Арқадағы тұлпарлар дүбірі

Президент жүлдесіне арналған бәйге түрлерінен «ЭКСПО-2017» кубогы өтті. Өткен жексенбіде Астана қаласындағы «Қазанат» атшабарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың жүлдесіне арналған бәйге түрлерінен «ЭКСПО-2017» кубогы болып өтті. Шараны ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы облысының әкімдігі, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Қазақстанның бәйге түрлері қоғамы.
Егемен Қазақстан
13.06.2017 1151

Дүлдүл ақын Ілияс Жан­сүгіров: «Жанына халқымыздың жыл­қы жаққан, жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан...» дегеніндей жексенбінің ала таңымен таласа оянған астаналықтар қаланың оңтүстік-батысында орналасқан атшабарды бетке алып ағылсын кеп. Тіпті жеңіл көліктің көптігі соншалық, ығы-жығы, ызың-шу машиналар легі – жасыл киізде шашыла ұйлыққан ісек қойдың асығындай жыпыр-жыпыр.

Елмен бірге ентелеп біз де жеттік. Атшабардың алаңқайында жарыс жолына шығатын жүйріктер күн сүйген сауырын алма-кезек шайқап, алда болатын бір шабысты кәнігі түйсігі сезгендей, оқырана кезіліп, пысқыра шұлғиды. Ал атшабардың батыс бөктеріндегі адамдар отыратын қия беткей, қиыр жондағы орындықтарда ине шаншар жік болсашы. Көпшілік көңілді. Арқаның майда самал желі шайқап, даланың гүл көмкерген жасыл құрағындай тербеледі. Мұнда кімдер жоқ дерсіз. Ақ таяғына сүйенген ақсақал, ақ жаулығы желбіреген әз-ана, тұлпар тұяғының дүбірін аңсаған атқұмар азаматтар мен сәнді желеңі желбіреген бикештер, тіпті аузынан ақ уызы кеппеген бүлдіршіндер де осында жиналыпты.

Осындайда еріксіз еске түседі екен: «Вестник Европы» журналының 1809 жылғы № 7 санында еуропалық саяхатшылар жазған «Қазақтар түлік малдың ішінен жылқыны ерекше қастерлейді. Олардың бәйге, қыз қуу, көкпар ойындарына әлемде ат құ­лағында ойнайды деген ағыл­шын­дардың өзі олармен бақ сынасуға жарай қоймас» дегені.

Расында, ас­тын­дағы атын артық көретін қазақтың бүгінгі ұлы дүбір, ұлағатты шара, айтулы тойы – ЭКСПО-ның аясын­да осындай бәйге түрлерінен халық­аралық стандартқа сай жа­рыс­тардың ұйымдастырылуы және сонымен қа­тар, бәрінен ұлттық ойын түрлерінен (қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату, т.б.) көр­сеті­лім ұсынылуы шетелдіктерге бұл қазақтың кім екенін танытса, өз қа­зағымыздың өзегі талып аңсап жүрген­ мейіріне қанғандай болды.

* * *

Кешікпей сағат күндізгі 11-лерді соғып, күн сиыр сәскеден сәл ауғанда көпшілік күткен жарыс та басталды. Бұл жолғы дүбірлі додаға еліміздің 14 облысы және Астана, Алматы қалаларынан әртүрлі жас­та және әр­қилы қашықтыққа жарысатын 150-ден астам жүйрік қатысса, бұлардың сыртында  2400 метрлік лып етпе ұшқыр аттар сайысына сонау  Башқұртстан, Осетия, Қарашай-Шеркес, Өзбекстан, Польша, Қырғызстаннан шаңтимес жүйріктер келіп топырағы бусанған атшабардың апшысын қуырды.

Қазақтың құлагер ақыны Ілияс Жасүгіров: «Шыдар ма қазақ жаны ұшып кетпей, аттарға шаң шығарып келе жатқан» дегеніндей, әуелі жарыс жолына 2400 метр қашықтыққа леп етіп шабатын 16 шаңтимес жүйрік жіберілді. Ауыздығымен алысып алаңға беттеген қызбел, қапшық сауыр, ұшкір тұмсық, тар сүбелі жүйріктердің алды болып осетиялық атбегі Тұрат Сатаров баптаған Т.Тигиевтің «Гри д Асье» атты боз жүйрігі топ жарса, оған құйрық тістесіп қырғызстандық ұшқыр жирен «Коммандер холл» мен керекулік Қ.Ақсақовтың

қызбел күреңі екінші-үшінші орындарды бөлісті.

Одан кейін көрермендер асыға күткен 25 шақырымдық аламанға 32 жүйрік жіберілді. Шу дегенде сөреден сергек шыққан жылқылар төрт айналымнан соң қожырап сала берді. Тіпті бабы болмады ма немесе бағы тайды ма жүйріктердің жартысы жарыс жолынан жолай шығып қалып жатты. Оның үстіне атшабар шеңбері де тарлық еткені байқалып тұр. Кейбір қысқа айналымға дағдыланбаған жылқылардың тынысы тарылып, ентігі жеделдеп, шабысы шатасып қалғандай сыңайды аңғардық...

Сонымен мәре сызығын бірінші болып атыраулық Д.Мырзахановтың «Желқанат» атты жүйрігі кесіп өтті. Екінші орын –  Алматы облысынан келген атбегі Е.Байбатыровтың күреңіне тисе, келесі орын тағы да осы облыстың тұлпары «Бұйражалға» бұйырды.

Келесі 15 шақырымдық топ бәйгеге 25 жүйрік жіберілді. Бұл сайыста Алматы облысы атынан қатысқан Ә.Назарбаевтың «Сүлікқарасына» жылқы жетпеді. Жарықтықтың шабысы-ай! Әуелі арындай тартып отырды да, соңғы айналымда үдемеліге ауысты. Үстіндегі шабандоз баланың тарта-тарта қолы қарысып, қыса-қыса тақымы талғандай болды. Келесі орындарды – батысқазақстандық А.Олжабаевтың «Ақкөзі» мен Алматы облысының жүйрігі «Шырай»  иеленді.

Одан кейінгі 7 шақырымдық жарыс жолына шыққан 25 жорға ақырына дейін жүрістерінен жаңылмады. Шапқынға да салмады, екпіндетіп тайпалды да отырды. Бірінші болып Ақмола облысының жорғасы «Элвуд вэб» атты күрең (иесі М.Мұстафаев) топ жарса, астаналық С.Түсіпбековтың торысы екінші, алматылық Те Эленаның «Цеппелинасы» үшінші орынды иеленді.

Бұдан соң атшабарға жиналған көпшілік 7 шақырымға жіберілген 35 құнанның жарысын тамашалады. Дүр етіп көтерілген айдын көлдің дүрегей үйрегіндей дүркірей жөнелген құнандар екінші айналымнан кейін-ақ шашырады. Десе де, Алматы облысынан келген А.Жұмабековтің «Доранына» жетер жылқы болмады. Келесі орындарға – жамбылдық Е.Жаппасовтың «Спортигі» мен астаналық Н.Оразбаевтың «Мажоры» ие болды.

Жарысты ұйымдастырушылар соңғы турға көрерменнің қанын қыздырып, көңілін сергітер нағыз шаңтимес 16 ұшқырды 1800 метрге дайындаған екен. Шынында шаңтиместер шабысы жұртты шу еткізді. Бір-бірінен омырау оздырып, аршындай аяқ тастаған тасқан шабыстан Н.Шаршенбаевтың «Шаңтимесі» суырылып шықса, Е.Жаппасовтың «Империал Регалия» атты торысы мен А.Шынайдаровтың «Эни куэсчнс» дейтін ұшқыры екінші-үшінші орындарды бөлісті.

Жоғарыдағы жарыс бағдарламасы бойынша: аламан бәйге, топ бәйге, жорға жарысы, құнан бәйгенің жүлде қоры – 36 млн теңгені құраса, 1880 және 2400 метрлік ұшқыр аттар жарысында берілген сыйақы қоры одан да қомақты – 63,6 млн теңгені құраған екен.  Жүлде 5-ші орынға дейін берілді.

Жарыс жеңімпаздарына тағайындалған арнайы кубок пен жүлдегерлерге бұйырған ашқалай сыйлықты Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астана қаласының әкім Әсет Исекешев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухандар табыстады.

Бекен Қайратұлы,
«Егемен Қазақстан»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.08.2018

Азиада-2018: Дмитрий Алексанин Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды

19.08.2018

Өскеменде Құрбан айтта 300 адамға ет таратылады

19.08.2018

Австралияда орман өртенді

19.08.2018

Головкин - «Канело» рематчын британ телевидениесі көрсетеді

19.08.2018

Отгонцэцэг Галбадрах Еуропа кубогында чемпион атанды

19.08.2018

Экс-депутат жас мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды

19.08.2018

«Алтын Тобылғы» әдебиет жүлдесіне өтініштерді қабылдау басталды

19.08.2018

Маңғыстаулық құрылысшылар төл мерекесін атап өтті

19.08.2018

Барлық жағдай жасалатын солтүстік аймаққа көбірек келіңіздер – Мемлекет басшысы

19.08.2018

Теміржолда сыбайлас жемқорлықты болдырмау жайы айтылды

19.08.2018

Астанада жол ақыны SMS арқылы төлеуге болады

19.08.2018

Зерендіде жастардың жазғы білім лагерінің екінші маусымы жұмысын жалғастыруда

19.08.2018

Азиада-2018: Бүгін қазақстандық спортшылар жарыс жолына шығады

19.08.2018

Елордада автобус жүргізушілері 400 мың теңгеге дейін жалақы алуы мүмкін

19.08.2018

Жакартада жанған жұлдыз

19.08.2018

Ауа райы болжамы: Ақмола облысы мен Астана аумағында дауыл тұрады

18.08.2018

Жакартада Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті

18.08.2018

БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан қайтыс болды

18.08.2018

Мемлекеттік хатшының қатысуымен Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойы өтті

18.08.2018

Пара алған әкімдердің қылмысы әшкере болды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(1)

Қаңғыбас Жындыбаев (13.06.2017 23:50:50)

Жануарлардың есімдері не, шетелдік жезөкшелердің

Пікір қосу