Астанада әлемдік сауда орталығы салынады

Елбасы Халықаралық сауда орталықтары қауымдастығының басқарма мүшесі (WTCA) Рольф Драакпен және «Nest Investments HOLDINGS» компаниясының корпоративтік инвестициялар жөніндегі директоры Мехран Эфтехармен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Егемен Қазақстан
24.01.2019 7672
3333
2222
2222
2222

Жиынға Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Исекешев, Астана қаласының әкімі Б.Сұлтанов және сәулетші-дизайнер Кеннэт Брюс Джеймс Андерсон қатысты.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына елордада Дүниежүзілік сауда орталығының ғимаратын салу жөніндегі жоба ұсынылды. Бұл нысан толықтай шетел инвестициясы есебінен бой көтереді.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі кездесудің былтыр қазан айында Брюссельде өткен Қазақстан-Еуропа бизнес форумы алаңындағы келіссөздердің жалғасы екенін атап өтті.

– Біз Брюссельде сіздердің ұсыныстарыңызды талқылап, тағы да кездесу өткізу жөнінде уағдаласқан едік. Халықаралық сауда орталықтары қауымдастығының мұндай жобаларды жүзеге асыру ісіндегі мол тәжірибесін ескеріп, біздің ынтымақтастығымыз екі тарапқа да жемісті болады деп ойлаймын. Бұл жоба елордамыздың келбеті мен рухына сай келіп, оның ажарын аша түскенін қалар едім, – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы Астананың бой көтеру үдерісіне ерекше тоқталып, ондағы әр сәулет нысанының тарихы жөнінде айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың бүкіл Еуразия құрлығының кіндігі ретінде батыс пен шығыс мәдениеттерінің сәулет стилін және салт-дәстүрін бойына сіңіргенін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің павильондарын салу барысы мен нәтижелері жөнінде айтты.

– Біз халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу құқығына ие болғанда байқау жариялаған болатынбыз. Диаметрі 80 метрлік «Нұр Әлем» сферасы әлемдегі бірегей нысан саналады. Оның құрылысын өзім бақылап отырдым. Бүгінде «ЭКСПО-2017» көрмесі инфрақұрылымының базасында «Астана» халықаралық қаржы орталығын, «Жасыл» технологиялардың халықаралық орталығын, IT-стартаптардың халықаралық технопаркін аштық. Сондай-ақ, мұнда Халықаралық ІТ-университет құрылады. Барлық жобалар синергиясының мультипликативтік тұрғыдан оң әсері болады деп ойлаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Халықаралық сауда орталықтары қауымдастығының басқарма мүшесі Рольф Драак кездесуге және елордада жаңа нысан салу жөніндегі жобаны талқылауға мүмкіндік бергені үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді.

«Nest Investments HOLDINGS» компаниясының корпоративтік инвестициялар жөніндегі директоры Мехран Эфтехар өз компаниясы үшін сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту үдерісінде Астананың стратегиялық тұрғыдан маңызды екенін айтты.

– Біздің инвестициялық тобымызға қарасты ірі 18 дүниежүзілік сауда орталығы бар. Мұндай нысандарды қалай салып, қалай басқаруды білеміз. «Бір белдеу, бір жол» ауқымды жобасына қатысу жөніндегі біздің стратегиялық бағытымызда Қазақстан, соның ішінде Астана маңызды орын алады, – деді М.Эфтехар.

Соңында Мемлекет басшысы Дүниежүзілік сауда орталығының жаңа ғимаратының жобасын мақұлдап, Астана қаласының әкімі Б.Сұлтановқа оны іске асыру жөніндегі бірлескен жұмыстарды бастауға тапсырма берді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2019

Батысқазақстандықтар жаппай шаңғы тепті

24.02.2019

UFC: Дамир Исмағұлов жеңіске жетті

24.02.2019

Михаил Кукушкин финалға шықты

24.02.2019

Дюсельдорфта әзірге жүлде жоқ

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу