Ауыл шаруашылығы артта қалмайды

Бүгінгі күні елімізде ауыл шаруашылығы саласының алдында күрделі міндеттер тұр. Соның ең бастысы инфляцияның ырқына жол бермеу, бұған дейінгі қол жеткізілген биік көрсеткіштердің деңгейін төмендетпеу десек қателеспейміз. Әлемдік дағдарыстың салқыны тиіп отырған қазіргі күрделі кезеңде ауылшаруашылық өндірісінде де қысқартудың қамытына килігіп жүргендер жоқ емес. Бұл өз кезегінде жұмыссыздар санының өсуіне әсер етпей, ықпал жасамай қоймайды.

27.01.2017 377

Осындай кереғарлықты болдырмау әрі оны ұдайы реттеп отыру үшін Ақтөбе облысы әкімдігі тарапынан кешенді шаралар белгіленген. Бұл істе салаға инвестициялық қаражат тарту мәселесі бірінші кезекке қойылған. Сондай-ақ, мұнда әлі де болса толық пайдаланылмай жүрген резервтер мен мүмкіндіктерді іздестіру мен табу мәселесі де басымдық сипатқа ие. Осыған орай Мемлекет бас­шысының жергілікті атқарушы органдарға берген арнайы тапсырмасы да бар екені белгілі. Өңірде бүгінгі күні оның бәрі де ойдағыдай орындалғаны үлкен мерей. Әсіресе, аталған сала бойынша аймақта жұмыссыздар саны экономикалық белсенді азаматтар санына шаққанда әжеп­тәуір төмен екенін жағымды жайт ретінде қарастырған жөн. Ақтөбе өңіріндегі бұл көрсеткіш республикалық деңгейден біршама төмен. Қысқасы, мұн­дағы агроқұрылымдарда бұған дейінгі жоғары қарқынның төмен түспегені, еселі еңбек­тің көрігі басылмағаны басты жетістік деуге болады. Айта­лық, өткен жылы Ақтөбе облысында «Агробизнес-2020» мем­лекеттік бағдарламасында қойыл­ған міндеттерді жүзеге асыруға байланыс­ты шығарылған өнім көлемін өсіруге баса көңіл бөлінген. Со­ның нәтижесінде алдыңғы 2015 жылмен салыс­тырғанда өнім мөлшері 19,5 миллиард теңгеге ұл­ғай­ған. Сала­ның табысты жү­руіне оған са­лынған негізгі инвес­тиция­лардың әжептәуір ұлғайғаны да мол әсерін тигізген екен.

Қай салада болмасын тауар өндірушілерге тиісті қаржылай қолдау көрсетіліп отырмаса еш­уақытта тиімділік әкеле ал­майды. Егер осы ақиқатты ауыл шаруашылығы саласына қатыс­ты айтар болсақ, мұнда оларға субсидия түрінде бөлінетін қаржылай қолдау түрінің орны айрықша. Мемлекет тарапынан берілетін мұндай қаражатқа ие болғанымен, оның өз уақытында толық игерілмей қалу деректері де тәжірибеде жиі кездесіп тұрады. Бұл мәселеде де өзге өңірлермен салыстыра қарағанда, ақтөбелік тау­ар өндірушілердің бәсі биік тұр. Ақтөбе облысы әкімінің орынба­сары Мұқтар Жұмағазиевтің ай­туынша, ауылшаруашылық құ­рылымдарына бөлінген несие көлемі де одан әрі өсіп келеді екен.

Өңірдегі ауылшаруашылық кәсіпорындарының қазіргі жай-күйін сөз еткенде айналып өтуге болмайтын тағы бір жайт бар. Ол – ауылшаруашылық коопе­ративтерін құру мәселелеріне барынша кең тыныс беру. Өйткені, бұл тәсіл ауылдағы ағайындардың тұрмыс деңгейін көтеруге, мал тұқымын асылдандыру арқылы оның өнімділігін үш-төрт есе арт­тыруға мол септігін тигізе алады. Сондай-ақ, бүгінгі күні ауыл тұрғындары өсіріп отырған азын-аулақ малдарын тиісті баға­сына өткізе алмай әлекедей жалаң­даған алыпсатарларға жем болып жүргені де жасырын емес. Коо­перативке бірігу жағдайында мұн­дай жағымсыз жайтқа жол қалмайды.

Сондықтан қазіргі күні облыста қандай қиырда кооператив жақсы әрі тиімді нәтиже көрсете алады деген мәселелерге терең талдаулар мен зерттеулер жүргізіліп келеді. Кооперативтер құру ісі бірінші кезекте ауыл әкімдеріне үлкен жауапкершіліктер жүк­тейді. Сондай-ақ, бұл мәселе аудан әкімдерінің бақылауында болса шешілмеген түйіндердің тіні тарқатыла беретіні кәміл. Ал ауылшаруашылық кооперативінің төрағасы кім болмақ? Оны кооператив мүшелері өздері өзара ақылдасып, кеңесіп сайлайтыны да оқырмандарға белгілі болса керек. Әлбетте кеңесіп пішкен тон келте болмайды емес пе?

Ақтөбе аймағында алдын ала белгіленген жоба бойынша 70 кооператив құру көзделген. Әйтсе де, бұл мәселеде оңтайлы тетік­терді орнықтыра білген Ақтө­бе облысының әкімі Бердібек Сапар­баевтың ілкімді ісінің нәти­жесінде қазіргі күні оның саны 103-ке жетіп отыр. Әлбетте, басты мәселе сапада емес пе? Осы ретте бұл кооперативтердің қан­дай тиімділік әкелетініне тек уақыт­тың өзі төреші бола алады демекпіз.

Әрине, кооператив құрудағы басты мақсат асыл тұқымды мал санын өсіруге басымдық беру болмақ. Төрт түліктің қандай түрі болмасын бірінші кезекте өзінің төлі есебінен көбейетіні табиғи жайт. Сондықтан кооператив құру жағдайында бұл мәселеге айрықша назар аударылса бола­шақтағы мол табыстың негізі қаланды дей беріңіз. Осы ретте облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы ірі құрылымдардың бірі – «АқТеп» ЖШС-нің директоры Нұрлан Сағыналин газет тілшісіне өз ой-пікірін былайша жеткізді.

– Өнімнің басын да, өсімнің басын да төл құрайды. Алайда, малды өз төлі есебінен өсіруге қатысты мәселелер ала-құла болып отыр. Бірқатар агрофирмаларда мал саны бірдей болғанымен, төл алудағы көрсеткіштер әртүр­лі болып келеді. Оның сыры неде? Біз бұл жөнінде өзіміздің түпкілікті байламымызды айтатын боламыз. Бұған қатысты әртүрлі болжамдар мен жорамалдар бар. Айталық, төл бермейтін сиырлардың бойында инфекция болуы мүмкін. Ветеринария мамандары мәселенің осы жағына тереңірек көңіл аударса еш ұтылмас еді. Мұның өзі аймақта мал басының одан әрі өсуіне және мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі одан әрі жоғарылауына алғышарт қаламақ. Түптей кел­ген­де, бұл тұжырымның облыс­тың әр ауданында құрылып жат­қан ауылшаруашылық коопе­ра­тивтеріне де тікелей қатысы бар.

Қысқасы, біз осы материалды жазу барысында Ақтөбе айма­ғында ауыл шаруашылығы саласының көкжиегін көтеру ісіне жан-жақты көңіл бөліп отырғанына көз жеткізе түстік. Мұндай жағдайда саланың артта қалмайтыны өз алдына, тіпті маңдайлары жарқырап алға оза түсуі де әбден мүмкін.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

27.05.2017

Қанат Ислам: Бапкерім 12 раунд жекпе-жекке тапсырма берді 

27.05.2017

СҚО-да «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары анықталды

27.05.2017

Солтүстік Қазақстанда 60,5 мың бала жазғы лагерьде демалады

27.05.2017

Қостанайға жаңа вагондар келді

27.05.2017

БҚО-да экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің көшпелі отырысы өтті

27.05.2017

Павлодарда шіркейлерге қарсы жұмыс қолға алынды

27.05.2017

Еліміздің барлық аймағында ауа райы тұрақсыз болады

27.05.2017

Қанат Ислам қарсыласын ұпай санымен жеңді

27.05.2017

Жанқош Тұраров мексикалық боксшыны нокаутқа түсірді

26.05.2017

Астанада «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты форум өтті

26.05.2017

Премьер ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты

26.05.2017

Мадрид конференциясы Астана процесі нәтижелерін жоғары бағалады - СІМ

26.05.2017

«Ұлы дала» II форумы аясында шетелдік ғалымдар құнды ойларымен бөлісті

26.05.2017

Солтүстік Қазақстанда әкім әкесіне заңсыз субсидия алып берген

26.05.2017

Алтай Көлгінов: Біз биыл «Алаш» музейін ашамыз

26.05.2017

Түркі тілінің халықаралық мәртебесі туралы мәселе қозғалды

26.05.2017

Ұлытауды ұлықтау жұмыстары басталды – Ерлан Қошанов

26.05.2017

Жандос Асанов: Түркі тілдерін зерттеу – ТүркПА-ның назарындағы мәселе

26.05.2017

Жансейіт Түймебаев: Елдік мүддедегі есебіміз түгенделе түсуде

26.05.2017

Манзур Хусейн Сумро: «Біз өз құндылықтарымыздан ажырамауымыз керек»

КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Ер мен Жер

Қазақтың әзелден ардақ тұтып қастерлейтін қасиетті ата құн­ды­лық­тарының арасында Ер мен Жердің ала­тын орны ерекше. Ер қашанда туып-өскен жеріне тартып туады. Осы бір жайды «Тау баласы тауға қа­рап өседі» деп жырлаған тұма жырлы Тұманбай Молдағалиевтай ақын аға­мыз да кезінде жақсы аңдатқан еді. Се­бебі, ер жерге кіндігімен байланады, ту­ған жерінің барша қадір-қасиетін тұ­ла бойына сіңіріп, көкірегіне құй­ып, соған бүкіл жан-жүрегімен із­гі­лік қайнарына бас қойғандай сусын­дап өседі. Осылайша туған жер ал­дын­да­ғы перзенттік парыз жүгі сал­мақ­та­на бермек, туған жерге деген пер­зент­тік ыстық ілтипат пен махаббат тұр­паттанып толағайлана түспек.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Басты құндылық – рухани тазалық

«Өмір сүру үшін өзгере білу керек», деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында. Заман талабына сай лайықты өмір сүру үшін қазіргі уақыттағы жаңғырудың да негізгі мақсаты – осы.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Қазақ киносы неге дәстүрді ұлықтай алмайды?

Бір жылдары Қазақстанның мә­дениет күндері аясында Үндістанға сапарлап бардық. Көнеден көнермей жеткен мәдениеті, өнердің қай түрінен де әлемдік өркениетке қосар қомақты үлесі бар, бай тарихты, жер жүзіндегі жәдігерлер бесігінің бірі Үндістанға табан тірегенде таңданарлық қай­шылыққа тап болғанбыз. Сенің санаңда қалып­тасқан бай мәдениет, өр­кениет, ежелгі дәстүріне сызат түс­пеген ғажайып әлемге кереғар тір­шілік – қағаз жәшіктерден үй жасап, көшеде туып, көшеде тұрып жатқан халық менмұндалап алдымыз­дан шыққан. Тілім өкше ересек, кір қожалақ бала, қол жайған қайыр­шыдан аяқ алып жүре алмайсыз.

Әйіп ЫСҚАҚОВ, биология ғылымдарының докторы, профессор

Біліктілік – ауыл дамуының алғышарты

Мал шаруашылығы ата кәсібі­міз ғана емес, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете­тін маңызды салалардың бірі сана­ла­ды. Мал басының басым бөлігі, яғни 80 пайыздан астамы қосал­қы шаруашылықтарда шоғыр­ланған­дықтан, Елбасы тапсыр­масымен оларды кооперативтерге бірікті­ріп, оңтайландыру шаралары­ның қолға алына бастауы өте құптарлық.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ұрпақ тағдырымен ойнаған оңбайды

Ұлттың ұлылығы ұрпағынан көрі­неді. Бұл – әлімсақтан белгілі нәрсе. Ал сол ұрпақ тағдырына былық араласса, ар былғанады. Содан да шығар, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Ба­ланы ұлша тәрбиелесең – ұл бол­мақ­шы. Құлша тәрбиелесең – құл бол­мақ­шы», деп өсиет қалдырып кеткені. Біз осы өсиетті орындай алдық па, әлде бәрін заманға теліп, теріс басқан аяғымызды, дүниенің құлы болуға ұм­тылған ниетімізді түзеуге мұршамыз жет­пей жүр ме? Бұл санамыздағы ақау­дан, ұлтты ұлт ететін мәдени-ге­не­тикалық кодымыздың әлсіздігінен, тіп­ті мүлде кеміп кеткенінен болып отыр ма?

Пікірлер(0)

Пікір қосу