«Арманым – Афинада жүгіру»

«Әйгілі Марат Жыланбаевтан кейін біздің өңірден марафоншы шықпай жүр», деп реніш айтатындар бар. Бекер. Желмен жарысқан желаяқтар арамызда жүр, Құдайға шүкір. Соның бірі – Павлодардың Ақтоғай ауданында тұратын Сұңғат Қайыртаев. Ауылда жүріп-ақ, Астана мен Алматыдағы, алыс-жақын шетелдегі жарыстарға қатысатын спортшы, бүгінде Ақтоғай аудандық білім беру бөлімінің спорт әдіскері болып қызмет атқаратын азаматпен аз-кем әңгімелескен едік.
Егемен Қазақстан
23.06.2017 3776
2

– Сұңғат, жуырда Астанадан жүлдемен оралғаныңды жақсы білеміз. Жеңіс құтты болсын! 
– Рахмет! Елордада халық­аралық екінші BI Marathon ұйым­­дас­тырылды. Бұл – қайы­рымдылық марафоны. Бес мың­дай адам қатысты. Үш мың­ға жуығы – «BI Group» ком­пания­сының қызметкерлері. Үміт­керлердің ең егдесі – 74 жаста, ең кішісі – сегіз жаста. Қатысушылар 5, 10, 21 және 42,2 шақырымдарға жүгірді. Мен 42,2 шақырымдық қашықтыққа жүгірген 30-39 жас аралығындағы спортшылар бәсекесінде мәре сызығын бірінші болып кестім. Көрсеткішім – 2 сағат 40:43 минут. Біздің топта жүзге жуық адам өнер көрсетті. Бұл – менің 10-ын­шы марафоным. Классикалық марафоннан алғаш рет жүлде алдым. Кезекті бір биіктікті ба­ғын­­дырғаныма қуаныштымын. Әйт­песе, 6, 12 және 24 сағаттық супер­марафондарда бақ сынап, талай мәрте олжалы болғанмын. 
– Марафонмен қашаннан бері әуестеніп жүрсің? 
– Мені көбі балуан ретінде тани­ды. Еркін күреспен айналыс­қанмын. Марафон – бала күнгі арманым. 2013 жылдан бастап аңсарым ерекше ауып, алғашқы марафоныма қатыстым. Қатты ұнады. Содан бері жарыстарға қатысып жүрмін. Қазір марафон өмірімнің мәніне айналды. 
Марафон – қашықтықты жүгіріп өткен қатысушының бар­лы­ғына естелік медаль берілетін жалғыз спорт түрі. Ол адамды өзін-өзі тәрбиелеуге, саламатты өмір салтын ұстануға үйретеді. Сондай-ақ, марафон арқылы әлемнің көптеген елін аралауға мүмкіндік бар. Жүгіру – ең тиімді спорт түрі. Бұған арнайы аяқ киімің мен ниет болса жеткілікті. Жүгірумен кез келген уақытта, кез келген мерзімде, кез келген жерде айналысуға болады және ол жас талғамайды. Марафонмен айналысуға осының бәрі әсер еткен шығар деп ойлаймын. 
– Алғашқы марафоныңды қай жерде жүгірдің? 
– Оны ұмыту мүмкін емес. Алғаш рет Ресей Федерация­сының Омбы қаласында ұйым­дас­ты­рылған марафонда бақ сынадым. 42,2 шақырымды еш қиындықсыз жүгіріп өттім. Мақсатым жүлде алу емес, мәреге жету еді. Сол ойымды жүзеге асырдым. Ал одан кейінгі әр марафоным қиынға түсті. Себебі, нәтижені жақсарту үшін күш-қуатыңды сарқа жұмсауға тиіссің. Бүгінге дейін 10 марафонда, тоғыз жартылай марафонда бақ сынадым. Жеңіп алған жүлдем де жетерлік. 
– Күн сайын жаттығасың ба?
– Иә. Күніне 15-20 шақырым жүгіремін. Жұмыстан кейінгі айналысар ісім – жүгіру. 
– Шәкірттерің бар ма? 
– Екі шәкіртім бар. Абай атын­дағы орта мектептің оқушылары Әлімхан Құрманғалиев пен Жа­нар Төлеуді дайындап жүр­мін. Екеуінің де аяқ алысы жақсы. Әлі 18 жасқа толған жоқ. Сондықтан, ірі марафондарға қатыса алмайды. Десе де, осы жылдың 23 сәуі­рінде VI Алматы марафонында өнер көрсетті. 10 шақырымды ба­ғындырды. Осы жылдың тамыз айында Ресейдің Омбы қаласында ұйымдастырылатын марафонға өзіммен бірге Әлім­ханды да ала кетпекпін. 
– Әйгілі Марат Жыланбаев секілді Гиннестің рекордтар кі­табына енерліктей тәуе­кел­дерге бару ойда жоқ па?
– Жоқ. Ол үшін қыруар қар­жы мен мотивация керек қой. Бірақ, бір арманым бар. Марафонның тарихи отаны – Грекияда жүгіргім келеді. 
– Алда қандай жарыстар бар?
– Шілде айында Астанада Қа­­зақстан чемпионаты өтеді. Әзір­­­ше күні нақтыланған жоқ. Сондай-ақ, тамызда Ресейдің Ом­б­­ы қа­ла­сындағы марафонға қа­тысуды жоспарлап отырмын. Осы екі жарысқа дайындалудамын. 
– Әңгімеңе рахмет. Сәттілік серік болсын!

Әңгімелескен 
Фархат ӘМІРЕНОВ,
журналист
Павлодар облысы,
Ақтоғай ауданы

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.09.2018

«Астана Опера» сахнасында «Астана – Әлем дауысы» халықаралық фестивалі ашылады

26.09.2018

Қостанайда төртінші Цифрлы ХҚО ашылды

26.09.2018

Семей ядролық сынақ полигонының жағдайы ғылыми басқосуда талқыланды

26.09.2018

Қазақстанда неміс технологияларын қолдануды жоспарлап отыр

26.09.2018

Сатунда сайысқа түседі

26.09.2018

Құсбегі қыздар

26.09.2018

Қостанайлық полицейлер қырғызстандық жүк машинасын өрттен аман алып қалды

26.09.2018

Дирижердің бақытты сәті

26.09.2018

Жылу беру маусымына әзірлік басталды

26.09.2018

Қостанай облысы мен Қытай арасында үш инвестициялық жоба жүзеге асады

26.09.2018

Сөз сойыл №67

26.09.2018

Қостанайда Қазақ ұлттық мәдени күні өтті

26.09.2018

Қоғам жұмыла қарсы тұруы қажет

26.09.2018

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?

26.09.2018

Қазақстанда жасалған өнімдер Мәскеуде «Жыл тағамы» номинациясын иеленді

26.09.2018

Алғашқы медициналық көмектің сапасын арттырмақ

26.09.2018

GGG-дің алдағы жоспарлары қандай?

26.09.2018

Төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

26.09.2018

Әріп танымайтын баладан Африканы сұраған...

26.09.2018

Оқушыларды ағылшын тіліне баулиды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

Jańa mamandyq jaıy

«Erinbe. Eńbek et, mal tap» degen sózdi Abaıdan keıin ata-analarymyz jıi aıtatyn. Alaıda áleýmettanýshylar eńbek etý men tabysty bolýdyń mazmuny men shynaıylyǵy ózgerdi degendi alǵa tartady. Al eńbektiń formýlasy jumys isteý, kásip ashyp, tabys tabý ekeni belgili. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tirshilikti mádenıet bıleıtin qoǵam

Osy ýaqytqa deıin jeke adamnyń tirshiligin, turmys jaǵdaıyn onyń bilimi men eńbekqorlyq qasıetiniń bılep kelgendigi belgili. Adamdar kóp jaǵdaıda qoǵamnan bilimine saı oryn alyp otyrdy. 

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу