Атом қуаты – адам игілігі

Егемен Қазақстан
27.06.2014 141
????? ????????Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің Еуразиялық эконо­ми­калық одағы – бұл ортақ эконо­микалық, гуманитарлық және мәдени кеңістікті қамтитын біріккен жоба. 2015 жылдың 1 қаңтарынан өз жұмысын бастайтын оның іс-шаралар кешеніне орай Курчатовта да біршама жұмыстардың легі атқарылуда. Атап айтқанда, экономикаға зор үлес қосатын АЭС-тің салынуы. Ресей Президенті В. Путин біздің елге сапары барысында екі елдің озық технологияларын пайдалана отырып, АЭС салу туралы меморандумға қол қойған еді. Соған орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен АЭС салынатын орын Курчатов қаласы болып таңдалынып алынып, Ресейдегі «Росатом» басшысы Сергей Кириенко арнайы үкіметаралық келісім жобасына қатысты. Сонымен Ресей мен Қазақстан ғалымдары Жапониямен бірге АЭС-ті салуға 2018 жылы кіріспек. Осы жөнінде Курчатов қаласында баспасөз мәслихаты өтіп, оған Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев, Жапонияның Қазақ­стандағы Төтенше және өкілетті елшісі Масаеси Камохара, Токио технологиялық институтының құрметті профессоры, атом энергетикасы бойынша Жапония комиссиясының төрағасы Йоши Фуджиё қатысты. Біздің вице-министрдің айтуынша, алғашқы кезеңде Курчатов қаласы мен Балқаш көлі маңында зерттеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл 2 жылдай уақытқа созылады. ? ????????? ??????? ??????? ????? ?.?. ????????? – Жапондық ғалымдар бүгін, міне, өздерінің озық технология­ларымен, атомды бейбіт мақсатта пайдаланудағы тәжірибелерімен бөлісіп отыр. Сондықтан да біз Еуразиялық экономикалық одақ көлемінде ауқымды міндетті жауапкершілікке алып отырмыз, – деді Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталық директоры Ерлан Батырбеков. Біздің ел осы бағытта Жапониямен қатарынан 20 жыл бойы әріптестік байланыс жасап келеді. Қазақстан мен Жапонияның тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуіне тағы бір себеп, екі елдің де атом жарылыстарын бастан кешуі, осыған орай соғыс атомы емес, бейбіт атомды дамыту мәселесі аса маңызды. Мұнда АЭС-тің 1 кВт электр энергиясына 4 мың АҚШ доллары жұмсалмақ. Яғни, АЭС құрылысы өте қымбат болғанмен, оның халыққа берер игілігі, тиімділігі бұл қымбатшылықты жүз есе ақтайды. Әрі салынған АЭС 80-100 жыл сапалы қызмет ете алады. Халық Фукусимадағы секілді апат болады деп қауіптенбегені жөн. – Фукусимадағы апат бүгінде толығымен анықталып отыр, – деді өз кезегінде сөз алған Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Масаеси Камохара. – Бұл тұрғыда жапондық ғалымдар мен атом энергетиктері бірлесіп еңбек сіңірді. Енді әлемде тұрғызылатын жаңа стансалар сол кезде кеткен қателіктерді толығымен есепке алып, оларды болдырмауға тырысады. Өздерінің тәжірибелерін біздің ел сіздің елмен бөлісуге толық дайын. Сондықтан да біз Курчатовта тұрғызылатын АЭС қауіпсіз болады деп айта аламыз. 1994-2014 жылдар аралығында Қазақстандағы Ұлттық ядролық орталық атом саласы бойынша жапондық ең ірі JAEA, JAPC, TOSHIBA және Marubeni US Ltd компаниялармен әріптестік қарым-қатынас орнатып келеді. Осыларда жасалған келісімшарттар бойынша АЭС құрылысының біртіндеп жүзеге асу мәселесі қарастырылған. Ядролық сұйық отынды сапалы жасау, өткенде кеткен қателіктерді болдырмай атом энергетикасы саласын бейбіт өмір бағытында дамытуға ықпал ету алғашқы атқарылар жұмыстардың қатарына жатады. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА, журналист. КУРЧАТОВ.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу