«Астана Балет»: сұлулық сахнасы

Байтақ елдің бас қаласының мәдениет ошақтары сәулеті мен сәні жағынан әлемдік деңгейдегі өнер ғимараттарымен тең түспесе, еш жері кем соғып тұрған жоқ. Соның бірі һәм бірегейі «Astana Ballet» театры ашылғанына көп бола қоймаса да өзіндік стилі мен қағидасы қалыптасқан, қазіргі заманауи талғамды халқымыздың байырғы құндылықтарымен байыта алған, яғни жаңа мен көнені қағыстырмай, тоғыстыра білген өнер ұжымы болып саналады.
Егемен Қазақстан
12.06.2017 2675
2

Театр 2012 жылы Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылды. Алматыдағы А.В.Селезнев атындағы хореография училищесінің үздік түлектерінен құ­ралған труппа бүгінде классикалық, халықтық дәстүрлер мен заманауи стильді меңгеруімен, үздік үш үлгінің басын бір мақсатқа біріктіре білуімен үлкен құрметке ие. 
Деректер театр аумағы 15 мың 467 шаршы метрді қамтиды дейді. Мы­сал үшін айтатын болсақ, «Астана Опе­ра» мемлекеттік опера және балет театры­ның үлкен залы 1250 орындық болса, «Астана Балеттің» көрермен залы 800-ге таяу. Төрт көтеріп-түсіру планшеті мен төрт әртістік көтергішпен жабдықталған сахна көлемі 536 шаршы метр жерді алып жатқандықтан, мұндағы әрбір техникалық тетік өнер адамының  шығармашылық мүмкіндігін толықтай көрсетуіне орайластырылған. Жаңа «Астана Балет» театрының сыртқы сәулеттік ансамблі жас ұжымның өзіне тән қолтаңбасын, шығармашылық шырқын айқын сипаттап тұрғандай әсер қалдырады. Классикалық мұраның үздік жетістіктерін сақтай отырып, пластика тілін жетік меңгеру, уақыт тынысын, көрермен аңсарын айқын тану, үнемі әрекет үстінде  толысу, толығу театрдың басты мұраты болып табылады. 
Жаңа театр ғимаратының тағы бір артықшылығы – залы, сахнасы, интерьері заманауи стильде жасал­ған. Сахнаның параметрлері мен мүмкін­діктері сценографиясы күрделі спек­такльдерді,  балет, опера, драма т.с.с. әртүрлі жанрларда өнер көрсетуге, алуан нақышты мәдени шаралар мен шығармашылық кештерді, сим­фония­лық, эстрадалық, ұлт аспап­тар оркестр­лері концерттерін, әсерлі заманауи шоулар мен мюзикл­дер­ді мінсіз өткізуге өте қолайлы һәм қо­нымды.
Бүгінде театрдың репертуарында классика, модерн, неоклассика, «con­temporary» стилінде сахналанған бір актілі 10 балет, 4 концерттік бағдарлама бар. Шығармашылық қор классикалық інжу-маржанға кенде емес. Мұнда сонымен қатар, Георгий Ковтун, Алтынай Асылмұратова, Ри­кардо Амаранте, Исян Чжан,  Никита Дмитриевский, Николай Маркелов сынды заманауи хореографтардың бірегей туындылары қайталанбас рухта орындалады.
Мәскеу, Санкт-Петербург, Бейжің, Париж, Вена, Сеул, Будапешт, Нью-Йорк, Токио, Варшава, Баку қалаларына сапары туралы көптеген танымал тұлғалар өз пікірлерін білдірген екен. Мұндағы лебіздерге тоқталатын бол­сақ, соның бірі, Ресейдің халық әртісі, «Астана Опера» театры сахнасын­да «Роден», «Анна Каренина» балет­терін қой­ған белгілі хореограф  Борис Эйфман:
– Мен бұл театр туралы сыртынан жылы пікірлерді көп естідім, – деді. – Олар  Санкт-Петербургтің тарихи Мария театрының сахнасында өте жоғары деңгейде өнер көрсетті.  Мұндай жаңа стильдегі рухани ошақтың құрылуы жалпы жер бетіндегі адамзат баласының бәріне ортақ қуаныш деп есептеймін. Хореограф ретінде Қазақстан балетін әлемге танытып жүрген ұжымның сахнасында тың қойылымдардың көптеп қойыла беруіне тілектеспін.
Балет тарихшысы әрі сыншысы, А.Ваганова атындағы академияның профессоры Ольга Розанова  «Кармен» және «Клеопатра» балеттері жайында: «Мен әлемдік балеттен дәл мынадай құнды дүниені бұрын-соңды көргенім жоқ. «Кармен» идеясының өзі не тұрады? Спектакльде режиссерлік ізденістің, тапқырлықтың ізі сайрап тұр. Туынды авторы Мукарам Авахриді жеңісімен құттықтағым келеді. Ал, «Клеопатра» – ғажайып шоу. Николай Маркелов спектакльдің құрылымын қалай жаңаша ойластырған десеңші. Қойылым әсері әлсіремей, аяғына дейін бірте-бірте күшейе түсіп отырады», – деп кәсіби тұрғыда жоғары баға берді. 
Белгілі хореограф Азарий Пли­сецкий:
– Мұның өзі ел мен оның мәдениеті үшін ғана маңызды оқиға емес, бұл күллі әлем үшін өте құнды да құтты құбылыс. Жаңа балет театрының ашылуы – қандай ғажап! Өйткені, ол арман құшқан тағдырларды тоғыс­тырған, күш-жігерлерді жаныған киелі мекенге айналуда, – десе, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева: «Әлемдік стандартқа сай сахналанған ғажайып туындылар Отанымыздың рухани олжасы сана­лады», деп сүйіспеншілік білдірді.
  «Астана Балет» театрының солистері жаңалықты тез қағып ала қояды. Би өнерінде ішкі сезімді, эмоцияны дәл жеткізе білу маңызды десек, жұмыс барысында олар міне, соны үйренді. Бұл мені қуантты. Өйткені, заманауи үлгідегі балет өнері көбіне экспрессивті  болып келеді», – деді журналистермен әңгімесінде бразилиялық хореограф Рубен Терранова. Әйгілі балет сыншы­сы Джессика Тиг «Dance Europe» жур­налында жарияланған мақаласын­да «Астана Балет» театрының репер­туары туралы ойларымен бөлісе келіп: «Классикалық балет өнері дәстүріне иек арта отырып, Шығыс пен Батысты ұнасымды үйлестіруі, халық билері элементтері мен неоклассикалық үлгі­дегі қимылдарды шебер игеруі – қазақ­стандық театр техникасының ерекше қырлары» деп дем берді.
 Жыл сайын тың туындылармен толығып отыратын отандық театрдың репертуары жанрлық жағынан жалық­тырмайды. «Әлем» балетін алсақ, зама­­науи туынды адам баласының тір­шіліктегі қам-қарекеті жайында баян­дайды. Жарық дүние есігін ашқан замат­тан бастап кісі басынан сан мың сы­нақ сынаптай сырғып өтеді. Көктен жер бетіне бұл сын не үшін жіберіледі екен осы? Жұмбағы мол жұмыр жердің сыры мен құпиясы жария етілсе, адам өмі­рі­нің мәні бола ма екен? Жан әле­мі жайындағы бұл қойылымды Санкт-Петербург, Вена, Мәскеу, Сеул жұрт­шылығы зор сүйіспеншілікпен қабылдады.
Аңыз, әпсаналар негізінде туған «Жусан» балеті Ұлы Дала құшағының құлпын, ал «Клеопатра» балеті Мысыр патшайымының көпшілікке беймәлім қырларын ашады. Билікке барынша ұмтылып баққан ол тақ үшін өзінің сіңлісі Арсиноямен күреседі. Ішкі энергетикасы, динамикасы мол шоу-қойылымда көрермен бір сәт ежелгі Мысыр дәуіріне қарай дәрменсіз жетек­теле береді. Проспер Мерименің осы аттас новелласының бірегей хорео­графиялық нұсқасы болып табы­латын «Кармен» – өнер ұжымының кәсі­би деңгейін айқындаушы төлқұжат іспет­ті классикалық шығарма. Бес бале­рина әйел затының қилы-қилы қыр­ларынан қыруар сыр түйгізіп, әйел жаны­ның жалғыздығын, трагедиясын паш етеді. Мұнда хореография, музыка мен бейнелеу өнері арқылы әлем мәдениетінің үш ғасыры қамтылады.
Жер шары жайлы қойылған «Gaia» заманауи хореографиясы жарқын оқиғасымен, әсерлі әуенімен тұшымды. Жердің бес тағаны – су мен жер, от пен ауа, орман тылсымы тұтаса келіп, Жер тәңіриясы «Gaia» негізін құрайды. Театр  Ақтөбе, Қостанай, Ақмола облыстарына сапарларында жұртшылыққа танымал хореографиялық миниатюралар мен бір актілі балеттердің үзінділерін ұсынды. Елордалық сахнадағыдай безендірілген бағдарлама, жалпы  2012 жылдан бастау алатын «Астана Балет GALA» жобасы ұжымның жылнамасы іспетті. Мұнда ұлттық нақышқа қоса, контемпорари, неоклассика мәнерінде әзірленген қойылымдар бар. Ал «Сағым сәттері» балеті шаңырақтың діңгегі неден құра­латынына мән бергізеді. Негізі қазір қоғамда бәрі керісінше орын алып жатқан сияқты болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұлар сыртқы қабыршақтар ғана.  Ежелгі қытай пәлсафасына сай, нәзік жандылар «инь» белгісіне жақын және жылдың қос мезгілі – күз бен қысқа ұқсас. Әйелдің ұлылығы, парасаты мен сабырлылығы және олардың қиындықты жеңу, кедергі, кептелістерді бұзып-жару жолындағы қайсарлығы  бедерленетін спектакль көрермен көңілін бей-жай қалдырмайды. Абай поэзиясына арналған «Ғашықтың тілі тілсіз тіл, көзбен көр де, ішпен біл» балеті терең тебіреніс пен ой өрнегіне құрылған. Қойылым сегіз вариациядан тұрады: «Нұрға бөлену», «Сегіз аяқ», «Жыл мезгілдері», « Көзімнің қарасы», «Той бастар», «Татьянаның хаты», «Ақын арызы», «Желсiз түнде…». Шетел­­­дік классикалық шығармаларды молы­­­нан игеру әрине керек әрекет-ақ, со­ған қарамастан ұлттық құндылықтың, оның ішінде Абай  тағылымының қашан­­да маңызы зор. Өйткені, кез кел­ген шетелдік шығарманы дәл сол елдің ойнау деңгейінде мықшыңдап алып шығуға болар-ау, алайда, қай халыққа болсын алдымен, өзінің төл туындысы қымбат болып қала бермегі сөзсіз.     
«Love fear loss» («Махаббат. Айы­рылу. Үрей») балеті Эдит Пиафтың ғажа­йып өміріне, музыкасы мен ән­деріне негізделсе, «A fuego lento» («Баяу жалын») атты бір актілі балетте пластика арқылы адамның алғашқы сезімі, эмоциялық көңіл-күйі беріледі. «Diversity» қойылымы балет тарихына бойлатып, бірнеше ғасыр бұрын пайда болған өнердің қазіргі хал-ахуалын бейнелейді. Мұнда музыка мен костюм, пластика мен қимыл уақыт өте келе өзгеріске түсуі мүмкін, ал бірақ шабыт пен сұлулық ешқашан өзгермейді деген идеяны алға тартады. Мария және Михайлов театрларында, А.Ваганова атындағы Орыс балетінің академиясында, Ресей мен Украинаның көптеген теа­трларында шамамен 300-ге жуық балет пен хореографиялық нөмірлер қойған Георгий Ковтунның қойылымындағы «Вальпургиев түні» балетінде Ежелгі Грекияның аңыз, әпсаналары орыстың классикалық балет дәстүрі иірімдерімен баяндалады. 
«Астана Балет» театры тарихындағы тағы бір елеулі жаңалық – биыл алғаш рет Джордж Баланчиннің неоклассикалық сирек туындысы, «Серенада» қойылы­мы мен бразилиялық хореограф Рубен Терранованың «Қайшылықтар» спек­таклі көрерменмен қауышты. Сонымен қатар, «Аstana Ballet» театрының дирек­торы Валерий Күзембаев алдағы уақыт­та труппа солистерін мұнан да жауап­ты жобалар мен гастрольдік сапарлар күтіп тұрғанын айтты.  11-18 маусымда Белоруссияда өтетін халықаралық балет фестиваліне қатысу жоспарланса, 28 маусым мен 21 шілде аралығында олар алғаш рет Латын Америкасында, ал 1-5 тамызда Түркияда өнер көрсет­пек. «Бұл сапарлар арқылы біз еліміз­дің мәдениеті мен өнерін жоғары дең­гейде насихаттап қайтуды мақсат етіп отырмыз», дейді ұжым басшысы жур­налистерге берген сұхбатында... Қимыл-әрекеттері құралайдың елігіндей жеп-жеңіл әсем бейнелер бейне бір көк жүзін­де қалықтаған көркем аққулардай елестейді. Аспандағы сұлулықтың символы аққу десек, көк майсалы шүйгін құрақты мекендеген  сыңары сірә, осы бір бекзат өнер иелері болма­сына кім кепіл!  

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.10.2018

Дзюдодан ел чемпионаты Астанада өтеді

17.10.2018

Елеусінов Монте-Карлода жұдырықтасады

17.10.2018

Сенаторлар Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

17.10.2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында армиялық қоян-қолтық ұрыстың үздік жауынгерлері анықталды

17.10.2018

«Егеменнің» тілшісі Хамит Есаман жүлдегер атанды

17.10.2018

Алматы облысында екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

17.10.2018

Альварес Головкинмен қайта жұдырықтасуға қарсы емес

17.10.2018

Маңғыстауда Қарақия ауданының 45 жылдығы тойланды

17.10.2018

Мемлекет басшысының Финляндия Республикасына ресми сапары жалғасуда

17.10.2018

Kazakhstan Fashion Week сән апталығы басталды

17.10.2018

«Орда» бағдарламасы-әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың үлкен үміті

17.10.2018

Алматы облысында 100 учаскелік полиция пункті ашылды

17.10.2018

Бүркіттің балапандары еркіндікке жіберілді

17.10.2018

«Барыс» «Автомобилисті» ұтты

17.10.2018

Кукушкин «Кремль кубогында» Донскойға есе жіберді

17.10.2018

Аргентинада үш боксшымыз финалға шықты

17.10.2018

Атырауда 2500 пәтер орталық жылу жүйесіне қосылады

17.10.2018

Маңғыстауда күйші қыз-келіншектер байқауы басталады

17.10.2018

Жұмекен жырларын жатқа оқыды

17.10.2018

Солтүстік Қазақстанда Қожаберген жырауға ескерткіш орнатылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу