«Астана» қаржы Орталығы БАӘ-де болды

Егемен Қазақстан
07.12.2016 138
katar  «Астана» Халықаралық қаржы Орталығының делегациясы іс-сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне, Катар мемлекетіне және Бахрейн Корольдігіне барды.  4-6 желтоқсан аралығында АХҚО делегациясы халықаралық қаржы орталықтарының озық тәжірибелерін зерделеу және олармен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Біріккен Араб Әмірліктеріне, Катар мемлекетіне және Бахрейн Корольдігіне сапар жасады. БАӘ-ге сапар барысында Дубай қаласындағы ҚР Елшілігі мен Бас консулдығының жәрдемдесуімен «Дубай» халықаралық қаржы орталығының (DIFC) Басқарушысы Исса Казиммен, Дубай қаласының Экономикалық даму департаментінің Бас директоры Сами аль-Камзимен, Дубай қаласының Туризм және коммерциялық маркетинг департаментінің Бас директоры Хиляль Саид аль-Марримен, Ислам экономикасын дамытудың Дубай орталығының Бас атқарушы директоры Абдулла Мохаммад аль-Ауаармен және «Smart Dubai Office» Бас директоры доктор Айша бин Бишрмен кездесулер және келіссөздер өткізілді. Бұдан басқа, делегация АХҚО қатысушыларына еңбек визаларын рәсімдеу барысында «бір терезе» қағидаты бойынша жұмысты ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді зерделеу үшін DIFC-дің Бірыңғай виза орталығында болды. unnamed Доха қаласына сапар барысында Катар мемлекетіндегі жетекші қаржы институттарымен ҚР Елшілігі ұйымдастырған келіссөздер өтті. Орталық банктің Төрағасы шейх Абдалла бен Саудом Аль Тани, Катар қаржы орталығының Бас директоры Майкл Райан, Қаржы нарығын реттеушінің Бас атқарушы директоры Нассер Ахмад Аль-Шайби, «Masraf al Rayan Group» банктер тобының Бас атқарушы директоры Адель Мустауфуй және басқалармен кездесулер шеңберінде АХҚО делегациясы катарлық тарапты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған қаржы орталығының қалыптасу барысымен таныстырды. Катардың қаржы және банк ұйымдары өз кезегінде капитал нарығы, исламдық қаржы, активтер мен дәулетті тұлғалардың әл-ауқатын басқару саласында АХҚО қызметіне қатысуға қызығушылық танытты. АХҚО делегациясы сондай-ақ Катардың Қор биржасында болып, Бас атқарушы директор Рашид бен Али Аль Мансуримен кездесті. «World Innovation Summit for Education» Басқармасының Төрағасы Ставрос Янноукпен және «Qatar Investment Authority» Катар инвестициялық қорының Бизнесті дамыту директоры шейх Абдулазиз бен Али Аль Танимен мазмұнды келіссөздер өтті. 3 Бахрейн мемлекетінде АХҚО делегациясы 20 жылдан бері исламдық банкинг пен қаржы саласы көшбасшыларының кездесулеріне арналған ірі алаң болып саналатын Дүниежүзілік Исламдық Банк конференциясының (WIBC 2016) жұмысына қатысты. Аталған іс-шараның аясында Бахрейн Орталық банкінің Төрағасы Рашид Аль-Мараджбен, Исламдық қаржы мекемелерінің бухгалтерлік есеп пен аудит жөніндегі ұйымы (AAOIFI) Бас хатшысының орынбасары Омар Мустафа Ансаримен, Халықаралық исламдық қаржы нарығының(IIFM) Бас атқарушы директоры Иджлал Альвимен, Бахрейннің Банк ісі мен қаржы институтының (BIBF)  директоры Ахмед Аль-Шайхпен кездесулер өткізілді. Қол жеткізілген уағдаласушылықтардың қорытындысы бойынша BIBF-пен Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қол қойылған Меморандумның негізінде адам капиталын дамыту саласы және озық тәжірибе мен біліммен алмасу бойынша ынтымақтастық жасау мүмкін болады.  
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.01.2019

Қарағандылық инспекторға оқ атқан күдіктілердің фотосы жарияланды

18.01.2019

ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлек «Болашақ» арқылы шетелдерде оқи алады

18.01.2019

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Ғали Исқалиев тағайындалды

18.01.2019

Ақтөбе облысының шаруалары былтыр 228 млрд теңгенің өнімін өндірді

18.01.2019

Полиция департаменті айыппұлды уақытылы төлеуге шақырды

18.01.2019

Елордалық аурухана тұңғыш рет неврологиялық асқынуды азайтатын құрылғыны қолданды 

18.01.2019

Елордалық құтқарушылар жанып жатқан үйден 6 адамды шығарды

18.01.2019

Колумбиядағы жарылыс салдарынан 21 адам қайтыс болған

18.01.2019

Тимур Қожаоғлы: «Егемен Қазақстан» – Еуропа құрлығындағы маңдайалды басылым

18.01.2019

Алматыдағы тікұшақ апатынан кейін «Sky Service» рейстері тоқтатылды

18.01.2019

Геннадий Головкин ұлды болды

18.01.2019

Солтүстік Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» акциясы жалғасты

18.01.2019

Головкиннің қарсыластары бір-бірімен жұдырықтасады

18.01.2019

Петропавлда ресейлік бас киімдер көрмесі ашылды

18.01.2019

Ақтөбеде жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету меморандумына қол қойылды

18.01.2019

Алматыда газбен жүретін жаңа автобустар іске қосылады

18.01.2019

СДУ-да IT технологиялары саласында білім беру жобасы басталды

18.01.2019

Мемлекет басшысы «Smart Aqkol» ахуалдық орталығына барды

18.01.2019

Елбасы кітапханасының Ақтөбеде өткен көшпелі көрмесін 120 мыңнан аса адам тамашалады

18.01.2019

Атырауда қазақтың үш биіне ескерткіш орнатылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу