«Астана Опера» театрында «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған іс-шаралар бағдарламасын «Абай» операсы ашады

11 маусымда «Астана Опера» театры қазақ музыка өнерінің аса көрнекті туындысы – А.Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» ұлттық классикалық операсын ұсынады, деп хабарлайды astanaopera.kz.
Егемен Қазақстан
22.05.2017 3525

Спектакль ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтпек. Дирижерлік тізгінде – маэстро Алан Бөрібаев.

«ЭКСПО-2017» тәрізді халықаралық деңгейдегі осындай маңызды оқиғаға арналған іс-шаралардың жарқын бағдарламасын ұсыну – біз үшін үлкен мәртебе. Оны қазақ операсының жауһары – атақты отандық композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» спектаклі ашады. Бұл шығарманы біз кездейсоқ таңдаған жоқпыз – ол біздің ұлттық өнеріміздің «бірегей туындысы», дейді «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедияров.

Осы жауһар опера туындысы ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің либреттосының желісі бойынша туындаған. Оқиғалар негізіне – ұлы қазақ ақыны, ағартушы және философ Абай Құнанбаевтың өмірінен (1845-1904) драмалық оқиғалар алынған. Бұл – екі жас Айдар мен Ажардың романтикалық және қайғылы махаббатының тарихы. Туындыда ескішілдік пен жаңашылдық арасындағы күрес тақырыбы қозғалады, адамдардың жақсы және жаман тұстары көрнекі түрде бейнеленеді. Ұлы Абай мен оның шәкірті Айдар «ескі өмірге», яғни ілгері өрлеуге кедергі болатын құбылыстың бәріне қарсы шығады.

«Астана Опера» театрының бас дирижері Алан Бөрібаевтың пікірінше, «Абай» операсы – сол кезеңдерде жазылған ұлы музыкалық шығармалардың бірі. Қойылымның елорда тұрғындары мен қонақтарының ең сүйікті спектакльдері қатарына енгеніне таңырқауға болмайды.

Жетекші партияларды «Астана Опера» театрының жарқыраған жетекші солистерінің жұлдызды құрамы ұсынуға дайындалуда. Басты партияны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин орындайды, Айдар рөлінде – халықаралық байқаулардың лауреаты Мейір Бәйнеш, Ажар – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, опера примасы Майра Мұхамедқызы, Қарлығаш – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина, Сырттан – Армения халық әртісі Барсег Туманян.

Қойылымды Қазақстан мен Италияның көрнекті өнер қайраткерлері қойған. Музыкалық жетекші және дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор А.Жұбановтың шөбересі – Алан Бөрібаев. Қоюшы режиссер – белгілі италиялық режиссер Джанкарло дель Монако, кеңесші режиссер – Қазақстанның халық әртісі, профессор Есмұхан Обаев, бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

Операның көркемдік безендірілуін атақты заманауи сценограф Эцио Фриджерио мен костюмдер бойынша суретші – «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино, костюмдер бойынша суретші ассистенті Әсел Досмұратова орындады. Қоюшы хореографтар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек Нұрқалиев және Ғалия Бөрібаева.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.08.2018

Марат Иғалиев Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

17.08.2018

«Қайрат» Еуропа лигасындағы жорығын аяқтады

17.08.2018

Сөз сойыл № 64

17.08.2018

Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылын бірқатар жаңалықтармен бастағалы отыр

17.08.2018

Қызылжар өңірінде бруцеллез дерті көбейіп келеді

17.08.2018

Ақтөбеде «7 – 20 – 25» бағдарламасына 100-ге тарта адам өтініш тапсырған

17.08.2018

Ресми бөлім (17.08.2018)

16.08.2018

Азиада-2018: су добынан Қазақстан қыздар командасы қытайлықтардан ұтылды

16.08.2018

Футболдан УЕФА суперкубогының финалы Ыстамбұлда өтеді

16.08.2018

Партия өкілдері «Ақтау теңіз портының» жұмысымен танысты

16.08.2018

Нұрлан Ноғаев: «Мектеп сауда орны емес»

16.08.2018

Мәулен Әшімбаев Астанада партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысын тексерді

16.08.2018

Астанада «Таңғажайып Қытай» атты фотокөрме ашылды (ФОТО)

16.08.2018

АҚШ-тың әйгілі кәсіпқой боксшысы Рой Джонс Рудныйда рэп оқыды

16.08.2018

«II Абай оқулары» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

16.08.2018

4 қыркүйекте Пәкістанда президенттік сайлау өтеді

16.08.2018

Нұрғали ОРАЗ. «Соавтордың» соры

16.08.2018

Түркістан облысында «Бұ­л – біздің таулар!» фес­­тивалі өтті

16.08.2018

Илья Ильиннің бала күнінен естелік

16.08.2018

«Қызыл сызықтан» асқандар қадағалана ма?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу