Арман Сейітмамыт: Кино әлеміне «Ел Арнаны» барынша етене жақындастыру керек

Қызықты бағдарламаларымен есте қалған «Ел Арна» телеарнасы 2017 жылы қайта ашылғаны белігілі. Бағыты да, ұжымы да түгелдей дерлік өзгерген телеарна отандық телевизия нарығына жаңа үлгімен келді. Бүгінде ол  көркем фильмдер мен деректі жобалар көрсететін еліміздегі тұңғыш телеарна болып отыр. Кино әлеміне етене жақын арнаның бүгінгі жай-күйі мен ішкі әлеуетін білу мақсатында арна басшысымен сұхбаттасқан едік.

Егемен Қазақстан
16.10.2018 4562
2

- «Ел Арна» телеарнасы талай кезеңді өткерді. Атауы да, бағыты да көп өзгерді. Тіпті 2014 жылы арна жұмысын тоқтатып, 2017 жылы эфирге қайта оралғанын да көрермен жақсы біледі. Телеарнаның бүгінгі тыныс-тіршілігі қалай, қандай жаңалықтармен бөлісесіз?

- «Ел Арна» аты қалғанымен бұл мүлдем бөлек арна. Бұның алдындағы болған «Ел Арнамен» ешқандай арақатынасы жоқ. Әрине «Хабар» агенттігінің ішінде қалады. Бірақ қазіргі телеарна бұл көркем фильмдер көрсететін телеарна. Өздеріңіз білетіндей, телеарна 2017 жылы қайта ашылды. Біз ол кезде тек қана қазақстандық фильмдерді ұсынып келдік. Еліміздің тұңғыш киноарнасының эфирінде классикалық жауһар туындылар, бүгінгі күннің үздік картиналары, телехикаялар мен деректі жобалар көрсетілді.  Кейінірек олардың қатарына анимациялық телеөнімдерді де қостық. Жаңа маусымда телеарнада көптеген өзгерістер болды. Жаңа эфирлік кесте құрдық. Күндізгі 12:00-18:00 аралығында отандық телехикаялар көрсетіледі. Ары қарай кешкі уақытта әр 2 сағат сайын  көркем фильмдер көрермен назарына ұсынылады.

- Осы маусымнан бастап «Ел Арна» телеарнасы түркі әлемінің классикалық фильмдерін қазақ тілінде көрсетуді қолға алды деп естіп жатырмыз. Осы жөнінде айтып өтсеңіз.

- Иә, Орталық Азия мемлекеттері мен түркі тілдес елдердің алтын қорында сақталған толық метражды фильмдерді көрсете бастадық. Қазір тәжік ағайындардың фильмдері эфирде жүріп жатыр. Келесі кезекте әзірбайжан, қырғыз, өзбек, түрік фильмдері бар. Түркі тілдес елдермен мұндай әріптестік байланыс жалғасын табады деп ойлаймыз.

- Бүгінде арнаның 80 проценті отандық толық метражды фильмдерге тиесілі. Қалған бөлігін кинематографияға арналған бағдарламалар құрайды. Бір ғана бағытта жұмыс істеудің қиындықтары бар ма?

- Әрине қиындықтарын айтатын болсақ, өкінішке орай, отандық фильмдер саны аз. Өткен жылы елімізде 30-дан астам кино түсірілді. Ал биылғы есеп бойынша 50-ден астам фильм түсірілген екен. Ал эфирді толтыру үшін біз тәулік бойы жұмыс істеуіміз керек. Ол үшін біздің өніміміздің саны көп болуы тиіс. Фильмдер саны көп болған сайын, қайталану аз болады. Қазір өкінішке орай, фильмдердің жетіспеушілігінен эфирде бірнеше рет қайталанулар орын алып отыр. Сол себепті құпиясы мол кинематография әлеміне саяхат жасайтын бағдарламалар көрерменге жол тартты. «Ашық көрсетілім», «Кино кафе» атты арнайы телебағдарламаларымыз соның бір дәлелі. «Ашық көрсетілім» ток-шоуында отандық киноиндустрияның танымал тұлғалары кадрдан тыс қалған дүниелер мен белгілі фильмдердің беймәлім деректерін сөз етеді. Сондай-ақ бұл бағдарламада кейіпкерлер мен авторлардың тағдыры, фильмнің дүниеге келу тарихы сынды мағлұматтар да ашық алаңда айтылады. Ал «Кино кафе» бағдарламасынан кинематография корифейлері, танымал актерлар мен жас режиссерлердің әсерлі сыр-сұхбатын көруге болады. Сонымен қатар біз Халықаралық кинофестивальдерден тікелей көрсетілімдер,  қызықты сюжеттер мен күнделіктер ұсынамыз.

- Қандай да бір фильм түсіру жоспарларыңызда бар ма?

- Ол жоспар емес, ол әзірге арман. Әрине ойда бар. Егер бізге қаржы бөлініп жатса, онда біз «Ел Арна» ретінде өзіміз мүмкін қысқа метражды фильм түсірерміз. Қалай болғанда да биыл жаңа жыл қарсаңында ұжым болып өз күшімізбен қысқа метражды фильм түсіруді ұйғардық. Сол сияқты басқа да дүниелер жасауға болады бірақ бір қиыны сол, оның барлығын жасауға әзірге мүмкіндік жоқ. Қаржыландыру жағы кішкене оңынан шешілетін болса, тағы да біраз істейтін жұмыстар бар.

- Телеарна ұжымында қазір қанша қызметкер жұмыс істейді?

- «Ел Арнада» мені қосқанда 18 адам қазір. Арнамызда ұжым шағын, адам көп емес. Бірақ барлығы да білікті мамандар, өзінің жұмысын жақсы білетін азаматтар. Әсіресе жұмысқа деген қызығушылығы бар жастарды қатарымызға қосып жатырмыз. Арамызда Ленинградтың режиссурасын оқып келген азаматтар да бар. Болашақ жастардың қолында болғандықтан, оларға деген сеніміміз мол.

- Қазір кез келген ұйым қоғаммен байланыс жасаудың түрлі әдістерін қолданады. Бұл ретте әсіресе әлеуметтік желінің қауқары мықты. «Ел Арна» мұндай жұмыстарға қаншалықты көңіл бөледі?

- «Ел Арна»  халықтың сүйікті арнасына айналуы қажет. Еліміздегі көркем фильм көрсететін жалғыз телеарна болғандықтан, оған барынша қолдау көрсетуіміз керек. Қазақфильм түсірген небір тамаша туындылардың көбін қазір көрермен білмейді. Біздің мақсат – көрермен мен қазақ киносы арасындағы байланысты жалғау. Сондықтан да телеарнаның жұмысын өз деңгейінде жүргізу үшін біз әлеуметтік желінің де көмегіне жүгінеміз. Бұл бүгінгі заман талабына сай дүние. Одан біз қалып қалмауымыз керек. Шамамыз жеткенше әлеуметтік желі арқылы арнаның аңдатпаларын жарнамалап жатамыз. Әлеуметтік желі бір жағынан аудиториямен кері байланыс орнатудың таптырмас құралы. Көрермен желіде өз ойларын еркін білдіреді. Біз әрине олардың ұсыныс-пікірлерін ескереміз. Егер олар сұраған фильм бізде болмаса, Қазақфильмнен алып, көрсетіп жатамыз.

- Әр жылдары бағыты өзгеріп отырса да, телеарна өз аудиториясын жоғалтпады. Мәліметтерге сәйкес арнаның алғашқы кезеңдегі көрермен аудиториясы 10 млнға жуық болған. Ал бүгін ше? Көрерменнің көп бөлігін кімдер құрайды?

- Қазір жастар теледидар қарамайды. Олар өздеріне қажет дүниені интернеттен қарайтыны белгілі. Менің ойымша, біздің аудитория орта жастағы 30-дан асқан азаматтар мен үлкен қария кісілер. Біз 2017 жылы қайта ашылғанда тек қана «OTAU TV» жерсеріктік желісінде ғана болып келдік. Сол кезде кішкене көрермен саны аздау болды. Жақында барлық кабельді операторларға қосылдық. Қазір алғашқы батырмалардың біріміз. Соның арқасында әрине көрермендердің саны біраз өсті.

- Арман Балтабайұлы, бұған дейін «24 KZ» телеарнасының басшысы болған едіңіз. Ақпараттық арнадан кейінгі қазіргі телеарнамен жұмыс жасау легі қалай болып жатыр?

- Екеуі де бір бағытта жұмыс істейтін телеарна болғандықтан, мен үшін екеуі де бірдей. «Хабар 24» телеарнасында 24 сағат бойы телефоным жанымда болатын. Әр 5 мин сайын біреу жұмысқа қатысты шұғыл хабарласушы еді. Әлемнің 18 мемлекетінде және еліміздің әр облысында меншікті тілшілеріміз жұмыс істейді. Солардың барлығынан үздіксіз күнделікті ақпараттар келеді. Астанадағы негізгі орталықтың өзінде де қаншама қызметкеріміз бар. Соның бәріне бас-көз болып, әрдайым бақылап отыратынмын. Сенбі, жексенбі демалыс, мейрам деген түсінік жоқ болатын ол кезде. Бірақ әрине ол жұмыс ауыр болғанымен өте қызықты. Оның үстіне мен 20 жылдан аса жаңалықтар саласында жүрдім. Ақпараттық телеарнаның қарбалас қызығына әбден үйреніп қалғам.

Сондықтан да ол жұмыс маған аса қиын болмаған шығар. Бірақ «Ел Арнаға» келгендегі алғашқы бірінші ай мен үшін кішкене қиындау болды. Десе де, кино әлемі мен үшін негізі бөтен әлем емес. Өйткені менің ата-анам актерлар. Кішкентайымнан өнер адамдарының арасында жүргендіктен бұл дүние маған аса таңсық емес. Бірақ қалай болғанда да кино әлемі алғашында қиындық туғызды. 20 жыл жаңалықтарда жүргеннен соң, біраз ізденуім керек болды. Еліміздегі тұңғыш көркем фильмдер ұсынатын телеарнаға жетекшілік ету үшін жаңа жоспарлар құрдым. Кино әлеміне мүмкіндігінше «Ел Арнаны» етене жақындастыру керек. Кейінірек режиссерлер келіп менің туындымды телеарнадан көрсетші деп ұсынатындай жағдайға жетсек дейміз.

- Жаңалықтар жүргізушісі, шеф-редактор қызметтерін атқардыңыз. Телеарна жұмысының ішкі тыныс-тіршілігін жақсы білесіз. Мұндай қызметтік жолдар бүгінде сізге әр қызметкермен қалай сөйлесу керек немесе ұжымды қалай басқару керек деген секілді мәселе туғызбайтын шығар?

- Бұрын қатардағы жауынгер болған кезде кейбір басшылардың шешімдерін әділетсіз деп ойлайтынмын. Өзім басшы болғалы бұл қызметтің жүгі қаншалықты ауыр, жауапты екенін түсінем. Менің ойымша, басшы бірінші кезекте әділетті болуы керек. Қызметкермен сөйлеспей, мәселенің анық-қанығына жетпей жатып шешім қабылдау дұрыс емес деп ойлайм. Екіншіден тәртіп болуы керек. Кез келген ұжым тәртіпті талап етеді. Өзім де бір кездері қатардағы журналист болдым. Сондықтан ұжымдағы әр қызметкерге ерекше мән берем. Телеарнаға жастар көп келеді. Ең әуелі мен оларға дұрыс бағыт-бағдар беруге тырысам.

- Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Маржан ТІЛЕУБЕК,

«Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Сенат комитетінде «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды

22.01.2019

Астананы газдандыру үш кезеңмен жүргізіледі – Бақыт Сұлтанов

22.01.2019

Азат Перуашев көше, мекеме атауларына Алаш қайраткерлерінің есімдерін беруді ұсынды

22.01.2019

«Бес әлеуметтік бастама»: салық жүктемесін төмендету 2 млн азаматқа қосымша кіріс алуға жол ашады

22.01.2019

Сегіз каратэшіміз Парижде күш сынасады

22.01.2019

Руслан Дәленов: Шағын несие көлемі ұлғаяды

22.01.2019

2018 жылы Қытайдағы бала туу көрсеткіші күрт төмендеді

22.01.2019

Солтүстік Қазақстан бишілері халықаралық байқауда бас жүлдені олжалады

22.01.2019

Солтүстік Қазақстанда екі мың шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылады

22.01.2019

Үздіктер қатарында жүрген қазақстандық боксшылар кімдер?

22.01.2019

Ел аумағынан 28 шетелдік шығарылды

22.01.2019

Солтүстік Қазақстанда әкімшілік қызметкерлері пара алуға бейім

22.01.2019

Давоста дүниежүзілік экономикалық форум басталды

22.01.2019

М. Әбілқасымова: Микрокредит жастар арасында да сұранысқа ие

22.01.2019

Астана станциясының өткізу қабілетін ұзартылған «иін» арттырды

22.01.2019

Екібастұз ГРЭС 1 2018 жылды қуаттың рекордтық көрсеткіштерімен аяқтады

22.01.2019

«Нұрлы жер» арқылы салынған үйлер «7-20-25» бағдарламасымен берілуі мүмкін

22.01.2019

Жұмыссыз xалыққа микрокредит беру жүзеге асырылып жатыр

22.01.2019

Оралда онколог дәрігерлер қауіпті дерттің қатерін ескертті

22.01.2019

Жетісу кәсіпкерлерінің өтініші жерде қалмайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу