қалдырған Арман бұл жолы Лид Ванды нокаутқа түсіріп, есепті екінші рет теңестірді. Арман Рыс­бек дәл қазір спорттық бабында жүр. Ұлттық құрама бапкерлері осы боксшының әлеуетін ескеріп, әлем чемпионатына апарса да болар еді.

Лид Ван – Арман Рысбек (Рысбек 1-раундта техникалық нокаутпен ұтты).

Соңғы шешуші кезеңде кере­кулік Олжас Боқаев командаға жеңіс сыйлады. Ол Жибао Ванды төр­тінші раундта техникалық нокаутпен ұтты.

Жиабао Ван – Олжас Боқаев (Боқаев 4-раундта техникалық нокаутпен ұтты).

Сонымен, топтық кезеңді бірінші орынмен аяқтаған «Астана Арландары» турнирдің келесі кезе­ңіне жолдама алды.

Айта кетейік, WSB аясындағы жетінші маусымның топтық ке­зеңінде 12 команда өнер көр­сетті. Олар үш құрлық бойынша бөлінді. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша келесі кезеңге әр топтан үздік команда ғана шығады. Азия құрлығының тобы ең қиыны болғандықтан, бұл жолы екі командаға мүмкіндік берілді. Ал Еуропа мен Америка құрлығынан тек бір команда ғана плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Бек ТӨЛЕУОВ,

журналист

АСТАНА


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.12.2018

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Ұлттық Банк жүзеге асырады

13.12.2018

Түркістан облысында мақта қалдықтарынан электр қуатын өндіретін зауыт салу жоспарлануда   

13.12.2018

«Мұрагер ханзада» компаниясының өкілдері Екібастұзда болды

13.12.2018

Елбасы Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Засьпен кездесті

13.12.2018

Қыздар университетінде Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш тақта орнатылды

13.12.2018

Тағы төрт спортшы допингпен ұсталды

13.12.2018

Ұлағатты ұстазбен кездесу өтті

13.12.2018

Түрікменстанның вице-премьері: екі ел арасындағы әрекеттестіктің деңгейі жоғары

13.12.2018

«БҰҰ Адам құқықтары Жалпыға ортақ Декларациясына» 70 жыл» шарасы өтті

13.12.2018

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті

13.12.2018

«Qazaq Banki» АҚ салымшылары кепілдік берілген депозиттері бойынша өтемді ВТБ-дан алатын болды

13.12.2018

Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсе ашылды

13.12.2018

Алматыда қаланың үздік мұғалімдері марапатталды

13.12.2018

Джиу-джитсудің хас шеберлерінің жүлдесі үшін жарыс өтеді

13.12.2018

Қ.Тоқаев қытайлық Genertec холдингінің басшысын қабылдады

13.12.2018

«Нұр Отан» партиясының депутаттары Алматының 2019 жылғы бюджетіне ұсыныстар енгізді

13.12.2018

Алматыда АИТВ-мен өмір сүретіндерге көмектесетін мобильді қосымша таныстырылды

13.12.2018

Үш ардагерге «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді

13.12.2018

Левандовски мергендер көшін бастады

13.12.2018

Қазақфильм «Қызғалдақтар атамекені» деректі фильмін жарыққа шығарды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу