«Астана Балет» театрында Еуропа күніне ар­­налған концерт өтті

Кеше «Астана Балет» театрында ЕО-ның Қазақстан Респуб­ли­ка­сын­дағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Еуропа күніне ар­­налған еуропалық композиторлардың классикалық му­зыкалық концерті өтті.
Егемен Қазақстан
02.06.2017 3650

Дәстүрлі шараның басты мақ­­саты – еуропалық классик­тер туындыларының үздік үлгі­ле­­рін насихаттау. Жиылған қау­ым алдымен Еуроодақ қар­жы­лан­дыратын жасыл экономика, адам құқықтары, туризм мен бі­­лім беру сынды жобалардың же­­тістіктері мен нәтижелерін көр­сететін жәрмеңкемен таныс­ты. 
...Ерекше сәулетімен көз тар­­тар театр бүгінде өнерсүйер қау­­ымның ат басын жиі бұратын ор­­нына айналған. Әсіресе, шет­­елдік қонақтар мұнда жиі ке­леді. Бүгін де театрға ағылып жат­қан қауым арасында қазақ та, басқа ұлт та, шетелдіктер де көп.  Тілі бөлек, түрі басқа бол­ғанмен, өнер деген сиқырлы күш жинаған жандар XVII-XIX ғасырларда қалыптасқан Ба­тыс Еуропаның классикалық му­зыкасымен сусындамақ.
Сахна төрінде  Еуропалық Одақ пен Қазақстан Респуб­ли­касының Әнұрандары қалық­тап,  Қазақстандағы Еуроодақ өкіл­дігінің басшысы Траян Хрис­теа мен Сыртқы істер ми­ни­стрінің орынбасары Роман Ва­силенко көпшілікті Еуропа күні­мен құттықтады. 
...Сахнада – Астана қаласы Мем­­лекеттік академиялық фи­лар­­мониясының симфониялық ор­кестрі. Дирижердің бұй­ры­ғын бағып отыр. Зал сіл­ті­дей тынған... Концерттің шы­мылдығы грек композито­ры Никос Скалкотастың му­зы­ка­лық туындысымен түрілді. Зал ішінде шыбынның ызыңы ес­тілетіндей тыныштық, мың түр­лі сазды үн әуезі жанды баураған ғажап музыка құді­ре­­тіне елтіген көпшілік әлем мә­де­ни­етінің классикалық ту­ын­дыла­рын бірінен соң бірін тыңдап, екі сағат уақыттың қалай өте шыққанын аңдамағандай. Тұ­ла бойды шымырлатып, алпыс екі тамырыңды идіретін классикалық композиторлардың шы­ғармалары бірінен соң бірі қалықтады.  Пит Хейн, Панчо Владигеров, Ференц Листтің рап­содияларымен еліткен ор­кестр Эмилс Дарзиньш, Се­бас­тьян Бах, Сезар Франк, Ио­ганн Штраустың көркем туын­ды­лары  қазақ астанасында  қа­лық­тады.
Концерт соңын Айтқали Жай­ымовтың «Ереуіл атқа ер сал­май» туындысымен аяқтаған өнерпаздарға көрермен тік тұрып қошемет көрсетті... 

Жансая Шыңғысханқызы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2018

Асқар Жұмағалиев Шымкентте цифрландыру жобаларымен танысты

17.02.2018

Білім министрлігі балалардың әлеуметтік желілердегі белсендігін бақылауға шақырды

17.02.2018

Головкин - "Канело" екінші жекпе-жегіне арналған трейлер шықты

17.02.2018

Жанат Жақиянов кәсіби бокстағы карьерасын аяқтады

17.02.2018

Болгарияда Қазақстан туралы деректі фильмдер көрсетіледі

17.02.2018

Астанада тұңғыш рет инклюзивті спорт фестивалі өтеді

17.02.2018

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайдың CCTV арнасына берген сұхбаты жарияланды (видео)

17.02.2018

Павлодарда Достық фестивалі өтті

17.02.2018

Мексиканың оңтүстігінде 7.2 балдық жер сілкінісі болды

17.02.2018

Белгілі жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев дүниеден өтті

17.02.2018

Н.Назарбаев: Мемлекеттер арасындағы сенім мәселесі өте маңызды

17.02.2018

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2018

Елбасы Қытайдың «Бір белдеу-бір жол» бастамасына қосылудың пайдасын түсіндірді

16.02.2018

Қазақстан халқы 1 қаңтарда 18 млн 157 мыңға жетті

16.02.2018

Астанада Тұңғыш Президент Қоры сыйақысының лауреаттары марапатталды

16.02.2018

Сенатта жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша уәкілетті органдармен кездесу өтті

16.02.2018

Қызылорда облысы: Жаңақорған ауданында 5 агроиндустриялық аймақ құрылады

16.02.2018

Гүлшара Әбдіқалықова Түркиядағы қазақ диаспорасымен кездесті

16.02.2018

Қостанай облысында латын әліпбиі оқытылады

16.02.2018

Астанада жаңа автовокзал ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Пассионар

Гумилев анықтамасына жүгін­сек,­ пассионарлық – жұлдыздардың әсе­рімен, табиғат пен тарихаттың қи­лы­ дүмпулерімен қайталанып тұра­тын­ заңды құбылыс. Пассио­нарлар бой­­­ларында тасыған күш-қуат­ты, жү­рек­теріндегі жалын жі­гер­ді айнала тө­ңірегін, келе-келе күллі қауым-жұр­тын өзгерту ора­йын­дағы мақсатты жұ­мысқа жұм­сайды. Олай болса, пассио­нарларды қоғамдық қозғалыстың не­ғұрлым белсенді тегершіктері, жа­ңа­шылдар, жасампаздар десек те жа­раса­ды.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Айтушың қандай, ағайын?

«Айтушы ақылды болса, тыңдау­шы дана болады» дейді халық ма­қа­лы. Осы бір тәмсілдің өн бойында үл­кен ұлағат жатқанына шек кел­ті­ру­дің өзі күнә. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Блокчейн: сый мен сын

Таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қаржы министріне қарата айтқан сөзінде блокчейн технологиясын са­лық жинау жүйесінде қолдануды құп­таған болатын. Бұл – бүкіл әлем­ге сыйы мен сынын қоса әкеле жат­қан төртінші өнеркәсіптік рево­лю­цияның бір жаңалығы.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ұзаққа созылған келіссөз

Германия канцлері Ангела Меркель жетекшілік ететін Христиан демо­кра­­тиялық одағы және Христиан со­циа­лис­тік одағы Германия социал-демо­­кра­тиялық партиясымен ұзақ­қа созылған келіссөздерден соң, коали­ция­лық үкімет құру бойынша мәмілеге келді. Келіссөздер барысында, сондай-ақ ортақ бағдарлама да бекітілді. Ал Бундестаг (парламент) сайлауы 2017 жылдың 24 қыркүйегінде өткен болатын.

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Қалтафондағы қауіпті қосымша

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен аптаның соңында Ақпа­рат және коммуникациялар ми­нистр­лігі «Дербес деректер және олар­ды қорғау туралы» Заңға қай­шы келгені үшін GetContact мобильді қосымшасының еліміздегі қолданысына шектеу қой­ған еді. Бірер күн бұрын Әзер­бай­жан да қосымшаға тыйым салған бола­тын. Қазақстандық қалтафон қол­дану­шылары бар болғаны бір ғана күн пайдаланған бұл қосымша несімен қауіпті еді? Жеке ақпаратты саудалайтын мұндай қосымшаларға төтеп беруге бола ма?

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу