Әсем әуез

Егемен Қазақстан
07.12.2016 47
shymkala-1Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театрының белгілі солисі, мәдениет қайраткері Үралхан Сейілбекова ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Әнім саған, нұрлы елім!» шығармашылық кешін өткізді. Соңғы жылдары отандық опера өнері небір жарқын есім­дермен толыға түсуде. Роза, Бибігүл, Нұржамал, Майра сынды халқымыздың дара туған саңлақ жұлдыздары көшін жал­ғастырушы жастардың арасынан Ү.Каналбайқызының өнерін айрықша атап өткен жөн. Өйткені, ол өңірдегі опера және балет театрын­да басты партияларды сом­дап жүрген бірден-бір солист. Халық Үралханның ашық тем­брі мен жұмсақ дауысын жоғары бағалайды. Оның әсем во­калы, опералық және концерттік репер­туарды таңдаудағы ойлы ізденістері, ол бейнелеген әрбір образ қазақ опера өнеріне өзіндік өрнек болып қосылуда. Кештің жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдіруге достары, түрлі сахналарда жұптасып өнер көрсетіп жүрген әншілер қонақ ретінде қатысты. Олардың арасында Өзбекстанның еңбек сіңірген артисі, танымал баритон Жеңісбек Пиязов, «Астана Опе­ра» театрының жетекші со­лисі, Қазақстанның еңбек сіңір­­ген қайраткері Дина Хам­зина, Қазақтың мемлекеттік ака­демия­лық Абай атындағы опера және балет театрының солистері, ха­лықаралық байқаулардың лауреаты Елена Никонова мен Эмиль Сақауов және облыстық опера және балет театрының солисі Ерлан Жан­дарбай бар. Кешке қатысушылар опера жұл­дызымен бірге ұлттық және әлемдік классиканың ін­жу-мар­жан­дарынан үзінділер шыр­қады. Ха­лықаралық байқаулардың лау­реаты, Абай атындағы опера және балет театрының дирижері, маэстро Ерболат Ахмедяровтың, облыстық опера және балет театры­­ның бас дирижері Қуаныш Ис­майыловтың жетекшілігімен театрдың симфониялық оркестрі мен Ш.Қалдаяқов атындағы филар­­монияның «Сүгір» ұлт-ас­паптар оркестрі өнер көрсетті. С.Мұ­ха­меджановтың «Шаттық Отаны» ком­позициясы, Е.Рах­мадиевтің «Қамар сұлу» опера­сынан Қамардың ариясы орын­далды. Симфониялық ор­кес­трдің сүйемелдеуімен ән шыр­қаған қыздар хоры мен балет труппасының өнері кеш ажарын ашты. Ұлттық классиканың «алтын қорынан» А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсынан «Ажардың ариясы», М.Төлебаевтың «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» операсынан «Баянның ариясы», «Біржан – Сара» операсы­нан «Айтыс», Е.Рахмадиевтің «Қа­мар сұлу» операсынан Қамар мен Ахметтің дуэті, Л.Хамидидің «Бұл­бұл», Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әндері, сондай-ақ,  Вердидің «Виолеттаның ария­сы», Ш.Гуноның «Ромео жә­не Джульетта» операсынан «Джульет­таның вальсі», Л.Де­либтің «Лакме» және Р.Леон­коваллоның «Паяцы» операсынан «Недда мен Сильвио» дуэттері өте сәтті орындалды. Құрамында Эмиль Сақауов, Елена Никонова, Ерлан Жандарбай бар топпен бірге Дж.Вердидің «Риголетто» операсынан үзінді шырқалды. Облыстық мәдениет басқар­масының басшысы Н.Ахметжанов әншіге облыс әкімі Ж.Түйме­баев­тың және облыстық мәсли­хат­тың алғыс хаттарын табыс етті. Ү.Сейілбекованың орындауын­да­ғы партиялардың қай-қайсысы да шоқтығы биік туындылар десек, ал, оның әсем әуезі мен кең тынысты ерекше үні көрерменін тез баурап әкетеді. Индира АРТЫҚБАЕВА
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.05.2018

Оңтүстік және Солтүстік Корея көшбасшылары екінші рет кездесті

26.05.2018

Астанада «Қолөнер – рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты шеберлік сыныбы өтті

26.05.2018

Қазақстанның барлық балалары ТОКАМАК ғылыми орталығымен танысулары қажет - Даниал Ахметов

26.05.2018

150-ден астам студент Ақтөбе облысы әкімінің шәкіртақысын иеленді

26.05.2018

Астананың 120 гектардай жері саябақ пен гүлзарға айналады

26.05.2018

«Тоғызқұмалақ» мобильді қосымшасының авторы арнайы марапатқа ие болды

26.05.2018

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Оңтүстік Қазақстанға экскурсиямен барды

26.05.2018

Павлодарда Оқушылар сарайында IT-сыныптар ашылды

26.05.2018

Батыс Қазақстанның Ақжайық ауданында жерлестер форумы өтті

25.05.2018

Азия ойындарында жүлдегер атанды

25.05.2018

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

25.05.2018

Алакөлге 15 маусымнан бастап пойыз жүреді

25.05.2018

Қармақшы ауданында жаңа мектеп пен балабақша ашылды

25.05.2018

Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысындағы технологиялық жаңғыртумен танысты

25.05.2018

Атырау облысында бес мыңнан астам мектеп бітіруші үшін соңғы қоңырау соғылды

25.05.2018

Премьер-Министр Рудный студенттерімен кездесті

25.05.2018

БАӘ инвесторлары Атырау облысында жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты

25.05.2018

Соңғы қоңырау сыңғыры

25.05.2018

Қызылорда облысында қосалқы станцияның құрылысы аяқталды

25.05.2018

«Сыр дарыны» медалімен марапатталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу