«Астана арландары» ресейлік қарсыластарын ойсырата жеңді

Бүгін «Астана арландары» өз жерінде ресейлік «Patriot boxing team» боксшыларын жеңіп, плей-оффқа шықты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Егемен Қазақстан
18.03.2017 1171
2

Бірінші жекпе-жекте команда капитаны Олжас Сәттібаев (52 келі) өз қарсыласы Вячеслав Ташкараевты бірден соққының астына алып, екі бірдей раундта айқын басымдықпен өнер көрсетті. Ал үшінші раундта Ташкараевтың қабағы жарылып қалды. Дәрігер оған ары қарай жұдырықтасуға рұқсат бермеді. Сөйтіп, Сәттібаев ұпай санымен жеңіске жетті.

60 келі салмақ дәрежесі бойынша өткен екінші жекпе-жек те тартысты өтті. Астана арланы Зәкір Сафиуллин башқұрт боксшысы Артур Сұбxанқұловты нокаутқа түсіруге тырысты. Бетін қан қылды. Нокаутқа түсіре алмаса да, айқын басымдықпен жеңді.

Ал 69 келі салмағында Асланбек Шымбергеновтың қарсыласы Шаxабас Маxмұдов өте ширақ болып шықты. Соған қарамастан, Шымбергенов шеберлігі арқасында жеңіске жетті.

Төртінші жекпе-жекте Арман Рысбекке (81 келі) оңай болған жоқ. Оған қарсы Әлем чемпионатының жүлдегері Павел Силягин шықты. Қолы ұзын әрі жылдам Силягин өз қарсыласын бірден есеңгіретемін деп ойлады. Алайда Арман Рысбек баяу қимылдаса да, өз соққыларын дарыта білді. Тіпті, бір соққысы қатты тигені сонша, рефери жекпе-жекті тоқтатып, нокдаунның секундтарын санауға мәжбүр болды. Бес раундтың нәтижесі бойынша қазақстандық боксшы жеңімпаз атанды.

 Бесінші жекпе-жекте ауыр салмақтағы боксшылар жұдырықтасты. Олжас Боқаев «Астана арландары» сапындағы дебюттік кездесуін өткізді. Оның қарсыласы тәжірибелі Магомед Омаров болды. Бұл жекпе-жекте Боқаев барын салып, өзінен 8 сантиметрге ұзын қарсыласты жеңуге күш салды. Намысқа тырысып, шабуылды өзі үдетіп, бірінші нөмірмен де бокстасты. Алайда өз мақсатына жете алмады. Ресейлік боксшының жолы болды. Осылайша, бес жекпе-жектің қорытындысы бойынша «Астана арландары» 4:1 есебімен жеңіске жетіп, плей-офф сайыстарына жолдама алды. «Астана арландарының» бүгінгі бокс кеші Тараз қаласында өтті.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесті

17.10.2018

Дзюдодан ел чемпионаты Астанада өтеді

17.10.2018

Елеусінов Монте-Карлода жұдырықтасады

17.10.2018

Сенаторлар Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

17.10.2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында армиялық қоян-қолтық ұрыстың үздік жауынгерлері анықталды

17.10.2018

«Егеменнің» тілшісі Хамит Есаман жүлдегер атанды

17.10.2018

Алматы облысында екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

17.10.2018

Альварес Головкинмен қайта жұдырықтасуға қарсы емес

17.10.2018

Маңғыстауда Қарақия ауданының 45 жылдығы тойланды

17.10.2018

Мемлекет басшысының Финляндия Республикасына ресми сапары жалғасуда

17.10.2018

Kazakhstan Fashion Week сән апталығы басталды

17.10.2018

«Орда» бағдарламасы-әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың үлкен үміті

17.10.2018

Алматы облысында 100 учаскелік полиция пункті ашылды

17.10.2018

Бүркіттің балапандары еркіндікке жіберілді

17.10.2018

«Барыс» «Автомобилисті» ұтты

17.10.2018

Кукушкин «Кремль кубогында» Донскойға есе жіберді

17.10.2018

Аргентинада үш боксшымыз финалға шықты

17.10.2018

Атырауда 2500 пәтер орталық жылу жүйесіне қосылады

17.10.2018

Маңғыстауда күйші қыз-келіншектер байқауы басталады

17.10.2018

Жұмекен жырларын жатқа оқыды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу