Ауыл шаруашылығына қатысты кейбір заңнамаға өзгерістер енгізіледі

Егемен Қазақстан
07.12.2016 38
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.И. Мырзахметов ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі. «Аталған Заң жобасын Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы заңнамаларды жетілдіру үшін 2016 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары аясында әзірледі», – деп атап өтті А.Мырзахметов. Заң жобасында Орман, Су және Экологиялық кодекстердің нормалары мен қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері қарастырылған. Айталық, Орман Кодексіне Қызыл Кітапқа енгізілген өсімдіктерді табиғаттан алу көлемдерін бекіту жөнінде Үкіметке құзырет беру ұсынылған. Бұл ретте, мұндай өсімдіктерді алу тек ғылыми және олардың көлемін көбейту мақсаттарында ғана жүзеге асырылады. «Бұл шара өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің айналымы мәселесін реттеуге мүмкіндік береді», – деді Ауыл шаруашылығы басшысы. Бір су қоймасындағы балық және су ресурстарын пайдалану құқығын жеке және заңды тұлғаларға бекітіп беру тәртібін нақтылау бойынша Су кодексіне тиісті түзетулер енгізу ойластырылуда. Ал Экологиялық кодекс шеңберінде жануарларды қоныс аудару, әкелу және республикадан тысқары жерлерге шығару тәртібін нақтылау көзделуде. Сондай-ақ, аңшылық шаруашылығының басты түрі – жабайы аң-құс өсіруді дамыту мақсатында «Жануарлар дүниесін қорғау туралы» Заңға «фермерлік аңшылық шаруашылығы» түсінігін енгізу жоспарлануда. Тағы бір атап өтерлік жайт, «биосфералық резерват» ұғымы және оны құру мен аймақтарға бөлу тәртібі туралы нормалар ұлттық заңнаманы халықаралық талаптарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ЮНЕСКО шешімімен барынша қорғалатын үш аумаққа «биосфералық резерват» мәртебесі берілген. Бұдан әрі Вице-Премьер Орман заңнамасын бұзушыларды ұстау кезінде толтырылатын құжаттар үлгілерін бекітуді уәкілетті органның құзыретіне беруді ұсынды. Бұл, табиғат қорғау заңнамасын бұзу жағдайында орман күзеті қызметкерлерінің жедел әрекет етуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, А.Мырзахметов ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқаруға жұртшылықты тарту мақсатында табиғат қорғау мекемелері жанынан Үйлестіру кеңесін құру туралы нормаларын қабылдауды ұсынды. Бұдан бөлек, ол халық қалаулыларының назарын экологиялық туризмнің дамуын тежеп отырған әкімшілік кедергілерін жоюға аударды. «Ұлттық парктердің аумағында экологиялық туризмді дамыту және әкімшілік тосқауылдарды жою үшін турагенттер болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың алдымен лицензиялар алуы бойынша талапты алып тастау ұсынылып отыр», – деді А.Мырзахметов. Оның айтуынша, аталған нормалар бұған дейін де Парламент қабырғасында талқыға түсіп, депутаттардың қосымша шығындарды қажет ететін түзетулері Республикалық бюджеттік комиссияда қаралып, ішінара қолдау тапқан. Атап айтқанда, орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын 25% көбейтуге Үкіметтен келісім берілді. Баяндама соңында А.Мырзахметов депутаттардың түзетулері бойынша Үкімет қорытындысының Премьер-Министр Кеңсесінде жан-жақты пысықталып жатқанын жеткізді.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.05.2018

Еліміздегі төрт мемлекеттік ЖОО-ның ректорлары лауазымына үміткерлер белгілі болды

22.05.2018

Бақытжан Сағынтаев «ИТП» ДКҚ Басқару комитетінің отырысын өткізді

22.05.2018

Самал Еслямова белгілі дат режиссерінен шақырту алған

22.05.2018

Сергей Дворцевой: Самалдың бойында қайсар мінез жатыр

22.05.2018

Астанада ертең де дауыл болады

22.05.2018

Бес мыңнан астам қазақстандық абитуриент «Болашақпен» шетелде оқығысы келеді

22.05.2018

Ресей Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты футболдан әлем чемпионатының ашылу рәсіміне шақырды

22.05.2018

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

22.05.2018

Самал Еслямова: Туған еліңнің ықыласын сезіну – нағыз бақыт

22.05.2018

Сыр өңірінің әкімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан игі істерді таныстырды

22.05.2018

Үкімет отырысында көтерілген мәселелерге шолу

22.05.2018

Полиция сержанты бір отбасын өрттен құтқарып қалды

22.05.2018

Сенаторлар суармалы жерлерді пайдалануды тәртіпке келтіруге шақырды

22.05.2018

Елордалық шығармашылық топ Атырауға жетті

22.05.2018

Курчатовтағы Ұлттық Ядролық Орталықта жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми конференциясы өтті

22.05.2018

Семейдегі орманның өртенуі адам қолымен жасалған іс болуы мүмкін

22.05.2018

Солтүстік Қазақстан диқандары тұқым себуді жалғастыруда

22.05.2018

Сыр өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштердің 3D картасы әзірленеді

22.05.2018

Солтүстік Қазақстанда жазғы ат жарысы маусымы ашылды

22.05.2018

Атырауда лифтіде жасөспірімдердің қаза табуына байланысты тергеу жүргізіледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматының алмасы. Шырын қайда?..

Алматы жұрты күнде жауған жауын­мен, түнде ұрған суықпен жағаласып жүріп Алатаудың бөктеріндегі биылғы алма бақ гүл шашқан көркем шақтан көз жазып қалған сыңайлы. Содан ба екен, біреу «Биыл алма гүлдеді ме?» десе, біреу «Биыл өзі алма бола ма?» дейді қамығып. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Рух көтерудің жолы

Кейінгі өскелең жас ұрпақты патриот­тық рухта қалай тәрбиелейміз, ертеңгі ел қорғар өрендеріміздің бойына отаншылдық пен патриотизмді, елге, жерге деген сүйіс­пен­шілік сезімін  қалыптастырып, келешекте ержүрек, батыл болып өсулері үшін не істеуіміз керек деп,  жастардың ертеңгі тағдыры мен таңдауына жиі бас ауыртып, жанымыздың жабырқап жататыны рас.

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу