Атажұртты аңсаған ақсақал

1869-1870 жылдары бүкіл Батыс Қазақстан өңірін шарпыған «Ел ауа» көтерілісінде туған жерінен көтерілген көштің ұрпағы бір жарым ғасырдан кейін атажұртын іздеп келді.
Егемен Қазақстан
31.07.2017 2081
2

1868 жылы Патша өкіметінің қазақ даласын басқару жөніндегі жаңа ережесіне қарсы Батыс Қазақстан мен Торғай өңірінде үлкен толқу болған. Тарихшылар бұл оқиғаны «Ел ауа» көтерілісі деп атайды. Өйткені толқу кезінде мыңдаған шаңырақтан тұратын қалың ел Ресей билігін мойындамау үшін өз жерінен ауа көшіп, Хиуаға қоныс аударған екен.
Біздің кейіпкеріміз Темірқұл қажы Тәліпұлының арғы атасы Беркін Оспанұлы – дәл осы көтеріліс көсемдерінің бірі болған. Бодандық бұғауына қарсы көтерілген халық оны өздеріне «хан» көтерген. «Қарадан шығып, хан болған» алаша Сейіл Түркебайұлы орыс қолына түсіп, түрмеде өлсе, байбақты Беркін өзіне қараған көп елді бастап тәжік-ауған жеріне өтіп кеткен.
– Орыс деректерінде Беркін Ос­пановты «Сырым Датовтың немере інісі, аса қауіпті» деп сипаттайды. Тіпті сол жылдары шыққан «Ресей империясы­ның жаулары» деген тізімде Беркін Оспан­ұлы №1 болып жазылған, – дейді тарих ғылымдарының кандидаты Жәнібек Исмурзин.
– Беркін бабамыз бұрынғы шалдардың айтуы бойынша, орыстан қиындық көргесін, Батыс Қазақстанның Тайпақ өңірінен 500 шаңыраққа бас болып көшкен екен. Көшу себебі – қазақтың құнарлы жерлерін Ресей үкіметі күштеп тартып алыпты. Ол жерлерді қазақтар әлдеқалай пайдалана қойса, оларға айып салыпты. Қарапайым халықтан ретсіз алым-салық алуды да көбейтіпті. Жығылғанға жұдырық дегендей, ашар­шы­лық та болыпты. Елден көшіп, тәжік жеріне келіпті. Сөйтіп, Қаратау, Түйе­бақырды деген тауларды жайлап, Қолап өңірін қоныс еткен, – дейді бүгінде жасы 81-ге келген Темірқұл ата.
Қазақтар бірнеше жылдан соң тәжік жерінің де түпкілікті қоныс болмайтынын сезіп, ақылдасыпты. «Бұл жерде де Ресей үкіметінің қоластынан құтыла алмаймыз-ау» деген ой-пікірге келіпті. Ишанқажы деген кісіні «Сіз қоныс қарап келіңіз» деп бата беріп, желмаяға мінгізіп жөнелткен екен. Ол кісі Ауғанстан, Иран, Пәкістан, Түркия сияқты бірнеше мемлекетке барып, аралап көріп, қайта оралып келген соң халқын жинап, былай деген екен:
– Ал, ағайын, біз Ресейдің қоластынан құтылу үшін көшуіміз керек. Бұл орыстың мұсылманға қысым көрсетуі анық. Бірнеше мемлекетке бардым. Ауған­станға қоныс аударсақ болады-ау деп келдім, қалай қарайсыңдар? – дейді. 
Әрине, бұған наразылық білдір­ген­дер де болыпты. «Елді тағы да бос­­қын­шылыққа ұшыратайын деп отыр ма» деп күңкіл шығарғандар көп болған екен. Сонда Беркін батыр: «Жауды көрмей тұрып қорық» деген нақыл сөз бар. Қиындық басымызға келмей тұрып көшейік, ағайын!» депті. Осылайша, қазақтар Бағлан қаласының Ақмол деген ауылына, Құндыз қаласының Шар­дара, Айлабат, Седірек ауылдарына, Имам­сайып қаласының Бескепе, Ақмешіт, Кәлбат деген ауылдарына қоныстанып өмір сүрген.
Әрине, жат жерде кірме елдің халі қайдан керемет болсын?! Небір қақтығыс, қанды шайқастар да болғанға ұқсайды. Тіпті орыс өкіметінің өзі арнайы қазаққа соққы беру үшін шекара асырып әскер кіргізген оқиға да болған. Беркін батыр ауған жерінде жасы жетіп, Құндыз қала­сының Сәдірек ауылының оңтүстік жағындағы адырдың үстіндегі қорымға жерленіпті. Беркін қайтыс болған соң да Ерназарбек, Бүркітбай ақсақал, Өтеш ақсақал, Тәжі батыр, Майлаш батыр, Дастанбек, Өтеген ақсақал, Әбдіразақ уәкіл, Әбдіқали палуан сияқты азаматтар елді билеп, ауғанның, басқа ұлттың иегінің астында жүрмей, өз басына ауыл болып, мешіт салып, имам ұстап, өзге ұлттармен терезесі тең өмір сүрген екен.
Темірқұл ақсақалдың әңгімесін тың­дап отырып, жер жаһанға тарыдай ша­шыл­ған қазақтың басынан талай тар заман, тайғақ кешу өткенін түсіндік.
Сонымен, Ауғанға барған қазақтардың бәрі де 1977 жылға дейін тыныш өмір сүріпті. Кеңес солдаттары Ауғанстанға басып кіргенде қарапайым халықтың күн көруі қиын болған. Мал-мүлкін тас­тап, қашу басталған. Алды Түркияға, Иранға қоныс аудара бастапты. Тағы да босқан бір мыңдай отбасымен бір­ге Иранға барған Темірқұл қарияның ағайындары Гурган, Бендертүркпен, Аққала, Кумбеткәус деген қалаларда тұрмыс кешкен. Осы уақытта он-он бес жылдай босқын мәртебесінде болған. 1991 жылы «Қазақстан егемендік алды, мемлекет болды» – деген жақсылық хабарды есіткенде алақайлап қуанып, «Біз отанымызға барамыз» – деп Президентке өтініш жазған. 
– 1992 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Иранға келеді дегенде, ондағы қазақтар қатты қуанып, өз патшамызбен кездесуге қамдандық. Сол жолы Нұрекеңмен жолыға алмасақ та, Мырзатай Жолдасбеков бізге арнайы келді. «Президенттің Иранға келгенде жоспарлаған жиырмадан аса шаруасы бар. Соның ең біріншісі – сіздердің, қазақтардың қамы, – дегенде жат жерде жабығып жүрген қаракөздер еңіреп жылап жіберді, – деп еске алады Темірқұл ақсақал. Сөйтіп, 1993 жылы Президент қолдауымен Иран қазақтары Қазақстанға көшіп келген. 
Темірқұл қажы Тәліпұлының отбасы бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласының Ынтымақ ауылында тұрып жатыр.
Ал енді сексеннен асқан жасында ақсақалды төсегінен тұрғызып, алыс жолға аттандырған не сезім?!
– Арғы бабамыз Беркін осы Батыс Қазақ­стан өңірінен кетті ғой. Оның баласы молла Естай да, менің әкем Тәліп те атажұртын бір көруді армандап дүниядан өтті. Қазақ жерінің қай топырағы да – Отанымыз, дегенмен атакүлдіктің орны бөлек екен. Кәрі қойдың жасындай жасым қалса да осы өңірді бір көріп, аталас ағайындарыммен танысып, табысып кету – арманым еді, – дейді қария.
* * * 
150 жылдан кейін жарты әлемді шарлап оралған ұрпағын Батыс Қазақстан өңірі жылы қарсы алды. Темірқұл қажы­ны Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қабылдап, өңір тарихымен таныстырды. Меймандар Байбақты руы­ның Шолан атасынан тарайтын, Сырым батырдың ұрпағы тұратын Жетікөл өңіріне сапар шегіп, Қазы Сырымұлы мен Омар Қазыұлының қабірін зиярат етті. Ауыл ақсақалдарымен кездесіп, шежіре сұрасып, шер тарқатты. «Бошалап кетіп, боталап оралған» бауырларын сырымдықтар биыл күзде атап өткелі отырған Сырым Датұлының 275 жылдық мерейтойының да төрінен көргісі келіп отыр.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.12.2018

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Ұлттық Банк жүзеге асырады

13.12.2018

Түркістан облысында мақта қалдықтарынан электр қуатын өндіретін зауыт салу жоспарлануда   

13.12.2018

«Мұрагер ханзада» компаниясының өкілдері Екібастұзда болды

13.12.2018

Елбасы Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Засьпен кездесті

13.12.2018

Қыздар университетінде Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш тақта орнатылды

13.12.2018

Тағы төрт спортшы допингпен ұсталды

13.12.2018

Ұлағатты ұстазбен кездесу өтті

13.12.2018

Түрікменстанның вице-премьері: екі ел арасындағы әрекеттестіктің деңгейі жоғары

13.12.2018

«БҰҰ Адам құқықтары Жалпыға ортақ Декларациясына» 70 жыл» шарасы өтті

13.12.2018

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті

13.12.2018

«Qazaq Banki» АҚ салымшылары кепілдік берілген депозиттері бойынша өтемді ВТБ-дан алатын болды

13.12.2018

Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсе ашылды

13.12.2018

Алматыда қаланың үздік мұғалімдері марапатталды

13.12.2018

Джиу-джитсудің хас шеберлерінің жүлдесі үшін жарыс өтеді

13.12.2018

Қ.Тоқаев қытайлық Genertec холдингінің басшысын қабылдады

13.12.2018

«Нұр Отан» партиясының депутаттары Алматының 2019 жылғы бюджетіне ұсыныстар енгізді

13.12.2018

Алматыда АИТВ-мен өмір сүретіндерге көмектесетін мобильді қосымша таныстырылды

13.12.2018

Үш ардагерге «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді

13.12.2018

Левандовски мергендер көшін бастады

13.12.2018

Қазақфильм «Қызғалдақтар атамекені» деректі фильмін жарыққа шығарды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу