Астана әкімдігі ЭКСПО-2017 көрмесіне 1500 ерікті әзірледі

Астана қаласының әкімдігі ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесіне еріктілерді тарту бойынша жоспарланған ұйымдастыру шараларын өткізді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Егемен Қазақстан
06.06.2017 1304

Жұмыстың бірінші кезеңінде еріктілерді шет тілдерін білетін студенттерден жасақтау шаралары жүргізілді. Олардың қатарында: С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Қазақ ГЗУ, қазақ-түрік лицейі, сонымен қатар №22 мектеп-гимназиясының оқушылары мен қала тұрғындары бар. Еріктілердің жалпы саны 1500-ден асады.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ базасында сәуір айынан бастан штаб пен  call-center жұмыс істеуде. Штаб мүшелері жұмыс жоспарын бекітті және ЭКСПО-2017 еріктілеріне жадынамалар мен тұжырымдама дайындады. Студенттер мен оқытушылардан құралған еріктілердің супервайзеры тағайындалды. Еріктілердің этика Кодексі әрі әдістемелік жәрдемақы құрылды. Әр еріктімен жазбаша азаматтық-құқықтық келісім шарт жасалды.  

Қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып еріктілердің жұмыс істейтін орындары белгіленді: халықаралық әуежай, теміржол вокзалы, автовоказл, жедел мамандандырылған қызметтер (101, 102, 103, 911), мәдени нысандар мен конақүйлер және т.б. 

- Біздің барлық еріктілер, яғни 1500 адам Астана қ. «НИКА»  коммуникативті дамыту орталығының» сертификатталған жаттықтырушылары мен дәріс оқушыларының толық оқуынан өтті. Оларға шетелдік қонақтармен сөйлесудің әдістері үйретілді, еріктілер қозғалысының қыр-сыры таныстырылып, Астана қаласы мен ЭКСПО тарихы жайлы, сонымен қатар Елорданың көрікті жерлері туралы ақпараттар берілді,  - дейді «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы Асхат Оралов.

Сонымен қатар, экономика, заң, психология және педагогика салалары бойынша жоғары тәжірибелі мамандар еріктілерге 16 сағаттық оқытулар жүргізді.

«Арман» отбасылық және медициналық құқық бюросы» лицензияланған жаттықтырушылары, ТЖ Комитетінің азаматтық қорғаныс басқармасының және жастар саясаты мәселелері басқармасының да өкілдері еріктілерді оқытып, үйретті.

Еріктілерді керек-жарақтармен жабдықтау, сондай-ақ, күндіз және түнде бір реттік тамақтандыру бойынша жеке компаниялармен келісім шарт жасалды. «Астана LRT» компаниясы барлық еріктілердің қоғамдық көліктерде (Астана қаласындағы автобустар) көрме кезінде, яғни 3 ай бойы тегін қатынауларына мүмкіндік жасады. Тез тамақтанатын McDonald’s мейрамханасымен 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында күн сайын 500 еріктіні 46 000 (қырық алты мың) купон арқылы тамақтандыру бойынша келісімге қол қойылды. Осы купондар арқылы еріктілер тегін түстенуге қол жеткізеді.

Еріктілерді ынталандыру мақсатында кешенді шаралар қарастырылуда. Нақтырақ айтсақ, ең үздік волонтер-студенттерге Астана қаласы әкімінің 20 білім гранты (бір жылғы оқуға) бөлінеді. Қала әкімінің алғыс хаттары, сыйлықтар, естелік кәдесыйлар, электронды кітаптар, қалада өткізілетін концерттерге тегін билеттер таратылады, керек-жарақтармен қаматамасыз етіледі (жеңіл жейде, бейсболка, арқаға асатын сөмкелер мен термос), қоғамдық көліктерге жол жүру билеттері беріледі әрі 3- 4 курс студенттеріне бір жылғы жатақана қарастырылады.  

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.05.2018

Қ.Тоқаев: Атырау облысы – ел экономикасының флагманы

23.05.2018

Жаңаөзенде судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

23.05.2018

Маңғыстауда өрт қауіпсіздігі бойынша 77 бекет орнатылды

23.05.2018

Маңғыстаулық полицейлер мұқтаж отбасыларға көмек берді

23.05.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі С.Шойгумен кездесті

23.05.2018

Менингиттен қалай қорғану керек?

23.05.2018

«Баян сұлу» жобасының жеңімпазы анықталды

23.05.2018

Қазақ әдебиеті әлем тілдерінде сөйлейді

23.05.2018

Л.Гирш көпшілікке «Стихи о войне и мире» өлеңдер жинағын таныстырды

23.05.2018

Қазақстан Президенті қорғаныс ведомстволарының министрлерімен кездесті

23.05.2018

Қызылордада жасырын казино ашқан азамат ұсталды

23.05.2018

Сотқа жүгінбей татуласуға болады

23.05.2018

«Петропавл–Қорған» бағытындағы тас жолға 27 миллиард теңге бөлінбек

23.05.2018

Маңғыстауда сот жүйесін жетілдірудің 7 бағыты талқыланды

23.05.2018

Петропавлда омарташы мамандар оқытыла бастады

23.05.2018

Қазақстандықтар жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым сала алады

23.05.2018

«Азаматтарға арналған үкімет» 8 млн адамның цифрлық сауаттылығын арттырмақ

23.05.2018

«Арсеналға» жаңа бапкер келді

23.05.2018

Елбасы V халықаралық «KADEX-2018» көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты

23.05.2018

Алматыда «Жас өркен» жастар орталығы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қызғаныш деген қызыл ит

Заты адам баласымен бірге жасасып келе жатқан, көнермес те көгер­мес сезімдердің бірі – қызғаныш. Адам­ның көзіне шел қапта­та­тын қара қыз­ға­ныштардан кекшілдік пен күн­шілдік, бақас­тық пен бақталастық қоз­дап, неше түрлі қылмыстар жасалып жата­ты­ны да ешкімге құпия емес. 

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматының алмасы. Шырын қайда?..

Алматы жұрты күнде жауған жауын­мен, түнде ұрған суықпен жағаласып жүріп Алатаудың бөктеріндегі биылғы алма бақ гүл шашқан көркем шақтан көз жазып қалған сыңайлы. Содан ба екен, біреу «Биыл алма гүлдеді ме?» десе, біреу «Биыл өзі алма бола ма?» дейді қамығып. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Рух көтерудің жолы

Кейінгі өскелең жас ұрпақты патриот­тық рухта қалай тәрбиелейміз, ертеңгі ел қорғар өрендеріміздің бойына отаншылдық пен патриотизмді, елге, жерге деген сүйіс­пен­шілік сезімін  қалыптастырып, келешекте ержүрек, батыл болып өсулері үшін не істеуіміз керек деп,  жастардың ертеңгі тағдыры мен таңдауына жиі бас ауыртып, жанымыздың жабырқап жататыны рас.

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу