Асыл адам айнымас:Бәйкен Әшімов

Есімі елдің тұғырына, берік діңгегіне айналған биік тұлғалар, асыл жандар болады. Менің түсінігімде сондай тұлғаның бірі ­– ­­бүгінде 100 жасқа толған марқұм Бәйкен Әшімов ағамыз. Оның есімі естілгеннен-ақ Қазақ елінің тұтас көрінісі көз алдыңа елестейді. Бұл оның елге сіңірген еңбегімен қатар, қазақтың ең байыпты адамдарына тән айрықша қалпының әсері болса керек.
Егемен Қазақстан
07.08.2017 1092

Мен Бәйкен ағамен 1993 жыл­­дан бері таныс болдым. Ол кезде Алматыдағы жоғары жал­­­пы-әскери командалық учи­­ли­­ще­нің бастығы болып қыз­мет істеп жүрген едім. Елі­міз­дегі жо­ғары білімді офицерлер дайын­дайтын бірден-бір оқу орны болғандықтан, оның мате­­риал­дық-техникалық базасын арттыруға, білім сапасын жақ­сартуға күш салып жүрдік. Әскери ғылым бойынша ғылы­ми диссертациялар қор­ғататын аттестациялық комис­сия да құрдық. Осы комис­сияда Бәй­кен Әшімұлының бала­сы Оңда­сын Әшімов те қыз­мет етіп, сол кісі арқылы аға­мен танысқан едім. 
Бір көргеннен-ақ ол маған қат­ты әсер етті. Барынша бай­­сал­­­ды, қара жерге тірек бол­ған­­­дай орнықты сөздерімен, ба­йып­­­­ты қалпымен қатар, ол кісі өмір­дің бүгінгі ағыстарына, б­о­лып жатқан өзгерістерге сер­гек қарап, зерделі пікірлер, те­рең ойлар айтты. Алдымен учи­­ли­щедегі ұлттық құрамға қат­ты көңіл бөлгені, қазақ ба­ла­ларының оған түсуге қан­ша­лықты ықыласты екенін сұра­ғаны есімде. Шынында, орналасқан жері Алматы қаласы болғанымен, бұл оқу орнын­да оқитын болашақ қазақ офи­цер­лерінің үлесі кезінде 2-3 па­йыздан аспайтын. Оның әрине, түрлі себептері бар, со­ның ішін­де қазақ ата-аналар­дың ба­ла­ларын әскери оқуға беріп, ел­ден алыс кетуіне қар­сы бол­­ған­дығы да бар еді. Бәй­кен аға сондайлардың бәрін біле­ді екен. Алайда тәуелсіздік ал­ған­нан бері училищеге оқуға ниет біл­дірген қазақ бала­лары­ның саны еселеп көбейгенін айт­­қаным­да, ол кісі біршама разы бо­лып, жылы жымиып, жа­ды­рап қал­ды. Осылай басталған әңгі­меміз бірнеше жылдарға со­зыл­ған жарасты қарым-қаты­насқа ұласып, Бәйкен ағаның өмір жолымен жақсы таныстым. 
Ол кісі де мен сияқты еліміз­­­дің ауа райы қытымыр, қы­­сы – қатал, жазы – ыстық, кей жыл­­дары ыл­ғалы шамадан тыс артып, кейде құрғақшылығы асып кететін солтүстік өңірде дү­­ниеге келіпті. Ән мен жыр­дың сүлейі Ақан ауы­лына жақын орналасқан оның ту­ған жерінде серінің өне­гесі мен өнері жастардың бо­йы­­­на жас­тай сіңіріледі екен. Ал­ты­­­бақан­да шырқалған Ақан ән­­дері түні бойы қалықтап, жайлаудың сәнін арттырып, Арқаның алыс қырларына дейін естіліп тұрған.
Бәйкен аға жастайынан өмір­­дің шырғалаңы мен тағ­дыр­дың талқысына тап болған. Алты айға толар-толмаста әкесі Әшім кенеттен дүниеден өтіп, жетім қалады. Бірақ қазақ­т­ың дана дәстүрімен шеше­сі елден кетпей, әкесінің інісі Қаб­доллаға әмеңгерлік жолымен қосылып, туған әке болмаса да оның орнын жоқтатпайды. 
Бәйкен ағаға отбасылық қиын­шылықтан гөрі сырттың қысы­мы заһарлы болады. Боз­бала шағы халықтың күнкөріс көзі – малын тұтастай тартып алып, колхоздың қоңыртөбел тір­лігіне иіріп тастаған қиын жылдарға тап келген. Жағ­дай одан әрі де ушығып, ба­рынша азайтылған малдар қыры­лып, оның үстіне егін де шық­пай, барлық жұрт аштыққа ұшырайды. 
Бір кезде Максим Горький­дің «Мои университеты» кіта­бы­нан нағашы атасының «Иди-ка ты, Лексей, в люди» деп жие­­нін баға алмай, қаңғыртып жі­бер­генін оқыған едік. Сондай жағ­дай қазақ даласында да болып, 1932 жылдың аштығы қыс­қанда он бес жасар Бәйкенді аға­сы Қабдолла бірдеңе қылып күніңді көрерсің, біз құдайдың басқа салғанын осында көреміз, деп жалғыз өзін жаяу-жалпы Көкшетауға аттандырып жібе­реді. Жүз елу шақырым жерге бір­неше күн жүріп, итшілеп зор­ға жеткен баланы мұнда салу­лы төсек, салқын үй күтіп тұр­ған жоқ еді. Әрі аш, әрі баратын баспанасы жоқ бозбала қаладағы балалар үйін табады. «Қарға тамырлы қазақ» қой, ол мұнда директор болып істейтін аталас ағайыны Есбай Сүлейменовті іздеп келген еді. Әйтеуір, жөні түзу қазақ бірін-бірі тастамайды емес пе, Бәйкенді балалар үйіне алдыра алмаған ол Петропавлдағы фабрика-зауыт оқуына (ФЗО) жібереді. Есбай ағасының осы жақсылығын Бәйкен аға өмір бойы ұмытпай, кейін өзіне де, оның ұрпақтарына да қолдан келген көмегін жасап баққан.
Петропавлда да бір таныс ағасы табылып, бозбаланың қолы бір жан сақтайтын жерге іліге­ді-ау, әйтеуір. Осындай тағ­дырға тап болғанына Бәй­кен аға шүкіршілік айтатын, ал өзіндей мыңдаған бала мұндайға қол жеткізе алмай қырылып қалғанын еске алып, ол қатты күрсінетін еді. 
ФЗО-ны бітіріп, біршама ысылып, орыс тілін де үйрен­ген бозбала енді дұрысырақ ма­ман­дық алуды көздеп, Пет­ро­павлдан сексен шақы­рым жерде, Покровка деген селода орналасқан ауыл шаруашылығы техникумына түседі. Қазақша Ақжар деп аталатын бұл село мен туып-өскен Көбештен (орысшасы Николаевка) 30 шақырым жерде ғана. Сондықтан Бәйкен ағамен бір жердің дәмін татып, бір Есілдің суын кешіп жүрген болып шықтық.
1938 жылы Бәйкен Әшімов осы техникумның толық            курсын бітіріп, орта білімді ма­­ман бо­лып шығады. Оның үстіне техникумның соңғы курсынан комсомолдық жұмысқа да тар­тылып, ел көріп, жер кө­ріп, жұрт танып, халықпен жұ­­мыс іс­теуіне де жағдай жа­сал­­ған. Осы бетпен кете бер­се де ол қызметтің биік саты­ла­ры­на қол жеткізген болар еді, бірақ тағдыр жолы оны бас­қа арна­ға бұрады. Дәл осы жыл­дың кү­зін­де оны мерзімді әске­ри мін­­детін өтеу үшін әскерге ш­ақыр­­тып, Украина жерінде орна­­лас­­қан әскери құраманың сапы­на қа­тардағы жауынгер етіп жібереді. 
Әскер қатарында жүрген Бәйкен аға тарихи оқиғаларға қатысып, КСРО-ның батыстағы шекараларын кеңейту опера­ция­ларының бел ортасында болады. 1939 жылдың қыр­кү­йе­гінде Германия мен КСРО-ның арасында жасалған құпия пактіге сәйкес Қызыл ар­мия кеңес-поляк шекарасы­нан өтіп, Украина мен Белорус­сия­ның Польшаға қарайтын батыс бөліктерін басып алды. Сондай-ақ Балтық бойындағы шағын мемлекеттер де КСРО-ға қаратылды. Одан әрі Финлян­дия­ға қарсы соғыс ашып, 74 мың жауынгерін жоғалта отырып, Карель мойнағы мен Фин шығанағындағы бірнеше арал­ды тартып алды. Бұл бас­қын­шылық соғысты Ұлттар лигасы айыптап, КСРО-ны ұйымның қатарынан шығару туралы қарар қабылдаған. 
Бәйкен Әшімов ағамыз қа­тардағы қызыләскер ретінде осы соғыстарға қатысқан. Мін­детті әскери мерзімі аяқталған соң ол 1941 жылдың 18 маусы­мы күні үйіне аман-есен жетеді. Бірақ содан кейін төрт күн өт­кен­де Ұлы Отан соғысы бастал­ғаны мәлім... 
Әскери міндетін өтеп, соғыс көріп, запасқа шығарылған жауын­герді аудандық комиссариат бірден шақырмайды. Айыр­тау ауданында баяғыда Сәкен Сей­фуллин Совнаркомның төр­­ағасы болып жүргенде аш­тырған Казгородокта бір жыл мұға­лім болып істейді. Тек 1942 жыл­дың жазында ға­на әскерге алы­нып, алдымен Таш­кенттегі әске­ри-саяси учи­­ли­щенің қысқа мер­­зім­ді кур­­сы­нан өтіп, сосын Спас­ск-Демьянск қаласының тү­бін­­де тұрған әскери бөлімге рота ко­­ман­­дирінің саяси жұ­мыс жө­нін­дегі орынбасары етіп жібе­ріледі. 
Бәйкен аға – Ұлы Отан соғы­сы­на сол 1942 жылдың жазы­нан Жеңіс күніне дейін бел­сене қатысқан жауынгер. Ол майданға кіші лейтенант дәрежесінде кіріп, үш жылда капитан ата­ғын алған, «Қызыл жұлдыз», І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, Польшаның «Верту­ти миллитари» орден­дерін, бірнеше медаль  алған. Жеңіс күнін ауыр жараланып түскен госпитальда қарсы алып, онда он ай жатқан соң әскери-дәрігерлік комиссияның шешімімен мүгедектік беріліп, армиядан босатылған. Соғыс жылдарын еске алғанда аға майдандас достары туралы көп айтушы еді. Олардың кейбірін соғыстан көп жыл өткен соң тауып алып, жақын қарым-қатынас орнатыпты. 
Бәйкен аға секілді салмақты, істеген ісіне тыңғылықты, адамдармен оңай тіл табысатын, ұйымдастырушылық қабілеті бекем, оның үстіне ауыл шаруа­шылығы бойынша орта арнаулы білімі бар офицерді Айыр­тау ауданындағы жергі­лік­ті өкімет құшақ жая қарсы алып, алдымен аудандық атқару комитетіне жауапты хатшы, одан соң атқару комитеті төрағасының орынбасары, кейін партия комитетінің екінші хатшысы сияқты қыз­меттерге тағайындайды. Алай­да адамдарды бір-біріне аң­дытып, бір-бірінің үстінен арыз-шағым жазуды қоштап отырған өкімет соғыстан кейін де сондай сорақылығын жасап, емен-жарқын өмір сүруге кедергі жасап бағады. Жұмыс­ты жақсы істейтін қаншама адал кадрлар үстінен жазылған домалақ арыздың кесірінен қызметтен қуылып, қуғынға ұшырайды. Бәйкен ағаның үстінен де бір арыз түсіп, оны «бай баласы» деп көрсетеді. Байларды тегіс құртып, мал-мүлкін тонап алғандарына жиырма жылдан асса да, соғысқа қатысып, Отанды белсенді қорғағаны көз алдарында тұрса да қайтсе де жаза беруге тырысып, алақандарын ысқы­лап отырған облыстық партия комитетіндегілер «партияға кірерде әлеуметтік тегін жасыр­ған» деген айыппен Бәйкен ағаға партиялық жаза беріп, оны кезекті партконференцияда жоғары басшылық қызметіне ұсынбайды. Сондықтан бұрын­ғы атқарып жүрген лауазымы­нан төмендетіліп, Зеренді ауда­ны­на ауылшаруашылық бөлі­мі­нің басшысы қызметіне жібері­леді. Бұл Бәйкен Әшімовтің өмі­рін­дегі жалғыз төмендетілу еді. Басқа уақыттың бәрінде ол өзінің іскерлігі мен жігерінің, білімі мен қайратының, мінезі­нің сыйымдылығы мен ірілігі­нің арқасында қызмет баспал­да­ғы бойынша үнемі өсіп отырған. 
Білікті кадрлар тапшы болып отырған кезде облыс бас­шылығы Бәйкен ағаны ауданда ұзақ ұстап отыра алмайды, партиялық жаза мерзімі өтелген соң, 1952 жылы оны Көкшетауға қызметке алдырып, алдымен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, облыстық партия комитеті ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, одан облыстық партия комитетінің екінші хатшысы қызметтеріне тағайындайды. Осы қызмет­терде жүріп Бәйкен аға Ленин­градтың Қолданбалы зоология және фитопатология институтын, Жоғары партия мектебін сырттай оқып бітіреді. Бұл да Бәйкен ағаның ерінбейтін еңбекқор, қолға алған ісінен таймайтын табанды, білім мен ғылымға зор көңіл бөлген жан екенін көрсетіп тұр.

Халқына абыз деп танылған абзал аға Қазақстанның бүгінгі дамуына ризашылығын біл­діріп, дұрыс жолда келе жат­қанымызды үнемі білдіріп отыратын. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өте іскер, аса дарынды басшы екенін ол бұрын­нан білетінін айтып, бүгін­гі саясатын қолдайтын.
 


Көкшетаудағы жылдары туралы айтқанда ол кісі Тың эпопеясына көп көңіл аударатын. Ондағы жанқиярлық еңбек­пен қатар басшылар тарапынан жасалған кейбір қызық-шы­жық сорақы қылықтары туралы айтқанда аға көп толғанушы еді. Ал біз оның сол кездегі кеңшар, аудан, облыс көлеміндегі кадр­ларды жаңылмай айтып, еске алып отыратын жадына таң қалатынбыз. 
1961 жылы Бәйкен Әшімов Қар­а­ғанды облысы атқару коми­тетінің төрағалығына сай­ланған. Бұл ­­– Қарағандыға рес­пуб­­лика ғана емес, Одақ бас­­шы­лары­ның да назары ауып, қатты шүйлі­гіп тұр­ған жыл­дар еді. Оларды әсіре­се, Темір­таудағы қанды оқиға­лар­дың себеп-салдарлары алаңдататын. Жаңа төраға үлкен сенімнен шығып, облыстың әлеу­мет­тік-экономикалық да­муы­на айтарлықтай үлес қо­сып, алаңдататын ахуалдарды қа­лыпты арнаға түсіреді. Әр­түрлі қыңыр әңгімелерден ада, іскер орта қалыптасқан Қарағанды­ны ол әрқашан сағынышпен еске алып отыратын. Өзінің «Ел сенімі – ең қымбатың» атты естелік кітабында ол Қарағанды туралы: «Мұндағы еңбекке жарам­­ды халық негізінен жұ­мыс­шы ұжымдарында шо­ғыр­­ланған. Зиялы қауым да бар. Олардың көбі техникалық интел­лигенция. Сондықтан да болар, мұндағы ахуалда іскерлік әуен басым. Рухани ауасы таза, көлденең келеңсіздіктерден ада», деп жазады. 
1967 жылдың аяғында Бәй­кен Әшімов бір жабылып, қай­тадан ашылған Талдықорған облысының бірінші басшылы­ғына жіберіледі. 1970 жылдың басына дейін екі жылдан артық уақыт қана істесе де ағамыз талдықорғандықтарды жақсы көңілмен еске алып отыратын. Жетісудің бес өзені аумағынан өте­тін бұл өлкенің құнарын, тамылжыған табиғатын ол қимас­тық­пен ауызға алатын еді. Жаңа­дан ашылған облысқа өкімет бұ­рын сырын алмаған неше түрлі кадр­ларды еліміздің барлық түкпір­лерінен жіберген екен. Мы­салы, облыстың атқару коми­тетінің төрағалығына сол­түс­тік­қазақстандық Ф.Зав­го­род­­нийді, оның бірінші орын­басар­лығына алматылық А.Ер­салиевті, обкомның екінші хатшылығына Орталық комитеттен П.Евсеневті және т.б. жолдапты. Әртүрлі орта­ға көндіккен осылардың бәрі­нің іскерлігін бір арнаға тоғыс­тырып, ортақ іске жұмыл­ды­ру бірінші басшыға оңай болма­ған. Алайда бұл қыз­метінде де ағамыз өзінің ақыл-парасатының арқасында биік­тен табылып, облысты осы аз уақыттың ішінде аяғынан тұрғызып кетеді. 
Бәйкен Әшімовті республика халқына жаппай танытып, мәшһүр қылған оның Ми­нистр­лер Кеңесінің Төрағасы қызметін 14 жыл бойы атқарған еңбегі. Бұл қызметті ол 1970 жыл­дың 1 сәуі­рінен бастап, 1984 жылдың сәуі­ріне дейін абы­р­оймен ат­қарғанын қазақ­­стан­дықтардың бәрі де біледі. Біздің міндетіміз ол қыз­мет атқарған жылдар­да рес­пуб­лика экономикасы­ның қол жет­кізген табыстарын жазу болмағандықтан, тек аға­ның өз аузынан естіген кей­бір дүниелерді ғана атап кете­міз. Қол жеткізген табыстар­ды жалғыз мен істедім демей­мін, оған сол кездегі жұмыс­шы­лар­дың ерен еңбектері мүм­кін­дік тудырып, басшы бол­ған кадрлардың бәрі де жұмыл­дырылды, жоғары басшы­лық тарапынан қолдау болды. Талдықорғандағы аккумулятор, Шымкенттегі шина, Қара­ғандыдағы резина-техникалық бұйымдар, Рудныйдағы отқа төзімді заттар және т.б. толып жатқан ірі зауыттармен қа­тар, жеңіл және тамақ өндірісі сала­ларындағы Алматы мақта-мата, Қостанай мәуіті комбинаттары, Қапшағай мен Көкшетаудың фарфор және Қарағанды, Қос­танай кондитер фабрикалары, барлық облыстардағы ет-сүт өнім­дерін өңдейтін орын­дар және т.б. белгілі кәсіп­орын­дар­дың бәрінің іске қосылып, ел эко­но­микасының нығаюына үлес қосуына барлық тиісті кадр­лар атсалысып, қызмет етті, дей­тін ол. Бәйкен аға Үкі­мет басын­­да болған 1970-1980 жыл­дары ауыл-село еңбеккер­лерінің де тұрмыстық ахуалы артып, ұжымшарлар мен кеңшарлардың экономикалық жағдайы артқаны белгілі. Оқу, ғылым, медицина, мәдениет ошақтары да жүздеп салынып, халықтың әлеуметтік жағдайы артып, Кеңес Одағы орнаған жылдардан бергі ең жақсы тұрмысқа қол жеткізді.

Бәйкен аға Ұлы Отан соғы­сы­на сол 1942 жылдың жазы­нан Жеңіс күніне дейін бел­сене қатысқан жауынгер. Ол майданға кіші лейтенант дәрежесінде кіріп, үш жылда капитан ата­ғын алған, «Қызыл жұлдыз», І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, Польшаның «Верту­ти миллитари» орден­дерін, бірнеше медальдар алған.


Өзінің әңгімелерінде аға­мыз Дінмұхамед Қонаев туралы жақсы пікірлер айтушы еді. Оның ұстамдылығын, бас­қаларды зейін қойып тың­дай білетін мәдениеті мен сы­па­йы­лығын, бос сөзділік, құрғақ уәде дегеннен ада болғанын айтып отыратын. Сонымен бірге, Жұмабек Тәшеновтің респуб­ликаның аумағын бөл­шек­теуге ашық қарсылық көрсеткен батырлық әрекеттерін де сүйіс­пеншілікпен еске алатын. Ол кісінің әңгімелерінен Мәсім­хан Бейсебаев, Фазыл Кәріб­жанов және т.б. тұлғалар туралы жалпақ жұрт біле бермей­тін қызықты деректер естіген едік. Сондай-ақ Жұмабай Шаях­метов, Ілияс Омаров, Нұртас Оңдасынов сияқты айтулы тұлғаларды еске алғанда да Бәйкен аға ұзақ толғайтын. 
Орталық билік басшыла­ры арасынан өзінің КСРО Министр­лер Кеңесінің Төр­аға­сы Алексей Косыгинмен жақын араласқанын, жылы қарым-қатынаста болғанын зор қанағатпен әңгімелеуші еді. Екеуі бірнеше рет КСРО-ның шетелге шыққан делега­ция­ларының құрамында да бірге болыпты. Үлкен ақыл-парасаттың иесі болған А.Косыгин әрі іскер, әрі ор­тақ іске жанашырлық­пен қарай­тын әділ адам болған екен. Бір жолы ол Бәйкен аға­ның бір тілегіне орай Қазақ­станның кеңшарлары мен ұжым­шарларының тығырықтан шығуы үшін қосымша 800 млн рубль бөлдірген екен. Мұндай көмектер бұдан басқа жолдары да болып тұрыпты.
Жоғарғы Кеңес төралқасы­ның төрағасы қызметінен 1985 жылы 68 жасында зейнет демалысына шыққанда ол әлі де тың екен. Бірақ Горбачев заманы­ның білікті кадрларға жаудай шүйліккен «қайта құруы» оны да шарпып өтіпті. Алайда ағамыз ешқашан өкінбей, өзінің биік лауазымнан абыроймен кеткенін әрқашан шүкірлікпен айтып отыратын.
Халқына абыз деп танылған абзал аға Қазақстанның бүгінгі дамуына ризашылығын біл­діріп, дұрыс жолда келе жат­қанымызды үнемі білдіріп отыратын. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өте іскер, аса дарынды басшы екенін ол бұрын­нан білетінін айтып, бүгін­гі саясатын қолдайтын.
Бәйкен Әшімов ағамыз отба­сында да бүкіл қазақ қауы­мына үлгі боларлық ғұмыр кешті. 1946 жылы қосылған жұбайы Бақыт Әсетқызымен жан дүниелері өмірлік үйлесім тауып, зиятты отбасы болды. Ұлдары Оңдасын да, қыздары Нэйлюфар мен Рауза да техника ғылымымен айналысқан ғалым­дар. Оңдасын ғылым док­торы, қыздары канди­даттық диссер­­та­цияларын Мәс­кеу­дің білікті инс­ти­тут­тарында қор­ғаған. Бәйкен аға­ның немере-жиендері де өмір­ден өз орындарын тапқан, жақсы ата­лары секілді орнықты жандар.

Абай ТАСБОЛАТОВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.06.2018

Ұлттық бірыңғай тестілеудің Қазақстан бойынша орта көрсеткіші - 83 балл

23.06.2018

Серік Түсіповтың отбасы әрдайым назарымызда - семейлік құқық қорғаушылар

23.06.2018

Семейде үйін су шайып кеткен отбасылар баспаналы болды

23.06.2018

Ақтөбеде тұңғыш рет пантеон орталығы бой көтерді

23.06.2018

Семейде қала әкімі полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

23.06.2018

Бүгін - Мемлекеттік қызметші күні

23.06.2018

Қызылжарда Мағжан Жұмабаевқа ескерткіш орнатылды

23.06.2018

Семейде суға кеткен Бобровка тұрғындарының үйлері жөнделіп жатыр

23.06.2018

Дипломаттар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады

22.06.2018

«Нұр Отан» Маңғыстау облыстық филиалы мемлекеттік және полиция қызметкерлерін марапаттады

22.06.2018

Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық ынтымақтастығы нығая түспек

22.06.2018

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы 2020 жылы Азия чемпионатын өткізуге ниет білдіргенін растады

22.06.2018

Маңғыстау облысында «Нұрлы жер» және «Қолжетімді баспана» бойынша отырыс өтті

22.06.2018

Астанада медиабілімнің даму мәселелері талқыланды 

22.06.2018

Солтүстік Қазақстанда бұршақ жаууы мүмкін

22.06.2018

Астана қаласы маңындағы орман көлемі 100 мың га дейін кеңейтіледі

22.06.2018

«Ақтау Теңіз Порты» АЭА мен DP World инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ

22.06.2018

Қызылорда облысында «Жасыл» технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды

22.06.2018

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Польшадағы Елшісінің брифингі өтті

22.06.2018

Кіші Аралда желкенді кемелер жүзе бастады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Бас ауырып, балтыр сыздағанда...

Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені дау тудырмайды. Дегенмен қолға алынған әлеуметтік шаралардың ойдағыдай жүзеге асуына кейбір келеңсіз жағдаяттардың кедергі келтіріп, тұрғындардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу