Астанада барлық бағыттағы жолдар ашылды

Егемен Қазақстан
05.12.2016 134
zhol Астанадан барлық бағыттағы жолдар ашылды, деп хабарлады ҚазАқпарат. «Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметі Астана қаласынан шығатын барлық бағыттағы тасжолдардың ашылғандығын хабарлайды», – делінген Smart Astana қосымшасында таратылған ақпаратта. Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 желтоқсан күні сағат 14:14-тен бастап, Астана-Атбасар, Астана-Қарағанды тас жолы қоғамдық және жүк көліктері үшін, 16:40-тан бастап Астана-Көкшетау, Астана-Павлодар жолы көліктің барлық түрі үшін жабылған болатын. Ақмола облысы - 4 желтоқсан сағат 15:15-тен бастап ауа райының бұзылуына байланысты (қатты жел, жаяу бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) Астана-Петропавл жолының 18-231 шақырымы аралығында (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылған болатын. 4 желтоқсан сағат 17:00-ден бастап, ауа райының бұзылуына (күшті жел, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолы (22-205 шақырым аралығы) барлық көлік түрлері үшін жабылды. 4 желтоқсан сағат 18:00-ден ауа райының нашарлауына (күшті жел, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) орай, «Екатеринбор-Алматы» күре жолының 917856 шақырым (Жақсы кенті - Солтүстік Қазақстан облысымен шекара) аралығы барлық көлік түрлері үшін жабылды. 4 желтоқсан сағат 22:45-тен бастап ауа райының бұзылуынан (күшті жел, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) «Екатеринбор-Алматы» күре жолы (917-1006 шақырым аралығы, Жақсы кенті-Атбасар), «Жақсы-Есіл-Бұзулық» (0-82 шақырым), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (232-260 шақырым), «Жезқазған-Петропавл» (377-595 шақырым), «Астана-Қорғалжын» (16-169 шақырым), «Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» (16-51 шақырым), «Екатеринбург-Алматы» (1280-1353 шақырым) тас жолдарында барлық көлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. Шығыс Қазақстан облысы 4 желтоқсан сағат 14:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) көліктің барлық түрлері үшін республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» (778-1079 шақырым) тас жолы жабылды. 4 желтоқсан 14:00-ден бастап жаңбыр мен көктайғаққа байланысты маршруттық рейстік автобустар мен тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» (8-198 шақырым) жолы жабылды. 4 желтоқсан 15:45-тен бастап бұрқасын мен көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты барлық автотранспорт үшін Новотроицск ауылына кіреберістегі облыстық маңыздағы жолдың 0-22 шақырым аралығы жабық. 4 желтоқсан сағат 18:00-ден бастап, 5 желтоқсан таңертеңгі 08:00-ге дейін бұрқасын мен көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты республикалық маңыздағы «Өскемен-Зырян-Катон-Қарағай-Рахман қайнарлары» автожолының 4-65 шақырым аралығында барлық автокөлік үшін қозғалыс шектелді. Қарағанды облысы - 4 желтоқсан 15:35-тен бастап көктайғақ, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты «Алматы-Екатеринбург» (1051-1142 шақырым аралығы Теміртау қаласы-Ақмола облысымен шекара) күре жолы қоғамдық және жүк көліктеріне жабылды. 4 желтоқсан сағат 21:30-дан бастап көктайғақ, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуіне орай автокөліктің барлық түріне «Жезқазған-Петропавл» жолының (22-252 шақырым аралығы, Сәтбаев қаласы-Қостанай облысымен шекара) учаскесіне шығуға тыйым салынды. Павлодар облысы - 4 желтоқсан 17:00-ден бастап көктайғақ, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» (205-259 шақырым) тас жолының Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабық болды.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2019

Жамбылда экономиканың барлық салаларында 4-5 пайыз өсім бар

17.01.2019

Станимир Стоилов ұлттық құрамадан кетті

17.01.2019

19 қаңтарда Оралда 14 ойықта суға түседі

17.01.2019

Маңғыстауда «Қошқар-Ата» қалдық қоймасына қатысты жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді

17.01.2019

Жаңадан ашылған ауданға жастар оралып жатыр

17.01.2019

«Егемен» жазған мақала сенатор сауалына арқау болды

17.01.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында сержанттар кеңесі өтті

17.01.2019

113 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты - Қ.Өскенбаев 

17.01.2019

Шымбұлақта фристайлдан әлем кубогі өтеді

17.01.2019

Атырау облысында екпе алмаған балалар қызылшаға шалдығып жатыр

17.01.2019

Алматыдағы Баум тоғайы түрлене түспек

17.01.2019

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Сербиядағы турнирді сәтті бастады

17.01.2019

Талдықорғанда «ақылды» аялдама салынып жатыр

17.01.2019

Қазақстандық теннисшілер жұбы екінші кезеңге шықты

17.01.2019

Галышева мен Рейхерд АҚШ-тағы әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды

17.01.2019

Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы әлемдік сынның финалына өтті

17.01.2019

Батыс Қазақстан ТЖД 17 күнде 43 SMS-хабарлама таратты

17.01.2019

 Қостанайда 867 үкіметтік емес ұйымның 586-ы жұмыс істейді

17.01.2019

ТҮҚЖБ-ның әр төртінші заемы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілген

17.01.2019

Батыс Қазақстанда 256 мемлекеттік қызметкердің орны бос тұр

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу