Аслан Дарабаев: «Мен сенімді ақтаймын!»

Аслан Дарабаев - жаңа маусымда павлодарлық "Ертістің" қатарын толықтырған ойыншылардың бірі. Ол біріншіліктің алғашқы турында оралдық "Ақжайықпен" болған ойында негізгі құрамда өнер көрсетіп, керекулік клубтың биылғы маусымдағы алғашқы голын соққан болатын. Таяуда "Ертістің" жаңа ойыншысымен кездесіп, аз-кем әңгімелесіп едік.
Егемен Қазақстан
03.04.2017 864

– Аслан, «Ертіс» сапын­дағы алғашқы ресми ойныңда мергендік таныттың. Жалпы, жаңа командаңның алғашқы матчы жайлы пікіріңді білсек...

– Мен үшін ерекше матч болды. Бастысы, өз алаңымызда жанкүйер қауымды қуанттық. Күннің салқындығына қара­мастан, бізді қолдауға келген павлодарлықтарға алғысымыз шексіз. Ал «Ертістегі» алғашқы ресми ойында көзге түскеніме қуаныштымын. Бұл гол – мені одан әрі жігерлендіре түсті. «Ақжайықпен» болған матч жайлы айтар болсам, оралдық клуб қорғанысқа көп көңіл бөлді. Алайда, біз қажетті үш ұпайды еншіледік. Алғашқы ойын­да жеңіске жету командадағы сенімділікті күшейтеді.

– Неліктен «Ертісті» таң­дадың?

– «Ертіске» ауысу туралы әңгіме бір жарым жыл бұрын туындаған болатын. Себебі, мен алматылық «Қайраттың» сапында негізгі құрамға сирек шығып жүрдім. Ал маған ойын тәжірибесі керек. Осыны аңғарса керек, павлодарлық клубтың басшылығы хабарласып, мені «Ертістен» көргілері келетінін айтты. Біз келісімшарт жайын өзара ақылдастық. «Қай­рат» клубымен келісімшартым аяқталған соң, «Ертіске» ауыс­тым. Бұл команданы таң­дауым­ның да өзіндік себептері бар. Біріншіден, «Ертістің» бапкері Димитар Димитров – ел чемпионатындағы шетел­дік үздік бапкерлердің бірі. Екін­шіден, «Ертіс» – жақсы ойыншылар­мен жасақталған мықты ұжым. Клуб өткен мау­сымда чемпионатты үшінші орынмен тәмамдады. Ал биыл Еуропа лигасында ел намысын қорғайды. Міне, осының барлығы «Ертісті» таңдауыма себепші болды.

– Командаға бейімделу қи­ын­ға соққан жоқ па?

– Жоқ. Барлық ойыншыларды бұрыннан білемін. Давид Лориямен «Шахтер» сапында бірге ойнадық. Александр Кислицынмен бала күнімнен таныспын. Бір аулада өсіп, ержеттік. Өзге ойыншылармен ұлттық құрама сапында бірге доп тептік. Енді бірімен чемпионат барысында жолымыз түйісті. Легионерлерден басқасы бір-бірін сырттай біледі ғой. Сондықтан, командаға бейімделу қиынға түскен жоқ.

– Бас бапкер Димитар Ди­митровпен жұмыс істеген қалай екен?

– «Ертіске» ауысқанда бап­кердің өзі маған қызығушылық танытқанын естідім. Ол мені өз командасында көргісі келетінін айтыпты. Әрине, бұл туралы ест­ігенде қатты толқыдым. Димитардай мықты бапкердің көзіне екінің бірі түсе бермейді деп ойлаймын. Ол мені үнемі қолдайды және жартылай қор­ғаныстың ортасын маған сеніп тапсырды. Мен өзіме артылған жауапкершіліктің зор екенін білемін. Сондықтан, артылған сенімді ақтауға тырысамын.

– Өткенге оралайықшы. Футболдағы жолың қалай бас­талған еді?

– Барлық балалар секілді мен де аула футболынан бастадым. Сосын Руслан Қаржау­баев жетекшілік ететін әуес­қой командаға алындым. Ол менің ойын мәнерімді нақ­тылап, матч алдындағы пси­хологиялық дайындықты үйретті. Физикалық әзірлігімнің ірге­тасын қалады. Руслан Қаржаубаевтың жетекшілігімен үлкен футболдың әліппесін үйрендік. Қыста шағын футболды серік ететінбіз. Сондықтан, мені кейде «мини-футболшы» деп атайтындар бар. Әсте, олай емес. Иә, менің алғашқы кәсіби клубым «Тұлпар» мен «Икар» клубтарының біріккен командасы болды. Соңғысының сапында бір маусым ғана өнер көрсеттім. Сосын «Гефест» құрамасындағы бір­неше футболшымен бірге «Шахтердің» қосалқы құра­мына ауыстым. Клубпен келі­сімшартқа отырдық. Осылайша, футболшы ретіндегі ғұмырым бас­талды.

– Футболда кімдерге қарап бой түзейсің?

– Зинедин Зиданды қадір тұта­мын. Сондай-ақ, Андреа Пирло, Иньеста мен Хавиді жақсы көремін. Олар – сапалы футболдың эталондары. Мә­селен, Зиданның алаңдағы ойынды көре білуі, матч барысында бар күшін сарқа жұм­сайтыны, қимыл-қозғалысы ұнай­ды. Мұның бәрін сөзбен жет­кізу мүмкін емес. Оны көру керек.

– Футболдан қолың боса­ғанда немен айналысасың?

– Бала-шағамды ертіп ки­ноға барамын. Серуендейміз. Мотивациялық әдебиеттерді оқығанды ұнатамын.

– Отбасың жайлы айта кетсең...

– Екі кішкентайым бар. Тағы біреуін күтіп отырмыз. Үлкен ұлым – үш жарым жаста. Қызым  – екіде.

– Ұлың әкесінің жолымен жүрер ме екен, әлде өмірлік кәсібін өзі таңдай ма?

– Әрине, таңдауды ұлымның өзіне қалдырамын. Бастысы, жақсы адам болып қалыптасса болғаны. Өз-өзіне сенімді болып, өмірде бағынбайтын белес жоқ екенін жақсы түсінсе екен деймін. Менің міндетім – балаларыма дұрыс тәрбие дарыту, өмірде жол таңдауда бағыт-бағдар беру.

– Биылғы маусымда алды­ңа қандай мақсат-міндет қойып отырсың?

– Мейлінше, көп гол соғу, жақсы пастар беру. Бастысы – команданың табысына үлес қосу және Еурододада нәтижелі өнер көрсету.

– Әңгімеңе рахмет.

Әңгімелескен

Фархат  Әміренов

ПАВЛОДАР


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.10.2017

Су қоймасының беріктігіне екі ел де мүдделі

24.10.2017

«Нұрлы жол» бағдарламасына 2017 жылы 484,2 млрд тг бөлінген

24.10.2017

«Нұрлы жер» – баспаналы болудың елеулі мүмкіндігі

24.10.2017

Фариза феномені

24.10.2017

Қымызды тұңғыш зерттеген қазақ

24.10.2017

Адвокаттық көмек қайткенде қауқарлы болмақ?

24.10.2017

Рухани келісім – орнықты дамудың негізі

24.10.2017

Нәсіптің көзі атакәсіпте

24.10.2017

Ресми бөлім (24.10.2017)

23.10.2017

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

23.10.2017

7 күнде «Сергектің» көмегімен 1300-ден астам бұзушылық анықталды

23.10.2017

Көкшетаулық каратэшілер ел чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

23.10.2017

Моңғолия тауларында 10 альпинист қаза тапты, жетеуі іздестірілуде

23.10.2017

Атырауда заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістер талқыланды

23.10.2017

Қасым-Жомарт Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті

23.10.2017

Мың мезет (ой-отау)

23.10.2017

«Шынайы шымылдық» сахна сәнін келтірді

23.10.2017

Шыңғырлауда ұстазға ескерткіш орнатылды

23.10.2017

«Ата, мен қай тілде сөйлеп тұрмын?..»

23.10.2017

Лондон төріндегі қаламгер тойы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Рухани келісім – орнықты дамудың негізі

Тәуелсіздігіміздің елең-алаңында, яғни осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын мемлекеттік дең­гей­де қабылданған шешімдер мен қол­ға алынған бастамалар өзі­нің өмір­шеңдігін көрсете отырып, қо­ға­мы­мыздың игілігіне айнала білді. Әсіресе қоғамды рухани келісімге үнде­ген, татулық пен береке-бірлігі­мізді арт­тыруға бағытталған сауатты да сали­қалы бастамалардың жөні бөлек.

Әйіп ЫСҚАҚ, биология ғылымдарының докторы, профессор

Нәсіптің көзі атакәсіпте

Халқымыз төрт түлік өсіруді атакәсіптің біріне, тіпті бірегейіне балаған. Тіршіліктің нәрі, көзі деп ұққан. Содан болар, ауыл адамдары амандасқанда «мал-жан аман ба?» деп хал-жағдай сұрасып жатады. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қаржы жүйесіндегі тарихи шешім

Алпауыт ел Америка Құрама Штат­тары­ның экономикасы қазіргі кезде өз жарасын өзі жалап жазатын көк­жал қасқырға ұқсайды. Ол өзінің осы қасиетінің арқасында жазылмастай сыр­қатқа шалдыққан қазіргі қаржы ка­питализмнің ғұмырын барынша ұзартып келеді. Бүгінгі күні бүкіл әлемге билігін жүргізіп отырған ка­пи­тализмнің басты тірегі бастапқы кезде осы формациялық құрылыс­тың отаны әрі таратушысы болға­нымен соңғы жылдары барынша әлеу­меттене бастаған Еуропа емес, нарық­тық жолға түсіп, жедел байып келе жатқанымен Конфуций қағидасы бойынша мемлекетті әке деп қабыл­дап, бүкіл халық үшін одан әкелік қам­қорлық талап ететін дана Қытай емес, корпоративтік рухты ту етіп көтерген еңбекшіл Жапония мен Оңтүстік-Шығыс Азияның елдері емес, нақ осы АҚШ-тың өзі болып отырғандығын біраз жұрт жақсы біледі.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Онлайндағы жұңғо жұрты

Қытай. Жан-жақтан ағылған адамдар мен көлік ағысы толас­тар емес. Бағдаршамның қызыл шамына тоқтаған көлікте отырып, жан-жағыңды бағдарлайсың. Сіз отырған көлікке жапсарласа, бірінен соң бірі жапырлап велосипед мінген жолаушылар сы­наласып тоқтап жатыр. Ал жол жүруге рұқсат берілгенде бей­не құмырс­қалар тəрізді өре жөнелген қос дөңгелекті көлік­ке отыр­ған­дардың шеруін көр­гендейсіз. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Кімді тұлға тұтамыз?

Баяғының жастарына «Мен өмір­ден өзімді іздеп жүрмін» деп сөйлеу тән болатын... Жақында Америкада оқып жүрген қазақ­стандық жас өреннің пікірін тыңдап көруге тура келді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу