Астана мерекесі Ту көтеруден басталды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Атамекен» Қазақстанның картасы» этно-мемориалды кешені аумағында орналасқан еліміздегі ең үлкен Туды көтеру рәсіміне қатысып, салтанатты шара аясында қала күнін тойлауға арналған мерекелік бағдарламалардың басталғанын жариялады және қалыптасқан дәстүрге сай курсанттарға әскери шен тапсырды.
Егемен Қазақстан
05.07.2017 1636
2

Елбасы әрбір қазақстандық үшін мемлекеттік Ту ерекше маңызға ие екенін айтып, еліміздің тәуелсіздік жылдарында абыройлы даму жолынан өткеніне тоқталды.
«Біз елорда күні қарсаңында Мемлекеттік туымызды көте­ру рәсімін дәстүрлі түрде өткі­зіп келеміз. 25 жыл ішінде Қазақ­станды бір Тудың астына бірік­кен біртұтас ұлт ретінде қалып­тастыра алдық», деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­­стан­ның жаһандық техноло­гия­лық дамудың алдыңғы шебінен табылуға ұмтылатынын айтып, еліміздің экономика және спорт салаларындағы жетістіктеріне де ерекше назар аударды. 
«Қазақстанның Көк байрағы әлемнің көптеген ірі ареналарында ұлттық жеңісіміздің салтанатында желбірейді. Біз елімізге деген шынайы қуаныш пен мақтаныш сезіміне толы сәттерге Алматыда өткен Қысқы универсиада ойындарының барысында куә болдық. Аспан түстес Көк туымыздың астында Қазақстан бүкіл әлемге танылды», деді Қазақстан Президенті.
Елбасы Қазақстанның жаһан­дық үдерістерге белсенді атсалы­сып отырғанына назар аударып, еліміз халықаралық аренада бітімгершілік қызметті жалғас­тыра беретінін айтты.
«Біз қақтығысып жатқан тараптарды келісімге келіп, тату­ласуға шақыратын мемлекетке айналдық. Сол арқылы беде­ліміз де артып келеді. Біз жер бетінде бейбітшілік орнату үшін күресіп, ядролық қарудың жойы­луына атсалысудамыз. Біз се­німге ие болып, біртұтас әрі толерантты қоғамда өмір сүру­деміз. Сондықтан мұнда Әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбас­шыларының  съездері өткізіліп келеді», деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев бірлік еліміздің одан әрі дамуының және алдымызға қойған барлық міндеттер мен бағдарламаларды іске асырудың негізі екенін атап өтті. Сонымен қатар, Елбасы Астананың тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рөлі мен мәнінің жоғары екенін айтты.
«Астана – мүмкін­дік­тері­міздің, халқымыздың ұлылығы мен ауызбіршілігінің нышаны. Елор­дамыз – Орталық Азия мен Азия құрлығының маржаны. Біз бас қаламызды сүйеміз, ал қонақ­тарымыз оған таңырқай қарай­ды», деді Қазақстан Президенті.


Салтанатты рәсім барысында Мемлекет басшысы – Қа­зақстан Республикасы Қару­лы Күштерінің Жоғарғы Бас қол­басшысы еліміздің жоғары әске­ри оқу орындары – Қорға­ныс министрлігі Құрлық әскер­лері Әскери институты мен Радио­электроника және байланыс әскери-инженерлік инсти­ту­тының, Ұлттық қауіпсіз­дік комитеті Шекара академия­сының, Ішкі істер министрлігі ака­демиясының, Ішкі істер министрлігі  Ұлттық ұлан Әс­ке­ри институтының, Ішкі істер минис­трлігі Көкшетау техни­калық институтының үздік түлектеріне офицерлік шендер тапсырды.
Қазақстан Президенті жоғары әскери оқу орындарының бар­лық түлектеріне Отанымызға қыз­мет ету және қазіргі әлем­дегі үдерістер жағдайында ұлты­мыздың мүддесін қорғау парыз екендігін ескертті.
«Сіздерден офицерлік мін­детті мүлтіксіз орындау талап еті­леді, қай жерде болсаңыздар да, Туымызды қорғап, оны биікте ұс­тауға тиіссіздер. Сіздерге күрделі әрі жауапты миссия жүк­теледі, ол – азаматтардың бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ету және еліміздің ұлттық мүддесін қор­ғау», деді Елбасы.
Салтанатты шара аясында Мемлекет басшысының қолынан лейтенант шенін алған Ұлттық ұлан әскери институтының түлегі Уәлихан Жәукенов  мұндай марапат өзі үшін зор мәртебе саналатынын білдірді. 
«Мен үшін еңселі елордамыз − Астана күні қарсаңында Сіздің қолы­ңыздан шен алу зор мәртебе. Бұл Сіздің және халқымыздың біз­ге артқан сенімі деп санаймын. Сондықтан да біздер, егемен Қазақстанның жас офицерлері  бар күш-жігерімізді Қарулы Күштерімізді нығайтуға жұмсаймыз», деді жас сардар.
Ал Ішкі істер министрлігі ака­демиясының түлегі Әлішер Мұ­хамбетов Президенттің қолы­нан лейтенант шенін алып тұ­рып: «Мен үшін бүгін ерекше қуанышты сәт. Сіздің қолы­ңыздан әскери шен алу әрбір сарбаздың арманы деп біле­мін. Өзіңіз авторы саналатын бас қаламыз жылдан жылға өсіп, өркендеп келеді. Себебі, Аста­наның даму тарихы Сіздің ірі қайраткерлік жігеріңіздің, еселі еңбегіңіздің айшықты дәлелі. Тәуелсіз Отанымызға, Қазақстан халқына және оның Президентіне адал қызмет етуге ант етемін», деді салтанатты жағдайда. 
Шара соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ту көтеру рәсімінен кейін елорда күні құрметіне арнал­ған мерекелік іс-шаралар­дың басталатынын айтып, барша  жұртты келе жатқан айтулы ме­рекемен құттықтады.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

FIFA-2018 марапаттау рәсімінде Роналду болмайды

24.09.2018

Ұлы Дала Еліне саяхат — «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша экспедиция Таразға келді

24.09.2018

«Егемен академиясының» жаңа маусымына тіркелу басталды

24.09.2018

Мақтаарал құрылыс саласымен де танымал болмақ

24.09.2018

Атырауда «Тау тұлғалы Таумыш» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

24.09.2018

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет мектебін ашылды

24.09.2018

Алматыда III Baikonyr Short Film Festivalдің жабылу салтанаты өтті

24.09.2018

Ақтөбелік полицейлер Агенттіктің «Пара алма!» үндеуіне құлақ асуда

24.09.2018

Қыздар Университетінің студенттері республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

24.09.2018

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

24.09.2018

25 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

24.09.2018

Ақтауға үлкен футбол оралды

24.09.2018

Үш дзюдошымыз да алғашқы айналымда ұтылды

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу