Ашық аспан астындағы мұражай ел

Жақында Иордания туризм бас­қар­масының ұйымдастыруымен осы елге жолымыз түсті. Ма­қсат – қа­зақ­стан­дық­тарға Хашимиттік Ко­роль­дікті жақынырақ таны­с­ты­ру, осы арқылы жер­лес­теріміздің атал­ған елге деген қызығушылығын ту­ғызу. Көр­сететіндері бар мем­ле­кеттердің қай­сысы да қандай да бір жолмен өз жерін жар­на­малауға үл­кен мән береді. Иордания тури­зм бас­қармасының көз­дегені де осы. Яғ­ни, он­дағылар еліне ту­­рис­тер жі­­бере алатын мемлекеттер са­ны­ның көбейгенін қа­­­лай­ды. Сон­дай қалаулы елдердің қа­та­рына Қа­зақстанды қосып отыр екен.
Егемен Қазақстан
24.05.2017 1795
2

Жеті жотаның үстіндегі шаһар

Бүгінде Қазақстаннан Иорданияға ті­келей әуе қатынасы жоқ. Сондықтан, біз­дің Біріккен Араб Әмірліктері арқылы ұшу­ымызға тура кел­ді. Дубайда отырған үш сағатты қос­қан­да, Иорданияның астана­сы – Амман қа­ла­сына жеткенше тура жар­ты тәулік уақыт өт­ті. Ал тікелей әуе қа­тынасын ашу әзірше эко­номикалық жа­ғы­нан тиімсіз екені айтпаса да түсінікті. Өйт­кені, аталған елге ағылып жат­қан адам нө­пірі жоқ.

Есесіне, Дубайға ұшатын айтарлықтай үл­кен ұшақта (Аэробус-320) бос орын бол­ған жоқ десек жарасар. Елге оң­тай­лылығына орай Ыстанбұл арқылы орал­ған­быз. Міне, Түркияның ең ірі қа­ла­сынан Ас­танаға қаты­най­тын тура сондай ұшақта да адам аузы-мұ­р­нынан шыға толып отырды. Бірен-сараны бол­маса, түгел дерлік өз отан­дастарымыз. «Бұл кісілердің барлығы Түр­кияға не үшін бар­ды екен?» деп іштей ойлап та қоямыз.

Иорданияның өзіне қысқаша тоқталсақ, Қазақстанмен саяси-экономикалық қарым-қа­тынасы айтарлықтай жақсы жолға қой­ыл­­ған достас мемлекет. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Король Абдалла ІІ жиі са­пар­­лар алмасып тұрады...

Бүгінде бұл елде 9 миллионға жуық ха­лық тұратын көрінеді. Бұл – жолбас­тау­шымыз Су­фи­ан әл-Ханандидің сөзі (Интер­нет­тегі жыл басындағы ақпаратқа сүйенсек, 7 миллион 735 мың адам деп көрсетіліпті). Әр отбасы шамамен 5-6 баладан өсіріп отырса керек. Бұл халық өсімі ай­тарлықтай жоғары деп топ­шы­лау­ға негіз береді. Осы ха­лық­тың жар­тысына жуығы, яғни 4 миллионы Амманда тұрады екен.

Жалпы, Иордания – ша­ғын­дау мемлекет. Шаршы ша­қы­рым­ға шаққанда Францияға бес Иордания сыйып кетеді. Ал Қазақстанға бес Франция сыя­ты­ны баршамызға мәлім. Осы қа­­рапайым арифметика ар­қы­лы Иор­да­ния­ның аумағын көз ал­ды­мызға қиналмай елес­те­туге бо­лады.

Мұнда жаңбыр негізінен «қыс мез­гі­лін­де» жауады екен. Яғни, қараша мен наурыз ай­­лары аралығында. Одан кей­ін көбінесе там­шы танбайтын көрінеді. Жерінің 70 пай­ы­зы – шөл. Амманның Иордан өзе­ні бойындағы 50 шақырым ра­диу­ста­ғы төңірегі ғана шөлге жат­­пай­ды.

Осы радиуста елдегі тағы екі ірі қала – Ирбид және Әз-Зарка орын тепкен. Алғаш­қы­сында 1 миллион шамасында, екін­ші­сін­де 2,5 мил­лиондай халық тұ­ра­тыны мә­лім­делді. Амманның өзін 4 ми­ллион халық ме­кен­дей­ті­нін ескерсек, ел­дің қаншасы қалада, қан­­шасы «да­лада» тұ­ратыны өз-өзінен мен­мұн­далап шы­ға ке­леді.

Петра – ел туризмінің інжу-маржаны

Ежелгі Петра қаласы Иор­да­нияның туристерге мақта­ныш­пен көрсететін ең басты ін­­жу-мар­жаны саналады. Өздері оны әле­мнің жа­­ңа жеті кереметінің біріне балайды. Елге жы­­лына орташа алғанда 6 миллион турист ке­летін болса, соның ша­ма­мен 1 миллионы Петра­ның үлесіне ти­е­тін көрінеді. Бұл аз ба, әл­де көп пе? Оны әр­кім өзінше топшылай жа­тар.

Петра біздің Иорданияға келгеннен кей­інгі алғашқы барған жеріміз болды. Амман­нан 240 шақырымдай қашықтықта жа­тыр. Ел туризмге баса мән бере­тін­дік­тен, жол­да­ры­ның сапасы­на назар аударып тұра­ты­ны бай­­қа­лады. Сондықтан, ортадан жо­ға­ры дегеннен гөрі, жақсыға жа­қынырақ деп ба­ға­ласақ, ар­тықтық етпейтіндей.

240 шақырым әжептәуір жер. Сон­­дық­тан жол бойы жол бастаушымыз Су­фиян әл-Ханандиге ел өміріне қа­тыс­­тырып, түрлі сұ­рақтар қоямыз. Ол –  орысшаға тәуір, сөзіне әзіл-қалжың қо­сып сөйлейтін жігіт ағасы. Орыс­шаға тәу­ір болатыны – кезінде Киевте дә­рігер ма­мандығына оқып­ты. Зайыбы да грузин қы­зы кө­рінеді. «Менің бұрынғы КСРО-ға тікелей қатысым бар», дей­ді ол. Әл-Ха­на­н­дидің сөзіне қа­ра­ғанда, Иордания – кө­шпелі бәдәу­илердің отаны саналады екен. Қа­зір елде 800 мыңдай, яғни ш­амамен халықтың оннан бір бө­лігіндей бәдәуилер тұратынын білдік.

Соңғы 20-25 жыл бедерінде оларды отырықшыландыру мақсатында мемлекет есебінен тегін үйлер салып беру үдерістері жүргізіліп жатыр екен. Жол бойы 10-15 үй­ден тұратын шағын елді мекендер шоғыр-шо­ғыр болып көзге шалынды. Бірақ араларын­да өркениетті мойындағылары келмей, бұ­рынғ­ы­-
сынша күркеде тұрып жатқан бәдәуилер отбасылары да кездесіп қалып отырды.

Ал Петраның өзі есте жоқ ескі заманда – осыдан шамамен 2300 жылдай бұрын бәдәуилер таулы жартастарға қол­да­рымен ойып салған қала. Жар­тас­тардың биіктігі, жобалап айт­қанда, 60 метрдей. Кейіннен На­батей патшалығының астанасы болыпты. Қалаға таулы шат­қал-жартастардың арасымен ені кейбір жерлерде 4-5 метрден аспайтын үсті ашық үңгір жолдар апарады. Ең негізгі құры­лыс саналатын Әл-Хазнаға дейінгі жол ша­ма­­мен 3 шақырымды құрайды. Оған үсті ашық үңгір жолмен төмен қарай құлдилай оты­рып, не жаяу, не ат-арбамен жетуге бола­ды.

ЮНЕСКО-ның бақылауына алын­ған мәдени мұра сана­тын­дағы көне қаланы қоса ал­ған­да, оған апаратын жолға да қол тигізуге тыйым салынған. Сон­дықтан, жолдарының көп бө­лігі алғаш аршылған күйінде сақталған, яғ­ни шақпақ тасты болып келеді. Қос доң­ға­лақты арбаны сүйреген аттар кері қарай жо­ғары көтерілгенде тайғанақтап зорға жү­ре­ді. Жануарларға обал-ақ. Туристер үшін ша­ғын электромобильдер ме, басқа шағын кө­лік түрін бе неге жүргізіп қой­майды екен де­ген ой келді сол арада. Қысқасы, бәдәуи шар­шап-шалдыққан, шау тар­тқан ту­ристерге, жо­ғарыда айт­қа­ны­мыз­дай, ат-арбалы көлік тү­рін ұсы­нады.

Жалпы, Петра қаласының аумағы атшаптырым. Орта­лы­ғы­нан әрі қарай да көптеген жар­тастарға ойып салынған ғи­мараттардың қирандылары жақ­сы сақталған. Ұзындығы бірнеше ша­қырымға созылады. Көне дәуір шеберлерінің бұл өнер туындыларын, тұтастай көне қаланы, оның ландшафын көзбен көріп, бағасын берген жөн болар.

Вади-Рам – ен даладағы ерекше «планета»

Ел аумағының оннан бір бөлігін – 74 180 гектар жерді алып жатқан Вади-Рам, оны таулы жартастар дейміз бе, әлде тау­лы шатқалдар дейміз бе, барған адамды құдды бір өзге планетаға түскендей әсерге бөлейді. Бөлек-бөлек жатқан өзіндік бір тау дерлік жартастардың ең биігі Ум ад-Дами аталады, оның ең жоғары нүктесі 1830 метр екен. Альпинистер үшін таптырмайтын жер. Қарым-қабілетіңе қарай кез келген жартасты таңдап, өрмелей беруіңе болады.

Шөл даладағы бұл ғажайып «планетада» «Арабиялық Лоу­ре­нс», «Трансформерлер», «Қызыл пла­нета», «Марстағы соңғы күн­дер», «Марстықтар» және тағы басқа фильмдер түсірілген. Бұл – өркениет өрісі іс жүзінде әзірше же­те қоймаған табиғаттың шөл да­ладағы ғажайып бір бұрышы. Яғни, құдіреті күшті табиғаттың қолымен салынған өнер туындысы. Мамандардың пікірінше, Вади-Рам жер қыртысының жарылуы нәтижесінде таудай-таудай гранит тастардан біз­дің дәуірімізге дейінгі VІІІ-VІ ға­сырларда пайда болыпты. Де­г­ен­мен, күні бүгінге дейін жет­кілікті дең­гейде зерттелмеген.

 Вади-Рам Петрадан 160 шақырымдай жерде. Елдің солтүстік-батыс шекарасына қарай орналасқан. Туристерге арнайы пикап (қорабы ашық) көліктер қызмет көрсетеді. Пи­кап­тар туристерді таулы жар­тас­тардың арасымен алып жүріп аралатады. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен туристердің көп келетіні байқалады. Олардың арасында азиялықтардың, қытайлар не жапондар деп топшыладық, қарасы қалың көрінді.

Өлі теңіз – өзгеше теңіз

Әйгілі Өлі теңіз Израиль мен Иордания елдерінің арасында жатыр. Жол бастаушымыз Суфиян әл-Ханандидің айтуынша, қазіргі кезде теңіз жыл сайын тартыла-тартыла келіп, алғашқы аумағынан 40 пайызға кеміп кеткен. Яғни, деңгейі жылына орташа есеппен 1 метрге төмендейді екен. Өткен ғасырдың 50-60-жылдары теңіз түбіне салынған қонақүйлер бүгінде жағалаудан 500 метрге дейін алыстаған. Бірақ қонақ үйлердің түбіндегі үлкен бассейндер теңіздің өзіне баруды керек етпейді десе де болады. Дегенмен, Өлі теңізді көремін, лайын жағып, суына шомыламын деп алыстан ат арытып арнайы жеткен адамға теңіздің өз суына бір сүңгіп шыққанға не жетсін?!

Өлі теңіз – жер бетіндегі ең тұзды теңіз. 1 литр суының құ­ра­­мында 300-310 грамға дейін тұз болады. Кейбір жылдары 350 грамға дейін жетеді екен. Ұзындығы 67 шақырымға со­зы­лып жатса, ені бойынша ең жал­пақ жері 18 шақырымға же­теді. Максималды тереңдігі – 306 метр. Те­ңізге түссең тұздылығынан бе­тінде «тойған торсықтай» қал­қып жүресің, батамын десең де ба­та алмайсың. Суы майланып тұр­ған­дай көрінеді.

Иордания араб елдерінің ішінде емдік туризмнен бірінші орын алатынын білдік. Осы Өлі теңіздің арқасында. Әлемдік мұ­хит деңгейінен 427 метр тө­мен жатқандықтан, ауасының құра­мында оттегі көп. Ал теңіз суы­ның өзінде түрлі тұздар мен минералдар жеткілікті. Олар буланған кезде адам ағзасына оң әсер етеді екен. Теңіздің ла­йын­да да минералдар көп. Те­рі­ні жұ­мсартатын қасиеті бар. Бу­ын­дар­дағы қан айналымын жақ­сар­тады, дейді мамандар.

Сондағы клиникада түрлі сырқаттардан емделуге болады. Мекемеде 14 жоғары білімді ме­ди­циналық қызметкер болса, үшеуі тайлық көрінеді. Өйт­кені, олар денені түрлі емдік у­қа­лау­дың (массаж жасаудың) нағыз ше­бер­лері екен. «Адам ағзасы үшін ең маңыздысы – осы жердің бі­регей табиғаты мен ауасы», – дей­ді клиника басшысы, доктор Зинаир З.Бичарат.

Өлі теңізден шамамен 30 ша­қырым жерде Хаммамат-Маин ыс­тық сарқырамасы ағып жатыр. Ол да табиғаты өте әсем жерде, те­ңіз деңгейінен 264 метр төмен тау шатқалында орналасқан. Сар­қы­рама суы жауын-шашынмен нәрлене отырып, жер астындағы лаваның қызуымен 63 градусқа дейін ысиды екен. Минералдарға бай емдік қасиеті бар су өзінің арнасымен ағып отырып, құлайтын сарқырамаға жеткенше және 60 метрлік биіктіктен төмен құлағанша адам денесін күй­дір­мейтін деңгейге дейін суиды. Осы­лайша Хаммамат-Маин адам ағ­засына оң әсер ететін тамаша шомылу орны болып табылады. Мамандар сарқырама суының аллергияға қарсы емдік қасиеті бар, сондай-ақ, адамның терісін та­зартады және ағзадағы түрлі ал­масу үдерістерін күшейтеді, дей­ді.

Геркулес – Аммандағы ұлы храм

Геркулес храмы – қазіргі ам­ман­дықтарға римдіктерден қалған керемет ескерткіш. Ол тұрғызылғалы бері бір жарым мың жылдан асыпты. Храмның жанынан табылған биіктігі 10 метрге жететін алып ескерткіш антикалық ержүрек жауынгер Гер­кулеске қойылған деген болжам бар. Осы себепті де, храм Гер­кулес храмы немесе Амман­ның ұлы храмы деп аталады. Бұл көне ғимарат әйгілі Рим императоры Марк Аврелий билік құрған дәуірде тұрғызылса керек. Сондықтан, өзінің формасы және стилімен Эфестегі атақты Ар­темида храмын еске түсіреді.

Өкінішке қарай, уақыттың өз дегенін істемей қоймайтыны белгілі. Бүгінде көне храмнан бірнеше алып колонналар ға­на қалса, оның үшеуі реконструк­ция­ланыпты. Сондай-ақ, іргетасы мен қабырғаларының кейбір фраг­­менттері ғана ішінара сақ­та­лып қалған.

Аммандағы тағы бір турис­тер­ді өзіне магнитше тартатын орын – Эфестің Жеті әулие жет­кін­шегі үңгір мешіті. Әуелде ол хрис­тиандар мінәжат ететін орын бо­лыпты. Жеті әулие жеткіншек деп аталуының себебі, біздің дәуі­ріміздің ІІІ ғасырында Эфеске келген император Декий (Деций Троян, біздің дәуіріміздің 249-251 жылдары) құдайлар үшін құрбандық шалуға бұйрық бе­реді. Аңызға сүйенсек, қанішер им­ператордың қаһарынан қорық­қан жеті жас жауынгер осы мінә­жат орнына келіп жасырынып, сол бойда 360 жыл бойғы ұзақ ұй­қы­ға кеткен және император Фео­досий билік құрған уақытта ға­на ояныпты-мыс.

Қазіргі кезде Эфестің Жеті жет­кіншегі жасырынған үңгір ту­ристер қызығушылық таныта­тын орынға айналған. Бүгінде не­гізінен оның қирандылары ғана қал­­са, бұзылуына жер сілкінісі се­беп­кер болған деген болжам бар.

Жұмыс уақыты – күніне 6 сағат

Иордания туралы әңгімемізді жал­ғастырсақ, бір қызығы – ел­дегі мемлекеттік қызметкерлер тәу­лігіне 6 сағат қана жұмыс іс­тейді, яғни жұмыс таңертеңгі 08.30-да басталып, 15.30-да аяқ­талады. Бұл жерде түскі ас ішу үшін берілетін 1 сағатты алып тас­тау керек. Жол бастаушы­мыз­дан мұның себебін сұра­ға­ны­мызда, жарытымды жауап ала алмадық. Ұлттық валютасы – динар айтарлықтай құнды, 70 ти­ыны – 1 доллар. Фосфаттан басқа дерлік қазба байлығы жоқ елдің ақшасын қалайша құн­сыз­дандырмай ұстап тұрғаны таң қалдырады. Жанымызда оның себебін түсіндіретін маман бол­ма­ғандықтан, бұл мәселе біз үшін ба­сы ашылмаған күйі қалды. Ал ақ­шасы құнды болғандықтан, азық-түлік, көпшілік қолды тауар­лар, қызмет көрсету түрлері, т.б. қымбат. Мәселен, 95 маркалы бензиннің 1 литрі 1 доллар 20 цент. Қой етінің килосы – 18 доллар, сиыр етінің килосы – 12 доллар. Темекінің ең арзаны біз­дің ақшамен 1000 теңгенің үс­тінде әрі біздегідей кез келген жер­де сатыла бермейді. Бірақ кез келген жерде шегуге рұқсат еті­леді. Дәмхана, мейрамханала­рын­да кальян тарту үрдісі қа­лып­тасқаны анық аңғарылды. Ішімдік те темекі секілді тек арнайы мамандандырылған супермаркеттерде ғана сатылады әрі бағасы удай.

Иорданиялықтар негізінен қой етін жейді. Арагідік сиыр етін пайдаланады. Жылқы етін тұтынбайды. Сондықтан, қой еті жетіспейді. Осы себепті, қой тірідей немесе мұздатылған түр­де Австралиядан импортталады екен. Бірақ австралиялық қой­дың еті, дәмдік сипатына қа­рай болар, жергілікті халық үшін соншалықты бағаланбайды. Осы­ған орай, бағасы да арзандау, көбінесе көпшілік тамақтандыру орын­дары (мейрамхана, дәмхана, т.б.) сатып алады екен. Сонымен қа­тар, бидай да сырттан им­порт­та­­латын көрінеді. Нан өнімдері баршаға қолжетімді болу үшін мемлекет субсидия береді.

Иорданияда қауіпсіздікке аса қатты мән беріледі. Өйткені, Сирия, Ирак, Палестина автономиясы, Израиль секілді мазасыз, террорлық әрекеттер жиі бой көрсететін елдермен шекарала­са­ды. Алайда, виза алу сон­ша­лық­ты қиын емес, тіпті ұшып келген бойда әуежайда-ақ виза ресімдеуге болады. Мұның ту­ристерге тиімді екені түсінікті.

Қорыта айтқанда, Иор­да­ния­ны ашық- аспан астындағы мұ­ра­жай ел деп атасақ, қателесе қоймаймыз. Өйткені, елде туристерді қызықтыратын, біз көрмеген басқа да тарихи орындар баршылық.

Самат МҰСА,
«Егемен Қазақстан»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

11.12.2018

Атырауда айқасатындар анықталды

11.12.2018

Қалдықсыз сән әлемі

11.12.2018

2018 жылғы Нобель сыйлығының марапаттау рәсімі өтті

11.12.2018

Үндістанның Гуджарат штатында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

11.12.2018

Геннадий Головкин ІВО рейтингінде көш бастап тұр

11.12.2018

ҚХЛ: «Амурға» әліміз жетпеді

11.12.2018

Жымпитыда атқа міну акциясы басталды

11.12.2018

«Елорда жұлдызы» сыйлығы табысталды

11.12.2018

Ақтөбе облысында Тәуелсіздік күніне орай 32 әлеуметтік нысан ашылады

11.12.2018

Тәуелсіздік – көктен түскен сый емес

11.12.2018

Петропавлда тарихи ғимарат өртке оранды

11.12.2018

Солтүстік Қазақстанда сыбайлас жемқорлықты еңсеруге бағытталған марафон қорытындыланды

11.12.2018

Қостанай облысында биыл 331 шақырым жол жөнделді

11.12.2018

Сыртқы істер министрлігінде Адам құқықтары күні аталып өтті

11.12.2018

Солтүстік Қазақстанда жаңа сүт-тауар фермасы іске қосылды

11.12.2018

«Салтанат» десе, салтанат!

11.12.2018

Солтүстік Қазақстанда ауданның жаңа әкімі тағайындалды

11.12.2018

Гран-при иегері Диснейлендке барады

11.12.2018

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Сингапурдағы Елшісінің брифингі өтті

11.12.2018

Көпті қуантқан «Balapan» қаһармандары

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Halyq sózinde birtutastyq, birlik bar

«Halyq» sóziniń mán-maǵynasy óte tereń ekeni barshaǵa málim. Másele – osyndaı saıası astary aıryqsha sózdi qalaı qoldanyp júrgenimizde. Merzimdi baspasóz betterindegi habarlardan,  teleradıo arnalardan, ózara áńgimeden «aýyl halqy», «qala halqy» degendi oqyp ta, estip te júrmiz. Máselen, telearnalardyń birinen «Arshaly aýdanynda 27 myń halyq bar» degendi estidim de, «halyq sózin durys qoldanaıyq» dep, ózimniń oı dápte­rime jazyp qoıdym. Sebebi orys tilinde «narod sela» nemese «narod derevnı», «na­rod raıona», «narod goroda» demeıdi, tipti jazbaı­dy. Bul tilde «naselenıe», «jıtelı», «gorojane», «selchane» deıtinin bilemiz. Biz qazaqsha «aýyl turǵyndary», «qalalyqtar» nemese «qala turǵyndary» desek, ekpini báseń bolyp, birdeńe joǵaltyp alatyndaı, «aýyl halqy», «qala halqy» dep qysqa qaıyramyz. Sonda deımin-aý, qazaǵymyzdy bólip, jiktep, birtutas halyq sanatyna qospaı turǵanymyzdy nege ańǵarmaımyz?!

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу