Астана процесі: бейбітшілік миссиясының маңызды қадамы

Кеше елордада Сирия мәселелерін реттеу бойынша екі күнге созылған халықаралық келіссөздердің төртінші раунды мәреге жетті. «Астана процесі» деген атауға ие болған келіссөздер қорытындысы бойынша Ресей, Түркия және Иран сынды кепіл мемлекеттер Сирия Араб Республикасында деэска­лация аймақтарын құру туралы меморандумға қол қойды.
Егемен Қазақстан
05.05.2017 4679
2

Екі күнге созылған келіссөз­дер­ден кейін кеше кешке өткен пле­нарлық отырыс кезінде еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов аталған құжат туралы хабарлады. 

– Соңғы екі күн ішінде Астана келіс­сөздеріне қатысушылар атыс­ты тоқтату және әскери іс-қимылдарды доғару режімі­не шолу жасады. Соның нәти­же­сінде кепіл мемлекеттер Сирия Араб Республикасында деэска­лация­лық ай­мақ­тар құру тура­лы мемо­ран­дум­ға қол қою­ға келісті,– деді Қайрат Әбдірахманов.

Аталған меморандум аясын­да қауіпсіз аймақтарда жанжал­дасу­шы тараптардың кез келген қақ­тығысын тоқтату қарастырылған.

«Қауіпсіз аймақтардың бойын жағалап, жанжалдасушы та­рап­тар арасында әскери қақ­ты­ғыс­­тарды болдырмайтын ай­­мақ­­тар құрылады. Деэска­ла­ция аймақтарының ішін­де жан­жалдасушы тарап­тар­дың кез келген қару түрін, ұшу құрыл­ғыларын қол­дан­ған қақ­ты­ғыс­тары тоқтатылады»,– делін­ген меморандум мәтінінде.

Бұл құжатқа сәйкес, қауіп­сіз ай­мақтарда қарусыз аза­маттардың және гумани­тар­лық көмектер­дің кедергісіз өткізілуін қамтама­сыз ететін бақылау-өткізу пункттері орна­ласады. Гума­нитарлық көмек­тердің жылдам әрі кедер­гісіз жеткізілуіне жағ­дай жаса­лады. Халыққа меди­цина­лық көмектің дер уақытын­да көр­сетілуіне көңіл бөлінеді. Ел ішінде бас сауғалап жүрген бос­қын­дардың өз еріктері­мен, қауіпсіз жүріп-тұруы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, атысты тоқтату режімінің сақталуын қамтамасыз ететін бақылау пункт­тері де болады.

«Бақылау-өткізу пункттері мен бақылау пункттерінің жұмысын, сондай-ақ қауіпсіз аймақ­тарды басқаруды кепіл мем­лекеттер өзара консенсус негізінде жүзеге асырады»,– делін­ген бұл құжатта.

Биылғы жылдың наурыз айында Астанада халықаралық ке­ліс­сөздердің үшінші раунды өт­ке­ні белгілі. Пленарлық отырыс­та қорытынды сөз сөйлеген Сыр­­­т­­қы істер министрі Қайрат Әб­ді­рах­манов содан бергі аралықта Си­­рияда бірқатар трагедиялық оқи­ғалар болғанына қарамастан, ел­дегі зорлық-зомбылық деңгейі тө­мендегенін айтып өтті.

– Үшінші наурызда Астана процесінің үшінші раунды өткен­нен бергі уақыт ішінде Сирияда бір­қатар қайғылы оқиғалар болды, Сириядағы ахуалға қысым күшейді. Сонымен қатар, Астана процесінің де рөлі айтарлықтай өсті. Сириядағы ахуалдың одан әрі ушығуы тараптардың ешқай­сы­сының мүддесіне сай келмейді.

Қа­зіргі таңда, ең бірінші кезек­те атысты тоқтату режімін сақ­тау, Астанада қол жеткізілген ке­лі­с­імдерді жүзеге асыру өте ма­ңыз­ды деп санаймыз. 

Осы жолы ке­ліс­сөздердің төртінші раундына бар­лық кепіл мемлекеттердің жә­не барлық мүдделі тараптардың жо­ғары деңгейдегі жауапты тұл­ға­лары қатысқанын атап өткім ке­леді, – деді министр.

Қайрат Әбдірахманов айтып өт­кендей, Астана процесінің бас­ты әрі жалғыз мақсаты – атыс қимылдарын тоқтату режімін қол­дау әрі нығайту арқылы Сирияда қантөгісті тоқтату.

– Сирияда сәуір айының со­ңында болған қайғылы оқи­ға­лар біздің алдымызда әлі өте көп жұмыс тұрғанын көрсетеді. Алай­да, Астанада бұған дейін болған ке­ліс­сөздердің үш раундында қол жеткізілген келісімдердің ар­қа­сында жыл басынан бері Сирия­да­ғы зорлық-зомбылық деңгейі ай­тарлықтай төмендеді.

Қазақстан Астана процесі аясында жоғары деңгейлі келіс­сөз­дердің келесі кезеңін өткізу мәр­тебесіне ие болды. Астана про­­цесінің жалғыз мақсаты – әс­­кери іс-қимылдарды тоқтату ре­жі­м­ін қолдап әрі нығайта отырып, Сирияда қантөгісті тоқтату. Бірақ бір фактіні мойындауымыз керек, Астанада қол жеткізілген келісімдер тараптардың шешім­тал­ды­ғынан және олардың Сирияда бейбітшілікке қол жеткізу жө­ніндегі ерік-жігерінен қолдау тап­­қанда ғана тиімді болады. Біз әр­қашан Сирияда әскери сцена­рийге жол беруге болмайтыны­на, ахуалдың бейбіт жолмен ше­ші­луі­не сендік,– деп атап өтті Қайрат Әбдірахманов.

Сыртқы саясат ведомство­сы­ның басшысы өз сөзінде Астана проце­сі­нің Женева келіссөздерінің ажыра­мас маңызды бөлігі екеніне тоқ­талып өтті. Қазақстандық тара­п­тың ұстанымына сәйкес, Женева БҰҰ аясында Сирия мәселелерін ше­шу жөніндегі негізгі алаң болып табылады. Онда күн тәртібінің сая­си мәселелері талқыланады. Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаевтың ті­келей және толық қолдауымен бас­талған Астана процесі Женева ке­­ліс­сөздерінің табысты болуына оң ықпалын тигізуге тиіс.

– Дей тұрғанмен, біз Женева про­цесінің табыстылығы Қазақ­стан астанасындағы ке­ліс­сөздердің нәтижелерімен тығыз бай­ланыста екенін түсінуіміз керек. Бұл орайда, біз жанжалда­сушы тараптардың атысты тоқ­та­ту келісімін сақтауы, оны кепіл мем­лекеттердің қамтамасыз етуі аса маңызды деп санаймыз. Егер біз әлемдік қоғамдастық пен Сирия азаматтарының сенімін сақ­­тап қалғымыз келсе, Астанада жа­­салған барлық келісімдер тек қана қағаз жүзінде қалмай, іс жүзіндегі нәтижелерге айналуға тиіс,– деді Сыртқы істер министрі өз сөзінде.

Қайрат Әбдірахманов атап өт­­к­ендей, Астана мүдделі та­рап­тардың баршасы өздерінің көз­­қарасын, ұстанымын кең ау­ди­торияға жеткізе алатын плат­фор­­­ма ретіндегі тиімділігі мен өзе­к­ті­лігін дәлелдеді. Елордадағы ма­ңызды форумға қатысқан кепіл мем­­лекеттердің өкілдері Сирия мә­­селелерін реттеу жөніндегі ке­зек­ті кездесу өтетін мерзімнің межесін белгілегені де осының бір көрінісі деуге болады. Төртінші рау­ндтың қорытындысы бойынша келіссөздерден кейінгі Ресей, Иран және Түркия елдерінің атынан жасалған құжатта:

«Халықаралық қоғам­дас­тық­тың барлық мүшелерін бұл процеске үлес қосып, Сирия дағдарысына қа­тысты ұзақмерзімді шешім та­буға шақырамыз. Қазақстан Рес­публикасының Президентіне Астанада Сирия мәселелері бойын­ша халықаралық кездесулер өт­кіз­гені үшін алғыс білдіреміз. Келесі жо­ғары деңгейдегі кез­де­суді Астанада 2017 жылдың шіл­де айы­ның ортасында өткізу туралы ше­шім қабылданды, тараптар алдын ала сарапшылық консультация­лар­ды бұл кездесуден екі апта бұ­рын Анкарада өткізуге келісті», – делінген.

Осылайша, Сирия мәселелерін реттеу­ге бағытталған Астана про­цесінің төртінші раунды қоры­тын­дыланды. Халықаралық келіс­сөз­дерге Ресей, Иран, Түркия ел­­де­­­р­інің, Сирия үкіметінің, Си­рия­­ның қаруланған оппо­зи­ция­сы­ның делегациялары келген бола­тын. Сондай-ақ, БҰҰ Бас хат­шы­сының Сирия мәселелері жө­нін­дегі ар­наулы өкілі Стаффан де Мис­тура, Иордания сыртқы істер министрінің кеңесшісі Науаф Уасфи Тель, АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Стюарт Джонс қатысқанын айта кету керек. Әуел бастан бейбіт бітімге ке­луді қолдайтынын ашық біл­діріп, бей­тарап ұстанымын аңғартқан Қазақстан алқалы жиынға алаң ұсы­нумен шектеледі. Ресми Аста­на­­ның ұстанымы – түйіні тар­қа­мағанына алты жылдан ас­қан мәселенің шешімін табуына, та­ра­птардың өзара мәмілеге ке­луі­не, бейбіт халықтың азап шегуін тоқ­татуға үлес қосу. Бұл миссия Қазақстанның халықаралық аре­на­­дағы мәмілегер ретіндегі бе­делін биіктететіні сөзсіз.


Арнұр АСҚАР,


Суретті түсірген

Ерлан Омаров,

«Егемен Қазақстан»


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Қостанайлықтар жарықдиодты шыны төсеніштермен жүреді (ВИДЕО)

21.09.2018

Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға мастер-класс өткізді

21.09.2018

Бурабайда жаңа мешіт ашылды

21.09.2018

Онкологиялық қызметтің атасы Сәкен Нұғмановтың 100 жылдығы атап өтілді

21.09.2018

Дзюдошы Ерлан Серікжанов жартылай финалға шықты

21.09.2018

Қайрат өз құрамын жария етті

21.09.2018

Асқар Жұмағалиев Үндістанның АТ және телекоммуникациялар министрімен кездесу өткізді

21.09.2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

21.09.2018

Шыңғырлау ауданында төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

21.09.2018

Рани Мукерджидің қазақтарға сәлемі

21.09.2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

21.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

21.09.2018

Халқына демесін болған күйші

21.09.2018

Жер үстінде жұмақ бары рас па?

21.09.2018

Зейнетақы қоры жалған қауесетті жоққа шығарды

21.09.2018

Димаш Акимов: Көрерменім «Адам» атандырып жіберді

21.09.2018

Қостанайда 11500 адам бірыңғай жиынтық төлем төлейтін болады

21.09.2018

Вьетнам президенті Чан Дай Куанг көз жұмды

21.09.2018

Роналду алғаш рет ойыннан қуылды

21.09.2018

Qasiet pen qasiret

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу